Сәлем сөздің анасы!

Тақырыбы: Сәлем сөздің анасы!
Құрметті апайлар, қонақтар! «Балбөбек» балабақшасына қош келдіңіздер! Сіздерді қуана қош аламыз. Баршаларыңызға дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз
Қош келіпсіз, қадірменді қонақтар. Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
«Балбөбекте» балдай тәтті балалар.
Армысыздар,қонақтарым қымбатты
Сіздер үшін ашамыз сан жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді
Балалардың сәлемдері тым тәтті. Сіздердің алдарыңызда «Сәлем – сөздің анасы» атты сәлемдесу рәсімін қабыл алыңдар!
Айша.
Біз бүгінгі кіп-кішкентай баламыз, Апайларға сәлемдесіп аламыз. «Айналайын» деген сөзден нәр алып, Күні ертең –ақ күндей болып жанамыз.
Ернар Балабақшам базарлы үй Ауылдағы ажарлы үй Күлкісі бар шуақты, Өз үйіміз сияқты

сәлемдесу сабағыЖайдары Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Тақпақ жаттап, ән айтуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол бақшадан
Ерасыл Зияш
«Балбөбек» біздің әсем бақшамыз, Апайларды қуана қарсы аламыз. Елбасының кезектен тыс сайлауын, Баршамыз бір ауыздан қош аламыз.

Арай Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
«Тоныкөк абыз» кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – «Мәңгілік ел» боп қаламыз.»
Ерасыл Н 70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Ашылды содан бері — Құтты болсын Ұлы жеңіске 70 жылдық -парақтарың
Нұрсәт
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар. Қазақ хандығына — 550 Құтты жыл болар.
Айқын:
Ардақтаймыз апайларды аялап
Ұстаздар ол біздің үлкен сая бақ.
Барша жанға тілейтінім тек қана
Адамзаттық үлкен жүрек шапағат.

Ән: «Біз бақытты балдырған»
Еңлік
Төрімізден сый құрмет Көрсетеміз сіздерге.
Сабина
Ұсынамыз гүл шоғын, Риза болшы біздерге
Гүл тапсыру.
Қорытынды. Құрметті ұстаздар , бүлдіршіндердің дайындаған «Сәлем – сөздің анасы» атты сәлемдесу рәсімі аяқталды. Ыстық ықыласпен сыйлағалы тұрған гүлімізді қабыл алыңыздар. Сіздерге кішкентай жүрегімізден ескерткіш болсын! Баршаларыңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Бала тәрбиелеуде еңбектеріңіз жана берсін!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер31
  1. Баян

    Сәлемдесу-әдептіліктің белгісі.

  2. Анар Жауышева

    Балалар топқа бірнеше рет кірген адамдарға қайта қайта айқайлап амандасады.Аманнын артығы жоқ деп мен отырам)))
    Жақсы жазылыпты рахмет

  3. Инкарим

    Иә Жақсы жазылған мақала екен. Себебі қазірде осындай кішкентай такырып болса да үлкен мағына маңызға толы өзекті тақырыптар бойынша мақалалар керек-ті.

  4. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Такырыпты ашып жазыпты авторга рахмет

  5. ЖАДЫРА

    Мақала өте пайдалы екен балаларға

  6. Бекмолда Айгерім

    13.Баламен жұмыс қашанда қызықты өтеді.Оларға сәлемдесуден сау болыңызға дейін үйрету маңызды роль атқарады.Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаған.

  7. Тоқтасынқызы Альбина

    Қазақ халқымыз әрқашан үлкен кішіге құрмет көрсетіп амандасқан. Бізде артымыздан ерген кішкентай бөлдіршіндерге өсиет болсын сәлем беріп жүру керек. Сәлемдесу арқылы балға тәрбиеліктің белгісі екенін көрсету.

  8. Сейсен

    Тақырыпты кеңірек дамытып өткізсе болар еді, жалпы бағыты дұрыс.

  9. Айгерім

    Қазақ халқы сәлемдесуге айрықша мән берген. Жөн-жосығымен, шын ықыласымен сәлемдесу – ол да бiр үлкен сын әрi өнер. Және адамдық қасиеттiң қандай дәрежеде екендiгiн көрсетедi.

  10. Меруерт

    Сәлемдесу-әдептіліктің белгісі. Үлкендерді құрметтеуді жас кезінен үйрете білсек-бұл біздің жетістігіміз.

  11. Акерке

    сабақ тым қысқа, тек тақпақтармен өрнектелген екен; қысқа болса да мағыналы

  12. Мақпал

    іс шара өте ауқымды жазылвпты ееремет

  13. Алтынай

    Сәлемдесу-әдептіліктің белгісі. Үлкендерді құрметтеуді жас кезінен үйрете білсек-бұл біздің жетістігіміз.

  14. Айгерім

    Казак халықының тариыхн өте әсемдеп берген

  15. ғазиза

    тәрбиелік мәні оте керемет жаксы екен

  16. Еркегул Даулетбай

    Балаға сәлем салуды қолын соза бастағаннан үйрету керек деп ойлаймын. сәлем, сау бол деп

  17. Молдір

    Тәрбиеленушілерге ең маңыздысы ол сәлемдесу. Ол әдептіктің бергісі.

  18. Айгерим Тогисова

    Сәлем — сөздің анасы!

  19. Гулмира

    Салем беру балага ен кунды тарбиенин бири. Оте жаксы жазылган

  20. Айгуль

    Балаларга тарихымыз туралы әр оқу кызметинде, әр түрлі іс шараларда айтып отырсак, нағыз патриоттар тәрбиелейміз

  21. Ақбота

    қазіргі балдарға тәрбие дәл осы тақырыптан басталу керек, балдарды үлкендерді құрметтеуге үйретуіміз керек

  22. САМАЛ

    сәлем түзелмей әлем түзелмейді

  23. Жанна

    ең бірінші үйрететін нәрсе осы — амандасу,сәлемдесу,осындай материалдар көп болсын, рахмет сіздерге

  24. Уміт

    Қарапайым болғанымен сәлемдесе білу өте маңызды нәрсе.Балаларға пайдалы.

  25. Кулаш Ергазиева

    сәлем беру балаға ең құнды тәрбиенің бірі .

  26. Айгүл

    Сәлемдесу-әдептіліктің белгісі. Үлкендерді құрметтеуді жас кезінен үйрете білсек-бұл біздің жетістігіміз.

  27. Нұра

    Оте ерекше ис- шара болган екен! Балалардын танымдык ойлау кабилетин шындауга жаксы курал болды. Баланы улкенди курметтеуге жаксылыкка уйрету аркашан салеми тузу болуы жайлы керемет дуние!

  28. Айсауле

    іс — шарада балаларға тәрбиелік маңызы зор жұмыстар жүргізіліпті

  29. Айгерим

    балаларды үлкендерге құрметпен карауга үйрету. іс — шара керемет откізіліпті.

    1. Гульзира

      Іс шара тақырыбы ерекше.Сəлемдесу ең бірінші қажет дүние.Балаға кішкенеден үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуді үйрету керек

  30. Бағила

    Сабақ немесе іс-шара барысында үш тілділікті де қолдануыңызға болар еді, сол кезде сабақ өте жақсы деңгейде көрінер еді. Ренжімеңіз.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ