Қансыраған жағдайда берілетін көмек

Аз ғана кеткен қанның өзі баланың күйін ауырлатып, өміріне қауіп төндіреді. Егер бала қанының төрттен бір бөлігі кетсе, онда қансырап өліп кетуі де ықтимал. Қан тамыры 3 түрге бөлінеді. Олар: артериялар, веналар, капиллярлар. Бұл қан тамырларының ішінде артерия қан тамырының жарақаттануы өмірге зор қауіп төндіреді.

Себебі бұл тамырда қан жоғары қысыммен ағады, сондықтан да елеусіз жарақаттың өзінде баладан көп қан кетіп, ол қансырап қалуы мүмкін. Артерия қан тамырынан ағатын қанның түсі ашық ал қызыл түсті болады, үлкен қысыммен ағатын болғандықтан тамыр жарақаттанған кезде қан шапшып, атқылап ағады. Ал венада ағатын қанның түсі қоңыр қызыл. Бұл тамыр зақымданған кезде онан қан жай сорғалап ағады.

Балалар қолдарын немесе аяқтарын оқыста балта, орақ, пышақ сияқты өткір немесе үшкір заттарға байқамай жиі кестіріп алады. Осындай кездерде берілетін көмекті де білу қажет. Ол үшін ең алдымен тез қимылдай отырып қолда бар затты ширатып, бұрау жасау керек. Бұл мақсатқа резеңке түтікшені, белбеуді, орамалды, галстукты, тал шыбықты, тағы да басқа заттарды пайдалануға болады.

Қан ағып жатқан жердің үстіңгі, жоғарғы жағына жұмсақ зат: сүлгі, бет орамал, дәке және тағы басқа заттар қойып, бұраумен қатты тартып байлайды, сонан соң одан төменіректен қан тамырының соғысын байқау керек, қан тамырының соғысы білінбесе, онда бұраудың жақсы салынғаны. Бірақ өте қатты салынған бұрау нерв жүйесін де зақымдайтынын есте ұстау қажет.

Егер батылырақ қимылдай алмай, қорқақтап, бұрауды бостау байласаңыз, қан уақытша тоқтайды да артынан қайта ағып, тоқтата алмауыңыз мүмкін. Бұрауды балаға бір сағаттан артық салуға болмайды. Себебі байлаған жердің төменгі жағындағы еттерге, нервтерге баратын қоректік заттар жетіспей, олар жансызданып қалуы ықтимал.

Бала өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда қолдан келетін көмектің бәрін жасау — әрбір саналы адамның азаматтық борышы. Сондықтан көмек көрсетудің кейбір ерекшеліктерін де білгеннің артықтығы жоқ. Бұрауды бір жастан асқан балаларға ғана қолдануға болатынын есте сақтау керек. Ал 3 жасқа дейінгі баланың денесі өте жұмсақ, нәзік келеді. Сондықтан бұрау салмай-ақ оны қаттырақ таңып байласа жетіп жатыр.

Мойынның, бастың қан тамырлары жарақаттанған кезде бұрау сала алмайсыз. Сондықтан жарақаттың төменгі жағынан қан тамырының үстін саусақпен жайлап басып, қан ағуын уақытша тоқтатуға болады. Әсіресе, мойын қан тамырлары жарақаттанған кезде қан көп кетіп қалады.

Мұндайда бір жағындағы күре тамырды жарақаттың төменгі жағынан, кеңірдектің жанынан мойын омыртқасына қарай қатты басып, баланы жедел түрде емханаға жеткізу керек.Мұрыннан қан кету балаларда көп кездеседі. Бала мұрнын байқаусызда құлап немесе ұрып қанатып алады.

Ал кейде әр түрлі ауруларға байланысты, апталық, дененің ыстығы көтерілгенде, шаршағанда, ал ересек балалардың қан қысымының көтерілуіне байланысты мұрындарынан қан кетеді.

Ондай жағдайда баланы отырғызып, мұрнын абайлап сүртеді, мақтаны сутегі асқын тотығының ертіндісіне малып, мұрынның тесігіне қояды. Сонан соң мұрынның үстіне суық суға батырылған шүберек немесе дәке қойған дұрыс. Сонда 15—20 минуттан соң мұрыннан кеткен қан тыйыла бастайды.

Кейбір ата-аналар баласының мұрыны қанаса, дереу шалқасынан жатқызады немесе басын шалқайтады. Бұл тәсіл дұрыс емес. Бала басын шалқайтқанда қан көмекей мен кеңірдегіне ағып, бала тұншығып қалуы немесе қақалып-шашалып қалуы ықтимал.

Өкпеден қан кету

Өкпеден қан кету — соққының салдарынан алынған зақымданулардан болады. Өкпесі ауыратын балалар сирек болса да кездесіп қалады. Мұндай бала жөтелген кезде қан түкіреді немесе қан араласқан қақырық тастайды. Дерт өте ауыр болса, көпіршік араласқан ашық түсті қан түкіруі мүмкін.

Өкпе соққыдан зақымданған жағдайда қан мұрыннан да, ауыздан да кетеді. Бұл кезде қақырық араласпайды және бала жөтелмей-ақ қан сорғалап аға  береді, реңі бозарып, басы айналады, дәрмені ке.тіп, жүрегінің соғысы нашарлайды. Дәрігер келгенге дейін баланы жайлап шалқайтыңқырап отырғызып, өкпе тұсына суық суға малынған дәке, орамал, немесе сүлгі басу керек.

Баланың жағдайы орташа болса, 1 стакан мұздай суға жарты шай қасық ас тұзын салып, әр жарты сағат сайын жарты қасықтан ішкізіп отыру керек, немесе 10 процентті хлорлы кальций ертіндісін жарты шай қасықтан әр жарты сағат сайын беріп, баланың көңілінің бұзылмауына күш салу қажет. Ал ол қорқып жыласа, қаттырақ сөйлейтін болса, онда қан көбірек кетіп қалады. Науқас балаға ыстық тамақ та, шай да беруге болмайды.

Асқазаннан қан кету

Асқазаннан қан кету балаларда сирек кездеседі. Өйткені оларда асқазанның жарасы, бауырдың циррозы өте сирек ұшырасады. Балаларда қан асқазанның зақымдануы салдарынан кетеді. Асқазан қалай жарақаттанады? Ілмек, шеге, кнопка, ине, тағы да басқа үшкір заттарды жұтып қою салдарынан жарақаттанады. Мұндай жағдайда қан бала лоқсығанда, құсқанда қара күрең түсті болып ұйып, кейде құсықпен араласып түседі.

Асқазаны зақымданған баланың реңі сұрланып, басы айналады, әлсізденеді. 3—4 сағат ішінде үлкен дәреті қара түстенеді. Сырқатқа мұндайда жедел дәрігерлік көмек қажет. Дәрігерге алып барғанға дейін баланы жайлап, жастығын биіктеу етіп жатқызу керек те, асқазанының тұсына суық нәрсе басқан жөн. Үнемі науқастың жанында болу керек. Өйткені науқас бала жиі-жиі лоқсып құсқысы келуі мүмкін. Мұндайда аурудың басын бір жағына қарай қисайтып, тамағының астына ыдыс ұстап отыру қажет.

Асқазаннан қан кеткен кезде тамақ та, сусын да беруге болмайды. Ересек балалардың аузын салқын сумен шаюға болады. Науқас балаға сөйлеуге, жүріп-тұруға, жылауға болмайды. Себебі қозғалған сайын қан жиілеп кетуі ықтимал.

Ішектен қан кеткен кезде

Ішектен қан кеткен кезде үлкен дәретке қан араласады. Егер аш ішек пен тоқ ішектің жоғарғы бөлігінің ішкі шырышты қабығы жарақаттанса, онда үлкен дәреті қара күрең болып өтеді. Егер тоқ ішектің төменгі жағы зақымданса, онда ашық түсті қан өтеді.

Ішектен қан кетуін емханада дәрігер анықтап, медициналық көмек көрсетеді. Оған дейін баланы тегіс төсекке жатқызып, ішек тұсына суық зат басу керек. Жедел түрде дәрігерге көрсеткенге дейін тамақ та, сусын да беруге болмайды.

Суға батқан немесе найзағай соққанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Көзге әк, көмір, топырақ, құм түссе қандай көмек көрсету керек.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Күн өту кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ