Соқыр ішекті емдеу жолдары

Соқыр ішекті операция арқылы емдейтінін қазір бәрімізде білеміз. Қазіргі кезде соқыр ішек ауруын емдеуді, оған дер мезгілінде операция жасауды ауыл- село хирургтері де жүргізе алады.

Алайда осындай жетістіктеріміздің көрсеткішін бұдан да жақсартудың жолдары көп. Ол, әсіресе, балаларда кездесетін соқыр ішек ауруының диагнозын дер кезінде қойып, емдеу тәсілдерін жетілдіре түсу.

Асқынған соқыр ішектің қабынуын емдеу үшін оған операция жасалынады. Операцияның алдында тік ішекке тазалағыш клизма, содан соң жасына қарай атропин, промедол, димедрол дәрілерін егеді. Жарты сағаттан кейін операция жасалынады. Операция жалпы наркозды қолдану арқылы жасалынады.

Теріні оң жақтағы үлкен жамбастың тұсынан тіліп жарады. Алдымен тері, содан соң шандыр қабаты кесіледі. Ет қабаттарын пинцетпен еттердің орналасуына қарай екі жаққа ығыстыра бөледі. Содан соң көк етті арнайы қысқышпен ұстап, бақылай отырып қайшымен сөгеді. Осы кезде іш ашылып, ішектерді көруге мүмкіндік туады.

Соқыр ішекті басқа ішектерден ажырату аса қиын емес, ол сәл сұрғылттау, жіңішке ішекке қарағанда кеңдеу әр жері жиырылып қалталанып тұрады, үстінде және екі жанында лента тәрізді жолағы бар. Осы үш лептаның тоғысқан жерінен соқыр ішек өсігін (аппендицитін) табуға болады. Өсіктің шажырқайына арнайы қысқаш қыстырылады да ол шажырқайдан ажыратылып кесіледі.

Шажырқайдың тамырлары тігіліп байланып тасталынады. Құрт секілді өсіктің ішектен шығып тұрған жеріне алдымен қысқаш салынады да содан соң қысқаш алынып тасталып орнына арнайы жіп байланады. Соқыр ішектің өсігі шыққан жердің сыртқы қабаты арқылы дөңгелекшелеп жіп тігіп өткізіледі.

Өскін ішекті қысқашпен ұстап тұрып кесіп алып тастайды. Соқыр ішектің кесілген түбін 2% йодтың ерітіндісімен күйдіреді де содан соң оны арнайы пинцетпен жуан ішектің ішіне итеріп, өзінің қабаты арқылы салынған жібек жіпті тартып байлайды. Осы біз айтып отырған операция үш жастан асқан балаларға жасалынады.

Үш жасқа дейінгі балалардың ішек қабаттарының жұқалығы ескеріліп, соқыр ішектің кесілген орны ішек ішіне енгізілмейді, яғни арнайы жіппен ішекті тігудің еш қажеті жоқ. Операциядан кейінгі күндері балаларға қозғалған кезде өкпе терең дем алатын гимнастика жасаттыру керек.

Баланы операциядан соң екінші-үшінші күндері жүргізу қажет. Жоғарыдағы көрсетілген операция жасау жолдары соқыр ішектің қалыпты орналасқан түрінде қолданылады. Егерде соқыр ішек ішектің астына орналасса, онда оны алып тастау операциясы едәуір қиындайды.

Бұл кезде, алдымен соқыр ішек өсігін соқыр ішектен шығып тұрған жерінен екі жіппен байлап содан соң ортасынан скальпельмен кесіп бөледі. Өсік ішектің түбірін соқыр ішектің ішіне арнайы жіп арқылы енгізеді. Өсіктің қалдығын жіппенен ұстап тұрып, жайлап шажырқайдан ажыратады.

Өсікті алып тастағаннан соң, іштің ішін арнайы дәке тампондарымен қарап тексереді. Содан соң кесілген тканьдардың бәрін орнына келтіріп тігіп тастайды. Жараны спиртпен тазалап жуып, байлайды.

Бірінші күні балаға тек су, шай, кисель ішуге ғана рұқсат етіледі. Екінші күннен бастап бала тауық сорпасын, ботқа, кисель, шай, арасан суын ішеді. Үшінші күні тауық сорпасымен қоса оның пісірілген тартылған ет, түрлі ботқа жеуге болады. Төртінші, бесінші күндері балаға жасына қарай тамақ беріледі.

Операциядан кейін баланың денсаулығына айрықша көңіл бөлу керек. Егер баланың операциядан үш күн өткеннен кейін де үлкен дәреті жүрмесе онда арнайы клизма жасалады. Операция жасалған күні іштің жарасының үстіне суық салмақты зат қою керек. Ол жараның ісігін басады. Келесі күндері УВЧ қабылдайды.

Соқыр ішекке операция жасалған соң алғашқы екі күнде баланың ыстығы көтерілуі мүмкін (37,4—37,2°). Бұл организмнің операция жарақатына қайтарған жауабы деп білу қажет. Ал егерде баланың ыстығы жоғары болса және де көпке созылса, онда ол соқыр ішек ауруының асқынғанын көрсетеді. Ол балада басқадай қосымша аурудың белгісі де болуы мүмкін.

Соқыр ішек ауруының түрлері және белгілері туралы не білесіз?

Асқынған соқыр ішекті емдеудің қандай жолдары бар.

Соқыр ішекті белгілері ұқсас аурулардан ажырату жолдары.

Соқыр ішек және зәр жолдарының қабынуы ауруы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Акерке

    Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде деген сол себепті барлығына байқап жүруіміз керек. Рахмеет сіздерге

  2. лаура

    Керекті мәлімет екен. балалар ауырмасын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ