Балаларда жиі кездесетін лимфаденит ауруы

Лимфаденит (лимфа бездерінің қабынуы) әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Ол бездердің анатомиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Жас баланың бездерінің қуыс қалталары кең, сыртқы қабаты өте жұқа әрі жұмсақ келеді.

Сондықтан оның инфекцияға қарсы күрес күші әлсіз, тез қабынады. Үш жасқа дейінгі балалар лимфадениті көбінесе жақ сүйектің астындағы бездерден басталады. Ал шат бездері сирек қабынады. Бала тұмау, баспа, тіс ауруларымен ауырып, организмі әлсіреген кезде, лимфаденитке бірден шалдығады. Әлсіз организм микробты бірден қабылдап алады.

Баланың белгілі бір органының безінің айналасы ісініп қатая бастайды. Егер ұстап көрсеңіз оның ысып тұрғанын, ал басып көргенде баланың ауырсынатынын байқайсыз. Сырқаттың жалпы жағдайы бұзылып, дегбірсіздене бастайды. Ыстығы көтеріліп, ұйқысы бұзылып, тамаққа тәбеті болмай, тамыры жиі соғады.

Егер балаға уақтысында дұрыс ем қолданбаса немесе балаға ем кеш жасалса, лимфаденит үлкейе береді, терісі ептеп қызарып, ортасында ірің пайда болады. Науқастың жағдайы бірте-бірте нашарлай береді. Бездердің іріңдері көрші тканьдерге жайылады. Мұны аденофлегмона деп атайды. Лимфадениттің түрлері көп. Сондықтан оларды бір-бірінен ажырата білу қажет.

Бездер туберкулезі бірте-бірте асқынатын аурулар қатарына жатады. Мұндай жағдайда бір без емес, бездер тобы дертке шалдығады. Үлкейіп қолға жақсы білінеді, алайда жедел іріңді лимфаденит сияқты ісініп, қызарып, дененің ыстығы көтеріліп ауырмайды.

Лимфаденитті емдеу

Емдеу лимфадениттің сатысына қарай жүргізіледі. Егер лимфаденит жаңа басталып келе жатса, онда түрлі физио ем қолданылады, компрес, антибиотикпен блокада жасалады. Бездер іріңдейтін болса, оны тіліп, іріңін шығарады, дренаж қойып, түрлі антибиотик таңады. Іріңнің бөлінуі азая бастағанда түрлі май, физио ем қолдануға болады.

Карбункула (сом) шаш түбінің қабынуының ауруы.

Жас нәрестенің кіндігінің қабынуы (омфалит) себептері.

Жаңа туған нәрестенің емшек безінің қабынуы (мастит).

Жедел остеомелитті басқа аурулардан ажыратуға болады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ