Өз ойым

Балабақшаларда балаларды көркем әдебиеттің түрлі жанырларымен: әңгімемен, ертегімен, өлеңмен, мысалмен таныстырылатынын білеміз. Кез келген шығарманы санаға сіңіру формасы жанырға және баланың жас мөлшеріне тәуелді. әйтседе барлық топтарда тәрбиеші әңгімелейді, кітаптан оқиды немесе жатқа айтады. Оны тәрбие бойынша жоспарлай отырып, баланың жас ерекшелігін ескеру және оларға мазмұны, қзінің мәнерлеу құралдары, орындалуы бойынша түсінікті шығармаларды іріктеп алу керек.өскен сайын шығармалар күрделене түседі. Оларды түрлі жанырлармен таныстырамыз. Толғанудың, аяудың, араласудың алғашқы формалары пайда болады. Тыңдағаны жайлы сұраққа жауап бере алады. Өлең айтуда еркіндік, табиғаттылық, қарапайымдылық, пысықтық қалыптасады.

Мысалы: 1 жастағы бала жартысында гуілдейді, екінші жартысында қарым-қатынас үлкеннің еркелеткен, әндеткен, ырғақты сқйлеумен қатарласқан эмоция – қимылды ойындар формасында болады. Сәбидің талпынысына қарай оның қимылды сүйемелдегенде және жетелегенде айтатын қысқа тақпақтар, оған балаға деген жылы сезім, деніне саулық тілеу енеді. әлпегтеу, ойнату тақпақтары қысқа, екі сөзден тұратынын білеміз.

Ал 2 жастағы кезеңді – ана тілін ынталы қарқынмен игеру езеңі десек қате айтпағанымыз. Өледер, ертегілер, әңгімелердің мәнін түсіну, олардың дыбыстық ұйқасына, сөз қайталауына, эмоциялы үн қосу қалыптасады. Үлкен әңгімелегенде ойыншықтарды, суреттерді көрсетіп отырады.

3 жастағы балалар сөз тіркестерін, күрделі сөйлемдер айта алады. Үлкендерге шығарма бойынша сұрақтарды қоя алады. «Ол кім?», «Не істеді?» т.б.

4 жастағы балалар өз еріктерімен қысқа әңгіме құрастыра алады. Еркін сөйлеп, үлкендердің мазасында алуы мүмкін. Және үлкендермен  қарым-қатынасқа жақсы түседі.

Жалпы алғанда 4-7 жастағы бала көркем әдебиет шығармаларын тереңірек қабылдайды. Өз ойын айтады. Жаттаған өлеңдерін  әр жерде есіне түскен кезде қайталап жүреді. Оқылған кейіпкер жайында пікірін айтып отырады. Шығармалар ауқымы кеңейеді.

Ересек тобындағы балаларды, кішкентайларға қарағанда мазмұны мен формасы жөнінен әлде қайда күрделі ертегілермен, әңгімелермен, өлеңдермен таныстырады. Көрнекілікті пайдалана отырып, тәрбиеші балаларға сұрақ қояды «Әңгіме ұнады ма?», «Несімен ұнады?». Кейін шығарма мазмұнын түсінуге көмектесу мақсатындағы сұрақтар қойылады.

Көркем әдебиет пен педагогикалық жұмысында қолданылатын мынадай әдістерді бөліп көрсетуге болады:

  1. баланы прозамен, поэзиямен, ауыз әдеббиетімен таныстыру алдындағы әңгімелесу;
  2. балаларды шығарманы қабылдауға даярлайтын тақырыптық экскурциялар;
  3. мазмұны мен формасының тұтастығымен эстетикалық қабылдауға және талдауға көмектесетін әңгімелесулер;
  4. тілдің граматикалық дұрыстығын және мәнерлігін жетілдіруге арналған жаттығулар;

Балалармен  бұл жұмысты істей отыра, сөздердегі әрбір дыбысты анық шығарып, табиға дауыспен ашық айтуға, оқып тұрған нәрсеге өзінің қарым-қатынасын көрсетуге үйретуге ұмтылу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Анара

    Бала-бақша ұжымдарына қажетті ақпарат екен. Қазіргі таңда тәрбиешілер сауатсыз болып бара жатқандай. Екі сөздің басын қоса алмай жүргендері қаншама. Өздерін дамытып, балаларға жақсы дүниелер үйретсе екен деп тілеймін. Ұлым жаңадан барып бастаған еді. Тәрбиеші екы рет ашық сабақ өткізді. Молодец. Но, каждый раз ол міндет қылады. То есть «ата аналар көрдіңіздер ма балаларыңызды қандай дәрежеге жеткіздік» деп. Ол істеген жұмысы бізге міндет емес шығар. Сондай түсініксіз қылықтарын көргенде ашуым келеді.

  2. Бекмолда Айгерім

    Балалармен жұмыс кезінде басты назар аударатын нәрсе олардың жас ерекшеліктері.Әр ойын болсын,ертегі,қойылым болсын,сабақ болсын барлығы жас ерекшеліктеріне байланысты өтуі керек

  3. Эльвира

    Әр жас ерекшелігін пайдаланып отырып,нені білу керектігін ашып жазыпты.Негізі жас ерекшелігіне қарай тапсырма берген өте дұрыс,Баланы көп ,қиын тапсырмалармен миын ашытудың қажеті жоқ деп ойлаймын

  4. Гульнур

    Өте керемет, құнды материалдар жазылған екен. Пайдалы мақала. Рақмет!

  5. Меруерт

    Балабақша методикасына қажетті барлық материалдар кеңінен жарияланған екен, үлкен рахмет

  6. Балкерим

    Керемет!

  7. Айгуль

    Әр топ балаларының ерекшеліктері көрсетілген, рахмет

  8. Ляззат

    Балабақша методикасына қажетті барлық материалдар кеңінен жарияланған екен, үлкен рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ