Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері

Биология. 8-сынып.  

Сабақтың тақырыбы: §64. Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру. Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру.

Сабақ міндеті:

Білімділік: Есте сақтау және оның түрлері, ойлау және сананың дамуындағы, ақыл-ой әрекетіндегі рөлі туралы білім беру.

 Дамытушылық: Жүйке қызметі туралы жалпы биологиялық түсініктерін, кітаппен, кестелермен жұмыс істей білуді дамыту. Оқушылардың шығармашылық тұрғыда ойлануын және ақыл -ой қабілеттерін дамыту.

 Тәрбиелік: Өзінің және қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  Ұжымдық ойлау, топтық жұмыс.

Сабақтың пән аралық байланысы: математика, өзін-өзі тану.

Сабақтың көрнекілігі:Слайд, тірек-сызбалар, бейнематериалдар,плакаттар, фишкалар т. б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Бекіту

  1. Оқушыларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

  1. Амандасу.

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу,даярлығын қадағалау

Сабаққа назарын аудару

(3 топқа бөлеміз,әр топ өзіне ат қояды және топ басшысын сайлайды)

  1. Үй тапсырмасын cұрау

1

 Ұйқының физиологиялық маңызы

1 Адам өмірінің қанша бөлігін ұйқымен өткізеді?

2 Тыныш ұйқының  сыртқы белгілері?

3 Ұйқы кезінде ағзада қандай өзгерістер болады?

4 Адамның түнгі ұйқысының кезеңдері (130 сурет) 3 топқа тарқатылады.Сол сурет бойынша жауап беріледі.

5 Ұйқы қандай кезеңдерден тұрады?

6 Бая ұйқының физиологиялық кезеңдері?

7 Тез ұйқының физиологиялық белгілерін атаңыз?

8 Ұйқысыздық деген не?

9 Ұйқысыздықтың  себептері?

10 Ұйқысыздықты  болдырмадың жолы?

11 Тыныыш ұйқыны қамтамасыз ету ережелері?

12 Түс көру дегеніміз не?

 brzh

  1. Жаңа тақырып

Сабақ жоспары

  1. Шартты және шартсыз тежелу
  2. Жеке тұлға
  3. Қызығушылық, бейімділік (бейнематериал)
  4. Қабілеттілік, нышан (бейнематериал)
  5. Зейін және есте сақтау ( бейнематериал адам мен жануарды салыстыру)

strelkas45

Алты айлык сәбидің мінез-құлқын тағы да еске түсірейікші. Ол тамақ ішкісі келеді, жылайды, тамақ әлі дайын емес. Мұндай жағдайда анасы не істейді? Көбінесе сәбиді қандай да бір ойыншықпен алдарқатуға тырысады. Шындығында сәби жылағанын қойып, ойыншыкқа мұқият қарайды. Бұл кезде не болады? Осы кезде ол тамак ішкісі келмей қалды ма? Жок, әрине. Сәбиде ойыншыққа деген бағдарлау рефлексі пайда болады да, дәл сол уақытта тамақты талап етуге байланысты мінез-құлқы тежеледі. Егер ойыншық байқаусызда қолдан түсіп кетсе, қайтадан жылай бастайды. Демек, тежелу сәби шартсыз багдарлау рефлекст орындаған уақытта ғана әсер етеді. Бұл тежелу шартсыз тежелу деп аталады. Шартсыз тежелу арқылы күтпеген жерден жаңа тітіркендаргіш пайда болғанда бір мінез-құлық басқасымен тез ауысады.

Көшедегі жаяу жүргіншілерді көз алдымызға елестетіп көрейкші. Біз үшін автомобиль сигналы дағдыдан шығып қалған. Бірақ бір машина бірден сигнал берді дейік. Көше қиылысынан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші жүрісін күрт баяулатады, көбінесе тоқтап қалады. Бұл енді бағдарлау рефлексін орындау нәтижесінде пайда болған шартсыз тежелу.

Шартты тежелу — едеуір күрделі құбылыс. Шартты рефлекс арқылы оқу қандай да бір сырттай оқиға уақыт бойынша сейкес келсе, басқаша айтқанда, организмнің қандай да бір Іс-әрекетімен, шартсыз рефлекспен бекітілсе жүзеге асатынын еске түсірейік. Егер сырттай сигнал шартсыз рефлекспен бекітлмесе бұлай оқу қандай болады? Бірнші мысалды алайык. Сәби емізгі бар бөтелкемен тамақ ішуге үйренді делік. Бөтелкенің сыртқы түрі сәби үшін тамақ ішу сигналы болады. Содан кейін сәби қасықпен тамақ ішуге үйренеді. Бөтелкемен тамақ ішу біртіндеп тоқтайды да, кейін сәби бөтелкеге көргенде мән бермейтін болады.

Демек, біз үшін тіршілікте маңызы жоқ шартты рефлекстер мен дағдылар жойылады. Олардың орнына мінез-құлықтың басқа формалары жасалады. Бекітілмеген рефлекстер үздіксіз жойылып, сонымен бір мезгілде организмнің қандай да бір реакциясымен бекітілген жаңа рефлекстер түзеді.

Сонымен, шартты рефлекстер арқылы оқу біздің мінез-құлқымызды кез келген сыртқы жағдаятқа бейімдейді.

Адам тұлғасы. Осы кезге дейін адам психикасы туралы айтылғандардың барлығы жеке адамға қатысты. Жеке адам (тұлға) — дене, физиологиялық және психологиялық сапалары мен қасиеттердің қайталанбайтын үйлесімі тән нақты бір адам. Адам жеке тұлға болып туылмайды, жеке тұлға болып қалыптасады. Адамның “Мені”, яғни жеке тұлғаның ішкі маңызы тек айналасындағы адамдармен қарым-қатынас процесінде қалыптасады. Жеке тұлғаның маңызды қасиетінің бірі — оның орнықтылығы. Егер адам тұлға болса, қандай да бір ауыр өмір сынағы кезінде өзінің терең өмірлік мақсаты мен сенімін сақтайды. Басқа адам¬дармен араласу, жеке тұлғалық қарым-қатынас — жеке тұлғаның қалыптасуының, өзін -өзі тәрбиелеуінің және өзін- өзі бағалауының маңызды сатысы. Жолдастық өзара қарым- қатынас орнату, бір-бірінің және бүкіл ұжымның жұмысына шынайы қызығушылық таныту табандылықпен (принциптілік) әрі өзара талап етушілікпен үйлесуі керек.

Жеке тұлғаның психикалық бейнесін бағалау үшін үш мәселеге анықтап алу керек.

Біріншісі — адамға не керек, яғни оның қызығушылығы, талабы, мақсаты қандай?

Екінші — ол не істей алады, яғни оның қабілеті, дарыны қандай?

Үшіншісі — ол кім, яғни оның жеке тұлға ретіндегі өзекті ерекшелштері, бекітілген қасиеттері, оның мінез-құлқы қандай?

Адам қажетсінулері — біздің мінез-құлқымыздың басты қозғаушы күші, іштей қозғаушылар, іс-әрекетіміздің себепкерлері екенін білесіңдер.

Адамға ғана рухани қажеттілік тән. Рухани қажеттілік белгілі бір жұмысқа бейімділік, белгілі бір іс-әрекетпен айналысу, қызығушылық негізінде жатыр. Қызығушылық пен бейімділікті қанағаттандыру қуаныш сезімін оятады. Эмоцияда, сезімде “адамға не керек?” және “ол не істей алады?” деген мәселе арасындағы байланыс көрініс табады. Нәтижесінде көп жағдайда “Ол кім?” екені шығады.

Бала кезде байқалған бейімділік балада сәйкес тұқым қуалау нышандары бар екендігіне дәлел болуы мүмкін. Мысалы, сурет салуға, техникалық конструктормен жұмыс істеуге қызығушылық баланың табиғи қасиеттерінен туындаса керек. Олар сәйкес қабілеттің дамуына негіз болуы мүмкін.

Қаблеттілік — білім алудың, білік, дағды қалыптастырудың, белгілі бір іс-әрекетті едәуір табысты орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның ерекшеліктері. Қабілеттілікті жерге еккен дәнмен салыстыруға болады. Адам да осылай: қабілеттілік шындығында қажымай еңбек ету нәтижесінде ғана дамуы мүмкін. Қабілеттілік іс-әрекет процесінде пайда болып қана қоймай, қалыптасады.

Нышан,қабілет—бізге табиғат берген ұлы игілік. Қоғам әрбір адамның қабілетінің жоғары дәрежеде дамуына зор қызығушылық танытуы керек. Бірақ бұл адамның өзі белсенді қатысқанда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Зейін-біздің барлық психикалық іс-әрекетіміздің біз үшін маңызды заттар мен құбылыстарға бағытталуы, шоғырлануы.

Адам өзін қызықтырған суретке мұқият қараған кезде барлық басқа қозғалыс тежеледі. Осы сәттегі басым қажетсіну организмнің барлық мінез-құлқын басқарады. Орыс ғалымы А.А.Ухтомский доминант принципі деп аталған  мінез-құлықты басқару принципін ашты.

Зейін еріксіз зейін және ерікті зейін болып екіге бөлінеді. Еріксіз зейін адамның еркінен тыс пайда болады. Адам алдына мақсат қоймайды. Тек қана көңіл аударған окиғалар мен нақтылы деректер көңіл күйіне ерекше өсер етіп, ұзақ сақталады. Ерікті зейін кезінде адам ойға алған пиғылын орындау үшін алдына мақсат қойып, оны арнайы тәсілдермен орындауга жігерін жумылдырады. Ынтасыз адамды жаңгалақ дейді. Жаңғалақтық дегеніміз — ерікті зейіннің нашарлауы. Жаңғалақтың көңілін кез келген коздырғы бөле береді де істеген ісін жалғастырмай аяқсыз қалдырады.

Есте сақтауды уақытына сәйкес сенсорлы (сезім мүшелері арқылы), қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау деп бөледі. Ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау мен еске түсіру қозғалысты, эмоциялы, бейнелі, мағыналы есте сақтау болып бөлінеді. Есте сақтаудың түрлері бірімен-бірі өте тығыз байланысты. Есте сақтау ережелері. Есте сақтаудың тиімді жолдарын дамыту үшін бірнеше ережелерге мән беру керек.

Біріншіден — есте сақтайтын деректерді сараптап, оған ерекше қызығушылық таныту. Екіншіден — өз зейінін есте сақтайтын деректерге жұмылдыра білу. Үшіншіден — есте сақтайтын деректерге саналы түрде барлық күш-жігерді бағыттай білу.

Есте сақтаудың негізгі жолы — мәнін ұғып, оқтын-оқтын қайталап отыру. Жай жаттап алып кайталау ұзақ уақыт есте сақтауға кедергі болады.

Есте сақтауАдам өзі куә болған окиғаларды, көргендерін, естігендерін, оқығандарын есте сақтайды. Есте сақтау адамның психикалық үдерістерінің бір көрінісі. Есте сақтау аркылы бұрынғы окиғалар мида жинақталады, қорытылады және қажет кезінде қайта пайдаланады. Есте сақтау арқылы адамзат тарихында мындаған жылдар жинақталған білім мен тәжірибелер еске түседі. Әрбір адамның есте сақтау қабілеті өзіне ғана төн.

Есте сақтаудың 2 жолы бар. Оның бірі — ойланбай есте сактау, екінші мәнісіне түсініп есте сақтау.

Ойланбай есте сақтау — белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады. Жаттанды деректер ұзақ уақыт есте сақталмайды, оның тек уақытша ғана мәні бар.

Мәнісін түсініп есте сақтау кезінде адам сол деректердің мәніне терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды.

Сөйлеу мен жазу өмір бойында, бұдан бұрынғы ұрпақ тәжірибелерін алуға мүмкіндік береді.

Ойлау. Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.

Адам миының сол жақ сыңарының сөзбен қисынды ойлауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары көрнекі-бейнелі ойлауға қатысты ақпараттарды өңдеуге көбірек әсер етеді

 

Сабақты бекіту

 

Біріншісі — адамға не керек, яғни оның қызығушылығы, талабы, мақсаты қандай?

Екінші — ол не істей алады, яғни оның қабілеті, дарыны қандай?

Үшіншісі — ол кім, яғни оның жеке тұлға ретіндегі өзекті ерекшелштері, бекітілген қасиеттері, оның мінез-құлқы қандай?

Өз ойларын  айтады.

 

Оқушыларды  бағалау.

 

Үйге тапсырма

  • 64.Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері. Зейін және жадыоқу, мазмұндау.

«Жек тұлға және парасат» деген тақырыпқа эссе жазу.

Практикалық жұмыс:

Ойланып, жауап беріңдер. Өз жадыңды қалай тексеруге болады? Үйден мектепке дейінгі жолды еске түсіріп, жолда кездескен объектілерді ретімен қағазға жазыңдар.Екінші күні тізімді объектілердің шынайы орналасуы мен салыстырыңдар. Байқағыштықтарың мен жадың қандай екені туралы қорытынды жасаңдар.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Салтанат

    Сабақ жоспарымен танысу барысында ұстаздың ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейде екенін байқадым.

  2. Калбиби

    Сабақты құрылымдауда оқушыларға дамытушылық және тәрбиелік мәні анықталған мақсаттар мен міндеттер қойылған. Яғни, оқушылардың білік -дағдыларын дамытуға басты назар аударылған. Сабақтың құрылымы тиімді әдістермен толықтырылған. Жарайсыз

  3. Динара

    Сабақ жоспары жақсы құрылған екен. Тақырып жақсы ашуға болады осындай жоспарымен. Баланың қызығушылығын оятады

  4. Гулжайна

    Сабақтың құрылымы жақсы. Өте кызықты өткен екен, қызықты тапсырмалар мен тапсырмалар қолданылған екен.

  5. Раушан

    сабақ құрылымы өте жақсы

  6. Енлик

    сабақты қалай көшіріп аламыз

  7. Енлик

    жақсы

  8. Жанат

    Саламатсызба! Сиздин сабак жоспарыныз унап калды.Сиздин сабак жоспарынызды алсак болады ма,калай алуга болады,

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ