Балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Адамгершілік тәрбиесі-жас жеткіншіктердің жан-жақты дамуындағы ең басты алғышарт. Бала тәрбиесі бір ғана жанұяның не мектептің жеке ісі емес,ол бүкіл қоғам шұғылданатын істің тұтас бөлігіне айналып отыр. Жас ұрпақтың адамгершілік сапаларын қалыптастыруда әлеуметтік орта,адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, баспасөз,радио,теледидар,әдебиет,өнер,театр және т.б.әсер етеді. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Жанұя-әр түлек үшін алтын бесік. Бала жанұяда түлеп өседі,оң-солын сонда таниды. Ол алғашқы адамгершілік қасиеттердіде,еңбек әліппесінің алғашқы бетін де үйде ашады. Гүл күнге қарап өсетіні сияқты,бала да алдындағы ересектерге қарап өсіп,ержетеді. Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе,бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді:«Балаға көбінесе үш алуан мінез жұғады.Біріншісі-ата-анадан, екіншісі ұстазынан,
үшіншісі-құрбысынан». Солардың ішінде бала қайсысын жақсы көрсе,сонысынан көбірек жұғады. Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да,қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға балалардың үй ішіне,жақындарына,құрбы достарына,жалпы адамдарға,Отанға деген сүйіспеншілікті,мәдениеттілікті,жақсы әдеті мен дағдысын жатқыза аламыз.

Бала тәрбиесі.Үлкенді құрметпен қадір тұту, адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынастар,екі жақты сыйласа білу-қазақ жұртының ежелден-ақ берік ұстанған әдеп-тәлімдерінің болғаны бізге аян. Мұны ғасырлардан ғасырларға ауысып келген мол нақыл сөздерінің өздерінен-ақ байқауға болады. Олардың бірі: «Үлкенді сен сыйласаң,кіші сені сыйлайды», «Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», екіншісі: «Аға әдепті болса, іні әдепті», «Апа әдепті болса,сіңілі әдепті» деп ой қайырады,үшіншісі: «Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың» десе, төртіншілері: «Әдепті жігіт өсірсең, ауылдың абыройы», «Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады» деп пікір түйеді. Осы тектес мақал-мәтелдердің бәрі де бізге жұртымыздың әр уақытта да әдептілікті құрметтегенін, сыпайы, кішіпейіл адамды басқаларға үлгі-өнеге ете білгендігін, жас ұрпақтың
тәлімді, тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударатындығын айқын көрсеткендей болады. «Ынтымақ жүрген жерде-ырыс жүреді», «Сіз деген-әдеп, біз деген-көмек» деп түйетін нақыл сөздер ел ұстанған сол тілек-мүдделерден туындаған.

Қазақ дәстүрінде жастардың үлкендер алдында адуындап кіріп, асқақтай сөйлегені сөкеттік деп саналады. Ауыл ақсақалының қолын алу үшін, алыстан келген азамат атынан аулағырақ түсіп, үйге дейін жаяу аяңдар еді. Сырттан жасы үлкен адам кірген кезде орнынан тұрып сәлем беру, атқа қолтығынан демеп мінгізу, онымен сөйлесу, әңгімелесу барысында ізет пен ілтипат танытып отыру жасы кішілерге тән әдеп салттары болады.

Қыз балаларды қадірлеу де қазақтың қастерлі ұғымдарына сайды. «Қыз-жат жұрттық», демек ол өз үйінде жүрген кезде көңіліне нала ұяламай өсуі керек. Аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап,
үлпілдетіп өсірген. Ертеңгі барар жері қандай болады, бәлкім, әлпештеп өсірген осы алтын ұясы оның ең бір бақытты, әсем жылдары шығар деген ниет жатты мұнда.Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамау, оған арнайы ат қойып, оны өле өлгенше
есіне сақтауды үлкен әдептілік, көргенділік деп есептейтін де, ондай адамдарға жұртшылық дән ризалықпен қарайтын. Өйткені, кіші үлкенді сыйласа, үлкеннің өз тарапынан кішінің кісілігін сыйлауы-халқымыздың қанына сіңісті болған абзал ғұрып.

Баланы адамгершілікке баулу.Тәрбие- мәңгі таусылмайтын, мәңгі ескірмейтін ардақты іс. Өйткені ол адам жанын мүсіндеу. Мүсіндеуші мүлт кетпесін десеңіз, тәрбие ісінің жауапкершілігі де сондай. Данышпан абай атамыздың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақшылық» деген ұлағатты бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қайталап айтар сөз болса керек. Мінездің мінсіздігі-мәдениеттің көрінісі. Тәрбие ісінде «міне,мынау» деп ұстата қоярлық қатып қалған ереже-нұсқаулар жоқ, әрине.

Баланың бойында қандай да болмасын қасиеттерді қалыптастыруда әрбір оқу іс-әрекеті әсер етпей қоймайды. «Айналамен таныстыру», «Экология негіздері», «Ән» т.с.с ұйымдастырылған іс- әрекеттері де бала бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың бірегей құралдары.Ортаңғы «Күншуақ» тобында осы мәселемді жүзеге асыру мақсатында «Әлеуметтік орта» саласының «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Жаман деген немене,жақсы деген немене», «Тіл дамыту» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Достарымызға дастархан жаямыз», «Құстар-біздің досымыз», «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Қайырымды бала» т.с.с тақырыптарды өткіздім. Әдеби шығармаларды:өлең,ертегі,жұмбақ,жаңылтпаш,мақал мен мәтел,әңгімелер айтып,олардың ішіндегі кездесетін кейіпкерлерінің бойындағы жағымды қасиеттерді балалардың бойында қалыптастыруды көздедім.

Сонымен қатар, балабақшадағы ұйымшылдық,реттілік,тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады.Себебі,балалардың тәртібіне тек педагогикалық әсер ету ғана емес,өзін қоршаған ортаның жинақылығы,жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді.Егер балалабақщшада қатаң,бірізді,жүйелі талаптар айқын қойылса,бала тарапынан тәртіпті орындамаушылық,тыңдамаушылық деген болмайды.Балалның тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады.талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі,ол балалардың қайсысының іс-әрекетінің дұрыс не бұрыс екенін тануға,тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.

Тәрбие- мәңгі таусылмайтын, мәңгі ескірмейтін ардақты ісБалалардың тіршілігін,іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібі қатаң сақталуының үлкен тәрбиелік маңызы бар.Балалардың күнделікті іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру,жүйелі педагогикалық ықпал ету,талаптар қою,олардың орындалуын бақылау,теріс қылықтарын тежеу,тыйым салу-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды шарты.осыларды орындау барысында балалардың тәртіптілігі әдетке айналады,бара-бара әрбір балаға қойылатын талап олардың өз талабы ретінде көрінеді.

Балаларға мінез-құліқ,тәртіп,қоғамдық құбылыс,адамдардың еңбегі,еңбекке қатынасы,бір-бірімен өзара қарым-қатынасы,адалдық,шыншылдық,батылдық,ерлік сияқты адамгершілік қасиеттер,балалардың өзін-өзі алып жүру ережелері жайында айтып отыру қажет. Бірақ ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан небір өнегелі істер, көріністер, адамдар сыйластығындағы сұлу салттар, ғибратты дәстүрлер бар халқымызда. Соларды ой елегінен, сезім елегінен өткізіп, парасат таразысына салар болсақ, оны азаматтық тұлғаның ең биік, ең қажетті, ең асыл бөлшегі деп ұғынар болсақ,ғанибет!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер17
  1. Баян

    Ата ана ең бірінші өзің отбасында үйрету керек, адами құқықтарды. Бала бойына сіңіріп өсуіріп қалыптастыру керек.

  2. Анар Жауышева

    Ерте жастан алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты бала бойына қалыптастырады.

  3. Инкарим

    Болар бала сәби кезінен жақсы мінезге ие бола бастауы керек. Себебі бойға ерте сіңген жақсы әдет ол өмір бойына қалары сөзсіз.

  4. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Адамгершилик алептилик жайында кишкентай кезинен айта берсе, өскенде бойына синиреди деп ойлаймын

  5. Бекмолда Айгерім

    Бала бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыра білсек қандай керемет.

  6. Тоқтасынқызы Альбина

    Балаға басты адамгершілікті үйрету керек адамгершігі болса ол үлкен жетістіктерге жете алады. Ата ана ең бірінші өзің отбасында үйрету керек, адами құқықтарды. Бала бойына сіңіріп өсуіріп қалыптастыру керек. Себебі,тәрбие тал бесіктен. Балалның тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады.

  7. Куралай

    Тәрбие тал бесіктен басталады, балаларға кіші жастан бастап адамгершілік жайлы білімдерін жетілдіру керек

  8. ЖАКАЕВА ОКСАНА ЖОРАБЕКОВНА

    Бала тәрбиесі басты орында

  9. Еңлік

    «Ата-ана -баланың айнасы»деп бекер айтпаса керек,тәрбие деген расымен ескірмейтін ұғым.

  10. Алтынай

    Бала аке шешеден жастай көріп өседі,Жас кезінен бастап бала бойында адамгершілік, әдептілік қасиеттерді осындай тапсырмалар арқылы сіңіре білу-тәрбиеші жұмысының бір нәтижесі. Сондықтан әр сабақта тапсырмалар арқылы еңбек, жақсы мінез-құлық тәрбиесіне баулуымыз керек.

  11. Ардак

    Адамгершілік ең биік байлық қой. кей кездере ұмытып кетеміз. рахмет мақалаға

  12. Гульзира

    Өте қажетті мақала екен.Бала бойына кішкентайынан адамгершілік ұғымын сіңіріп өсіру қажет

  13. Алия

    Ақпараттық маңызы бар көркем жазылған мақала екен. Кішкентай бүлдіршіндерге осындай үлгілі жақсы мәліметтер беру керек

  14. Акнур

    Балага кишкентай кезинен бастап адамгершилик касиеттерин айта беру керек, бала сонда кажетти информацияны алып оседи

  15. Айгүл

    Жас кезінен бастап бала бойында адамгершілік, әдептілік қасиеттерді осындай тапсырмалар арқылы сіңіре білу-тәрбиеші жұмысының бір нәтижесі. Сондықтан әр сабақта тапсырмалар арқылы еңбек, жақсы мінез-құлық тәрбиесіне баулуымыз керек.

  16. Сандугаш

    Бааларға кіші жастан бастап адамгершілік жайлы білімдерін жетілдіру керек. Өйткені балалар кішкентай кездерінен бастап инфрпмацияны жақсы қабылдап есте сақтайды. Сондықтан кіші жастан бастап адамгершілік жайында айта жүру дұрыс деп санаймын. Мақала өте қызықты, әрі тиімді.

  17. Айгерим

    Балаларға мінез-құліқ,тәртіп,қоғамдық құбылыс,адамдардың еңбегі,еңбекке қатынасы,бір-бірімен өзара қарым-қатынасы,адалдық,шыншылдық,батылдық,ерлік сияқты адамгершілік қасиеттер,балалардың өзін-өзі алып жүруді
    қолдаймын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ