...

Диспепсия

Диспепсия — жас нәрестелер ас қорыту жүйелерінің бұзылуы осылай аталады. Ол жаз айларында жиі кездеседі. Бұл ауруға ұшыраған баланың іші өтеді, кейде құсып мазасы кетеді, ұйқысы бұзылады. Тынымсыз жылайды, іші кебеді, емшек ембей қояды. Ішінен қорытылмаған ас пен сары немесе көк жалқық өтеді.

Мұндай да балаға аз-аздап қайнаған су, глюкоза берген жөн. Әрбір екі сағат сайын 200—300 г сауылған емшек сүтін беруге де болады. Тамақтану режимін дер кезінде осылай дұрыстаса бала дәрі-дәрмексіз-ақ тез жазылып кетеді. Емшектегі баланың іші көбіне дұрыс тамақтандырмаудан немесе тамақтандыру режимін бұзғандықтан өтеді.

Дер кезінде тамақтандыру режимін дұрыстамаса, оның үстіне дәрігерлік көмек болмай қалса, ауырған баланың жағдайы қатты нашарлайды. Қызуы көтеріліп, реңі бозарады, жиі-жиі құса береді. Іші қабысып, тілінің үстінде ақ таңдақтар пайда болады. Жүрегінің қызметі мен қан тамырларының жұмысы нашарлайды. Мұндайда баланы дәрігерге тезірек көрсету керек.

Ішектің түйілуі

Ішектің түйілуі кезінде баланың іші қатты бүріп ауырады, басы шыңылдап, жүрегі айниды, лоқсиды. Жиі-жиі құсады. Денесінен мұздай тер шығып, ыстығы көтеріледі, тілі құрғап, ерні кезереді. Уақыт өткен сайын баланың іші кеуіп, жағдайы нашарлайды. Жүрегінің соғысы жиілеп, жаны күйзеледі.

Түйілген ішектің қызметі нашарлап, қан кетеді. Бірте-бірте түйілген жерге қанмен бірге келетін қоректік заттар жетпей, ішек жансыздана бастайды. Дәрігерлік көмек көрсетілмесе, іш қуысы қабынады. Әрине, бұған жол бермеу керек.

Соқырішек немесе аппеңдицит ауруының алғашқы белгілері.

Дизентерия (іштен қанды жалқық өту) ауруы сипаттамасы және себебі.

Құсу кезіндегі алғашқы көмек қандай болу керек?

Құлақтың қабынуы Отит ауруының негізгі белгісі.

   
Пікірлер8
  1. Германова Домна

    Балалардың ауырғаны қандай жаман және мұндай дертке шалдыққан адамдарды олармен күресу үшін оқытатын мақалалардың болғаны қандай жақсы. Мақалаларыңыздың арқасында адамдар өз денсаулығына зиян тигізбеуге, керісінше оны бақылауға тырысатынына өте қуаныштымын. Ауру туралы бұл ақпарат үшін көп рахмет, бұл өте пайдалы.

  2. Баян

    Білмейтін дүниелерді сіздің сайт арқылы біліп жатырмын өте керемет жазылған
    ????

  3. Баян

    Білмейтін дүниелерді сіздің сайт арқылы біліп жатырмын
    ????

  4. МАРЖАН

    Оте керемет жеткизген.казрги танда осы ауру коп кездеседи

  5. Ирода

    Сіздерге алғысымыз шексіз осындай пайдалы құнды ақпараттар үшін

  6. Назира

    Білмейтін дүниелерді сіздің сайт арқылы біліп жатырмын! Әсіресе балаға байланысты

  7. Диана

    Керемет дуниелер малімет ушін рахмеет

  8. Камшат

    Білмейтін дүниелерді сіздің сайт арқылы біліп жатырмын! Әсіресе балаға байланысты

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ