Жеке бастың тазалығын сақтау

Сабақты мақсаты: оқушыларға жеке бастың тазалығы мен оны күту туралы білім беру.
Дамытушылығы: оқушылардың біліктілігін тереңдету, тазалыққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: әдемілікке, сымбаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (жеке бас гигиенасына арналған, шаштың, терінің құрылысы туралы кесте), карточкалар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А) тақырыппен таныстыру.
Ә) оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырмаға байланысты мәтін беру.
І топқа тапсырма «Тері, оның құрылысы, терінің күтімі».
ІІ топқа тапсырма «Шаш, оның құрылысы, күтімі»
Екі топ берілген мәтіндермен танысып, тапсырма бойынша жауап беруге дайындалады.

І топтың жауабы.
Адамдағы тері қабатының жалпы ауданы 1,5-2 м². Терінің жалпы түс күңгірт, дене түстес. Мүйізі қабаттың пигментіне байланысты теріні әр түске ажыратады. Тері ағзаның басқа мүшелерімен тығыз байланысты. Эпидермис – терінің үстіңгі бөлігі. Дерма немесе дәнекер ұлпа жасушаларынан тұрады. Тері асты жасушалары май жасушаларынан тұрады. Теріде жеткілікті мөлшерде су бар. Ол дене мүшелерін түрлі жарақаттан, үсуден, күюден қорғайды. Қорғаныштық қызметтен басқа жылу шығару, тыныс алу қызметтерін де атқарады.

Терінің саңылауларынан тыныс алып, тері бөлінеді. Термен бірге сыртқа зиянды заттар да бөлінеді.
Теріні таза ұстап, күтпесе, терінің бетіне шаң қонып, тері ластанып, түрлі микробтар түсіп ауруға ұшырауы мүмкін. Тері зақымданғанда дәрігердің көмегімен немесе үй жағдайында таза ұстанған дұрыс. Тері аурулары әсіресе түрлі жарақаттар, жыртылған, қажалған, зақымдалған жерлерден ауру тудыратын түрлі стафилококктардың түсіп, олардың өсіп-өніп, тері мен тер асты еттерін зақымдаудан пайда болады.

Терінің саңырауқұлақты аурулары: қышыма (чесотка), теміреткі (лишай). Терінің іріңді аурулары: сыздауық (фурункул), карбункул.

Алдын алу.
1. Тазалық, дене тазалығын сақтау.
2. Бөтен адамның жеке заттарын пайдаланбау.
3. Душ, бассейн, моншада әркімнің өз гигиеналық жеке заттары болу керек.
4. Өздгінен ем қолданбау.
5. Түрлі жаралар мен тер ауруларын тек дәрігер-дерматологқа қарату керек.

тазалық.Шаш оның күтімі, құрылысы

Шаштың өзегі тері беткейінде, ал түбірі дермада, тері асты жасушаларында орналасады. Түп жағы біршама жуандау болып оны шаш пиязшығы деп атайды. Шаштың түсі меланин пигментіне байланысты. Зат алмасудың бұзылуына байланысты қартаң адамдарда пигмент синтезі бұзылып, шаша ағарады. Қалыпты жағдайда шаш айына 1 см өседі.

Қылшық шаштар жақ, иек пен мұртта тез өседі. Өсу ұзақтығы тұқым қуалауға, гипофиз, қалқанша және жыныс без гормонына байланысты. Шаштың өсуіне рентген, гамма сәулелер, күшті эмоциялық стресстер, дұрыс тамақтанбау кері әсерін тигізеді.

Шаш күтімі

1. Әр адам өз шашының жағдайын білуі керек (майлы, қалыпты, құрғақ)
2. Шаштың жағдайына қарай жуғыш заттар таңдалады.
3. Шашты ыстық күн көзінен, химиялық жолмен күйдіруден сақтау керек.
4. Шаштың жағдайына қарай аптасына 2-3 рет жуып отырған дұрыс.
5. Жыл мезгілдеріне қарай шашты күту қажет (аязды күн суықтан, жаңбырлы күні судан, шаң-тозаңнан, ыстықтан т.б.)

Сабақты қорыту үшін сұрақ-жауап.
І топқа сұрақ.
1. Тері қандай қабаттардан тұрады?
2. Эпидермис қабаты қандай?
3. Дерма қабаты жайлы не білесің?
4. Тері аурулары туралы не айтуға болады?
5. Ол аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?
6. Тері гигиенасы туралы не білесіңдер?

ІІ топқа сұрақ.
1. Шаштың неше түрі бар?
2. Шаштың түсі неге байланысты?
3. Шаштың құрылысы қандай?
4. Шаштың өсуіне не кедергі жасайды?
5. Шаш күтімі жайлы, гигиенасы туралы айт.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер19
  1. Сраждинова Мухадас

    сабақ жақсы жоспарланған

  2. Зине

    сабақта қолдануға болатын мәлімет

  3. Шолпан

    Мақалаңызды оқып шықтым өте жақсы жазылған екен. Оқушыларды кішкентай кезінен бастап тазалыққа үйреткен дұрыс. Біліп жүргендері артық етпес?

  4. Гулнара

    Балалар ға денсаулық туралы жеке бастың тазалығы мен күтімі туралы мәліметтер бар?

  5. Риза

    Тазалық денсаулық кепілі.Әдемілікке,сымбаттылыққа, таза жүруге тәрбиелеуге өте пайдалы сабақ екен

  6. Айнұр

    Тазалық денсаулық кепілі.

  7. Увалиева Жанна

    «Тазалық-денсаулық кепiлi «-демекшi әр адамның тазалық сақтауы қолынан келеді. Тақырып жақсы жасалған екен!

  8. Замзагуль

    Балаларды кішкентай кездерінен бастап жеке гигиенаны сақтауға үйреткен дұрыс.Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген.
    Рахмет ?

  9. Айнур

    Балаларға қажетті материал мазмұны өте қызықты формада ұсынылған

  10. Мадина

    балалардың жеке бастың тазалығы өте маңызды. кішкентай кездерінен бастап тазалыққа үйрету өте дұрыс

  11. Баян

    Сабақ өте қызықты, балаларға түсінікті, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

  12. Стэлла

    Бастауыш сыныптарға өз жеке басын күту қажет мағлұмат

  13. Акмолдир

    Балаларды кішкентай кездерінен бастап жеке гигиенаны сақтауға үйреткен дұрыс.Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген.

  14. Айнур

    Дұрыс айтасыз. Тазалық денсаулық кепілі

  15. Сауле

    Балаларды кішкентай кездерінен бастап жеке гигиенаны сақтауға үйреткен дұрыс.Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген.

  16. Aknur

    менің шашым өте ұзын болғандықтан бұл мқаланың маған берері өте көп екен. енді шаштың шатасын қалай жазамыз деген тақырыпта мақала шығарсаңыздар.

  17. Айгерим

    жеке баска оет қажет мағулматтар коп екен.

  18. Жакиянова Назым Сагдоллаевна

    Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген, сабақ ұнады.Рахмет!

  19. Изетова Арай Мұратқызы

    Мақала оқушыларға өте қызықты деп ойлаймын, маған ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ