Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру

* Қ А З І Р Г І   З А М А Н Ғ Ы   С А Б А Қ

* Қазіргі заманғы сабақ —  нақты мұғалім өзі үшін ыңғайлы, өзі үшін қолайлы, жұмыс істеуді жөн көретін парадигмаға сай мазмұндық нысандарды таңдайды.

   Парадигма — зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

* ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Бірінші талап  —  әрбір сабақтың айқын, нақты мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын ала белгілі болуы тиіс.Сабақ мазмұын өмірмен байланысты болуы қажет.

Екінші талап  –  оқыту мақсаты ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы қажет. Оқушы бойында өмірге қажетті дағды қалыптасуы қажет.

Үшінші талап  –  сабақтағы оқу материалдарының ерекшелігіне сай, пробле-малық жағдайаттарды туғызу.

Төртінші талап  –  әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері  алдын-ала ойластырылуы қажет.

Бесінші талап  –  оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын  үнемі оятып отыру, жағымды эмоциялдық жағдай болуына назар аудару.

Алтыншы талап  –  оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау.

Жетінші талап  –  оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оларға шамадан тыс күш түсірмеу жағдайын ескеру.

Сегізінші талап  – оқушыларға «Қалай оқу керектігін? және не үшін оқу керекті-гін?» үйрету.

Тоғызыншы талап  –  қазіргі сабаққа білімнің дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды анықтау.

Оныншы талап  –  бүгінгі таңда әрбір сабақты, жоғарыда аталған талаптар-ды мұғалімдер жүзеге асыру.

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САБАҚТЫҢ  ЖОСПАРЫ

Оқу ісінің меңгерушісі: ________________________

Сабақтың тақырыбы:  Қимыл-қозғалыс ойындары

сабақты жобалау тәсіліСабақтың мақсаты:  Сабақ кезінде орындалатын жаттығу тәсілдерін үйрету мақсатында  ептілік, икемділік, жылдамдық секілді дене сапаларын дамыту

Нәтиже:  Сабақтың мақсатымен  таныса отырып, оқушы өзінің міндеттерін анықтап, белгілеп өзіне міндет жүктеп алады.

Сынып: Күні: Пәні:   дене шынықтыру Сабақ №
Тізім бойынша оқушы саны:                      Қатысқаны:                        Себепті, Себепсіз   (астын сыз)
Сыныпты оқыту мұғалімі:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Нұсқау-лық
Кіріспе бөлімі  2-3 минут
 

Сабақтың басталуын ұйымдастыру

Сап түзеу. Сәлемдесу. Сатақтың мақсатын хабарлау. Спорттық жаттығулар:  «Оң-ға!»  «Сол-ға!»  «Арт-қа бұрыл!»  «Сол-ға!»  Спорттық жүріс.  Баяу жүгіріс. Қозғалыста орындалатын жалпы  дамыту жаттығулары. Тыныс алуды қалпына келтіруге бағытталған жалпы бой жазу, сергіту жаттығулары  

 

Оқушылар

сәлемдеседі,

өзара жақсы

көңіл-күймен

бөліседі.

 

 

 

Өте жақсы,

жақсы, жарайсын

 

Денені түзу ұстауын қадағалау

 

 

 

Жеке ескерту-лер беру

Негізгі бөлім  32-35 минут
Көрсету, үйрету,  қолдану «Қуыспақ» (секірумен) ойыны.  Мұғалімнің белгісімен екі жақтың ойыншылары бір мезгілде қарсы беттегі сызыққа бір аяқпен, қос аяқпен секіріп өтуі тиіс. Оқушылар қуанышты көтеріңкі көңіл-күймен ойнайды Оқушы өз мақсатын айқындай отырып,   өзі шешуге әрекет-тенеді Ойын ережесі: Тәртіп бұзған ойыншы ойыннан шығады
Қорытынды бөлім  3-5 минут
Бағалау Сапқа тұрғызу.                  Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды Саппен киінетін бөлмеге қадам басу
       
Рефлексия    Оқушыларға бүгінгі сабақтағы қызметтерін бағалауды ұсынады.        Сабақ кезінде алынған білімін талдап, тексеру, қорыту Оқушы бойында өзіндік түсінік пайда болады. Өте жақсы керемет тамаша Сабақ аяқталды. Сау болыңдар
       
       

 

* З А М А Н А У И    С А Б А Қ

ЗАМАНАУИ САБАҚ —  мұғалім өз бойындағы барлық мүмкіншіліктерін шеберлікпен пайдалануы, оқушының тұлға болып дамуына,  ой-өрісінің өсуіне, білімді толығымен меңгеруіне ықпал етеді.

  1. Психологиялық атмосфераны қалыптастыру. Мұғалім өз ойын орнықтырып сыныптағы зейінін бір жүйеге шоғырландырып алу.
  2. Рефлексия. Өткен тақырып бойынша оқушы білімін тексеру, өткенге жүгіну, талдау, қорыту, меңгерілген біліммен салыстыру.
  3. Сабақтың мақсаты. Соңғы нәтижені көрсететін тұжырым. Мұғалімнің оқушыларға үйреткісі келетін сабақ кезіндегі атқаратын жұмысы.
  4. Мақсат қоя білу. Мақсатты нақты, дәл тұжырымдау. Қойылған мақсатты нақты міндеттерге бөлу. Үздіксіз бағалау.
  5. Күтілетін нәтиже. Сабақ соңында оқушы көрсете алатын қызмет немесе іс-әрекет өнімін анықтайтын тұжырым. Оқу мақсатын білу, түсінуді көздейді.
  6. Оқушылардың жаңа білімді алғашқы түсінуін, зер салуын, ойлауын ұйымдастыру. Проблемалық жағдаяттар, логикалық тапсырмалар,   миға шабуыл, пікірталас т. б.
  7. Қабылданған білімді жинақтау, бір жүйеге келтіру. Жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдану.
  8. Сабаққа қорытынды жасау. Оқушының жеке қабілетінің дамуына шығармашылық ізденістеріне бағыт беру,  өздігінен білім алу жолдарын көрсету.
  9. Бағалау (Формативті). Оқушыға материалды терең түсінуіне көмектеседі. Материалды өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады.
  10. Кері байланыс. Оқушы жауабын мадақтау. Белгілі бір іс-әрекетті немесе оқиғаны түсіну, онымен келісіп, келіспейтіндігі көрсететін оқиға туралы пікір.

 З А М А Н А У И С А Б А Қ

Сынып:  3 «а» Күні:  22. 11. Пәні:   дене шынықтыру Сабақ   № 34
Тізім бойынша оқушы саны:                   Қатысқаны:                           Себепті, Себепсіз   (астын сыз)
Сыныпты оқыту мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы Бой жазу жаттығулары Дене жаттығулары
Мақсаты Қимыл-қозғалыс ойындарының алдағы өмірде маңызды, қажетті екендігін  ұғындыру Тақырыптың маңыздылығымен танысады
Күтілетін нәтиже Бой жазу жаттығулар бойынша денесін жаттықтырады, оқудағы негізгі қиындықтары жойылады Алған білімін өмірде қолдана алады
Психологиялық ахуал Психологиылық дайындық.  Біз үнемі қуанып, күліп жүрейік. Еш уақытта мұңайма, ашуланба. Ата-анамызға, өзімізге, көпшілікке қуанышты көңіл-күй сыйлайық! Оқушылар шеңберде жиналып,  бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу «Бірінші-екіншіге санал!»  командасы бойынша екі топқа бөліну дайындық жұмыстары Топқа бөлініп дайындалады
Қызығушы-лықты ояту Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым  дене шынықтыру сабағына оқушының қызығушылық сезімін ояту мақсатында сергіту жаттығуын орындау тапсырмасы Тамашалау
Сергіту сәті   «Қандық-сандық» ойыны.  
 Жаңа сабақ Бой жазу жаттығулары.                                                            «Қандық-сандық» ойыны. Ойынға қатысушылардың ішінен екі оқушы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп тұрып шынтақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп, бірін-бірі жерден көтепіп алудың қамын жасайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептеледі.  Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына келесі ойыншы шығады. Ойын осылай қай топ жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Қуанышты, көтеріңкі, таңғалу,                      көңіл-күйді білдіретін  және қалыптастыр-атын жаттығулары
Ой толғаныс Білем Білдім Білгім келеді БББ — кестесі
Үйренгем Үйрендім Үйренгім келеді
Үйге тапсырма Жаттығу Күнделікке жазып беремін
Бағалау Оқу процесін жүйелі түрде тұжырым жасап, шешім немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет Оқыту нәтижесін анықтау әдісі
Кері байланыс Оқушы жауабын  мадақтау.  Белгілі бір оқиғаны түсіну, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін  белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы  пікір, баға беру. Сабақ соңы …  Сау болыңдар   Келесі күніміз көңілді болсын!

ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ  ЖОСПАРЫ 

Оқу ісінің меңгерушісі: ________________________

* Д Ә С Т Ү Р Л І   С А Б А Қ     

* Дәстүрлі сабақ  —  мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен, тіл алғыш-тығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ.  Қалыптасқан дәстүр мен оқу  материалдарының дәлме-дәл кескіні.

* ДӘСТҮРЛІ САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

  1. Оқу материалының ғылымилығы. Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек.
  2. Сабақтың тәрбиелік мәні. Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, мейірімділік, ізгілік тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, әсемдік тәрбиесі, дене тәрбиесі, құқық тәрбиесі, экологиялық тәрбиесі, отбасы тәрбиесі.
  3. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі. Өткен сабақпен байланыс көрсетіледі.
  4. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.
  5. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар. Бұл балалардың шаршамауы, шаршап кетпеуін қадағалау, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы.

 

* Д Ә С Т Ү Р Л І   С А Б А Қ Т Ы Ң   Ж О С П А Р Ы 

 

Сабақ № _________  Пәні   ______________________Сабақтың тақырыбы: ___________________________________________

Сабақтың мақсаты:  Білімділік:_____________________

Дамытушылық:________________________________

Тәрбиелік:____________________________________

Сабақтың түрі:_________________________________

Сабақтың әдісі: __________________________________

Құрал жабдығы: ________________________________

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:__________________________________                                                                                                                  Психологиялық дайындық. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, сабақ кезіндегі өзінің дұрыс қуанышты көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы

Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, пысықтау, қайталау, еске түсіру  т. с. с.

Жаңа сабақ __________________________________________________________

Жаңа сабақты өткізу кезеңі:

Оқулықпен жұмыс______

Мәтінмен жұмыс _____________________________________________________

Дәптермен жұмыс_____________________________________________________

Сөздікпен жұмыс____________________________________________________

Суретпен жұмыс____________________________________________________

Сергіту сәті:  ______________________________________________________

Сабақ қорытындысы:_________________________________________________

Бағалау: Оқушы еңбегін мадақтау_______________________________________

Үйге тапсырма: ___________________________________________________

ЖЕТІ  МОДУЛЬДІ  САБАҚТАРДА  ҚОЛДАНУ

* Оқыту және  оқудағы                  жаңа-тәсілдер  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Оқушыларға білім беруде жаңа тәсілдерді  «Диалогты оқыту әдісі»  және  «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.  Диалогтық оқыту — топ арасында талқылау жүзеге асады, өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды.

 

* Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.           (СТО)    Өзінің және басқалардың ойындағысын дұрыс қабылдап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, бағалау, өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, жан-жақты тексеру, қорытындылау.

 

* Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау    Бағалау мақсаты баға қою, қорытынды шығару болса ол жиынтық бағалау (сумативті) болып табылады. Оқуды жақсарту мүмкіншіліктерін іске асыру, оқыту үшін бағалау бұл қалыптастырушы (формативті) бағалау.

 

  Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану. (АКТ)     Оқытуда оқушылардың  сауаттылықтарын  арттыруда  жаңа технологиялар, жаңалық, байланыс, іскерлік, шеберлік, компьютер,  интернет  т. б. іскерлік  жұмыс жасауға баулу.

 

* Талантты                  және дарынды балаларды оқыту Талант— тума қасиет.                                                                                               Дарын— жүре келе ізденіп, қабілетін аша келе көрінетін қасиет.                                                                                             Талантты, дарынды балалар  басқаларға қарағанда ерекше ойлау, өз жұмысын талдай білетін, еске сақтау қабілеті бар, жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктері мол бала

 

* Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту                    және оқу    Оқу барысында сыныпта жасы кіші оқушыны анықтап,  жас ерекшелігіне байланысты  тапсырмаларды  беру көзделген. Оқулықпен, тест, картамен, суретпен,  кестемен,  жеке,  топтық, жұптық  жұмыс  жасау.

 

* Оқудағы басқару және көшбасшылық Көшбасшылық — шабыттандырушы, ұйымдастырушы, сыншыл дос, тәлімгер, кәсіби шебер, өз ісіне адал, тәртіпті, оптимист, істің оң нәтижесін көздейтін жауапкершілігі мол адам.  Көшбасшының  ең негізгі құпиясы — ол «тек қана алға!»

Ә Д І С Т Е М Е Л І К   Ұ С Ы Н Ы М Д А Р

Мұғалім өз ойын орнықтырып, зейінін бір жүйеге шоғырландырып алу үшін сыныптағы психологиялық атмосфераны қалыптастыру.
Психология.  атмосфера Оқушылар. өзара  қарым-қатынасы,  көңіл-күйі  мен  ынтымағы,  өзара  түсінуі  мен түсінісуі.
Психология.  ахуал Оқушылардың  өзара  қарым-қатынасы,  көңіл-күйін білдіретін  психологиялық  ұғым.
Қазіргі заманғы  сабақ Нақты  мұғалім  өзі үшін ыңғайлы, өзі үшін  қолайлы  мазмұндық  нысандарды таңдайды.
Парадигма Зерттелетін  мәселені  шешу  үшін үлгі  ретінде  алынған  әдістемелік  ережелер  жиыны.
Нысан Бұл зат,  оқиға,  процесс,  табиғат құбылысы
Заманауи  сабақ Мұғалім өз бойындағы барлық мүмкіншіліктерін шеберлікпен пайдалануы, оқушының тұлға болып дамуына, ой-өрісінің өсуіне, білімді толығымен меңгеруіне ықпал етеді.
Рефлексия Өткен тақырып бойынша оқушы білімін тексеру, өткенге жүгіну, талдау,  қорыту
Мақсаты Мұғалімнің оқушыларға  үйреткісі  келетін  сабақ  кезіндегі  атқаратын  жұмысы.
Мақсат  қоя  білу Мақсатты  нақты,  дәл  тұжырымдау.  Қойылған  нақты  міндеттерге  бөлу. Үздіксіз бағалау.
Күтілетін  нәтиже Сабақ  соңында  оқушы  көрсете  алатын  қызмет.  Оқу мақсатын  білу,  түсінуді  көздейді.
Сабақ  қорытындысы Жеке қабілетінің дамуына,  ізденістеріне бағыт беру, өздігінен білім алу жолдарын көрсету.
Бағалау Оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын  тәсіл.     «Бағалау»  термині  «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.
Қалыптастырушы бағалау (формативті) Оқушы жетістіктерін анықтау, бақылау және жақсарту. Мүмкіндіктерін іске асырады, жетістіктердің өсуі мен дамуына тікелей ықпал жасайды.
Жиынтық бағалау (суммативті) Бағалау мақсаты баға қою, оқыту қорытындысын шығару болса  жиынтық бағалау болып табылады. Тоқсандық, жылдық жиынтық бағалаулар.
Кері байланыс Оқушы  жауабын  мадақтау.  Келісіп,  келіспейтіндігін көрсететін оқиға туралы пікір.
Мұғалімнің көшбасшылығы Шабыттандырушы, ұйымдастырушы, сыншыл дос, тіл табысушы, өз ісіне адал, кәсіби шебер, тәртіпті, істің оң нәтижесін көздейтін жауапкершілігі мол адам.  Көшбасшының ең негізгі құпиясы — ол «тек қана алға!»
Сындарлы оқыту Оқушының  пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін қолдана білуіне жағдай жасау.
Тренниг Білім,  білік,  дағды  және  әлеуметтік  мақсаттарды дамытуға бағытталған белсенді оқу әдісі.
Қорытынды Пайымдау, ой-пікір, тұжырым.
Эмоция Қуаныш, қанағат болу сезімі, ашулану, уайым, тітіркену
Эмоциялық жағдай Бала өзін-өзі ұстау, қабылдау, ойлау, келеңсіз жағдайға тап болмауы,  жүріс-тұрыс,  қобалжу
Оқу міндеттері Оқу мақсатына  жетуде  жасалатын  кішігірім қадамдарды  білдіретін  тұжырымдар.
Инновация «жаңалық»,  «жаңа әдіс»,  «өзгеріс»,  «әдістеме», «жаңашылдық»,  «жаңаны ұйымдастыру»
Жады Ақпаратты сақтауға, жинақтауға және жаңғыртуға арналған психикалық ақыл-ой қызметі.
Жағдаят Педагогикалық, ситуациялық,   дау-дамай,  кикілжің  жағдаяттар.  Жеткіншектер арасындағы конфликтілі,мұғалім мен оқушы арасындағ жағ.
Ассоциация «байланыс» орнату деген сөз. Ассоциация түрлері: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік, қарама-қарсылық, сыбайлас және мағыналық ассоциациясы
Дәстүрлі сабақ Қалыптасқан  дәстүр  мен  оқу  материалдарының  дәлме-дәл  кескіні.
Модуль Белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі.  Пәннің негізгі заңдылық.  ашатын  элемент. жиынтығы.
Коучинг Тәлім алу,  дайындау,  жаттықтыру.
Стратегия Философия,  әдістемелік ұстаным
Ақпараттық Ақпарат,  жаңалық
Коммуникация Байланыс,  қатынас
Технология Іскерлік,  шеберлік,   іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы.
Қабілет Белгілі  айқын  әрекетте  нәтижелі  айналысуға  көмектесетін  тұлғаның  өзіндік  ерекшелігі
Талант Тума  қасиет
Дарын Жүре  келе  ізденіп,  қабілетін  аша  келе  көрінетін  қасиет
Дарынды Басқаларға  қарағанда  ерекше  ойлау,  талдау,  еске сақтау қабілеті  бар баланы  айтамыз
Талантты,                  дарынды  бала Белгілі  бір  салада  жетістіктері  айқын  қөрінетін,  сондай  жетістіктері  мол  бала
Презентация Сөзбе-сөз ұсыну.    Бір туындыны,  ұйым  мен  мекемені  т.б.  салтанатты  жағдайда жұртшылық  алдында  ұсыну,  таныстыру.
Эссе.                              Эссенің мақсаты — Білім  алушының  білімін  танытатын қорытынды жазба жұмыс түрі.                                                — Ғылыми тақырып  бойынша  автордың  көзқарасын  ашу,  авторды  жан-жақты  таныту.
   

Қорыта айтқанда, Білім мен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен жобаны іске асырып отырған елімізде білім ұяларындағы кездесетін кейбір қиыншылықтардың жолын табар деген үмітпен ертеңгі күнге қараймын. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Жаңа әдіс-тәсілдерімізді тәжірибе барысында толықтай пайдалану үшін мектептерімізде жаңа заман талабына сай АКТ құралдары жеткілікті болып, ақпараттық ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндігі барлық оқу кабинеттерінде қол жетімді болса, талай арман мен мақсаттың орындалары анық. Бүгінгі бала-ертеңгі жаңа әлемнің ұйытқысы деп ойлаймын.

Алдағы уақытта өзгеріс жасаудағы ұсыныстарым:
• Ақпараттық сайттарға өз жұмысымды жіберу;
• Педагогикалық оқуларға қатысу;
• Сырттай оқуға баяндамалар жіберу;
• Облыстық әдістемелік- ғылыми конференцияларға  қатысу;
• Кез келген републикалық әдістемелік журналға сабағымды жіберу;

Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Ү. Бөлекбаева.  «Ұстаздық ізденістер»   Алматы, 2007 жыл

2. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру.  «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы.  Шымкент, 2014 жыл

3. Жаңа жоба-жаңашылдық бастауы.  Алматы, 2012 жыл

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы О. Тайманов ауылы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер34
  1. Бибинур

    Көрнекіліктері өте ұтымды дайындалған екен баларды дағдыландыру мәселесі қамытылған соған риза болып отырмын

  2. Зине

    жас мамандарға таптырмайтын дүние

  3. Айгерим

    Материал өте пайдалы болды. Көп рахмет.

  4. Бейсен Ұлдана

    Сабақ жоспарларын жасауға жақсы екен.

  5. Лаура

    қысқа мерзімді құрастыру үшін өте пайдалы мәліметтер беріліпті.міндетті түрде оқитын боламын, және өз тәжірибемде жасап көремін

  6. Дина

    Беріп отқан дүниелеріңіз қай жасқа болмасын, керекті, құнды зат екен… әсіресе мектепке енді тұрып, бастап жатқан жастарға өте керекті мағұлмат екен… 3 бөлімге бөліп, жіктеп жіктеп көрсеткендеріңіз ұнады. Еңбектеріңіз еселене берсін!!!

  7. Бактыгуль

    Сабак курылымы такырыпка Сай жазылган Максат миндеттерди әдіс тәсілдері түсіндіру сұрақ жауап арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін қолданылады

  8. Айдана

    Сізге алғыс айтамын, Ақпаратыңыз өте пайдалы болды.

  9. Мақташ

    Қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар, әдістемелік ұсынымдар жақсы жазылған. Кез-келген мұғалімге пайдалануға болатын мақала.

  10. Мақташ

    Сабақ жоспарларын жасауда өте жақсы көмегі тиетін материал екен. Рахмет!

  11. Құралай

    Керемет. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білген. Маған ұнады.

  12. Айгерім

    Өте қонымды, тартымды. Қазіргі заманға сай сабақ жоспарлары берілген! Жоғары деңгейде, бір сарынды сабақ жоспарынан гөрі балалардың қызығушылына сай жақсы орындалған

  13. Увалиева Жанна

    Сабақтың жоспары жақсы болуы тiкелей мұғалімдерге байланысты. Өзiме дәстүрлі сабақ жоспары ыңғайлы… Дегенмен заман талабына сай болған жөн!

  14. Айнур

    Өз сабағының мақсаттарымен ұштастырғанға тиімді

  15. Баян

    Әдістемелік ұсыным өте жақсы құрастырылған.Жас мамандарға жақсы көмек болар деп ойлаймын.

  16. Балкерим

    Білгендеріңізді бөліскендеріңізге көп — көп рақмет!

  17. Гулбарам

    Үш түрлі түрдегі жоспарлар ұсынылған тиянақты нәтижеге жетуге болатын бағыттары айқын

  18. Айнагул

    Көрнекіліктері тартымды.Керемет қызығып отырмын.Сабақ өткізуге өте жақсы екен.Оқушыны қызықтырады.

  19. Айнур

    сабақ жоспарын құрастыруды нақты көрсетіп жазылған

  20. Меруерт

    Саламатсыздарма! Осындай қажетті дүниелер дайындағандарыңызға көптен көп рахмет. Өте қатты ұнады, сөз жоқ керемет. Сіздерді тауып алғаныма қуанып отырмын! Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін! Тек осындай сапалы дүниелермен оқырмандарыңызды қуанта беріңіздер!

  21. Диана

    Материал өте түсінікті әрі бәрі қамтылған маған ұнады

  22. Айжан

    Сауатты түрде, керемет жазылған. Дәл осындай үлгіде сабақ жоспарын іздеп ем. Толық 1 ші сыныпқа бола ма? Дайын сатып алатын болса да

  23. Гулайша

    Жаңартылған бағдарламаға сай жазылған қысқа мерзімді жоспар. Өз тәжірибемде қолданып көремін. Рахмет.

  24. Камалова К.Ж.

    Дәстүрлі сабақ өте жақсы деңгейде құрастылған деп ойлаймын

  25. Толқын Жұмабаева

    Өте керекті материалдар жарияланыпты.ұстаздардың еңбектеріне рахмет.шығармашылық табыстар тілеймін.

  26. Айсулу

    Әдістемелік ұсынымдар жақсы ұйымдастырылған балалар қызыға алатындай етіп жоспар құрылған талапқа сай

  27. Акнур

    Осындай кунды акпараттармен болискен жандарга рахметимди айтамын, жанашыл устаздын откен оку кызмети де кызыкты, тартымды болады деп ойлаймын

  28. Нұржайна

    Қазіргі заманға сай сабақ жоспарлары берілген! Жоғары деңгейде, бір сарынды сабақ жоспарынан гөрі балалардың қызығушылына сай жақсы орындалған

  29. Айнур

    Өзінің ұстаздық білімімен бөлісетін жандарға алғысымды білдіремін. Өте көп керекті материалдар үлгі ретінде көрсетілген. Жоспарыңыз керемет құрылған.

  30. Турдалиева Умит Адильбековна

    Әдістемелік ұсынымдар жаңартылған білімінің талаптарына сай әрі сауатты құрылған. Мұғалімнің көшбасшылығы, бағалау, стратегиялар сабақ құруда қолданылатын таптырмас әдіс-тәсілдер.

  31. Асемгул

    Диалогтық оқыту ұнады

  32. Сауле

    Дәстүрлі сабақ өте жақсы құрастырылған.Сабақ жоспарының өзгешеліктерін байқауға болады.

  33. Сандугаш

    Заманауи сабақ жоспарын құрудың қаңқасы деп айта кетсем болады. Сабақ жоспарының өзгешеліктерін байқауға болады. Бір сарынды сабақ жоспарынан гөрі, осы сабақ жоспары дұрыс деп ойлаймын.

  34. НҰРБАНУ

    дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ жоспары құрастырылған.Жоғары нәтижеге жету үшін талаптар қойылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ