Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау

Тақырыбы: Ұйымдастырылған оқу қызметін бекіту.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.Ойлау,есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту. Сұрақтарға толық әрі нақты жауап бере білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Бейнематериал.Геометриялық денелер.Сандар.
Барысы:
-Балалар,ұйымдастырылған оқу қызметін бастамас бұрын психологиялық сәт орындап жіберейік.
Бүгінгі күн тамаша!
Менің көңіл- күйім керемет!
Мен жұмыс жасауға дайынмын!
Мен өзіме сенімдімін!
Балалар шеңбер бойында жаттығу орындап жатқан сәтте тәрбиешінің көмекшісі балалардың орындықтарына хатқалталарды қойып кетеді.
Тәрбиеші балаларды орындарына отыруға шақырады және балалардың назарын орындықтарының үстінде тұрған хатқалтаға аударып:
-Балалар,қараңдаршы біреу сендердің орындықтарыңның үстіне хатқалталар тастап кетіпті,оның ішінде не бар екендігін білгілерің келеді ме?
-Иә.
Ұйымдастырылған оқу қызметі.Тәрбиеші шет жағында орналасқан бір баланың хат қалтасының сыртындағы жазуға назар салып,оны балаларға оқып береді: «Мұнда ең ақылды және ең алғыр балалар бар».
-Балалар,қызық екен,иә,хат қалтаға бала қалай сияды екен,ол кішкентай ғой?!Ендеше,уақыт оздырмай ішіндегі қандай балалар екендігін көрейік(балаларға хатқалтаны ашып қарауды ұсынады,ішінен айна шығады).
-Балалар,қолдарыңдағы айнадан кімдерді көріп тұрсыңдар?
-Өзімізді.
-Хатқалтаның сыртында кімдер туралы жазылғандығы түсінікті болды.Сендер өте ақылды,тәрбиелі балаларсыңдар қой,солай ма?
Тәрбиеші балаларға айнаға қарап тұрып: «Біз ең ақылды ,ең алғыр балалармыз!»-деп айтуды ұсынады.
-Жарайсыңдар балалар,біз бүгін қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру қызметінен жыл бойына алған білімдерімізді қайталаймыз.Ол үшін мен сендерге өткен тақырыптарға байланысты тапсырмалар алып келдім.Қазір кезекпен келіп тапсырмалар орындаймыз.

Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша ортаға шығып берілген тапсырмаларды орындайды.

1- тапсырма: «Сәуленің ойыншықтарының жасырынған орнын тауып,ата»
2- тапсырма: «Мына суреттің ішінен ең ұзын және ең қысқасын тап және балаларға есім қой»
3- тапсырма: «Жартысын тап»
4- тапсырма: «Арманның ойыншықтарының орналасқан жерін атап бер»
5- тапсырма: «Бір және көп пішінді ата»
6- тапсырма: « Мына орамалдарға қажетті суретті тап»
7- тапсырма: «Шатасқан фигуралар»
8- тапсырма: « Суреттегі артық пішінді тап»
9- тапсырма : «Қояннық машинаға жақын және доптан алыс суретін тауып көрсет»
10- тапсырма: «Артық пішінді тап,түстерін ата»
11- тапсырма: « Артық суретті тап»
12- тапсырма: «Сандарды тура және кері сана»
13- тапсырма: «Геометриялық денелерді ата»

Тапсырмаларды орындау барысында қателескен балаларға түзетулер енгізіледі.
Сергіту сәті: (Әженің суреті) музыкамен
Бір кемпірдің үйінде бәрі бірге тұрыпты,
Жеті қызы болыпты,
Жеті ұлы болыпты.
Мынадай көзімен,
Мынадай мұрнымен,
Мынадай құлағымен,
Мынадай бетімен.
Бір отырыпты,
Кемпіге қарапты,
Бірге қайталапты,
Міне осылай.(Әуен тездете түседі балалар қайталайды).

Тосын сәт: Бейнетаспадан саяхатшы Дара мен Боти көрінеді балалармен амандасады,және тәрбиешілерінің өздеріне тапсырмалар бергендігін,сол үшін балалардан көмек сұрай келгендіктерін айтады.
— Балалар,көмектесеміз бе?
— Иә,көмектесеміз.

1- тапсырма: «Фигураларды ұяшықтарына орналастыр»
2- тапсырма: «Торайларды қайыққа орналастыруға көмектес»
3- тапсырма: «Араға балаларын қоларбасына ретімен орналастыруға көмектес».
Дара балаларға алғысын айтып,қоштасып кетеді.
Дидактикалық ойын: «Тышқанға мысықтан жасырынуға көмектес!»
Тәрбиеші: Балалар,жарайсыңдар! Сендер Дараға тапсырмаларды орындауға көмектестіңдер.
-Олай болса,бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімізбен бөлісе отырайық.
Ол үшін мен сендерге екі түсті пішін беремін.Егер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнаса-қызғылт түсті дөңгелекті көтересіңдер,ал ұнамаса- көкті түсті дөңгелекті көтереміз.
Мысалы: Мен өз ойымды білдіремін,ал сендер өз ойларыңды білдіресіңдер.Маған ұнады-қызғылт түсті төртбұрышты көтереді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі ұнаған және ұнамаған балалардың ойын білу. Балаларды мадақтау.

Пікірлер14
  1. Баян

    Тәрбиешіге керемет көмек екен.
    Рахмет көп

  2. Баян

    Баланың ойлануына мүмкіндік көп ашылған

  3. Анар Жауышева

    Айнаға қарап ойнау қызық екен.сергіту сәтінде кемпір демей апа деп айтқызса жақсы болушед.әйтпесе ынғайсыз сияқты)))
    Өте ауқымды жазылған.рахмет

  4. Улщан

    Тапсырмалар көп екен бірақ өзі де шарты да жазылса жақсы болар еді.

  5. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Балалардын бос уакытында колданатын дүние екен

  6. ЖАДЫРА

    Балалардын ойлауына мүмкіндік көп ашылған екеен

  7. Бейсен Ұлдана

    Өз бетімен жұмыс істеуге жақсы екен.Тәрбиешілерге кушти көмек екен

  8. Тоқтасынқызы Альбина

    Тәрбиешіге керемет көмек екен. Өте қызықты ұйымдастырып сабақ өтуге болады. Нақты балалар түсінгенін айту керек.

  9. Эльвира

    оқу қызметін қорытындылау кезінде пайдалануға болады екен.Жақсы дүниелермен тәжірибе алмасып отырған мамандарға алғыс

  10. Алтынай

    Өте жақсы,Тәжірибе жинау мақсатында жүрген тəрбиешіге керемет көмек екен.рахмет!

  11. ғазиза

    керекті материалдар оте коп екен

  12. Гульзира

    Тәжірибе жинау мақсатында жүрген тəрбиешіге керемет көмек екен.рахмет!

  13. Айгуль

    Балаларға берилген тапсырмалар логикалық кабилеттерин арттыруға септигин тигізеді. Терең ойлауга мүмкіндік бар

  14. Уміт

    Өз бетімен жұмыс істеуге өте жақсы екен.Баланың ойлануына мүмкіндік көп ашылған
    Жаттанды емес.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ