Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

 «Әлеуметтік орта» білім беру саласы    Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.                                                     Тақырыбы: «Печенье» (В. Осееваның әңгімесі бойынша)

Мақсаты:

Білімділік: әдеби шығарма кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау, басқалар жөнінде ойлаудың қаншалықты маңыздылығы жөнінде пайымдау және айту білігін дамыту.                                                                   Дамытушылық: сөздік қорын молайтып, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: үлкендердің еңбектерін құрметтеу, көмектесу дағдыларын қалыптастырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кұралдар : демонстрациялық: нан суреттері, печенье суреттері; үлестірмелі:                                                                              ойыншықтар, печеньелер

Алдын –ала жұмыс: дидактикалық ойын «Байланыстыр»

Қостілділік копонент: нан – хлеб, нан бірінші байлық – хлеб первое богатство, наубайхана – пекарня, батон – батон, бауырсақ – бауырсақ, печенье — печенье

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиешінің  іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

 

 «Мейірімді сөздер» Арина сен әдемісің, Санжар сен сүйкімдісің, Айнұр сен ақылдысың Балалар бір – бірінің ќолдарынан ұстап мейірімді сөздер айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.                          Дастарханға нанның ќалай келетіндігі туралы суретін көрсетіп, нан  туралы әңгімелеу.                            2. «Печенье» В. Осееваның әңгімесін оқып беру, талдау.           3. Сұрақ – жауап:                               — Анасы мен әжесі балаларға не пісірді?                                                  — Балалар оны қалай жеді?                 — Анасы мен әжесіне қалдырды ма?                                                           — Әжесі не жеп отырды?                                                                                               4. Тыйым сөздер                            Нанды бір қолыңмен үзбе, нанды баспа, нанды аттама, нанмен ойнама, және т.б.                                 5. Д/ойын: «Ұннан  жасалған ќандай нан тағамдарын білесің?».

Мақсаты: Ұннан жасалған нан тағамдарының атын ќазаќша айта білуге үйрету. (тоќаш, батон, самса, бауырсақ, печенье, және т.б.).                                                         6. Сергіту: «Нан қиқымын шашпаңдар»                                       Нан қиқымын шашпаңдар                          Жерде жатса баспаңдар                 Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар                                              7. Қорытынды.

Балалар тыңдайды.

Балалар нан туралы өз ойларын ортаға салады.

Балалар тәрбиешінің оқыған әңгімесін ұйып тыңдайды.                     Жауап:                                Печенье                                Тең бөліп жеді

Жоқ

Нанның қыртысын.

 

Тыйым сөздер айтады.

Ойынға белсене араласады.

 

 

 

Сергіту жаттығуларын жасайды.

Өле жегенше, бөле же мағынасын түсіндіру арқылы қортындылайды.

Рефлексивті түзетушілік -Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

Нан қайдан келеді?

Сұрақтарға толық жауап береді, өз іс — әрекеттерін талдайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

  • нанның қайдан келетіндігін және түрлерін.

Қандай түсініктерді игерді:

  • ұннан жасалатын тағам түрлерін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • тәрбиешіні тыңдауды, қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.

stanova

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

«Әлеуметтік орта » білім беру саласы

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру

Таќырыбы: «Әйгерімнің киіз үйінде қонақта»

Мақсаты:

Білімділік: балаларға әртүрлі мәдениеті бар, алуан түрлі тілде сөйлейтін  Қазақстанда тұратын халықтардың бір – біріне қызықты екенін көрсету.

Дамытушылық: сөздік қорын молайтып, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: үйлер сөздерін қазақша айтуға дағдыландырып, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Құралдар: демонстрациялық: киіз үй суреттері;үлестірмелі: ойыншықтар, үйлер; қиылған суреттер.

Алдын-ала жұмыс:  дидактикалық ойын «Топтсатыр»

Қостілділік компонент: үй —  дом, пәтер – квартира, көпқабатты – многоэтажный, киіз үй — юрта.

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері

Мейірімді жүрекпен

Бөлісемін бақытты

Ақ ниетпен шьш тілеп

Ізгі істер жасаймын!

Тәрбиешімен

бірге төмендегі өлең жолдарьш қайталайды

Ұйымдастыру-іздестіру 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2. Әңгіме оқу:                             Үйдің бірнеше түрлері болады. Мысалы: жер үй, зәулім үй, пәтер, киіз үй және т.б. киіз үй уық, шаңырақ, жан жағы киізбен қапталған болады. Ал біздің президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанда 130дан астам ұлт өкілдері бар. Ол кісі осы 130дан астам ұлт өкілдерін тату – тәтті өмір сүргіздіріп жатыр.

3. Сұрақ – жауап                              Малшылар тұратын үй қалай аталады?                                                              Киіз үй неден жасалады?                           Киіз үй ішінен нелерді көріп тұрсыңдар?

4. Сергіту. «Киіз үй»                          Жайлауда бар киіз үй                           Іші толған көрпелер                         Әжем, атам тұрады                                Киіз үйдің ішінде                               5. Ойын: «Үй туралы кім көп сөз айтады?».                               Мақсаты: балаларға үй түрлері туралы көп сөз айтуға, сөйлем құратуға  достыққа тәрбиелеу. Мысалы: киіз үй – шаңырақ, уықтан тұрады. Оның жан – жағы киізбен қапталған.  т.б.

Балалар тыңдайды.

Балалар тәрбиешінің айтқан қызықты әңгімесін ұйып тыңдайды.

 

 

 

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Киіз үй

Шаңырақ, уық

Сандық, көрпелер, домбыра, қымыз, тостаған, күбі

Сергіту жаттығуларын жасайды.

 

Ойынға белсене қатысады.

Үй туралы көп сөз айтуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге дағдыландыру.

Рефлексивті түзетушілік -Бүгінгі сабақ ұнады ма?                    -Несімен ұнады?                                        — Қандай үй түрлерін білесіңдер? Сұрақтар ға толық жауап беру.            Мадақтау арқылы көңілдерін көтеру.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

  • Үйлерді ажырата, үй түрлерін, атауларын.

Қандай түсініктерді игерді:

  • Сөздердің мағынасын түсінуді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • Өз үйлерінің мекен – жайын.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

 «Әлеуметтік орта» білім беру саласы                                                                              

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.                                                              

Тақырыбы: «Мейірімді болу деген не».

Мақсаты:

Білімділік: достық, өзара көмек, мейірімділік туралы қарапайым түсініктерді дамыту. Балаларды адамдарға, жан – жануарларға деген мейірімділік көрсету туралы талқылауға, олар жөнінде әңгімелеуге үйрету.

Дамытушылық: балалардың шешендік қабілетін дамыту, таза, анық сөйлей білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: балаларды мейірімді болуға, жақсы қылықтар жасауға тәрбиелеу.

Құралдар: демонстрациялық: жақсы қылықтар жасаған баланың суреті үлестірмелі: жұмыс дәптері, қалам.

Алдын-ала жұмыс: дидактикалық ойын «Жалғастыр»

Қостілділік компонент: жақсы – хорошо, мейірімді – добрый, ақкөңіл — веселый.

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауада салайық

Жүрек жылуын алайық

Осы жақсы лебіздерді

Балаларға сыйлайық

Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен тұрып өлең жолдарын қайталап айтады.
ұйымдастыру-іздестіру 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.                                                   2. Мейірімді, жақсы болу үшін не істеу керек? Әңгіме.                 Адамдар жақсы да жаман ниетті адамдар да болады. Жаман ниетті адамдардан сақтануымыз керек. Мысалы: Мейірімді, жақсы бала деген  — анасының қамқоршысы, достарына көмектесетін, тәрбиешіні тыңдайтын, бұзықтық жасамайтын, өтірік айтпайтын, мақтанбайтын бала, автобуста немесе басқа жерлерде әжелерге орын беру, адамдарға қамқор болу, жан – жануарларға да көмек беру керек. Мысалы: үй жануарларының суын, шөп шемін күнделікті беріп отыру керек, оларды ұруға болмайды.   3. Сергіту.                                   Жақсы бала кездессе                   Сәлем берер бас иіп                  Жаман бала жолықса                         Өте шығар кекиіп                                4. Ойын. «Мейірімді болу үшін не істеу керек?»                     Мақсаты: балалар кезекпен кезек тұрып жауап береді де, өздері сол айтқан мейірімділікті орындады ма, жоқпа? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: мен автобуста үлкен әжейге орын бердім. Ол маған рахмет айтып, батасын берді т. б. Балалар тыңдайды.

 

Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту жаттығуларын өлең – тақпақ арқылы жасайды.

 

 

Ойын ойнайды.

Рефлексивті түзетушілік -Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Мейірімді болу үшін не істеу керек?

Сұрақтарға толық жауап беру.            Мадақтау арқылы көңілдерін көтеру.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

  • Мейірімділік, жақсы қасиеттер туралы.

Қандай түсініктерді игерді:

  • Мейірімді болу үшін не істеу керек екендігін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • Қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Менің қылықтарым»

Мақсаты:

Білімділік: қылық дегеніміздің адамның басқа адамдарға қатысты жасаған іс — әрекет екендігі  және айналадағы адамдардың осы қылықтарға  сәйкес баға беретіндігі жөнінде түсініктерді дамыту.

Дамытушылық: сөздік қорын молайтып, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: балаларды жақсы және мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу

Құралдар: демонстрациялық: суреттер; үлестірмелі: жұмыс дәптері, қалам.

Алдын-ала  жұмыс: дидактикалық ойын «Менің эмоцияларым»

Қостілділік компонент: жақсы – хорошо, жаман – плохо, мейірімді — добрый, қамқоршы — помощник.

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Қуыршақтың қонаққа келуі. Балалардың қуыршақты қарсы алуы.
Ұйымдастыру-іздестіру 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

 

2. Сұрақ — жауап.

Қандай адам бойындағы қасиеттерді білесіңдер? Жақсы бала деген қандай бала?                                     Сен қандай баласың?     Сенің бойыңда қандай қасиеттер бар?

 

3. Ойын:«Жақсы қасиеттер».

Мақсаты:Балаларға жақсы қасиеттер туралы көп сөз айтуға  жақсы болуға тәрбиелеу.

 

4. Сергіту:                    Жақсы бала кездессе                   Сәлем берер бас иіп                  Жаман бала жолықса                         Өте шығар кекиіп

 

5. Мақал жаттаймыз.

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

 

6. Сөздік жұмыс:     жақсы – хорошо, жаман – плохо, мейірімді — добрый, қамқоршы — помощник.

 

Балалар тыңдайды.

 

 

 

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді

Қамқоршы, мейірімді тәрбиешіні тыңдайтын, бұзықтық жасамайтын, өтірік айтпайтын, мақтанбайтын т.б.

 

Балалар өз бойындағы қылықтары туралы әңгімелейді

Ойынға белсене қатысу.

 

 

Балалар сергіту жаттығуларын жасайды.

 

 

Мақалды жаттап алады.

 

 

 

Екі тілді қатар меңгереді.

 

Рефлексивті- түзетушілік -Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

— Қандай адам бойындағы жақсы қасиеттерді білесіңдер?

Сұрақтарға толық жауап беру.

Мадақтау арқылы көңілдерін көтеру.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:                                                                                

  • Жақсы қылықтар туралы.

Қандай түсініктерді игерді:                                                                                                                

  • Сөздердің мағынасын түсіне білуі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • Адам бойында қандай жақсы қасиеттер бар екендігін.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық карта

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды өзінің жақсы көретін адамадары, отбасы туралы. Олардың үйдегі қызметері жөнінде әңгімелеуге ықпал ету. Отбасы мүшелерін тану, ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: ой-өрісін, таным-түйсігін, есте сақтау қаблетін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: отбасы мүшелерінің әрқайсысын сыйлап, құрметтеуге, үлкендерін тыңдауға тәрбиелеу.

Құралдар: демонстрациялық: суреттер, үлестірмелі: жұмыс дәптері, қалам, қайшы, желім.

Алдын-ала жұмыс: сюжетті-рөлдік  ойын «Отбасы»

Қостілділік компонент:  отбасы-семья, отец-әке, мать-ана, брат-аға, әпке-сестра, ата-дедушка, әже-бабушка.

 

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Домбырасын қолға алып,

Әе салады аташым.

Күй тартады толғанып,

Қызығына батасың.

Мен атама тартқанмын,

Шырқап әнін саламын,

Өнер қуған балалмын,

Мен атамдай боламын.

Дидактикалық ойын: «Кімге ұқсағың келеді?»

Балалар өлең жолдарын тыңдап болған соң, ойынға араласып, өздерінің үйде кімге тарқанын айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2. Балалар, отбасы деген сөздің мағынасын кім біледі? Жанұя ше?

Сендердің отбасында неше адам?

3. Суретпен жұмыс.

Отбасылық картинаға қарап, отбасы мүшелерін және олардың қызметерін айтып береді.

4. Сергіту:

Бас бармағым – атам,

Үйдің данасы.

Балаң үйрек — әжем,

Ошақ анасы.

Ортан терек — әкем,

Отау панасы.

Шылдыр шүмек – шешем, Шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен,

Бәріңін базары.

5. Сөздік жұмыстар. отбасы-семья, отец-әке, мать-ана, брат-аға, әпке-сестра, ата-дедушка, әже-бабушка.

Балалар тыңдайды.

 

 

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді

 

 

 

Суретпен жұмыс жасайды.

 

 

Балалар сергіту жаттығуларын жасайды.

Рефлексивті түзетушілік -Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

— Отбасымыз аман болсын!!!

Ата-анамыз ауырмасын!!!

Сұрақтарға толық жауап беру.

Балалар, тілек айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 

  • отбасы мүшелерін, олардың қызметерін.

Қандай түсініктерді игерді:                                                                                                                

  • әрқайсысын сыйлап, үлкендерді тыңдау керегін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • өз бетінше ой қорытып, ойларымен бөліседі.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырырыбы: «Қуыршақ»

Мақсаты:

Білімділік: балаларға ойыншықтарын ажыратып, олардың атуларын білуге үйрету.

Дамытушылық: сөздік қорын молайтып, тіл байлығын, қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға, сындырмй күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Құралдар: демонстрациялық:  қуыршақ суреті, үлестірмелі: қиылған заттық суреттер.

Алдын ала –жұмыс: «Ойыншықтар»  өлеңін оқу.

Қостілділік компонент:  қуыршық-кукла, ойыншық- игрушка, қонақ-гость.

 

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Жылулық шеңбері.

Дөңгелене тұрамыз.

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Балалар шеңбер бойынша тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру 1.      Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2.      «Қуыршақ» туралы әңгіме жүргізу.

—         Балалар, қуыршақ дегеніміз не?

Орысша қалай атайды?

Кімде қуыршақ бар?

Оның аты кім?

3.      Ендешне балалар, бүгін біз Ж.Смақов «Қуыршақ» өлеңімен танысамыз.

Қуыршаққа күнде май беремін,

Қуыршаққа күнде  шай беремін.

Ішіп-жеуді білмейді ол жай беремін.

Киімдерін тазалап, көремін бейнет,

Бір рахмет айтпайды, маған сөйлеп.

Оны күлдірем, оны билетем.

Оқуды, сызуды, бәрін де үйретем.

4.     Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

 

5.Ойын: «Айгерімнің қуыршағы» әңгіме құрау. Мақсаты: еркін сөйлеуге, еркін сөздік қорына

 

6.Сөздік жұмысы:

қуыршық-кукла, ойыншық- игрушка, қонақ-гость

 

Балалар тыңдайды.

 

 

Әңгімеге араласып, сұрақтарға кезекпен жауап береді.

 

 

 

 

 

Өлеңді ұйып тыңдайды

 

 

 

 

 

 

Өлеңде не туралы айтылғанын талдап, өздерінің қуыршақтары туралы айтып береді.

 

 

 

Сергіту сәтін жасап демалады.

 

 

 

Ойынға белсене араласады.

 

 

 

Екі тілді қатар меңгеруге тырысады.

Рефлексивті түзетушілік Балалар, сабақ ұнады ма?

Қуыршаққа ат қойып үйрендік пе?

Жарайсыңдар, балалар, қуыршаққа да әрдайым күтім керек екен.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Мақтау сөздерді естіп қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:  

  • «Қуыршақ» өлеңінің мазмұнын;

Қандай түсініктерді игерді:                                                                                                                

  • қуыршаққа да күтім керектігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • өз қуыршақтарына ат қою керектігін;
  • сұрақтарға жауап беріп, әңгемелей білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Тақырыбы: «Дүкенде кім жұмыс істейді?»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды үлкендер еңбегімен таныстыруды жалғастыру, стушы, кассир, еңбегі туралы білімдерін кеңейту.

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.

Дамытушылық: ой-өрісін, таным-түйсігін, есте сақтау қаблетін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: үлкендер еңбегіне деген қызығушылықты оятып, дүкен қызметкерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Құралдар: демонстрациялық:  супермаркет суреті, сюжетті-рөлдік ойынға ойыншықтар; үлестірмелі: қағаз ақшалар.

Алдын-ала жұмыс: дидактикалық ойын «Не артық?»

Қостілділік компонент:  дүкен-магазин, продовец-сатушы, кассир-касссир, супермаркет-супермаркет; торговый дом-сауда үйі.

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Достық шеңберін құрып, балалармен дүкенге баруға экскурсияға дайындалу. Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.
Ұйымдастыру-іздестіру 1.                Сабақтың тақырыбымен таныстыру. «Дүкенде кімдер жұмыс істейді?»

2.Әңгімелесу:

— Балалар, дүкенге біз не үшін барамыз?

— Дұрыс айтасыңдар, дүкенде бізге қажетті тамақтар, киім-кешектер, ойыншықтар сатылады.

— Сендерге дүкенге барған ұнай ма?

Дүкенге кіммен барасыңдар?

2.     Сурет бойынша әңгімелеу:

Балалар дүкен әртүрлі болады. Соның бірі мына суреттегідей супермаркет деп аталады. Мұнда адамдар арба, себеттер алып өздеріне керек затарды алады. Мынау тәте-еден жуушы,ол дүкен тазалығын қадағалайды. Мына тәте – кеңесші-сатушы, яғни біздің сұарқтарымызға, қандай зат алатынымызға байланысты көрсетіп ақыл береді.

Ал мында – кассирлер. Олнда біздің алған тауарлардың ақшасын есептейді. Сендер супермаркеттерге барасыңдар ма?

Біздің балабақшамызға жақын қандай супермаркетті білесіңдер?

—         «Южный», «Корзина» т.б. қалада супермаркеттер өте көп. Онда тауар алған өте ыңғайлы.

3.Сергіту. Сюжетті- рөлдік ойын: «Супермаркет»

 

4.Сөздік жұмыс: дүкен-магазин, продовец-сатушы, кассир-касссир, супермаркет-супермаркет; торговый дом-сауда үйі.

Тыңдайды.

 

 

 

Балалар  сұрақтарға жауап береді.

 

 

Өздеріне дүкенге барған ұнайтынын  аналары мен әкелері не сатып алып беретінін әңгімелейді.

 

 

 

Сурет бойынша тәрбиешінің түсіндіріп бергенін мұқият тыңдайды.

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауцап береді.

 

 

 

Өз көргені, тәжірибесі бойынша айтады.

 

Ойын ойнап, серігеді.

 

Қос тілді қатар меңгереді.

Рефлексивті түзетушілік

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:                                                                                

  • дүкен, супермаркет, сауда үйлеріннің қызметшілерінің еңбектері жайлы.

Қандай түсініктерді игерді:                                                                                                                 

  • дүкенде өздерін мәдениетті ұстау керектігін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • өз көргендерін, білгенін әңгімелей білуге.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Қарағанды менің туған қалам» .

Мақсаты:

Білімділік: қала туралы түсінік беру, Қарағанды қаласы жөнінде  мағлұмат беру.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабіліттерін дамыту.Сөздік қорын жетілдіру, ұзақ саусақтар қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: тияналыққа, сүйіспеншілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Кұралдар. демонстрациялық құралдар:  Қарағанды қаласының суреттері,қара алтын суреттері; Үлестіретін: заттық қиылған суреттер(қала суреттері)

Алдын-ала жұмыс:  бейнефильм «Қарағанды»

Қостілдік компонент: қала-город,көмір-уголь,Қарағанды менің сүйікті қалам- Караганда мой любимый город.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

Қонаққа қуыршақ Асан келеді,әдемі қораппен көмір алып келеді.

Балалардан мынау не?

Көмір қайдан шығады?

Оны не үшін пайдаланамыз? Деген сұрақтар қою арқылы балаларға туған қаласы туралы айтады.

Балалар қуыршақ Асанмен амандасады.Сұрақтарға жауап береді.

Мынау көмір,оны отын үшін пайдаланады,көмір Қарағандыдан шығады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Қала туралы,Қарағанды қаласы туралы түсінік беру. Суреттер бойынша әңгімелеу.

Біз қалада тұрамыз.Біздің қаламыз сәнді де сәулетті.Қаланың үйлері биік,көшелері кең. Біздің қалада аласа үйлерде бар.Қаланың көшелері жасыл желекке бөленген.Ерсілі-қарсылы жүріп жатқан машиналар.Қарағанды қаласында демалыс саябақтары,стадион,көрме,мұражай,кино-тератрлар,балаларға арналған «Қиал әлемі»саябағы бар.Қарағанды қара алтынға өте бай қала,ол осы қара алтын мен әлемге әйгілі.Қарағанды үлкен қалалардың бірі.

2.Балалар сендерге өздерің тұратын қала ұнай ма?

Қарағанды да қандай ғимараттар бар?

3.Сегіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Жаттығуды жасаймыз

4.Дид\ойын «Бөлшегін тап»

Мақсаты:балаларға Қарағанды ғимараттарының бөлшектерін тауып қоюға үйрету

5. Мақал – мәтел жаттау

Туған- елдей ел болмас

Туған- жердей жер болмас

Туған -жердің топырағы ыстық

5.Қостілділік копонент «Говорим на русском языке»

— қала

-көмір

-Қарағанды менің сүйікті қалам

 Тыңдайды,сурет бойынша әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

Сүйікті қаласы туралы әңгімелейді,қаладағы ғимараттар туралы айтады.

 

Балалар орындарынан турып жаттығуды жасап бір демалып алады.

 

Үстел үстінде қаланың ғимараттары жатады .Балалар ұсақ ғимараттардың бөлшектерін тауып қояды,қандай ғимарат құрастырғанын айтады.

 

Балалар:тәрбиешімен бірге мақалдарды қайталап жаттайды.

 

 

Орысша айтады.

 

-город

-уголь

-Караганда мой любимый город

Рефлексивті-түзетушілік

 

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Біз қай қала туралы әңгімелестік?

Қуыршақ Асан балаларды сабаққа жақсы қатысқаны үшін мақтайды.

Өз ойларымен бқліседі,жетістіктеріне қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені  біледі:

  • қала, Қарағанды қаласы ерекшелігін , жаңа мәліметтер.

Қандай түсініктерді игерді:

  • қала мен ауыл айырмашылықтарын,қала ғимараттарын.

Меңгерген дағдырлары мен іскерліктері:

  • сұрақтарға жауап беруді,нұсқауларды дұрыс орындауды.
   
Пікірлер12
  1. Анар Жауышева

    Көп нәрсе игердім алдағы уақытта қолданам?

  2. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Керемет жазылған техкарта екен керек жерлермен озиме туртип алдым

  3. пернекул

    нағыз маған керек сабақтпр екен.еркетай сайтына рақмет

  4. Нағима

    Нақты жоспар. Балығы қамтылған.

  5. Назира

    Балалардың отаншылдық сезімдерін, мақтаныш сезімдерін ояту үшін өте пайдалы материал.

  6. Алтынай

    Сабақ түсінікті жақсы жазылған. Жас мамандарға қажетті екені сөзсіз. Сізге сәттілік серік болсын!

  7. Жаннұр

    Осы тех карталарды қарап өзім құрастырып жазуды үйрендім.Жас мамандарға тартырмас дүниелер, қолдынуға ыңғайлы, түсінікті бәрі, жақсы жазылған.

  8. Айгүл

    Сабақ түсінікті жақсы жазылған. Жас мамандарға қажетті екені сөзсіз. Сізге сәттілік серік болсын!

  9. Бахыт

    Қажетті материал, рахмет сіздерге.

  10. Дәмелі

    Балалардың отаншылдық сезімдерін, мақтаныш сезімдерін ояту үшін өте пайдалы материал.

  11. Бағила

    Сабақ жоспары өте қызықты және де түсінікті! Жас мамандарға деген үлкен көмек. Сізге шығармашылық табыс және тәрбиеленушілеріңіз білімді, биіктен көрінсін!

  12. Айгуль

    Сабағыңыз қызықты,нақты жоспарланған.Мақсаты дұрыс ұйымдастырылған.Шығармашылық табыс тілеймін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ