Қанеки, қыздар. Сыныптан тыс жұмыс

Қанеки, қыздар. Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Қанеки, қыздар!» (сыныптан тыс жұмыс 3 сынып)
Мақсаты: Қыз балаларға, аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, оқушы қыздар бойындағы жеке қабілеттері мен талантттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, гүлдер, плакаттағы суреттер.
Өту формасы: жарыс
Өтілу барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды отырғызу, жарысқа қатысатын қыздарды орындарына тұрғызу.
2. Жүргізушімен таныстыру.
Жүргізуші
-Армысыздар, қадірменді қонақтар! Жарысымызды бастамас бұрын барлық аналарды, қыздарды төл мерекелеріңізбен құттықтағанды жөн санап тұрмын.Ана, әпке, сіңлі, қарындас – мұның бәрі нәзік, аяулы жандарға айтылған тамаша атаулар.
Құрметті ата-аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер!Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз!
BBuzddddBB1-оқушы
Сіздерменен жадырайды өңіміз
Сіздерменен жарасады сәніміз
Ұзақ болсын той-думан
Құттықтаймыз бәріміз!
2-оқушы
Жүзімізге қарасаңыз
Біз бақытты баламыз
Бізге қымбат құшағыңыз
Бізге қымбат анамыз!
3-оқушы
Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл әжем, мерекең
Құтты болсын жадыраған
Қуанышты берекең!
4-оқушы
Оқуды да ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды біз аялап
Мерекесін тойлаймыз
5-оқушы
Мерекеде көктемгі
Құттықтаймыз сіздерді
Жайнап өскен қызғалдақ
Қыздар – әсем ел гүлі
6-оқушы
Қыздарды біз сыйлаймыз,
Артық іске бармаймыз
Мерекеде қыздарға
Жырымызды арнаймыз

Ән: «Ана туралы жыр».

Жүргізуші:
Уа, халайық,халайық,
Мұнда назар салайық
Тойымыздың жалғасын
Жарыспенен жалғайық
Қайда әнші, қайда биші,
Зер салайық, талабына қарайық
Өнерлі кім, дарынды кім
Талантты іздеп табайық!

(Қазылар алқасын сайлап, таныстырып өтеміз.)

Мың бұралған арулар жайлап басын,
Келеді ортамызға жайнап тасып
Қыз баласын сыйлаған халқым менің
Қошеметтеп қол созайық қарсы алып!
I . Таныстыру. Бәйшешек және Жауқазын топтары
Сәлем сөздің анасы
Дейді дана қазағым
Мына тұрған қыздарға
Сәлем беру парызым
(Топтар өздерінің атын, ұранын, мақсатын түсіндіріп кетеді).

II. «Дана да, білгір де біздерде бар».
Сеніммен алдыңызға біз келеміз,
Күн сайын білім алып өзгереміз.
Шәкірттің білімі үшін еңбек еткен
Сүйікті ұстаздарға бас иеміз,-дей отыра, қыздарымыздың ой-өрісін байқап көрейік. (Әр топқа 8 сұрақтан беріледі)
I топ
1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қашан?
2.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ғарышқа қашан ұшты?
3.7+3х2-5= ? тез есептеу
4.Өмірдегі ең қымбат жан?
5.Қай пәнде ағза, жүрек, қантамыр сөздері кездеседі?
6.Қазақтың ұлттық ойындарын ата
7.Ұлттық аспаптарды атаңдар
8.Қыс айларын ата
II. топ
1.Ата заңымыз қашан тойланады?
2.Ең әдемі құсты ата
3.Қай пәнде жалғау, жұрнақ кездеседі?
4.Мемлекеттік рәміздерді ата
5.Қолөнер үлгілерін атап айт
6.Төрт түліктің төрелерін ата
7.Сүт тағамдарын ата
8.8х4-4+1=? тез есептеу
Ән Анашым
III . «Өнерлі өрге жүзер»
Іс тігетін ерінбей
Жалқаулыққа берілмей
Аруларымыз көрсетсін
Қолөнерін күлімдей.
(Үй тапсырмасын қорғап, түсіндіру, мәнін ашу).
Би. Түрік биі
IY. «Егер де біз…» (сценка құру)
Психологиялық көрініс түрінде қойып, өздері шешімін көрсетеді.Тиісті мақал айтады.
№1 Сабақ жүріп жатыр.Сен кешігіп келдің.
Сабақ оқымағансың.Не істейсің?
№2 Туған күн кеші өтіп жатыр.Сенің бір құрбыңның сыйлығы ұнамады.Ертесіне ол саған ренжулі.Сен не істейсің?
V. «Қыздар қандай өнерлі?!» (өнерлерін көрсетеді)
Бар өнері ашылар келіп қалса, қызғасын,
Бірі болып дараның шаршы топта озар кім?
Құрметтейтін дәстүрді құрбыларың көбейсін.
Өнерімен тамсантып, от боп бүгін жанатын.

Қыздар өз өнерлерін көрсетіп шығады.
VI.Сән өнерін көрсету
Шешендік, көсемдік бар тілімізде
Орталық, тектілік бар көзімізде
Ұрпағымыз-жаңа өмір, жаңа ғасыр.
Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де?
VII.Қорытындылау
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен жарысымыз аяқталсын.
Қазылар берсін енді шын бағасын

Сөз қазылар алқасына беріліп, жеңімпаз топ анықталады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ