«Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі

«Жасыл шырша жанында»  ертеңгілігі

Қатысушылар: Аяз ата,Ақшақар,Қар ханшайым,Сиқыршы,Мыстан кемпір,Жезтырнақ,Тазша бала,Қарақшылар.

Қар ханшайым:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.

ertengilik-Сәлеметсіңдер ме балақайлар,амансыздар ма құрметті қонақтар!

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді.Балалар,сендер де бүгін өте әдемісіңдер!Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.

Сиқыршы:          Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге

Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.

Жаңа жыл-жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл-ақ арманның өрленуі.

Армысыздар қадірлі қонақтар,сүйкімді балалар!Бәріміз асыға күткен жаңа жылымыз да міне келіп қалды,жаңа жылымызды думандатып қарсы алайық.

 Қар ханшайым:             Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа    келдік.Кешіміз көңілді өтсін.

Ал,балалар шыршамыздың шамдары неге жанбай тұр?

Сиқыршы: Мен білетін сияқтымын.Өйткені,балалар,біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз.Сондықтан ол бізге ренжіген болар.

Қар ханшайымы:Ендеше,балалар,шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық.

  Бәрі бірге:                             Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жанады,балалар шыршаны айнала ән айтады.

«Жасыл шырша жанында»  хоровод

 

Қар ханшайым:Балалар,әдемі шыршамыз бар,енді бізге кім жетіспейді?

Балалар:Аяз ата,Ақшақар

Қар ханшайымы:Ендеше,шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды

Бәрі бірге шақырады.Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ келеді,екеуі де Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп алған.

Жезтырнақ:Сәлеметпе балалар.Шақырдыңдар,міне келіп қалдық.Жаңа жылдарың құтты болсын.Өздерің немене киіп алғансыңдар?Біреуі көбелек,біреуі клоуын,…..

 

 

Мыстан кемпір:Сәлем бердім,сәлем бердім балақайлар!

Аппақ,аппақ,қар аппақ,

Қар жамылған кім аппақ?

Кырау,қырау сен аппақ,

Бәрі аппақ,бәрі аппақ.

-Осылай ма,еді өзі,әй,шал?

 

Жезтырнақ:Өй,осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.

-Тамаша,қандай керемет!

Сиқыршы:Ал,біздің балалар тақпақ,өлең,би-бәрін де біледі!

Мыстан кемпір:Е,немене,бізді билей алмайды дегің келіп тұрма,билегенде қалай?

Бидің неше түрін білеміз,қане,диджей музыку!

Мыстан кемпір мен жезтырнақ би билейді.

( Өзбек биі)

Тазша бала:(жүгіріп келеді)Тезірек,тезірек,бәрің бері қараңдар.Мен сендерге хабар әкелдім.

Қар ханшайымы:Қандай хабар?Не болды?

Тазша бала:Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап,күте тұрсын қазір тез арада жетеміз деді.

Барлығы Мыстан кемпір мен Жезтырнаққа қарайды.

Жезтырнақ:Мен,мен шын Аяз атамын.Қараңдар,міне сыйлыққа толы дорбам да бар.Сиқырлы таяғым да бар.Енді не керек?

Мыстан кемпір:Ал,мен ең,ең әдемі Ақшақармын.Қараңдаршы,көйлегім қандай әдемі!Мұндай көйлек ешкімде де жоқ.

Қар ханшайым:Балалар,сендер сенесіңдер ме оларға?

Балалар:Жоқ,жоқ сенбейміз.

Сиқыршы:Балалар,мен де бұларға сенбеймін.Мен манадан бері осылардан күдіктеніп тұрғанмын.Ал,сендер,балалар,күдіктенген жоқсыңдар ма?

Балалар:Иә,күдіктендік,иә.

Жезтырнақ пен Мыстан кемпір төбелесе кетеді.

Жезтырнақ:Сен,бәріне кінәлі,сен.Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің.Түріңді қарашы,бетің де жумапсың.

Мыстан кемпір:Өзіңе қара,Аяз атамын,Аяз атамын деп,барлық балаларды шошыттың.Дорбам бар деп қояды,дорбаңда сонда не бар екен,ә?

Қар ханшайым:Достар,бүгін мереке ғой.Жаңа жылда кешірімді болайық.Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп,мерекемізге қонақ қылайық.Келісесіңдер ме?

Балалар:Иә,кешіреміз.

Сиқыршы:Балалар,барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық ендеше.

Барлығы қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.

Аяз ата:Амансыңдар ма балғындар,армысыздар халайық.Жаңа жылдарың құтты болсын,денсаулықтарың мықты болсын.Аспандарың ашық,жұлдыздарың жарық болсын.Еліміз көркейе берсін,жаңа жыл молшылық әкелсін.

Ақшақар:   Қардан шыққан Ақшақармын,

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

                    Есенсіз бе балалар,

Амансыз ба қонақтар.

Бүгін міне ортаға,

Келіп қалды жаңа жыл,

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп,кеңейсін.

Ортақ ойы,арманы,

Жақсы достар көбейсін.

 

Қар ханшайым:Армысыз,Аяз ата,Ақсақалым!

Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым.

 Сиқыршы:Ал,кәнекей,балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық.

Жаңа жылда сайланып,шыршамызды айналып,

Би билейік ән салып,баршамыз да жыр салып.

Ән.хоровод: «Аяз ата»

Ақшақардың ойыны:Балалар мен бүлдіршіндер,

                                       Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.(ойын ойналады)

Ойын ойналып болған кезде ортаға қарақшылар келеді.

Қарақшылар:Иә,иә құтырыңдар,билеңдер,ойнаңдар.Сендер мәз мейрам боп жүргенде біз бар сыйлықты ұрлап кетейік.

-Көріп қойса қайтеміз,Аяз ата бізді сосын қатырып тастайды ғой.

-Қорқа бермеші,қорқақ,жүр тезірек,ұрлайық,жүр.Барлық сыйлық біздікі болады,оларды сатамыз,көп ақша болады.

-Жарайды,ұрласақ,ұрлайық,кеттік.

Қарақшылар сыйлықты ұрлап жатқанын Тазша бала көріп қалады.

Тазша бала:Тоқтаңдар,тоқтаңдар,біздің сыйлығымызды қайда апарасыңдар?

Барлығы қарақшыларды ұстап алады.

Қарақшылар:-Бізге сыйлық керек.

                          —Біз сыйлықты сатамыз,көп ақша істейміз.

Тазша бала:Бұларың ұят болады,қанша бала сыйлық күтіп отыр ғой.

Қарақшылар:-Не істейміз,сыйлықтарды қайтарсақ па?

                          —Біз былай істейміз, сендерге жұмбақ жасырайық,шешуін тауып көріңдер,көрейік сендердің қандай оқушы екендеріңді!

                          —Жұмбақтың шешуін тапсаңдар,сыйлықты қайтарып береміз.

Олар балаларға жұмбақтар жасырып,шешуін дұрыс тапсаңдар,сыйлықты береміз дейді.

Жұмбақтар:

Қарақшылар:-Өздерің ақылды екенсіңдер ғой,ә!

-Жарайды сыйлықтарыңды қайтарайық,бірақ бізде сендермен бірге мерекеде қалайықшы?

-Сендерден кешірім сұраймыз,рұқсат етіңдерші?

Қарақшылар сыйлықтарды қайтарып береді.Кешірім сұрап,мерекеде қалдыруларын өтінеді.

Қар ханшайым:Балалар,қалай қалдырамыз ба?

Балалар:Қалдырайық,бірақ,енді жаман қылықтар жасамауға бізге уәде берсін.Бізбен бірге шыршаны айнала ән айтсын.

Қарақшылар:Уәде,уәде?Иә,иә,береміз,айтамыз.

Сиқыршы:Жүзімізде күлкі ойнап,

                     Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

          «Шырша әні» хоровод

Сиқыршы:Аяз ата біздің балалар сізді келеді деп,өз әндерін,билерін дайындапты.

0-сынып,1-сынып өз өнерлерін көрсетеді.      ( Ән «Ертегілер әлемі»)

Мыстан кемпір:Аяз ата,маған да кәмпит беріңізші?

Аяз ата:Көрсетсең өнеріңді,аласың кәмпитті.

Мыстан кемпір:Не көрсетсем екен,ә,не көрсетсем екен.Әй,Жезтырнақ мында кел,өнер көрсет   дейді.Би билейік пе,әлде ән салсақ па екен?

Жезтырнақ:Әй,биледік қой мана,әлі бүкіл денем ауырып тұр.Ән айтсақ бәрі қашып кетер,одан да ойын ойнатайық.

Мыстан кемпір:Аяз ата,ойын ойнатуға бола ма,кәмпит бересіз бе?

Аяз ата:Жарайды,балалардың көңілін көтере білсеңдер,аласыңдар кәмпитті.

Мыстан кемпір мен Жезтырнақтың ойыны.(Шармен ойын)

Ойын ойналып болған соң,олар өз сыйлықтарын алады.

Мыстан кемпір:Тағы беріңізші,тағы да-деп қалталарын тосады.

Сиқыршы:Жезтырнақ ,Мыстан кемпір,біздің балаларымыздың әлі де өнерлері баршылық.Барлық сыйлықты алып қойғандарың ұят болады.Қарашы,қанша бала күтіп тұр.

Қар ханшайым:Дұрыс айтасың,сиқыршы біздің балаларымыздың бәрі өнерлі.

2-сынып,3-сынып оқушыларының өнерлерін тамашалау   («Қара жорға» биі)

Қарақшылар:Атай,бізге де бірдеңе бере салыңызшы,ә.Қызығып кеттік.Біздің де сыйлық алғымыз келеді.

Ақшақар:Көрсетіңдер өнерлеріңді,көрдіңдер ғой,балалар қалай жақсы дайындалған.

Қарақшылар:Біз тек төбелесу,ұрлап кетуді ғана білетін едік,енді қайттік?

4-сынып оқушылары:Аяз ата,біз өнерімізді көрсетейік,ал сыйлықты бөліп алармыз.Қазақта сөз бар ғой «Өле жегенше,бөле же» деген.   

Сиқыршы:Жарайсыңдар,балалар.Бұл оқушыларымыз биылғы оқу жылын аяқтап,орта буынға аяқ басатын оқушыларымыз.Яғни,бастауыш мектеппен қоштасатын балалар.Құрметті балалар,биылғы жылды жақсы деген бағаларға бітіріп,өз арман тілектерің орындалсын.

4-сынып оқушыларының өнерін тамашалау.    (қазақ биі)

Ал енді қонақтарымыздың арасында өз өнерлерін көрсетіп,сыйлық алғысы келетіндер бар ма? (ортаға қонаққа келген балалар мен ата аналар шығады )

Аяз ата:Мереке тамаша өтті,көп рахмет сендерге балалар.Өнерлерің үстем болсын.

Сендерге арнап әкелген сыйлықтарымды таратайын.

Ақшақар:Көңілде көп қуаныш,

                   Әр көңілде жақсы үміт.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық!

Аяз ата: Қадамдарыңа нұр бітсін,

Заманыңа гүл бітсін.

Дұшпандарың болмасын,

Аруақтар қолдасын.

Жаңа жылда бақ қонсын,

Жолдастарың көп болсын!

Барлығы Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салады (қолдарын бұлғап )

Қар ханшайым:Құрметті балалар,қадірлі қонақтар!Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Отбастарыңызға амандық,молшылық,береке тілейміз!

                        Жаңа жыл келді міне,жерімізге,

Әкелсін құт-береке елімізге.

Жақсылықпен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

Сиқыршы:Қош келіпсің Жаңа жылым,сырлы сағым,

                    Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.

Жайсын саған қызығып күн құшағын,

Тоссын саған ғажайып түн құшағын!

Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет айтамыз.

Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Батырбекова Айман

    өте керемет

  2. Айбосын

    Керемет

  3. Aliya Adikenova

    Өте қызықты және басқа сценарийлерден өзгеше болып тұр!

  4. Акерке

    керемет

  5. Акерке

    жақсы сценарий

  6. Акерке

    Жақсы жасалынған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ