Өсімдіктерден немесе жемістен улану

Улы өсімдіктердің гүлінен, жемісінен, жапырағынан уланып қалушылық та балалар арасында кездесіп тұрады. Себебі, балалар далада, тоғайда ойнап жүріп, гүлді, әр түрлі жемістерді қызығып, ауыздарына салады. Кейде иіскеп қызықтайды. Балалар осылай уланады. Өсімдіктерден уланудың белгілері әр түрлі.

Меңдуанадан, ит жидектен уланған кезде 15—20 минуттан соң баланың еріндері кезеріп, аузы құрғайды, жұтынуы нашарлайды, тынышсызданып, көзіне әр нәрсе елестеп, сандырақтайды. Бірте-бірте айналаны көру қабілеті нашарлайды. Егер ауыр түрде уланса, еттері тырысып, көзі аларады, есінен танып қалады. Тыныс алуы мен жүрек соғысы бұзылады.

Дәрігерлік кезекшілік кезінде халі нашар балаға жәрдем көрсетіліп жатты. Қабылдау бөлмесіндегі медсестра қыз жүгіріп келіп: нерв жүйесі ауырған бір баланы әке-шешесі алып келді,— деп хабарлады. 10 жас шамасындағы бала қолымен әр нәрсені бір көрсете күліп, столға секіріп шығады, әр нәрсені айтқысы келеді. Біресе стол астына тығылып, біресе жын ұрғандай жүгіре жөнеледі. Жедел түрде балаға жәрдем көрсетілді. Шын мәнінде баланың ауырған нерв жүйесі емес екен, ол меңдуанамен уланған болып шықты.

Дәрігерлік көмек көрсетілгенше баланың улы өсімдікпен уланғанын сезсеңіз, тез арада оның асқазанын тазалауыңыз керек. Ол үшін сульфатты магнезий, изофенин, тағы басқа да іш өткізетін дәрілер беру қажет. Сонымен қатар активтелген көмір таблеткасын ерітіп ішкізген де дұрыс. Бұл дәрі уды өзіне сіңіріп, үлкен дәретпен сыртқа шығып кетеді.

Көктем айларында қозықұйрыққа ұқсас саңырауқұлақтар шығады. Оларды ажырата білмей; ретсіз пайдаланып, уланатындар аз емес. Саңырауқұлақтардың уы балалардың жағдайын бірден күрт нашарлатып, көп жағдайда өлімге ұшыратады.

Саңырауқұлақпен уланған кезде көп уақыт өтпей-ақ бала жиі-жиі құса береді. Іші ауырып, қан аралас жалқық өтеді. Уақыт өткен сайын баланың халі нашарлап, қатты әлсірей береді. Денесі боп-боз болып, реңі қашады. Еттері тырысып, көзі аларады, есінен танады. Мұндай жағдайда баланы тез арада емханаға жеткізу керек. Егер жағдайы дұрыстау болса, асқазанын жуып, іш өткізетін дәрі беріп, төсекке жатқызып, сұйықты мол ішкізген жөн.

Жасөспірімдердің организмі әлсіз келеді. Олар ішімдік ішпей-ақ оның иісіне де уланып, елтіп қалулары мүмкін. Сондықтан жас балалар жататын бөлмеде олардың көздерінше арақ-шарап ішуге мүлдем болмайды.

Бала дәріден немесе газдан уланса қандай көмек көрсету керек.

Ботулизм дегеніміз не және оның негізгі ауру қоздырғышы.

Улы жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін көмек.

Уланудың себептері және улану кезінде көрсетілетін жәрдем.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Эльвира

    Өте керемет мақала керекті мәліметтерді алдым

  2. МАРЖАН

    Жумыстарыныз алга баса берсин

  3. Назира

    Өсімдіктер әлемі тұр тұр оны білген қандай керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ