Жедел остеомелитті басқа аурулардан ажырату

Остеомиелитке клиникасы ұқсас аурулардың түрлері көп-ақ. Бұларға ревматизм, сүйектің жарақаттанып зақымдануы, сүйек туберкулезі, ет пен тері арасының флегмонасы жатады.

Ревматизм ауруы кезінде буын ісініп ауырады, алайда бұл аурулар бір буында ғана білінбей басқа буындарда да білінеді. Бала ревматизммен ауырған кезде жүрек соғуы жиілеп нашарлайды, жүректің көлемі ұлғаяды. Қанның анализін тексергенде ревматизм белгісін білдіретін өзгерістер байқалады. Жүректің биотоктарын (ЭКГ) жазғанда онда ревматизм ауруына тән өзгерістер бары анықталады.

Бала ауруханаға келгенде «мен бір нәрседен құлап қалдым немесе ойнап жүргенде аяқ-қолымды ұрып алдым, содан соң жүре алмай отырмын» десе, онда сүйектердің зақымдануын тексеру қажет. Ол үшін сүйекті арнайы рентген пленкасына түсіреді. Егерде осындай тексерудің нәтижесінде сүйекте өзгерістер болса, онда ол жарақаттың белгісі болып табылады.

Сүйек туберкулезі — сирек кездесетін ауру. Оның негізгі белгілері: бала көп ауырады, денесінің ыстығы ептеп көтеріліп, тамаққа тәбеті аса болмайды аза бастайды, шаршап көп ұйықтап жатқысы келеді. Аяқ-қолының ауруы жанына қатты батпайды, ептеп ақсайды. Туберкулез ауруы пайда болғанда сүйектің тұсындағы бұлшық еттері азайып, терісі қалыңдап тұрады. Бұны Александровтың белгісі деп атайды.

Рентгенге түсірілген сүйектің суретінен остеомиелит ауруына ұқсамайтын өзгерістер көруге болады. Оларда сүйекті бойлай орналасқан көлеңке болмайды. Мұнымен бірге сүйектің буынға жақын жеріндегі суреті анық көрінбейді. Сүйектің бұл бөлігінде еріп кеткендей белгі пайда болады. Бұл сүйек туберкулезіне тән белгі.

Ет пен терінің арасына іріңнің жиналуынан баланың ыстығы көтеріледі, терісі қызарып, сол ауырған жердің де ыстығы ұлғаяды. Остеомиелиттен бір өзгешелігі — ол бүлінген органды пайдалана алады. Мысалға, аяғын басып жүре алады, қолымен әр нәрсені ұстап көтеруге шамасы келеді. Ал осындай флегмонаны жарса одан сарғылт түсті қоймалжың ірің шығады. Остеомиелиттен пайда болған флегмонаны жарған кезде, одан қан араласқан сұйық іріңнің ішінде сүйек майлары қалқып жүреді.

Остеомиелиттің созылмалы остеомиелитке жедел ауысатын түрлері

Неге балалар остеомиелит ауруына жиі ұшырайды ?

Сүйектің бүлініп қабынған бөлігін емдеу жолдары.

Остеомиелит (сүйек тасуы) ауруының пайда болу себептері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ