Буынға бөлейік, Сөз құрайық

Білім саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу.
Тақырыбы: Буынға бөлейік. Сөз құрайық.
Мақсаты: Буынды,сөзді меңгерту,түсіндіру барысында тапсырма орындату. Балалардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту.
Міндеттері:Көркем,сауатты,шапшаң жазуға дағдыландыру.Жемістердің,көкөністердің адам денсаулығына пайдалы екенін ұғындыру,оларды жуып жеу керектігін айтып түсіндіру.Еңбекқорлыққа,үқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік қоры:Сабан той.
Билингвалды компоненттер: фрукты,овощи.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ойын,түсіндіру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта,суреттер,дидактикалық ойындар,жемістер,көкөністер, жеміс салатын себет.

Ұйымдастыру кезеңі:
Қозғаушы-мотивациялық.
Шаттық шеңбері:
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен жарасқан
Ұстаз-шәкірт қуанып,
Мейіріммен қарасқан
Қош,келіпсіз қонақтар
Алдарыңда тұр міне,
Сар даланы сәндетіп,
Думандатып әндетіп
Сәлем берер балдырған.

Мұғалім:-Балалар бүгін бізге қонаққа кірпі келді,сыйлыққа жеміспен көкөністер әкеліпті,ол сыйлықты алу үшін кірпі әкелген тапсырманы
орындау қажет,кірпімен сәлемдесейік.Кірпімен сәлемдесу.

-Сәлеметсіңдер ме балалар,мен жаңа орманда келе жатып естіп қалдым, сендер бүгін менің сүйікті жемістерім мен көкөністерім туралы тақпақ ,жұмбақ айтады екенсіңдер сондықтан сендерге қонаққа келіп қалдым.Сендерге ойындар алып келдім,әр түрлі ойындар ойнап,өз білімдеріңді көрсетіңдер.
Менің әкелген тапсырмады орындаған топ « Сабан тойға» қонақ боп қатысуға шақыру қағазын алады.
сөйлеу қабілетін дамыту
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Буынға бөлейік.Сөз құрайық.
Кірпінің тапсырмаларын орындайық.Сөздікпен жұмыс: жемістер-фрукты-fruits. Көкөністер-овощи-vegetables.
«Жеміс жинау» дид.ойыны.Ойын шарты:Жемістер туралы тақпақтар айту,оны себетке жинау,дыбыстан буын,сөз құрау.Текшеден буын құрау,сөз құрау.
Алма,алма дейсің
Мені сүйіп жейсің
Айтпады екен деме
Алманы жумай жеме!

А-л-м-а ал-ма
А-дауысты
Л-дауыссыз
М-дауыссыз
А-дауысты

Қарап ұқсас сұрқына
Ұқсатам алма тұрқына
Біздің жеміс деп мұны
Мақтанар казақ халқы да
Қуаң мейлі,шөл мейлі
Ете берер ол мекен
Шырыны көп жеміс бұл
Жеп көр өзің сенбесең

А-л-м-ұ-р-т ал-мұрт
А-дауысты
Л-дауыссыз
М-дауыссыз
Ұ-дауысты
Р-дауыссыз
Т-дауыссыз

Шие пісіп төгілді
Балалар жүр көңілді
Түсі қандай қып-қызыл
Жосы қылды жеңімді
Ш-и-е ши-е

Тауда өскен бүлдірген
Сайда өскен бүлдірген
Тәттілігін білдірген
Бойға қуат,
Дертке ем.
Жеміс осы
Бүлдірген.
Б-ү-л-д-і-р-г-е-н бүл-дір-ген

Өрік,өрік,өрікті
Өрікті кім теріпті
Балаларға апасы
Бір-бірден беріпті
Ө-р-і-к өр-ік

«Жаңғақ шағу» дид.ойыны. Ойын шарты:Жаңғақты шағып ішіндегі тапсырманы орындау,жұмбақ шешу.Жемістерді себетке жинау.

Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны сен үзбе,
Аузыңнан кетпес дәмі
Оның аты …(шабдалы).

Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көп күйде
Санап қара қанша
Оның аты …(шие).

Жапырақты тасалап
Өсетін жері бау-бақша
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты…(құлпынай).

Дәмі қандай әйбәт
Үзесің бірден жүзін
Оның аты…( жүзім).

сөзді меңгертуСергіту сәті:
Жиналып қаппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз
Бәріміздің адамға
Тиеді көп пайдамыз
Біледі жаста кәрі де
Дәрумен көп жеміспіз.

Дәптермен жұмыс.Шие,алма,өрік сөздерін дәптерге жазу.Осы сөздердегі
дауысты,дауыссыз дыбыстарды жазу. А,и,е,ө,і. Ш,л,м,р,к.
«Көкөністер» дид.ойыны .Ойын шарты:Көкөністер туралы тақпақ айту,сөзді буынға бөлу,себетке жинау.

Қырық қабат киім бар

Біреуі де түймесіз
Дәруменге өте бай
Орамжапырақ мен болам
О-рам-жа-пыр-ақ

Күн сәулесі еркелеткен
Қызғылт сәбізмен болам.
Мені жесе бойы өсер
Ауырмайды еш адам
Білемін мен білемін
Мені жақсы көреді
Балалардың бәрі де.
Сә-біз

Бүткіл елдің бәріне
Сұрауы көп мен болам.
Бойым толған дәрумен
Қызылша болам міне мен.
Қы-зыл-ша

Картопты кім білмейді
Танымасаң танысайық
Ханшайымы бақшаның деп,
Бәрі мені атайды
Сан жетпейдідәмді тамақ
Тек картоптан жасайды. Кар-топ.

Қызықтың ба қиярға?
Алда жей бер ұялма
Көтергенше берейік
Қапшығыңа сияр ма?
Қи-яр

Сары алтындай әңгелек
Қандай тәтті дөңгелек
Дәмі аузыңнан кетпейді
Балың оған жетпейді
Бақшада көп әңгелек
Добымыздай дөңгелек
Әң-ге-лек

Сергіту сәті:
Деніміз сау боп өсу үшін
Керексіңдер дәрумендер
Біледі оны бәрі де
Оданда қол ұстасып,
Би билейік әрине.

Жұмбақ шешу.Сөздерді буынға бөлу

Аласа тал тамаша тал
Самсап тұрған алмасы
Ол алқызыл,ол қанқызыл
Боялғанша алмасы(қызанақ).

Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз).

Сусыз піскен ас көрдім.
Домаланған бас көрдім.(Қауын).

Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жылайсың(пияз).

Сабақты қорытындылау:- Балалар кірпі бізге қандай тапсырма әкеліпті?
-Сөздерді буынға бөлу.Дыбыстық талдау жасау,сөз құрау,әріптер мен сөздер жазу. Жемістер ,көкөністер туралы тақпақтар айтып,жұмбақтар шештік.
-Дұрыс айтасыңдар,қане ережені қайталайық.-Дыбыс деген не?
-Дыбысты естиміз,айтамыз.-Әріп деген не?
-Айтамыз,оқимыз,көреміз,жазамыз.-Буын неден құралады?
-Буын дыбыстан құралады.-Сөз неден құралады?-Сөз буыннан құралады.
-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?
-Жемістер мен көкөністер дәрумендерге бай,ол адам ағзасына пайдалы,адамға күш-қуат береді.
-Жемістерді қалай жейміз?
-Жемістерді жуып жейміз.
-Ортаға кірпіні шақырайық.Кірпі:-Балалар сендер менің сүйікті жемістерім мен көкөністерім туралы тақпақтар, жұмбақтар айтып, ойындар ойнап ақылды балалар екендеріңді көрсетіп мені қуанттыңдар, рахмет сендерге, мен сендерге « Сабан тойға» шақыру қағазын әкелдім.сондықтан екі топ бірігіп « Сабан тойды» өткізесіңдер. «Сабан той» күзде егін орылып, жемістер мен көкөністер пісіп, жұрт молшылыққа кенелген кезде өткізілетін мереке.Мұғалім жолдаманы оқып,жолдаманы табыстайды.Кірпі балаларға сыйлыққа алма таратады.Кірпі балалармен қоштасып кетеді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер11
  1. Гулнара

    Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер қолдануға өте тиімді

  2. Дина

    Сабақ жоспары жеңіл,қызықты етіп ұйымдастырылыпты. балалар зерікпес еді деп айта аламын…

  3. Гүлнұр

    Сабақ жоспары жақсы құрылған. Жан жақты ойластырылып оқушылардың ой өрісін дамытуғағ тиімді екен.

  4. Мадина

    осы жоспар бойынша сабақ өте қызықты өтеді деген ойдамын. жоспар ұнады

  5. Мадина

    сабақ жоспары өте қызықты құрылған. рахмет, қатты ұнады

  6. Баян

    Сабақ құрылымы жақсы құрылған. Әдістер ұтымды қолдана білген. Шығармашылық табыс тілеймін.

  7. Акмолдир

    Сабақ жоспары жақсы құрылған. Жан жақты ойластырылып оқушылардың ой өрісін дамытуғағ тиімді екен.

  8. Елена

    Жұмбақ шешуде балалар ойы дамиды.Жақсы сабақ

  9. Айжамал

    Тапсырмалары да оқушыларға қиындық туғызбайды көңілге қонымды.

  10. Гульнара

    Сабақты ойын түрінде өткізген өте қолайлы. Тапсырмалары да оқушыларға қиындық туғызбайды.

  11. Аманкелді

    керемет тіпті.ғажаптығы маңыздылығы .көңілге қонымды.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ