Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ауруы

 

Өкпе деструкциясын басқа аурудан ажырату


Өкпе деструкциясы күрт басталатынын, көбіне сау балаларда болатын ауру деп біз жоғарыда айтқанбыз. Солай бола тұрса да оның клиникалық белгілері кейбір ауруларға ұқсас. Сондықтан да өкпе деструкциясын басқа аурулардан ажырата білу қажет.

Кейде өкпе деструкциясына қолданылатын тексеру әдісі (кеуде қуысын инемен тесу) басқа ауру үшін қауіпті болатыны сөзсіз. Өкпе деструкциясына ұқсайтын аурулардың бірі — іріңдеген немесе ауа кернеген өкпе кистасы.

Киста дегеніміз туа біткен қуыстар, оның ішкі қабаты өкпенің бронхылары (ауа жолы) арқылы келген эпителий клеткаларымен көмкерілген. Міне, осы кисталарға келіп түскен микробтар оның ішіндегі секреттерді іріңге айналдырады да, ауруды қоздырады.

Бұл аурудың клиникасы өкпе абсцесстеріне ұқсас келеді. Екінші жиі кездесетін ауру — кеуде қуысы мен іштегі көк еттің (диафрагманың) бүлінуі. Оны диафрагма жарығы (грыжасы) деп атайды.

Диафрагмадағы жарық іштен туа бітеді. Сондықтан да баланың ауруы бірінші күннен бастап білінеді. Бұл кезде балаға ауа жетіспейді, құсуы жилейді, жүректің соғуы да күшейеді, баланың ыстығы аса көп көтерілмейді. Диагноз қою үшін кеудені тыңдап, саусақпен соғып тексеру керек. Өйткені тыңдаған кезде кеудеде түрлі сырылдаған дыбыс естіледі.

Ал саусақпен соғып көргенде сырылдың басылғандай болғанын байқауға болады. Диагноздың дұрыс қойылуына рентгеннің көмегі тиеді. Алдымен кеуде тұсын рентгенге түсірсек жетіп жатыр. Жалпы пленкадан диафрагманың контурының жоқтығын, жүректің ауырмаған жаққа ығысып, өкпе тұсында түрлі кеңістік дөңгелекшенің пайда болғанын көреміз.

Алайда рентгенге бір түсіргеннен дәрігер диагнозды дәл қоя алмауы мүмкін, сондықтан да баланы бір күннің ішінде екі рет рентгенге түсіріп суреттерін салыстырған жөн. Мұндай жағдайда мынандай ерекше белгілерге көңіл бөлу қажет.

Біріншіден, өкпе деструкциясында бір күндегі екі суретте айтарлықтай өзгеріс болмайды, ал диафрагма жарығында ондай өзгерістер болады. Бұның себебі кеуде қуысындағы ішектердің қимылымен газдардың қозғалысы болса керек.

Екіншіден өкпе деструкциясында диафрагманың контуры үнемі сақталады, ал диафрагма жарығында оның контуры анық көрінбейді.

Егерде рентген пленкасы екі ауруды дәл ажыратуға мүмкіндік бермесе, онда арнайы сәуле ұстағыш (контраст) заттармен зерттеген дұрыс. Ол үшін 25—50 мл барийдің сұйық ерітіндісін осынша көлемде сүтке араластырып балаға ішкізеді, іше алмаса арнайы түтікшені асқазанға өткізіп сол арқылы жіберіледі.

Сәлден соң алғашқы суретті түсіреді, содан кейін 1—2—3 сағат аралығында 2—3 суретті түсірген жөн. Осы тексерумен қатар, түтікшені пайдаланып жуан ішек арқылы барийдің осыншама ерітіндісін суға араластырып жіберуге де болады. Осылай жасалған тексерудің түрін ирригография деп атайды. Бұл екі әдіс кеуде қуысында жатқан ішектерді анықтауға көмектеседі.

Өкпенің іштен туа біткен ауруларына (өкпе эмфиземасы) өкпенің кебінуі жатады. Бұл аурудың негізгі себебі өкпеге ауаның өтер жолдарында, яғни бронхыларында жарамсыз ақаулардын болуы. Ол ақаулар бронхы шеміршектерінің немесе еттерінің дұрыс орналаспауына байланысты болуы мүмкін.

Дем алғанда ауа осындай кемістігі бар бронхылар арқылы өкпе қабаттарына еркін өтеді, ал кері шыққанда қақпақша тәрізді ауа жолын жауып қалады. Сондықтан өкпенің ауруға шалдыққан бөлігі үлкейіп созыла бсреді, яғни эмфизема процесі барған сайын үдеп, өкпенің басқа да сау бөліктеріне таралады.

Кеуде қуысының ауырған бөлігінде қысым көбейіп, жүрек сау өкпе жаққа қарай ығысады. Мұның өзі тынысты тарылтып жүрек жұмысын нашарлатады.

Енді бұл аурулардың ұқсастығы неде және олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар соған тоқталайық.

Бұл аурулардың ұқсас жақтары — тыныс алу жиілейді, жүрек жұмысы күрт әлсіреп жиі соғады. Айырма шылығы — өкпе деструкциясында дененің ыстығы жалпы организімнің улануымен қатар жүреді, ал өкпе эмфиземасында дене қызуы өте сирек көтеріледі және организмдегі улану процесі де төмен болады.

Рентген пленкасынан кебінген өкпені пневмоторакстан, қатты ауа толған кистадан ажырату қиын. Алайда өкпенің кебінуінде өкпе қаншама ауаға толса да, оның құрылымы сақталады, ал пневмоторакс пен кистада өкпенің құрылымы болмайды.

Арнаулы томография (қабаттан түсіру) әдісі де ауа толып тырсиып тұрған өкпені көрсетеді. Кейде өкпе тамырларының суреттерін сәуле ұстағыш заттармен түсіріп те диагноз қоюға тура келеді (пневмоангиография).

Өкпе деструкциясын хирургиялық жолмен емдеу тәсілі.

Өкпе деструкциясының түрлері және оны анықтау.

Өкпе деструкциясы дегеніміз не және ол қандай ауру ?

Соқыр ішекті белгілері ұқсас аурулардан ажырату жолдары.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Соқыр ішекті емдеу жолдары
  • Қансыраған жағдайда берілетін көмек
  • Кеңірдек тармағындағы сілекей қабығының қабынуы
  • Өкпе деструкциясын анықтау мен оның түрлері
  • Өкпе деструкциясын емдеу

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.