Аю ата

ASuzddddАю ата

Орман іші, музыка әуені естіліп тұрады. Шағын шарбақтың ішінде қоян сәбіз жинап жүреді. Сол сәтте аю келеді.

Аю:-Ей, ұзын құлақ қоян  не істеп жатырсың?

Қоян: -Мен бе, мен сәбіз жинап жатырмын

Аю:-А, сәбіз деген жақсы шығар.

Қоян:-Иә ,сәбіз жақсы шықты, бірақ жинап алу қиынға түсіп тұр

Аю: -Шындығында маған да қысқы азыққа сәбіз керек еді.

Қоян:-Әрине, аю ата қанша алғыңыз келсе сонша алыңыз.Аю сәбізді жұлып айнала лақтыра бастайды. Сол сәтте өтіп бара жатқан кірпі шалынып құлап түседі.

Кірпі:-Бұл не деген тәртіпсіздік, бұл жерде не болып жатыр?

Аю:  -Сәбіз жинап жатырмыз. Ал сен қайда барасың тікенек бас кірпі жан?

Кірпі: -Саңырауқұлақ теру үшін орманға барамын

Аю:-Қане тоқта ,тоқта тікенек бас менде сенімен орманға саңырауқұлақ теруге барамын. Шындығында маған да қысқы азыққа саңырауқұлақ керек еді.

Қоян:-Қалайша, сәбіз керек деген едіңіз ғой:

Аю:-Сәбіз, сәбіз дейді ғой . кімге керек сенің сәбізің. На, өзің ал сәбізіңді -деп сәбізді алып қоянға қарай лақтырады.

Кірпі:-Олай болса міне саған себет осыны толтырып теріп ал.

Аю айналып келіп себетін толтырып алады.Сол сәтте қолына балық аулайтын қармағы бар мысық кезігеді.Мысық аюды көріп ағаш арасына тығылады.

Аю . -шұбар мысық неге шошыдың міне көргеніңдей мен қысқы азығыма деп саңырауқұлақ теріп жүрмін. Жол болсын қайда бет алдың?

Мысық: -Мен аю ата  балық аулауға бара жатырмын, балаларыма балық әкелейін деп.

Аю:-Міне нағыз іс, мен де балық жақсы көремін. Шындығында маған да қысқы азыққа балық керек еді.

Мысық:-Олай болса жүріңіз менде тағы бір артық қармақ бар еді.

АЮ:-Жүр мысығым жүр кеттік.

Мысық: -Тоқта ал саңырақұлақ  ше? (Осы сәтте алыстан аю ата!!! деген айғай естіледі)

АЮ:  Қой саңырауқұлақ деген немене ұсақ түйек жұмыс қой -деп себетті аяқпен теуіп жібереді

Аю қармақты көлшікке салып қойып ұйықтап қала жаздайды. Кенет қармаққа леккен балықты тартып алам  деп құлап түседі.Сол сәтте түлкі келеді.

Түлкі:-Сен мында неге жатырсың аю достым.

АЮ:-Міне көргеніңдей қысқы азық жинау үшін балық аулап отырмын-деп қармағын көрсетеді. -Ал саған не керек?

Түлкі:-Ай ,босқа уақытыңды өткізіп отырсың ау!  одан да менімен жүр  екеулеп тауық ұрлайық.

АЮ: -Тауық! Шындығында маған да қысқы азыққа тауық керек еді.Ал мына балықты аламын деп қаншама уақытымды босқа өткіздім. Мә, өзің ақ аулай ғой -деп қармағын сындырып мысыққа лақтырып кетеді.

Түлкі — Aна жерде қора бар мен сені осы жерде бақылай тұрайын сен абайлап бара бер мен артыңнан барам -деп өтірік алдап өзі тығылып тұрады.Сол сәтте тауықтардың шулаған дауыстары және иттердің шауілдеп қуған дауысы  естіледі.Сахынаға аю шығады. Аю барлық жері ауырып ақсаңдап .Ой,ой деп келе жатқанда қолында бидайдың сабағы бар тышқан шығады

Тышқан:-Сізге не болды аю ата?

АЮ: -Ой тышқан ай  қу түлкімен қосылып тауық ұрлауға барып едім әлгі тістері ақсиған иттер  қуып барлық денемді жарақаттап тастады -деп жылай бастайды.

Тышқан:-Тауық ұрлау, ол деген жақсы іс емес!

АЮ:-Шындығында маған  қысқы азыққа тауық керек болып еді.

Тышқан:-Қысқы азық жинау ол дұрыс  іс

АЮ:-Мен барлық әр түрлі істерді жасап көрдім, бірақ, қолымнан түк келер емес.Енді міне қолымда ештеңе де жоқ деп жылайды.

Тышқан:-Ой, аю ата ай!  Алдымен бір істі бастап соны аяғына дейін апару керек еді, сосын барып келесі іске ауысасың Түсіндің бе?

АЮ: иә Сол сәтте музыка әуенімен барлық қатысушылар сахынаға шығып бас иеді, Қолдарында СОҢЫ! деген сөз

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Айдын Қанатқызы

    Өте жақсы. Балалар үшін сондай түсінікті. Балаларга осы койылымды қоюда жеңіл

  2. толқын

    Тамаша қойылымдар!Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ