Бақытты адамның көйлегі

Сахна тақырыпқа сай безендірілген. Ортада тағында патша отыр, ал оның жанында үш уізірі жайғасқан..

Патша: Құрметті менің уәзірлерім. Мен елімді, жерімді көркейту үшін жастайымнан жанымды аямай еңбек еттім. Елім жақсы өмір сүріп, бақытқа жету үшін енді не істеу керек екенімді ойлап, таңға дейін көз ілмейтін болдым. Сендерден ақыл сұрамақ болып жинап отырмын. Айтыңдаршы осы ұйқысыз түндерімнің дертін қалай емдесем болады.

Бірінші уәзір: Құрметті патшам! Әр дерттің бір шипасы болады. Әрине патшамыздың жан тыныштығы , ұйқысының бұзылмауы үшін бірдеңе ойлап табамыз. Ол үшін бір шара бар. Бақытты бір адамды тауып, оның үстіндегі көйлегін шешіп әкеліп сізге кигізсек, жаныңыз рақат табатын болады.

Патша: Олай болса сәт сапар. Бақытты адамның көйлегін тауып әкеледі деп сенемін. Сендерді асыға күтетін боламын.

Уәзірлер: Әміріңізге құлдық, патшам!

ASuzddddАвтор: (музыка әуені естіліп тұрады) Адамдар жолға шығып тау, қырларды, өзен көлдерді жүріп өтіп бір қалаға келеді. Қала іші қайнаған тіршілік. (Базардың ішіндегі саудагерлердің , шулаған адамдардың дауыстары естіледі.) Сахынада саудагер және етікші.

Бірінші уәзір: Сәлем бердік құрметті саудагер мырза! Осы қалада бақытты жанның бірі сен шығарсың. Алдыңда көп табыс әкелетін жемістерің жақсы бағаға саудаланып жатыр. Биылғы жылғы жемістерің бітік шыққан сияқты ғой. Бал бұл жанған жүзің сенің бақытты екендігіңнің белгісі сияқты.

Саудагер: Сатып алушының көңілін таппаққа, осылай күліп отыруыма тура келеді. Ал өзімді бақыттымын деп айта алмаймын. Себебі жаз шыға дамыл таппай еңбек етемін. Ал алған жемісім арзан бағаға өтіп жатыр. Бақытқа жету үшін әлі де көп еңбек етуім керек. Еңбек ет, тер төк, жалықпа. Боларсың сыйлы халыққа. деген бар емес пе?

Бірінші уәзір Ал осы қаладан ең бақытты деген жанды қалай табуға болады?

Саудагер: Әне! анау отырған етікшіге барып көріңіздер. Бақытты деп соны айт. Өзі қашан көрсең әндетіп көңілді отырады.

Олар енді етікшіге жақын келіп.

Екінші уәзір: Ассалаумағалейкум! Байқаймын өмірде бақытты жандардың бірі сияқтысың.

Шырқаған әуеніңе қарап біздерге сондай ой келді.

Етікші: Қайдан! бақытты болсам күн астында осылай жыртылған етікке телміріп отырар ма едім. Тапқаным аз. Күнделікті ас суымнан қалмайды. Көңілімді ауламаққа осылай ән салатын әдетім бар.

Өмір деген көл екен Жүріп әрең өтеміз Осы өмірде сыйлассаң Бақытқа сонда жетесің Айхой!!!!

Екінші уәзір: Біз бұл үлкен қаладан бақытты жанды таба алмайтын сияқтымыз.Қаласаңдар ауыл жаққа барайық. Қалаға қарағанда , ауыл жақта бақытты жандар көп болады ғой.

Олар сахнадан әрі шығып кетеді. Сыхынаға малшы шығады. Маңдайынан аққан терін сүртіп айналасына қарап жерге отыра кетеді. (қойдың маңыраған дауысы естіледі) Қолында үлкен тоқаш наны бар. Ол аспанға қарап әндетіп сол нанын сүйсініп жеп отырады..

Екінші уәзір: Е, бақытты жан деп осыны ат. Өміріне дән риза сияқты. Сұрап көрейік.

Екінші уәзір: Оу, малшы: Байқаймын өміріңе өкпең жоқ, бір бақытты жан сияқтысың.

Малшы: (аздап күлімдеп). Қымбатты мырзалар! Менің еш нәрсем жоқ сонда да бақыттымын, өміріме ризамын. Мен жаратқан иемнен. Я, Алла маған қолымнан келетін істі атқаруға ҚУАТ бер, Қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ЕРЛІК бер. Екеуін бір бірінен айыра алатын АҚЫЛ бер! деп жалбарынған едім. Ал менде осы жақсы қасиеттердің үшеуі де бар. Мен сондай бақытты жанмын.

Қуанып кеткен уәзірлер.

Екінші уәзір: Олай болса бізге өзіңнің бір көйлегіңді бір кесе алтынға сатшы.

Малшы: Мырзалар: Өтініштеріңізді орындасам мен де қуанышты болар едім. Мен көйлек кимеймін. Менің денемді күндіз күн сәулесі қыздырып , ал кешке қарай салқын самал желпінтеді. Сіздерге беретін көйлегім жоқ менің. Мен қарапайым кедей адаммын. Бір күн аш болсам, бір күн тоқпын. Отбасым үшін ерінбей еңбек етем. Олардың бар екенін көру мен үшін үлкен бақыт!

Екінші уәзір: Өкінішті ақ. Олай болса осы көргендерімізді, естіп білгенімізді патшамызға баяндап берелік. Хан сарайына аттанайық.

Олар сахынадан шығып сахынаға патша шығады.

Үшінші уәзір: Құрметті патшам! Қаншама адамдар төрт құбыласы тең болса да,әйтеуір оларда бір бақытсыздық бар екен. Кездестірген адамдардың бәрі бақытсыз екен. Тек шын бақыттымын деген жалғыз малшыны ғана кезіктірдік. Бірақ онда сізге берер көйлегі жоқ.

Патша: Сонда қалай ? Киерге көйлегі де болмай бақыттымын деп қалай айтады?

Үшінші уәзір: Бақыт ол ақшамен өлшенбейді екен.

Бақыт жайлы менің мына білгенім,

Бақыт деген бірде шаттық ,бірде мұң

Бақытты сол тәріп етіп түндерін,

Бақыт іздеп азаптанса кімде, кім.

Патша: Сонда өмірін халқына арнаған, халқы үшін уайым жеген ең бақытты жан мен екенмін ғой.

Үшінші уәзір: Дәл солай патшам. Әлемде сізден бақытты адам жоқ. Ал сіздей еңбеққор патшасы бар бақытты ел жоқ. Бір адамның шынайы бақыты, Оның осы өмірдегі жасаған жақсылығы. Бақытты өзіңізден іздеңіз.ПАДИШАМ! Патша: Мен сондай бақытты жанмын! Ән. «Бақыт деген»

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Жауқазын

    Ертегилердин магынасыда жаксы екен маган унады

  2. Асемгул

    Қазіргі заманға сай ертегі.Өте жақсы!

  3. гаухар

    Жер бетіндегі әр адам бақытты болуға лайық. Сондықтан да бақытты ең бірінші өзімізден іздеуіміз керек. Өз басының қамын ғана ойламай, өз елін ,жерін сүйетін жастарымыз көп болса екен,… Мейірімділік болған жерде, тіршілік болады..

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ