Логопедиялық жаттығулар

Бұл жаттығу логопедтің әңгімесі формасында өткізіледі. Жаттығуда балаларға арналған сұрақтар мен балалардың жауаптары қатысады.

«Ертеде екі қонжық өмір сүріпті, — деп логопед әңгімесін бастайды. Олардың аттары: Мики және Кики деп аталыпты. Балалар, (қонжықтардың аттарында екпін қай дыбысқа түседі?) Мики қонжығының атында екпін қай буынға түсіп тұр
, бірінші буынға ма әлде екінші буынға ма? (Балалар жауап береді). Қонжықтардың анасы аюға балаларының атын атау өте оңай болды: Мииики! Кииики! Және қонжықтарға да өз аттары қатты ұнады: Мииики, Кииики. (Балалар бұл сөздерді қайталағанда, екпінге назар аударады).

Логопед, балалар, жаттығу, білім, дыбыс, дидактикалық ойындар    Бір күні қонжықтарға қонаққа екі көжек келеді, ал олардың аттары – Тики және Ники деп аталыпты (балалармен әңгімелескен кезде логопед бұл сөздердегі екпін екінші буынға түсетінін айқындайды).

Тики және Ники өздерінің аттарын қонжықтардың аттарына ұқсас болғанын қалайды. Қоян аналарын оларды қожықтардың атына ұқсастырып атауын сұрайды.

Аналары мұңаяды: өзінің көжектеріне қалай көмектесерін білмей отырады…

Кәне, балалар! Көмектесіңдерші! Не істеуге болатынын ойлаңдаршы.

Берілген жаттығудың көмегімен балалар сөздерді буынға бөлу дағдыларын бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар, сөз ішінде екпін жайында білімдерін кеңейтеді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер29
  1. Германова Домна

    Сіздікі сияқты мақалалардың болуы қандай керемет. Бұл мақала көптеген адамдар сияқты мен үшін де өте маңызды, өйткені ол балалардың сөйлеуін дамытады. Дикция мен сөйлеудің анықтығы қазір өте маңызды, өйткені олар айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Мақала үшін көп рахмет.

  2. Салтанат

    Жас логопед мамандарға нағыз керек дүние екен. Ойын арқылы, ертегі арқылы дыбыстарды дұрыс айтуды, екпінді дұрыс қолдануды үйретуге болады.

  3. Гүлнұр

    Жаксы бастама екен. 3 жастагы ер балага создерди калай анык айткыза аламын. Сол туралы жазсаныздар. Алдын ала рахмет.

  4. Ажар

    Логопед мамандар мен логопедиялық ахауы бар балалардың ата-аналарына керек материал екен. Ылайым көп болғай

  5. Эльвира

    Қазіргі кезед логопед маманға көп жүгінеміз.Себебі балалардың басым көпшілігі дыбыстарды дұрыс айта алмайды.Мына логопед маманының жұмысы барысында балалар тапсырмаларды орындай отырып,дыбыспен де жұмыс жасайды.Логопед маман жұмыс жасау барысыннда кімге көмек қажет екенін анықтап,әрі қарай жұмыс жасайтын болады

  6. Құралай

    Жақсы материал екен. Бала тілін дамытуға таптырмас дүние

  7. Рсалды

    Балаларда жиі кездесетін қиындықпен күресуге таптырмайтын әдістер екен, рахмет.

  8. Айгерім

    Баланы жан-жақты дамытуға өте қолайлы. осындай дүниелер көп болсын!

  9. Zhanek

    Жақсы материал екен. Барлығы түсінікті. Балалардың ойлау қабілетін, түсінігін қалыптастыратын тақырып болды.

  10. ЖАНАРГУЛЬ

    әсіресе бала бақшадағы балалармен жүргізуге болады екен .өте ауқымды материал

  11. Айнур

    Логопедиялық жаттығуларды тек педагогтар емес ата аналарда меңгергені дұрыс екен. себебі баланың бос уақыттырында өздері де айналыса береді.

  12. Меруерт

    Жақсы материал керемет

  13. Ардак

    таптырмас қазына тапқандай болып отырмын. рахмет сіздерге

  14. Майра

    логопедиялық жаттығуларды қолдануға тырысамын. Осындай қызықты етіп өткізуім керек

  15. Турганым

    ата -аналарға үйде қолдануға жаттығуларды қайдан алсақ болады?

  16. Ризагүл

    Балалардың ой-өрісін және де тілін дамытуға логопедиялык жаттығулар жасалганы өте дұрыс әрі қызықты.

  17. Рабигуль

    Баланың тілін дамытуға керек дүние өте жақсы .

  18. Бимария

    Балалардың тілін дамытуға ыңғайлы екен.

  19. Майра

    Қызықты материал үшін рахмет

  20. Меруерт

    карапайым әрі өте тиімді материал кунделікті қолданысқа оте тигізер асері мол

  21. Айгерім

    Балалардың тілін дамытуда қолдануға өте тиімді

  22. Әсем

    Өте жақсы материал, себебі балалардың тілін дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын!

  23. Женис

    Жақсы бастам енді логоритмика жаттығуларын салсаңыздар екен

  24. Гулжанат

    Жаксы бастама екен. 3 жастагы ер балага создерди калай анык айткыза аламын. Сол туралы жазсаныздар. Алдын ала рахмет.

  25. Айгерим

    Жақсы материал екен

  26. Айгерим

    Жақсы материал екен. Айгерим

  27. айнур

    маган әмина арайлым мәдина деген есім жақсы

  28. сайт әкімшілігімен қалай хабарласа аламын

    1. Erketai (автор)

      Кері байланыс беті арқылы жазыңыз сұрағыңызды

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ