Ел болашағы білімді ұрпақ қолында

Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов мектеп- балабақша
Берікқалиева Лидия Қуанышбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тақырыбы: Ел болашағы білімді ұрпақ қолында.

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншілігін ояту, келер ұрпаққа ана тіліміздің қадір- қасиетін дарыту, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі Айта алуға топ алдында еркін сөйлеуге баулу. Халқымыздың дәстүрлерін дәріптеу.

Түрі: Зияткерлік ойын үлгісінде

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих,

Көрнекіліктер: түрлі түсті конверттер, нақыл сөздер.
Техникалық құралдар: компьютер6 графапроектор

Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар- халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын , білімге қызығушылықтарын арттыратын «Ел болашағы білімді ұрпақ қолында» атты сайысымызды
бастаймыз. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген,- дей келе сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық. Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім. «Жедел жауап»
ІІ бөлім «ҰБТ- дайынбыз ба?»
ІІІ бөлім «Менің таңдауым»
IV бөлім «Тапқырлық» сайысы
V бөлім «Сиқырлы дөңгелек»
Ендеше сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға өздерін таныстыруға рұқсат.
І бөлім «Жедел жауап»
Бұл бөлімде қатысатын оқушыларға қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар қойылады.
Жауап нақты, түсінікті әрі тез болуы керек. (Бағалау: әр жауапқа 10 ұпай).
Сұрақтар:
1) Дауысты дыбыстардың саны нешеу. (12)
2) Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем (жалаң сөйлем)
3) «Биік» сөзінің синонимдерін ата. (зәулім, асқар, заңғар)
4) ҰБТ қандай сөз (Қысқарған сөз)
5) Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)
6) «Тоғызқұмалақ» ненің атауы? (Ойын атауы)
7) Қасиетті тағам (Нан)
8) Анамыздың туысы кім? (Нағашы)
9) Ақмола қандай сөз? (Біріккен сөз)
10) Тыныс белгілерінің ережелерін тексеретін бөлім (Пунктуация)
11) Көсемшенің жұрнақтарын ата. ( -а, -е, й, ып- іп, п, -қалы, — келі, -ғалы, -келі)
12) Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (4-ке)
13) Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? (3)
14) Шіркін, әттең, алақай деген қандай сөздер? (Одағай сөздер)
15) Көне заттарды сақтайтын орын. (Мұражай)
16) Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
Бұл бөлімде ойыннан аз ұпай жинаған 2 оқушы шығады.
ІІ бөлім «ҰБТ- ға дайынбыз ба?» Бұл бөлімде оқушылардың тест әдісі бойынша бақылау алынады. Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, пәндері бойынша сұрақ беріледі де, жинап алынып тексеріледі. Әр жауапқа 10 ұпай беріледі. Ойыннан ең аз ұпай жинаған екі оқушы шығады.
ІІІ бөлім «Менің таңдауым»
Бұл бөлімде Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Салт- дәстүр, Қазақстан тарихы, Спорт, Ауыл тақырыбы бойынша 10,20,30,40,50 ұпайы лайықталып дайындалған сұрақтарға оқушылар жауап береді де, аталған ұпайды иеленеді. Егер жауап бере алмаса, ұпай есептелмейді, келесі оқушыға мүмкіндік беріледі.

Қазақ тілі
10 ұпай. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар және оларды атап бер.
20 ұпай. Буын дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтір.
30 ұпай. Деректі және дерексіз зат есім деген не? Мысал келтір.
40 ұпай. Тұрақты тіркестер дегеніміз не? Мысал келтір.
50 ұпай. Құрмалас сөйлем деген не? Ол нешеге бөлінеді?

Қазақ әдебиеті.
10 ұпай. Сәкен Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімі кім?
20 ұпай. 42 қарасөз жазып қалдырған ақынның есімін ата.
30 ұпай. «Маса» өлеңдер жинағының авторы кім?
40 ұпай. «Батыр Баян» поэмасы не туралы?
50 ұпай.Жүсіпбек Аймауытовтың романын ата.

Салт- дәстүр
10 ұпай. Қазақ қыздарының ұлттық бас киімдері қалай аталады?
20 ұпай Сәби қаз тұрғаннан кейін жасалатын ырым.
30 ұпай. Шілдехана қай уақытта жасалады?
40 ұпай. Беташар қай кезде айтылады.
50 ұпай. Айтыстың ең көне түрі қалай аталады?
Ауыл
10 ұпай. Жақсыбай аулының әкімі кім?
20 ұпай. Мектеп басшысы кім?
30 ұпай. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін ата.
40 ұпай. Мектебімізге кімнің есімі берілген?
50 ұпай. Ауылымыздың Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман- есен оралған ардагерлерді ата.
Спорт
10 ұпай. Қытай астанасы Бейжіңдегі жазғы Олимпиада жалауы тамыздың нешесі күні көтерілді? (8 тамыз,2008 жылы)
20 ұпай Жақсыбай аулында спорттың қай түрі жоғары дамыған? (Волейбол)
30 ұпай 23 жасар зілтемірші күміс медельдың иесі кім? (Алла Важенина)
40 ұпай Бейжіңде өткен Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысты? (132)
50 ұпай Бейжің Олимпиадасында Қзақстанға алғаш алтын медельды сыйға тартқан спортшы кім? ( Илья Ильин)
Қазақстан тарихы
10 ұпай 1979 жылы Целиноград оқиғасының себебі неде? (неміс автономиясын құруға қарсылық)
20 ұпай Кеңес әскері Ауғаныстаннан қашан шығарылды? (1989 жылы)
30 ұпай Қазақстан өзінің егемендігі туралы декларациясын қашан жариялады? (1990 жылы. Қазан айында)
40 ұпай Қазақстан БҰҰ қашан мүше болды? (1992 жылы, наурызда)
50 ұпай Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші қашан ашылды?( 2006 жылы)
Ойыннан ұпай саны аз 1 оқушы шығады.

IV бөлім. «Тапқырлық» сайысы. 30 секундтың ішінде сендер берілген сұрақ қандай мамандық туралы айтылғандығы жайлы жауап берулерің керек.
1. Қазіргі таңда «Қасқыр және 7 лақ» ертегісіндегі қасқыр кім болып істер еді? (Пародист)
2.«Простоквашино» мультфильміндегі мысық кім болар еді? (комерсант, фермер)
3. Қызыл телпек? (әлеуметтік қызметкер)
4. Мамандығы былай қарағанда жеңіл көрінеді, бірақ оған білдей бір ұжым тәуелді. Бұл мамандық әр уақытта қимылды қажет етеді және жүйке мықты болуы қажет.
Сонымен бірге оның көбіне түрін көрмейді, себебі ол адам әркез тек артымен ғана тұрады. (Дирижер)
5. Қай патша 14 түрлі маман иесі болған. Атын ата және ол игерген 5-6 мамандықты ата. (петр-І балташы, кеме құрылысшысы, ұста, шебер, сылақшы, қару ұстасы.т.б.)
6. Мына қораптың ішінде музыкант, дәрігер, мыс қорытатын жұмыскер қолданатын зат бар ол оларға не үшін қажет? (ол- қасық, музыкант қасық аспабында ойнайды, дәрігер аурудың тамағын қарайды, мыс қорытушы сынама жасайды)
7. Өзінің бар білгенін үйретуге тырысатын кейде екінші әке- шешесі деген атқа ие болатын кейде еңбегінің еш кететінін білседе үйретуден жалықпайтын, еңбегі бағаланбайтын рахметі жоқ маман иесі. (мұғалім)
8. Ақ- қараны ажыратып бар күшін салып тек айғақпен ғана дәлелдейтін бірде жеңіп бірде жеңілетін куәгер іздейтін маман. (қорғаушы- адвокат)
9. Әнші- күйші т.б. атағын шығаратын соларға демеуші іздейтін және олардың барлық жағынан дайындайтын маман. (продюссер)
Бағалау: 20 ұпай. Ұпайы аз оқушыға сайыстан шығарылады.

V бөлім. «Сиқырлы дөңгелек».
Бұл бөлімде екі оқушы сиқырлы дөңгелекке жазылған алты әріптен сөздер құрайды. Сөздер белгілі бір сұрақтарға жауап беретін мағыналы болуы керек.

Сөздер. ұл, тұлға, аға, тал, ат, ұлағат, ұт, тұл, таға, ал, ала, ата, ағат, ұлт.
Осы бөлім қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушы анықталып марапатталады.

 

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Нұрбану

    ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ АРТТЫРУЫНА КӨМЕКТЕСАЕДІ.ҰПАЙМЕН БАҒАЛАУ ЖАРЫС ТҮРІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕНДІКТЕН ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ