Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ойындары

 

Бес сезімді дамытуға арналған ойындар


Иіскеу және дәм сезу сезімдерін дамыту   үшін төмендегі жаттығулар ұсынылады:

  1. Ас даярлап жатқан кезде баланың асүйде болуына рұқсат етіңіз. Ол түрлі иістермен танысуы тиіс.
  2. Мата қиындыларынан қапшықтар тігіп, ішіне түрлі шөптер мен жұпар иісті заттар салыңыз. Аузын байлап, балаға иіскетіп, ондағы заттардың атын атап отырыңыз.
  3. Сәбиді дәмі әртүрлі тағам беріп үйретіңіз.

Бес сезімді дамытуға арналған ойындар топтамасы

          Нәрестенің жанасу сезімін дамытуға және жетілдіруге төмендегі жаттығулар көмектеседі.

1.Сәби әртүрлі сезімдерді байқап көруі үшін оның бетін қауырсынмен, бір шөкім мақтамен сипалаңыз, қол замша немесе велюр матамен сипап көріңіз және т.б

2. Кішкене құрақ көрпе тігіңіз: оның маталары барқыт, вельвет, жібек, драп және т.б., яғни әр түрлі болсын. Көрпемен ойнай отырып, сәби материалдарды ажырата алатын болады.

3. Баланың ұстау рефлексін дамыту үшін оған ашық түсті қолғап кигізініз. Сол қалпында ойыншықтармен ойнап терісін көрсін.

4. Балаға ойыншық ұсыныңыз да қол созған кезінде ойыншықты өзіңізге қарай тартыңыз. Бұл жаттығу саусақ бұлшық еттерін және ұстау рефлексін дамытады.408441

 6-8 айлық балаларға  арналған ойындар

Аталған жастағы нәрестенің сенсорлық, яғни сезгіштік қабілетін және ойлау  қабілетін дамытуға төмендегі жаттығулар жәрдемдеседі:

  1. Үлкен ойыншықты көрпешемен немесе орамалмен жауып қойыңыз, ойыншықтың шеті көрініп тұратындай болсын. Сәби ойыншықты тауып алатын болсын.
  2. Әр түрлі ойыншықтармен әртүрлі әрекеттер жасаңыз; кубиктерді немесе пластик шариктерді бір-біріне соғыңыз, шариктерді жерге лақтырыңыз, кішкентай шарикті стол үстінде домалатыңыз, т.б Сәби сізді мұқият бақылауы, одан соң осы әрекеттерді қайталауға тырысуы тиіс.
  3. Бір парақ қағаздың бетіне  жануарлардың, әртүрлі зататрдың суреттерін жапсырыңыз. Парақтарды кітапша секілді түптеңіз,Сәби кітапты парақтап көрсін, оқысын.
  4. Cәбиді айна алдына тұрғызыңыз, одан соң қуыршақ алып, оның бейнесін сәбиге көрсетіңіз.
  5. Ойыншықты басып шиқылдатыңыз да жасырып қойыңыз. Нәресте оны тауып алып, ойнауға тырысуы қажет.
  6. Баланы шомылдырғанда ваннаға бірнеше ойыншық салыңыз. Сәби оларды қолына алады. Оған осы ойыншықтар туралы түрлі қызықты оқиғалар айтып беріңіз.
  7. Шамды өшірмес бұрын сәбиге шам өшті деп айтып отырыңыз. Әрбір әрекет жасаған сайын сәбиге оны ауызша түсіндіріп отырыңыз.
  8. Баланы киіндіргенде оның киген киімін, дене мүшелерін атап отырыңыз.
  9. Орындықты қабырғаға жақын қойып, оның астына доп лақтырыңыз. Доптың қабырғаға тиіп, қайта домлап шыққанын бала мұқият бақылауы тиіс.

8-12 айлық балаларға  арналған ойындар

 8 айдан асқан балалар белсенді және қозғалғыш келеді. Олар еңбектей алады, кейбірі тіпті жүруді  де үйрене бастайды. Бұлшық еттерді нығайту үшін төменде келтірілген жаттығулар кешенің қолдануға болады.

8-12 айлық балалардың ең сүйікті ойыны  жасырынбақ Сәби орыныдқтың артына тығылған ересек адамды әздейді, оны тауып алғанда шаттана күледі. Осыдан соң сәбидің өзі тығылатын болсын.

Түрлі заттардың  мөлшері туралы түсінік қалыптастыру үшін балаға екі түрлі жихаздың `(мысалы, шкаф пен орындықтың)  арасынан өтуді немесе еденге тасталған жастықтардың үстімен еңбектеп өтудің ұсыныңыз.

Нәресте аяғын нық баса бастаған соң аласа орындықтың үстіне қандай да бір затты немесе ойыншықты қойыңыз, сәбиге  оны алуды ұсыныңыз.Бұндай жаттығулар кеңістікте бейімделу дағдыларын қалыптастырады.

Үрленетін үлкен шар алып, оны кері ұшатындай етіп қабырғаға  лақтырыңыз.Сәбиге шарды ұстап алуды ұсыныңыз. Бұл қозғалысты үйлестіруді  үйретеді.

Сәбиді аяқтарын басқызып тұрғызыңыз, секіруге ұқсас қимыл жасатыңыз. Бұл жаттығу аяқ бұлшық еттерін нығайтады.

6 ай мен 1 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар

      Кейде жас аналар 6-8 айлық баланы ояу кезінде немен айналдыруға болатынын білмейді. Көбіміз осы жастағы  балаларға арнайы дайындалған ойындардың бар екендігіне хабарсызбыз.

  1. Бұл жаттығу балаға өз тынысын реттеуді үйретеді. Ол үшін екі ұрытыңызды толтырып, балаға қарап үрлеңіз. Нәрестенің де солай істеуін сұраңыз. Егер үрлей алмаса, үйретіңіз.
  2. Қолыңызға ойыншық алып, оны тігінен ұстаңыз да оны балаға ұсыңыз.Бұл кезде ойыншық тік қалпынан ауыспайтын болсын. Одан кейін ойыншықты көлденеңінен ұстап, тағы, да сәбиге ұсыныңыз.Жаттығу білезік бұлшық еттерін дамытып, заттарды ұстауды үйретеді.
  3. Полиэтилен не қағаз қалтаға ойыншық салып, орап қойыңыз. Балаға ойыншықты алуды ұсыныңыз. Жаттығу қол моторикасын дамытып, сәбиге заттың тұрақтылығы туралы түсінік береді.
  4. Баладан алыстау жерге қорап не шелек қойып, оған ойыншық не басқа бір затты лақтыруын сұраңыз. Ара-тұра қорап не шелектің орнын ауыстырып қойыңыз.
  5. Ойыншықтарды үлкен қорапқа салып, балаға оны босатуды ұсыныңыз. Одан кейін қайта салғызыңыз.
  6. Үстелдерден не қораптардан «туннель» жасап, балаға сол жерден еңбектеп не жорғалап өтуді ұсыныңыз. Бұл оның түйсігін дамытады.
  7. Шариктердің үстіне шыны ыдыс төңкеріп, оларды сәбиге алғызыңыз.Бала бұл тапсырманы мүлтіксіз орындай бастаған соң дәл осындай жаттығуды мөлдір емес ыдыспен жасаңыз. Сонда балада заттардың тәуелсіз өмір сүретіндігі туралы түсінік дамиды.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ұлттық ойындар
  • Топ болып ойнайтын ойындар
  • Балабақшаға арналған ойындар жинағы
  • Қимылды ойындар
  • Балабақшаға арналған көптеген ойындар топтамасы

Пікірлер 16 Пікір қосу

  • Нағима 03.11.2021 күні 16:02 уақытында

    Нәрестелік жаста баланың миын сенсорика әдісімен дамыту тамаша

    Жауап беру
  • Құралай 13.10.2021 күні 12:05 уақытында

    КЕРЕМЕТ. Маған қатты ұнады. Бала сезімін дамытуға таптырмас ойындар екен

    Жауап беру
  • Бота 20.08.2021 күні 14:23 уақытында

    Ойын біздің салаға өте қажет

    Жауап беру
  • Ардак 14.04.2021 күні 14:21 уақытында

    Кішкентай баламен бірге ойнайтын болдық. рахмет

    Жауап беру
  • Оралова Айшагүл Болатбекқызы 05.04.2021 күні 14:09 уақытында

    Кәшкентай сәбилермен ойынды әрбір ата ана білу керек. Ата аналар жиналысында бір тақырып қосуға болады. Материалдарыңыз қызық әрі қажетті.

    Жауап беру
  • Ақмарал 03.03.2021 күні 17:53 уақытында

    Бала бақша балаларына қолдануғ ыңғайлы ойындар екен. Қызықтыра отырып балалады дамытуға болады.

    Жауап беру
  • Ризагүл 03.02.2021 күні 15:29 уақытында

    Балабакшага арналган ойындар болса даксы болар еді мен тәрбиешимин. Ойындар топтамасы керемет екен қатты ұнады ????????

    Жауап беру
  • Меруерт 14.10.2020 күні 13:11 уақытында

    Балалар қызығып ойнайтын тамаша ойындар

    Жауап беру
  • сулейменова 18.02.2020 күні 12:41 уақытында

    Керемет ойындар екен, рақмет сіздерге

    Жауап беру
  • Ляззат 04.12.2019 күні 00:01 уақытында

    Жақсы ойындар екен, рахмет көп көп, балалар да сүйсіне ойнайды, мәз болып.

    Жауап беру
  • зарина камбарова 18.04.2018 күні 00:34 уақытында

    сәлеметсізбе. рахмет. енді мектеп жасына дейінгі балалардың түйсіктерін дамытуға арналған жаттығулар саласызба?

    Жауап беру
  • Гүлназ 22.07.2017 күні 10:38 уақытында

    рахмет сіздерге

    Жауап беру
  • райгул 02.12.2014 күні 18:26 уақытында

    жаксы

    Жауап беру
  • мадина 03.05.2014 күні 13:29 уақытында

    өте жақсы

    Жауап беру
  • Айнур 25.02.2014 күні 18:51 уақытында

    жаксы ойын

    Жауап беру
  • Айжан 06.11.2013 күні 17:05 уақытында

    керемет кажетті ойындар!рахмет!!!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.