Сахына тақырыпқа сай безендірілген. Сиқырдың дауысы естіледі. Сахнаға таңқала айналасына қараған бала кіреді.
Том: -Ой, мен қайда тап болдым. Мына жер қандай әдемі! Осы мен қандай тілде сөйлеп тұрмын… Міне, қызық мен таза қазақ тілінде сөйлеп кетіппін, бұл қалай болды?
Сол сәтте тағы да сиқырдың дауысы естіліп сахнаға орыс баласы кіреді.
Саша:-Міне ғажап! Қандай тамаша жер. Мен осы жерге қалай келдім…
Осы сәтте ол бірінші балаға
-Сен кімсің?
-Менің атым Том. Мен ағылшын баласымын.
-Мен Саша. Мен орыс баласымын.
-Таза қазақша сөйлеуді қайдан үйренгенсің?
-Білмедім. Өзім де соған таңқалып тұрмын.
-Мен де кеше ғана өз тілімде сайрап тұр едім, ал қазір қазақша сөйлеп кетіппін.
Сол сәтте сахнаға қазақ баласы кіреді. Ол да жан-жағына таңқала қарап ортада тұрған екі балаға жақындайды.
Екеуі:-Сен кімсің!
-Мен Маратпын.
-Ал сендер кімсіңдер?
Балалар өздерін таныстырады.
Марат:-Сендер басқа ұлттың балалары бола тұрып, қазақ тілін қайдан үйренгенсіңдер?
Білмейміз, ал осы жерге қалай тап болғанымыз да есімізде жоқ. Ал сен өзің осы жерге қалай келдің?
Қазақ баласы сәл ойланып тұрып.
-Мен қазақтың көне мұралары сақталған мұражайды тамашалауға кірген болатынмын.
-Бізде! (екеуі бірге)
Саша: -Сосын бір ақ сақалды қария келіп маған сусын берді.
-Иә, дәл солай. (бірге)
Том:- Содан соң мен осы жерге тап болдым
-Біз де! (бірге)
-Міне қызық, сонда біз қазір қайда тұрмыз? (бірге)
Сахынаға музыка әуенімен бір ақ сақалды қария кіреді.
-Ассалау мағалейкум балалар!
-Сәлелеметсіз бе ата!
Марат:-Бізге сусын ұсынған ата сіз емес пе?
-Иә, сендерге сиқырлы сусынды ұсынған мен болатын едім.
Көне қала Бозақ қаласына қош келдіңдер. Бұл қала қазірде сендердің замандарыңда жоғалып кеткен қаланың қатарында тұр.
Ол қай өңірде орналасқан?
Бұл қазіргі Астананың дәл іргесінде болған көне мекен – Бозақ қаласы.
Орнын тазалап зерделеп көрген ғалымдар да бас қаланың тарихы тым тереңде сонау ғұн дәуірінде жатқанын аңғарып отыр. Сендер қазір сол жоғалып кеткен қалада сендердің дәуірлеріңе дейінгі VIII-V ғасырларға тап болдыңдар.
Ал енді балалар менің соңымнан еріңдер. Сендерге берер сыйым бар. Уақыттарың аз сол себептен тездеткеніміз жөн.
Сахнаны бір айналып сандық толы қазынаға жақын келеді.
-Мынау ертеде осы жерде мекен еткен бір сараң байдың елден тыққан қазынасы. Ол бар байлығын елден қызғанып осы жерге тыққан болатын.Сол қазынаны сендерге табыс етейін деген едім.
-Ал енді мына жерге жақындай қойыңдар. Балалар қарияның соңынан жүреді.
-Ал мынау көне оқымысты кедей баласының жазған кітабы. Ол өзінің жазған шығармаларын байлардан қорқып осы жерге жасырып қойған еді.
-Ол кітапта не жазылған?
-Өмір жайында терең мағыналы ойлар, ақыл кеңестер жазған екен. Бұл кітапты оқыған адам жақсы мен жаманды анық айыра алатын қабілетке ие болады екен.
-Ал мынау дәрілік шөптердің кептірілген түрлері. Ол қазіргі заманда емі табылмаған дертке дауа бола алады.
-Ал енді осы заттарды бір-бірден ала қойыңдар.
Саша қазынаны алады.
Том кітапты алады
Марат дәрілік шөптерді алады.
Ақсақал: Енді осы заттарды өз замандарыңа барып қалай пайдаланар едіңдер?
Саша: Мен қазынаны елімнің дамуына жұмсаймын
Том: Мен бұл кітапты келешек ұрпақ саналы, ақылды болсын деп бергім келеді.
Марат: Мен бұл дәрілік шөптерді дертіне дауа таба алмай жүрген талай бауырларыма ем болсын деп пайдаланғым келеді. «Дені саудың жаны сау» демекші егер халқымның дені сау болса онда олар білім алып, байлыққа өз күштерімен де жетеді.
Ақсақал: Әрқайсыңның жауаптарың маған ұнады. Ал енді өз мекендеріңе оралғыларың келе ме?
-Иә, әрине!
-Ежелден ешбір адамның қолына тимей жасырын қалған қазынаны сендерге табыс ете алғаныма қуаныштымын. Сау болыңдар!
Сол сәтте сиқырдың дауысы естіліп балалар өз замандарына тап болады.
Марат: -Міне қызық өз елімізге оралдық.
Саша: -Мына мұражай сыйқырға толы ғажайып мұражай емес пе?
Саша: -Ал мына қазынаны мен еліме алып кете алмаймын. Бұл осы киелі қазақ жерінің қазынасы сол себептен осы қазынаны қазақ баласы Марат саған табыс етемін.
Том: -Дұрыс айтасың. Мен де мына асыл кітаптарды осы елдің ұрпақтары оқып, білім алсын деп бергім келеді. Білімді ұрпақтарың көп болсын.
Марат: -Рахмет сендерге достарым. Біз бейбіт елдің ұрпағымыз.Бізде байлық та бар, бізде білім де бар. Ал мына қазына бізден кейінгі ұрпақтың азығы болсын деп, сырға толы сыйқырлы мұражайға табыс етемін.
Әр ұлттың баласы қазақ тілінде сайрап тұрса, ол үлкен мәртебе. Қаза тіліне, оның салт — дәстүріне деген сүйіспеншілік, үлкен құрмет деп ұғар едік. Қазақ жері, адамдары өте керемет… Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету үлкен мәртебе.Білімді ұрпақтарымыз көп болсын.