Қимылды ойындар (балабақшаға арналған)

Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы

Өз үйіңді тап

Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде -ит, үшіншісінде-мысық, төртіншісінде-аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген
нұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді.

Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.

Жүгіріп қағып ал.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші « Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.

қимылды ойындар, қимылды ойындар балабақшада, қимылды ойындар балаларға

Кұстың қауырсыны кімге барады.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала жан — жаққа қаша жүгіреді, ойын жалғасады.

Жалауға қарай жүгір

Балалар тәрбиешіге қарама-карсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.

Шарды ұста

Тәрбиеші ортаға көп үрленген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді. Кім көп шар жинаса сол бала жеңімпаз атанады, 10-15 сек. Ойын жалғасады.

қимылды ойындар ойнау

Күн мен жаңбыр

Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.

Ұшақтар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.

Автобус 

Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу  кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.

Пікірлер41
  1. Жауқазын

    Балабакшада балаларга кыймыл козгалыс ойындар оте коп ол балаларга да пайдасы коп

  2. Алина

    Балаларға арналған пайдалы ойындар. Өз тәжірибемде қолданамын. Рахмет!

  3. Ажар

    Балалар қызығып ойнайды екен. Ойын арқылы балалардың ойлау өрісі де айтады. Көп рахмет

  4. Рсалды

    Ұстаздарға көмектеріңіз үшін мың алғыс

  5. Айнур

    Осы ойындарды үйірме сабақтарында қолдандым. Бастауыш сыныптың оқушыларына да өте қызықты болады екен

  6. Арай

    Өте жақсы жинақталған

  7. Ардак

    ойындар жақсы тәжрибемде қолданам.

  8. Шынар

    Қимыл-қозғалыс ойындары баланың денсаулығына жағымды әсер ете отырып баланы ерте жастан белсенділікке, ептілікке дағдыландырары сөзсіз.

  9. Ризагүл

    Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы өте жоғары деңгейде жазылып көрсетилген екен. Балабакшада жиі ойналатын ойындар балалар өте жаксы көрип ойнайды.

  10. Ризагүл

    Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы өте жоғары деңгейде жазылып корсетилген екен. Балабакшада жиі ойналатын ойындар балалар оте жаксы корип ойнайды.

  11. Рабигуль

    Қимылды ойындар топтамасы балабақшаға өте керек нәрсе.Өте жақсы

  12. Жанар

    керемет екен,балабақшаға нағыз керек екен

  13. Женис

    Қимыл-қозғалыс ойындар бала денсаулығына өте пайдалы.Осындай ойындар көп болсын

  14. Айсулу

    «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек.Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамиды,жүйкесы тынығады, ақыл-ой процесі өсіп жетіледі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады,қоршаған ортамен, адаммен олардың еңбегімен,қарым-қатынасымен танысады.Ойын балалар өмірінің нәрі болып табылады.

  15. ҚАЗЫНА

    тамаша сайт

  16. Гульден

    оте жаксы оиындар

  17. кулан

    керемет рахмет

  18. кулан

    Тамаша керемет маган унады

  19. Бакыт

    оте жаксы

  20. Бисембиева Асылай

    керемет рахмет

  21. Kizgaldak

    менин конилимнен шыкты,рахмет

  22. Ұлмекен

    керемет

  23. asylbek

    маган осы ойын унады коп рахмет

  24. Бибигуль

    Өте жақсы ойындар. Балабақшаға арналған. қалай жүктеуге болады?

  25. Жадыра

    Өте тамаша ойындар маган унады..)

  26. мольдир

    рахмет

  27. жасұлан

    ойын жақсы екен

  28. Гүлжайна

    балабакшада ойнатылатын ойындар бар екен ойындарды калай коширип аламын озиме срочно керек боп тур дал казир айтыныздаршы

    1. Erketai (автор)

      Сізде сайтқа мақала жіберіңіз.

      1. Жұпар

        Ойын өте тамаша. Өз тәжірибемде қолданамын. Сіздерге көп рахмет

  29. Айзада

    Ойын өте ұнады балаларға керек .Әсіресе балабақшаға керек.

  30. нуржан

    керемет

  31. Динара

    өте кереме, әсерлі маған ұнады. Рахмет!!!

  32. Құралай

    Бала тәрбиес ойынмен қабылданады, көмегіңізге көп рахметІ

  33. Элмира

    Ойындар ұнады

  34. кундыз

    калай жуктеуге болады

  35. Муха

    керемет

  36. Максат

    Балаларга нагыз керектi ойындар!

  37. Назерке

    маған ұнады

  38. Назерке

    қызыты ойындар екен

  39. Асель

    өте керемет ойындар екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ