Р р дыбысы мен әрпі

Пән: Сауат ашу
Сыныбы: 1 «В»
Күні: 18.10.2016
Сабақтың тақырыбы: Мектеп шеберханасына саяхат. Р р дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Балалардың Р р дыбысы мен әріпімен таныстыру. Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Балалардың дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Оларды жеке талдап, алған білімдерін жұмыспен дәлелдеп көрсету.
2. Дамытушылық: Көру, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жылдам ойлау дағдыларын жұмбақ шешу арқылы қалыптастыру. Сөйлем құрастыруға дағдыландыру, көркем жазу дағдысын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, өзгенің пікірін тыңдауға, құрметтеуге, табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі: саяхат
Көрнекіліктер: Көбелектер, әріптер жазылған сурет, кітап суреттері, полотно, текшелер, плакатқа жазылған сызба.
Әдіс-тәсілдер: талдау, жинақтау, ойын, көрнекілік, сұрақ-жауап, т.б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Пайдаланылған әдебиеттер: 1 сынып оқулығы
Сабақтың құрылымы:

Р әріпі.І. Ұйымдастыру кезең
ә) оқушылармен сәлемдесу
б) түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім
ІV. Кітаппен жұмыс
V. Сергіту сәті
VI. Дәптермен жұмыс
— Жазу үлгісімен жұмыс
ә) элементті таныстыру
б) элементті тақтада түсіндіріп жазу
в) ауада жазу
г) оқушылардың тақтада жазып үйренуі
ғ) дәптерге жазу

VII. Бекіту
VIII. Қорытындылау
а) бағалау
б) үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сауат ашу пәні сабағын сендерге мен беремін. Менің аты-жөнім Айткожина Кенжегүл Ырымбекқызы. Сабағымызды көңілді тақпақпен бастағым келеді:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді.

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
— Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Өте жақсы, барлығымыз орындарымызға отырайық. (түгендеймін, сабаққа дайындығын тексеремін)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Кіріспе

— Балалар, қараңдаршы бізге көбелектер қонаққа келіпті. Көбелектің тапсырмаларын орындай отырып, мектеп шеберхенесына саяхатқа шығамыз.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай? Мен – сұлу да, әрі әдемі көбелектер боламын. Сендерге бір өтінішім бар еді. Маған мына тапсырмалардың жауабы керек.

— Балалар, көбелектерге көмектесеміз бе? Ендеше тапсырмаларды орындауға кірісейік.
ә) тапсырмаларды орындау

1) «Сары түсті көбелек» ойыны
Жұмбақ шешуін тауып, буынға бөлу.
Гүлдің нәрін жинайды,
Адамға бал сыйлайды.
Ұнатады бірлікті,
Қоғамдасқан тірлікті.
Еңбекқорды аялайды,
Еріншекті аямайды. Ол не? (ара)

— Ара сөзін буынға бөлейік. (а-ра)
— Неше буынды сөз екен? (2 буынды сөз)
— Неліктен 2 буынды сөз. (Себебі, екі дауысты дыбыс бар)
— Ара сөзінде неше дыбыс бар? (3 дыбыс) А р а
— А дыбысы қандай дыбыс (дауысты)
— Қандай текшемен белгілейміз? (қызыл). Бір оқушы тақтаға шығып қызыл текшені полотноға салады.
— Екінші дыбыс қай дыбыс? (р)
— Ол қандай дыбыс? (дауыссыз)
— Қандай текшемен белгілейміз? (көк). Бір оқушы тақтаға шығып көк текшені полотноға салады.
— 3-ші дыбыс қай дыбыс? (а)
— Ол қандай дыбыс? (дауысты)
— Демек қандай текшемен белгілейміз? (қызыл). Бір оқушы тақтаға шығып қызыл текшені полотноға салады.

2) «Сиқырлы шеберхана» ойыны

Балалар мені мұқият тыңдап отырындыр. Қазір осы мәтінге байланысты сұрақтар қоямын. Тапсырмаларды орындау арқылы, мектеп шеберханасына қажетті заттармен танысамыз.

Анар балалармен мектеп шеберханасына бар жатты. Ол үлкен емен ағашының түбінен күшігін көріп қалды. Күшігін шақырып еді, келмеді. Жанына жақындағанда күшігінің ағаш бұтағында отырғын мысыққа қарап, ыр деп ырылдап тұрғаның байқады.
а) Күшік қандай дыбыс шығарды? Сен осы дыбысты айтып көр.
Ыр – ыр – ыр — ыр- ыр
б) Ізденуді ұйымдастыр, бұл қандай дыбыс?
Күшіктің ырылдағын дыбысы.

Ал енді балалар Анар сөзіне талдау жасайық:
— Анар сөзін буынға бөлейік. (а–нар)
— Неше буынды сөз екен? (2 буынды сөз)
— Неліктен 2 буынды сөз. (Себебі, екі дауысты дыбыс бар) А н а р
— Анар сөзінде неше дыбыс бар? (4 дыбыс)
— А дыбысы қандай дыбыс (дауысты)
— Қандай текшемен белгілейміз? (қызыл). Бір оқушы тақтаға шығып қызыл текшені полотноға салады.
— Екінші дыбыс қай дыбыс? (н)
— Ол қандай дыбыс? (дауыссыз)
— Қандай текшемен белгілейміз? (көк). Бір оқушы тақтаға шығып көк текшені полотноға салады.
— 3-ші дыбыс қай дыбыс? (а)
— Ол қандай дыбыс? (дауысты)
— Демек қандай текшемен белгілейміз? (қызыл). Бір оқушы тақтаға шығып қызыл текшені полотноға салады.

Үшінші дыбыс қай дыбыс? (р)
— Ол қандай дыбыс? (дауыссыз)
— Қандай текшемен белгілейміз? (көк). Бір оқушы тақтаға шығып көк текшені полотноға салады.
2) «Қызыл түсті көбелек» ойыны
— Барлығымыз бағандарда жазылған сөздерді оқып шығайық? (буынға бөліп оқу)

/Ар / ара / ра
Ар а рал ар а нар
А ра а ра лар нар А нар

3) « Жасыл түсті көбелек» ойыны
Кітаптың 41-ші бетіне назар аударайық. Жаңылтпашты мүдірмей, қатесіз айтуға тырысыңдар.
А ра, а ра а ра лар!
А лан а ра а ра ла.
4) «Көк түсті көбелек» ойыны
— Көбелектің келесі тапсырмасы. Бұл тапсырмада берілген сөздердің алғашқы әріптерінен сөз құрауымыз керек.

А Н А Р
— Бақа дегеніміз не?
— Жарайсыңдар! Осымен көбелектің тапсырмасы аяқталды. Ол сендерге үлкен рахметін айтып жатыр.

ІІІ. Жазу үлгісімен жұмыс
— Балалар, бүгін біз аяғы оңға қарай иілген көлбеумен және басы оңға қарай иілген үлкен көлбеумен танысамыз.

1) Тақтада түсіндіру.

— Аяғы солға қарай иілген көлбеуді жазу үшін көмекші жолдың ортасынан сәл төмен қарай нүкте қойып бастаймын көмекші жолдың ортасына шейін қосымша сызық сызамын, қолды үзбей төмен қарай бағыттылған көлбеу сызық сызып, қолды үзбей оңға қарай иілген көмекші сызықты сызамын жұмыс жолының жоғарғы сызығынан сәл жоғары ақтаймын.

— Басы оңға қарай иілген үлкен көлбеуді жазу үшін жұмыс жолының жоғарғы сызығына нүкте қоямын солға қарай иілген үлкен көлбеуді сызамын, жұмыс жолының ортасында аяқтаймын.
2) Ауада жазу
3) Тақтада оқушылардың жазуы
4) Дәптерге жазу

— Дәптерімізге әдемілеп, қатесіз, асықпай жазайық. (оқушылар жазуын үнемі қарап, тексеріп отырамын, қатесін түзеймін)

ІV. Бекіту

«Кірпіге алма теру»ойыны (алма артында сұрақтарға жауап беру)

Сұрақтар:

1) Қарағанды сөзі неше буыннан тұрады? (4)
2) Балалар сөзінде р дыбысы қай жерде орналасқан, буынға бөл?
3) Мына сөз сызбасында неше буын бар? (ба-ла-лар)
4) Мына сөз сызбасында неше буын бар? (бәй-ше-шек)
5) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады? ( қар )
6) Шарлап келіп даланы ,
Үйіме үйін салады? (қарлығаш)

V. Қорытындылау
— Бағалау (сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атау)
— үйге тапсырма (дәптермен жұмыс)

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер27
  1. Сраждинова Мухадас

    өте жақсы,

  2. Сраждинова Мухадас

    өте жақсы,ауқымды

  3. Аяжан

    р дыбысын қазіргі балалардың көбі айтуға қиналады жақсы тақырып

  4. НАФИСА

    Жас Мұғалімдерге үлкен көмек? Құдай қаласа алдағы Сабағымда қолданатын боламын

  5. Майра

    осы сабақтың құрылымы маған ұнады. қазіргі 472 бұйрыққа салып жазса керемет болады. Қолданылған әдіс тәсілдер мен көрнекіліктері де жақсы.

  6. Гулнара

    Сабақ ұйымдастыруы өте жақсы құрылған .Маған ұнады

  7. Дина

    ия жас мамандарға керекті мағлұматтар… көрнекіліктермен салынса деген ой тастар едім

  8. Арай

    осы сабақтың құрылымы маған ұнады. қазіргі 472 бұйрыққа салып жазса керемет болады. Қолданылған әдіс тәсілдер мен көрнекіліктері де жақсы.

  9. Гүлнұр

    Көп-көп рахмеет!! Жүйелі құрылған жоспар!! Жас маманға үлкен көмек???? Сабағымда қолданатын боламын

  10. Мадина

    сабақ жоспары өте қызықты ұйымдастырылған, осы жоспар бойынша сабақ өткізсеңіз, сабақ тамаша өтеді

  11. Баян

    Сабақ жоспары өте жақсы құрылған. Мақсатына жете алған.

  12. Қаракөз

    Сабақ жоспарыңыз маған ұнады, балалрға да қнайтынына сенімдімін

  13. Рита

    Керемет маған сабақ жоспары ұнады ауқымды екен

  14. САМАЛ

    сабақ жоспары жақсы құрылған
    қазіргі кезде коптеген балаларды р ға тілі келмейді

  15. Гаухар

    Көп-көп рахмеет!! Жүйелі құрылған жоспар!! Жас маманға үлкен көмек???? Сабағымда қолданатын боламын

  16. Айнур

    Сауат ашу пәнінен қолданатын боламын. Қысқада нұсқа жазылған

  17. Акнур

    Осы жоспар мектепке арналса да мен балабакшага алып колдандым, ойын аркылы корыту жумбак шешкизу тасилдерин алдым, откен сабагым кызыкты болып марапаттауды естидим. Авторына рахмет

  18. Асия

    Сабақ жоспарыңыз жақсы құрылған. Кезеңдермен, жүйелі.

  19. Гаухар

    Мектеп шеберханасына саяхат. Р р дыбысы мен әрпі. сабағын алып қолдандым. маған ұнады. сауатты, әрі мәнді сабақтардың бірі. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін .

  20. Сауле

    Сабақ жоспары өте жақсы жазылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.

  21. гаухар

    Сәлеметсізбе. Сабақ жоспарыңыздың құрылымы жақсы құрылған. Өткізілген сабағыңыздың әр этапы дұрыс құрылып, сәтті шыққаны көрініп тұр. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай.

  22. Айжамал

    Сабақ жоспарыңыз маған ұнады, аларымыз копретімен жазылған.

  23. Айгерим

    керемет құрылған оқу — қызметі. Мұқият жанжақты құрылған. аларымыз коп

  24. Асел

    өте кең ауқымды 1-сынып 35 мин сидырыа аласызба

  25. Лаззат Копжасарова Сеиловна

    Сабақ құрылымы жақсы құрылған.Саяхат сабағы оқушылардың саяхаттаудың да мақсатты болатынын түсінуіне мүмкіндік берді деп ойлаймын.Ойын арқылы сабақты қорытындылап, баланың оқу құралына айналдырғаныңыз сәтті шыққан.Жұмбақтар шекізіп баланың ой-өрісін дамуына мүмкіндік жасадыңыз.

  26. Изетова Арай Мұратқызы

    Сабақ жоспарыңыз маған ұнады, өте ауқымды мағыналы екен

  27. Ақтілек

    Жақсы құрылған оқу — қызметі. Мұқият тиянақты құрылған. Рет — ретімен жазылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ