Денсаулық саған рахмет

Мерекеліктің барысы:
Спорттық киім киген балаларға залға кіріп, орындықтардың қасында қатарға тұрады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым –Денсаулық. Адамдар сәлемдескен кезде бір-біріне денсаулық тілейді. Қәне, біз де сәлемдесейік.

Балалар жұптасып тұрып зал бойы жылжиды. «Сәлеметсәң бе!» коммуникативтік ойыны.
Денсаулық:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Мен барлық балаларды, ұлдар мен қыздарды «Денсаулық саған рахмет» саяхатқа шақырамын. Өздеріңмен бірге шапшаңдық, батылдық, ептілік пен тапқырлықты, сонымен қатар жанкүйерлердің шыдамдылығын алуды ұсынамын.
Ал қазір бой сергітейік.

1-бала: Біз жолда жылдам ж үруіміз үшін музыканың екпінді және көңілді болуын қалаймыз. Күшіті, епті болу үшін күнмен дос болу керек. Таңертең ерте тұрып, жаттығу жасаймыз.

2- бала: Денешынықтыруды біз сүйеміз,
Асыр салып жүгіріп, ойнағанды білеміз.
Жуынуды, ән айтып, ойнағанды сүйеміз.

денсаулық туралы.Сергіту жаттығулыры: «Көңілді адымдар» музыкалық әуенмен орындалады.

Денсаулық:
Күн шуағын шашады,
Біз дайынбыз арқашан.
Спорттық ойынға жарысқа дәрігер айболит жүгіріп кіреді:
-Тұра тұрыңдар, тұра тұрыңдар! Ой, балалар! Мен сендердің мерекелеріңе әзер дегенде жетіп үлгердім. Дала, орман, шалғын, шабындық арқылы жүгіріп, тек қана екі сөзді «балабақша, балабақша» деп сыбырладым.
Міне мен осындамын!

Сендердің тамақтарың ауыра ма? Ангина ма?
Балалар: Жоқ, жоқ, жоқ.
Айболит: Ой балалар, қараңдаршы қандай жақсы!(балалар қарайды)
Айболит: Ешқандай ауру жоқ, барлығың көңілдісіңдер. Бұл неткен құпия!
Бала: Мен сізге бір құпияны ашайын. Әлемде одан жақсы тәсіл жоқ.

Денсаулық: Дәрігер Айболит, сізді біздің жарысымызға шақырамыз. Қараңдаршы, біздің балалар батыл, күшті және епті.
Алаңға «Спутник» және «Зымыран» командаларының спортшылары шақырылады. Музыкамен командалар өз капитандарымен сапқа тұрады.

Жетекші төрешілер алқасымен таныстырады.
Денсаулық: Капитандары екі адым алға!
Командаларға бір-бірін құттықтау сөзбен қошеметтеу!
«Спутник» командасының капитаны:
Ғаламшарға ұшуларына тілектеспіз.
Команда хормен:
Батылдық пен өжеттілік,
Ал ойында көрсетіңдер ептілік!

«Зымыран» командасының капитаны:
-Құрметті «Спутник» командасы, Сіздерге «жақсы болсын нәтижесі ойынның» деп шын көңілден тілейміз.

Команда хормен:
Бүгін шаршауды білмеңдер,
Барлығымызға қуаныш сыйлаңдар!

Денсаулық: Міне, команалар кездесіп, бір-бірін құттықтады. Олардың алда өтетін жарыста үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдіреміз.
Жатып алмай төсекте!
Ерте тұрып жүгірсең,
Шынықтырып денеңді,
Күш-қуат жинап бойыңа
Өзіңді нағыз спортшы деп есепте.
Спортшыларға сәтті қадам!

«Аюдың үйшігі» эстафетасы

Эсстафетаны бірінші ойыншы бастайды, ол мәре шығыршық- үйшікке қарай барады. Мәреге жетіп, шығыршықты бойынан өткізіп, орына қойып, қайтарда «бақа» қимылымен секіріп келу.

«Жұптасып жүру» эсафетасы

Енді, олар жұптасып, қол ұстасып жүгіріп барып екеуі шығыршықтан өтеді. «Бақаша» сеікріп қайтады.
Айболит:
-Менімен көжектер сияқты секіргілерің келе ме?

«Топ-топ секіру» эстафетасы

Балалар үлкен гимнастикалық допқа отырып, белгілі арақашықтықты өзіп, өз орындарына оралып, допты келесі ойыншыға береді.

«Кедергі жол» эстафетасы

Қос аяқтап жүгіріп келіп доға асынан өту.
Айболит:
-Иә, сендер ынтымақтастық көрсеттіңдер. Шаршаған шығарсыңдар. Үйлерімізге тарайық. Ауруханаға әлде дәрігерге барайық па?

Денсаулық:
Жоқ, біз шаршаған жоқпыз,
Тәртіп үшін, күлкі үшін.
Жасырайын бір жұмбақ.
Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша соқсаң, сынбайды.
Суға салсаң, батпайды,
Түскен жерде жатпайды.

«Ең мерген» эстафетасы

Ойыншылар допты еденге соғып, себетке түсіреді.
Айболит: Мен өте қуаныштымын, енді балалардың ешқайысыауырмайды, әр баланың денсаулығы, көңіл күйі жақсы болады.
Денсаулық: Міне, біз «Денсаулық саған рахмет» болдық. Сендер нағыз спортшыларсыңдар. Үнемі осылай спортпен шұғылданыңдар! Ал енді біздің төрешілер алқасы жарыстың қортындысын жасап, жеңімпаздарды атайды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер25
  1. Германова Домна

    Балаларға денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін, оның біздің өмірімізде қандай үлкен рөл атқаратынын түсінуі үшін өте жақсы материал. Денсаулықты сақтауға арналған ойындар өте жақсы таңдалған, өйткені бұл ойындар балалардың дене белсенділігін өте жақсы дамытады. Материал үшін рахмет.

  2. Ләззат

    керемет оқу қызметі екен,ішінде жарыста бар балалар қызығады осындай оқу қызметтеріне
    рахмет сізге

  3. Анар Жауышева

    Эстафеталар керемет екен.алдағы уақытта осыны да өткізсем.сіздерден талай нарсе үйреніп жатырмын.рахмет

  4. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Дени саудың жаны сау!

  5. ЖАДЫРА

    Әрбір баланын дені сау болсын

  6. Тоқтасынқызы Альбина

    Денсаулықты күткен дұрыс, ұзақ әрі әдемі өмір сүресің. Денсаулық адам өмірінің бір бөлшегі, денсаулық ешқашан сатып ала алмайсың. Кішкентай балаларға денсаулықтың қандай маңызды роль атқаратынын түсіндіруміз керек. Біздің міндетіміз баланың денсаулығын мықты шынықтыру. Ден саулық зор байлық.

  7. Нағима

    Маған нағыз керекті ашық оқу қызметі екен. Рахмет. Өзіме керекті жерлерін жазып сызып алдым.

  8. Бибигуль

    Адамның басты байлығы денсаулық. Дені сау адам ең бай адам. адам денсаулығын кішкентай кезінен күткен дұрыс. Бала денсаулығына мән беруде балабақшада осындай салауатты өмірге бейімдейтін шаралардың көп болғаны өте жақсы. Өте құнды жұмыс. еңбегіңіз биіктен көрінсін

  9. Назира

    Денсаулық зор байлық денсаулықты кутейік

  10. Меруерт

    Денсаулық зор байлық. Салауатты өмір салтын бала кезден қалыптастыру керек . Бала ойын арқылы дамиды, көңіл күйі көтеріледі

  11. Акерке

    эстафеталық ойындар керемет екен. Балалардың жылдамдығын, аңғарымпаздығын дамытуға арналған.

  12. Алтынай

    Өте керемет Балалардың тәрбие беру жолдары арқылы байланысады,Қоғамның басты құндылығы — адам және оның денсаулығы болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның басты міндеті — балалардың өмірі мен олардың қауіпсіздігін сақтау. Балабақшада балалардың денсаулығын сақтауға ерекше назар аударылуы тиіс, ол үшін денсаулық сақтау технологияларын кеңінен қолдану қажет. Әсіресе жазғы сауықтыру шараларының ұйымдастырылуына көп көңіл бөліну керек.

  13. Сауле

    Денсаулық зор байлық. Салауатты өмір салтын бала кезден қалыптастыру керек . Бала ойын арқылы дамиды, көңіл күйі көтеріледі

  14. Оразамбаева Айжан

    Өзекті тақырыптардың бірі. Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өз жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық белсенділік, қасеттер қалыптасады.

  15. Айгуль

    Маған эстафеталык ойындар өте қатты ұнады. Мерекелік шара қызықты ұйымдастырылған

  16. Алия

    Денсаулық — адам организмінің қалыпты жағдайы. Халықтың денсаулығының негізгі — қоршаған табиғи орта. Адамның денсаулығы — қоғам байлығы.

  17. Алия

    Денсаулық тақырыбын менгерте отырып, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру үшін жасалған екен. рахмет коп

  18. Майра

    Дені саудың жаны сау, керемет

  19. Майра

    Деңсаулық — зор байлық. Өте керемет

  20. Алия

    Ең басты байлық-денсаулық! Балаларымызға кішкентайынан осыны үйретсек, болашақта дені сау ұрпақтар көп болмақ. Өте жақсы жазылған.

  21. Кулаш Ергазиева

    денсаулық зор байлық

  22. Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна

    Қоғамның басты құндылығы — адам және оның денсаулығы болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның басты міндеті — балалардың өмірі мен олардың қауіпсіздігін сақтау. Балабақшада балалардың денсаулығын сақтауға ерекше назар аударылуы тиіс, ол үшін денсаулық сақтау технологияларын кеңінен қолдану қажет. Әсіресе жазғы сауықтыру шараларының ұйымдастырылуына көп көңіл бөліну керек.

  23. Айгүл

    Жұмыс ұнады. Қазіргі заман талабына сай. Салауатты өмірге бейімдеу мақсатында таптырмас дүние болмақ. Жарайсыз!

  24. Гулжайна

    Қазіргі кезде өзекті мәселе — балалар денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын ерте кезден қалыптастыруда аталмыш ертеңгіліктер маңызды екені анық

  25. Әлибек

    Ең өзекті тақырыпты қозғаған екенсіз.Еңбегіңіз жаңа берсін .рахмет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ