«Жаңа жылдық ғажайыптар» ертеңгілігі

2novemuzddddkbdҚатысушылар: Жүргізуші Ақшақарлар, Аяз Ата, Қарша қыз, Арғымақ, Қошақан, Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Сиқыршы.

1-Ақшақар

Жаңа жылды сағынып күткен6 құрметті қонақтар, балдырған балалар, аяулы аналар, қадірменді ұстаздар! «Жаңа жылдық ғажайыптар» ертеңгілігіне хош келдіңіздер!

2-Ақшақар

Міне кеше ғана желіп жеткен арғымақ жылымыз да желе шоқытып, өте шықты. Әрине, жай ғана өткен жоқ, көптеген жақсылықтар, игілікті істер атқарып, баршамызды қуанышқа бөледі. Еліміз аман, халқымыз тыныш, Елбасымыздың көрегендігінің арқасында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Біздің мектебімізде де өткен жылы көптеген игі істер атқарылды. Көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық(Жетістіктер аталып өтіледі). Сондықтан да, біз өткен жылға дән ризамыз.Ал енді, өз ризашылы-ғымызды айтып, шығарып салу үшін, ортаға Жылқы жылын шақырамыз.

Арғымақ (ортаға ұлттық киімдегі ер балалар тобымен, «Қара жорға» биінің әуенімен билеп шығады)

Армысыздар, білім қуған балалар!

Тек талапты білім нәрін тере алар.

Мақсат қойып, биіктерге ұмтылған,

Білім атты биік шыңға жете алар.

Армысыздар, қадірменді көрермен!

Мен сіздерді үлгі етіп жүремін.

Жылқы жылы еңбек етіп, тер төккен,

Баршаңызға ұзақ өмір тілеймін!(Барлығы Арғымақты ортаға алып, шыршаны айналып, «Шырша жырын айтады)

1-Ақшақар

* Рахмет, Арғымақ! Біз де саған үлкен алғыс айтамыз! Қане, балалар, барлығымыз Арғымақ жылын қошеметтеп, шығарып салайық!

Балалар: Хош бол, Арғымақ жылы!(Әсем саздың әуенімен Арғымақ жылы кетеді)

2-Ақшақар

* Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешіп бере аласыңдар ма?

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

— Ол не болды екен?

— Шешуі: қой.

— Дұрыс айтасыңдар.Ендеше Жаңа 2015 жыл, Қой жылын ортаға шақырайық.

(Қой жылы «Қошақан» әнінің әуенімен қазақтың ұлттық киімін киген биші қыздардың арасында билеп шығады)

Қошақан

-Сәлем бердім,қалың елім қазағым,

Құтты болсын әрбір басқан қадамың.

Жаңа жылды ақ ниетпен бастайық,

Нұрлы жолға бірге қадам басайық!

1-Ақшақар

* Рахмет, саған Қошақан! Тілегің қабыл болсын! Бізбен мереке қызығын бірге тойла!

2-Ақшақар

* Ал, қане, достар, барлығымыз шыршаны айналып, жаңа келген Қой жылына арнап, «Жаңа жыл» жырын шырқайық.

1-Ақшақар

* Балалар, біздің ертеңгілігімізге біреу жетіспей тұрған сияқты. Аяз ата мен Ақшақар қайда жүр екен? Келіңдер бәріміз бірге шақырайық.

Хормен:

Сақалы аппақ, күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны,

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге сыйлық берсе екен.

* Аяз ата, Ақшақар !

(Боранның гуілі естіледі. Өтірік Аяз ата болып киінген Мыстан кемпір мен Ақшақар болып киінген Жезтырнақ келеді).

Аяз ата (Мыстан кемпір):

Амансыңдар ма, балалар,

Қандай жаман түрлерің.

Қандай нашар әндерің,

Бүгін мереке болмайды,

Үйлеріңе қайтыңдар!

Қарша қыз(Жезтырнақ)

Атам дұрыс айтады,

Қане, қайтыңдар үйлеріңе(Балаларды қуады).

1-Ақшақар

Тұра тұрыңыздар, балалар ешқайда кетпейді. Сіздерге не болған? Аяз ата мен Ақшақар балаларды жақсы көруші еді ғой. Сіздер неге оларды қуасыздар? Мүмкін сіздер нағыз Аяз ата мен Қарша қыз емес шығарсыздар.

(Осы кезде әдемі әуен ойналады да, сиқыршы келеді)

Сиқыршы

-Мен айтайын, не болғанын. Бұлар шындығында нағыз Аяз ата мен Қарша қыз. Бірақ оларды Қара сиқыршы сиқырлап тастаған. Ал мен Ақ сиқыршымын. Мен сендерге көмектесемін.

2-Ақшақар

-Онда тезірек көмектесіңізші. Әйтпесе балалардың көңіл күйлері түсіп қалды.

Сиқыршы

-Аяз ата мен Қарша қызды қалпына кетіру үшін, балалар «Аяз ата» әнін нақышына келтіріп, айтып беру керек. Олар әнді дұрыс, әдемі шырқап берсе, Аяз ата мен Ақшақар қалпына келеді. Айта алмаса, олар осы қалпында қалады. Мереке болмайды(Мыстан мен Жезтырнақтың алдын арнайы дайындалған матамен(кермемен) жауып, сиқырлы сөздерді айтады).

1-Ақшақар

-Онда, балалар, неге тұрмыз? «Аяз Ата» әнін шырқайық. (Оқушылар шыршаны айналып, «Аяз ата» әнін шырқайды. Осы кезде олар тез кетіп қалады да, орнына шын Аяз ата мен Қарша қыз тұра қалады. Балалар ән шырқап болған кезде, Ақшақарлардың ортасында көңілді әуенмен би билеп, шын Аяз ата мен Ақшақар шығады).

Аяз Ата

Армысыңдар, балғын бөбек балалар,

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бар өмірін баласына арнаған,

Ақ ниетті, қадірлі ата-аналар!

Келді міне, берекелі қой жылы,

Өткен жылға өкпеміз жоқ ризамыз.

Жаңа жылдан жаңалықтар күтеміз,

Қой жылына үлкен үміт артамыз.

Қарша қыз

Сәлем бердім, достарым!

Құтты болсын, тойларың!

Орындалсын әрқашан,

Арман менен ойларың!

Мен тілеймін сіздерге,

Ақша қардай ақ көңіл.

Аман болсын еліміз,

Ашық болсын көгіміз!

2-Ақшақар

-Рахмет сіздерге, Аяз ата, Қарша қыз! Тілектеріңіз қабыл болсын!Алыс жолдан шаршап келген шығарсыздар. Енді балалардың өздеріңізге арнаған ән-жырларын тыңдап, көңілді билерін көріп, дем алыңыздар.

(Оқушылар өздерінің дайындаған Жаңа жылдық қойылымдары мен концерттік бағдарламасын көрсетеді. Аяз Ата мен Қарша қыз оларға сыйлықтары мен тәттілерін үлестіреді)

Аяз ата

-Айналайын, менің балдырған балаларым. Өнерлерің өрге жүзсін. Сендердің әндеріңді естіп, билеріңді тамашалап бір рахаттанып қалдық. Енді рұқсат болса біз қайтайық.

1-Ақшақар

-Балалар, Аяз ата мен Қарша қыздың әлі де баратын жерлері көп екен. Сондықтан біз оларды қошеметтеп шығарып салайық.

2-Ақшақар

Аяз ата, жаңа жылға арнаған ақ батаңызды беріп кетіңіз

Аяз ата

Қамбамыз қой жылында дәнге толсын,

Ырысы мен берекесі шексіз болсын!

Елбасы салып берген нұрлы жолмен,

Қазақстан әлемге мәлім болсын!

-Хош сау болыңыздар!!

Бәрі хормен:

-Сау болыңыз Аяз Ата, Қарша қыз!(Жаңа жылдық ертеңгілік көңілді биге ұласады)

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Ырысжан

    Жаңа жылды ёр бала асыға күтеді деп ойлаймын.Жаңа жылда ерекше дайықдықпен өткіземіз.Әр түрлі аңның киімін кигізіп.Өз басым аяз атаға сенбесемде жаңа жылды жақсы өткіземін

  2. Жанна

    Бағдат Даниярқызының бірнеше мақаласынын оқып шықтам. Тамаша. Өз жұмысын жақсы көретін ұстаз екені көрініп тұр.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ