Таза ауадағы қысқы ойындар

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. 5.02.2017 жыл

Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Таза ауадағы қысқы ойындар.

Мақсаты: Таза ауада ойнатылатын қысқы ойындар мен таныстыру. Шапшаңдық пен ептілікті дамыту.Ойын ережесімен таныстыру және оларды орындауға жаттықтыру; жүру түрлерін жаттықтыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Жалаушалар, шаңғылар.

Әдіс-тәсілдері: Жүру түрлері, жүгіру, ойын іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс -әрекеті.

Балалардың іс – әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық. Алдымен балалар шаттық шеңберін жасады, бір – біріне ыстық ықыласын білдірді. Жалпы дамыту жаттығуларын жасаудан бастады.

қысқы ойындар1.Бір қатар тізбекке тұру. 2. Алаңды айналып жүру. 3.Аяқты қиюластыра жүру (сол аяқты оң аяқтың алдына қою, оң аяқты сол аяқтың алдында қою), әрбір қадам жасаған сайын алға қарай иілу. 4. Қолдарды екі жаққа созып, тізені жоғары көтеріп және қолды төмен ұстап жүру.

5. Жүру, жүгіру, жүру (іс-әрекеттерді алмастырып отырады) Педагогтің нұсқауын орындайды, жаттығуларды қайталайды. Ұйымдастырушы –іздестіру.Негізгі дамыту жаттығуларын үйренді. 1.Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: аяқтарды иық деңгейінде қою, шығыршықты оң қолмен ұстау. Қолды алға қарай созып, түзу стау, шығыршықты екінші қолға ауыстыру, қолдарды төмен түсіру. Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршықты екі қолмен кеуде тұсында ұстау. Отырып, шығыршықты еденге қойып, тіктеліп, қолды артқа жіберу, шығыршықты қолға алып, бастапқы қалыпқа келу. Б.қ: аяқтың ұшымен отыру, шығыршықты екі қолмен ұстау. Орындарынан тұрып, шығыршықты бастан асырып көтеру, бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршық арқылы секіру. 2. «Шеңбер ішіне дәлдеп лақтыр» ойыны. 3. «Кім бірінші?» ойыны. 4. «Хоккей» ойыны. Жаңа оқу іс-әрекетін түсінді. Жаттығуларды өз бетінше орындады. Ойынға белсене қатысады.

Ойын барысында бірін-бірі итермей, ойын шартын бұзбауға тырысады. Ойын балаларды шымыр, төзімді болуға тәрбиеледі. Дене қозғалысын арттырды. Рефлексивті түзетушілік

Бүгінгі оқі іс-әрекеті ұнады ма? Ұнады. Несімен қызықты болды? Қызықты ойындар ойнадық.

Даладан нені көрдік? Қарды? Қардың түсі қандай? Ақ, ол суық, қолға ұстағанда еріп кетеді. Біз таза ауада серуендедік. Шаңғымен сырғанап жүрген сияқты жүру. Сырғанап жүріп, тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Күтілетін нәтижелер: Орындайды: таза ауада ойнатылатын қысқы ойындарды;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінен орындай білушарттарын;

Қолданады: ойын ережесімен таныстырып және оларды орындау дағдысын.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер27
  1. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Осыларды озим серуенде колданбасам

    1. Анар Жауышева

      Қолдануға болатын ойындар көп екен.тамаша?

  2. пернекул

    таза ауа бала болсын ересек болсын пайдасы зор.

  3. Бекмолда Айгерім

    Таза ауада балаларға қысқы ойындар ойнату бала денсаулығын арттырып қана қоймай,көңіл күйлерін де көтеретіні сөзсіз.

  4. Алина

    Қар мен ойын өте жақсы құрылған.

  5. Айгерім

    Балаларды таза ауада серуендеткен жақсы. Әсіресе қыс мезгілдерінде.

  6. Гульнур

    Таза ауаның денсаулыққа пайдасы өте зор. Керемет ұйымдастырылған екен.

  7. Назира

    балаларды қыс ауасымен таныстырып,ойын ойнау балаларға қызықты болады, қыстың таза ауасыда балаларға өте пайдалы

  8. Акерке

    сабақта көрсетілген қысқы ойын түрлеріне рахмет, керек дүние екен

  9. Мақпал

    қысқы табиғатты тамашалау, жаттығулар жасау балалар үшін өте пайдалы.Еркетай сайтына рахмет.

  10. Асем

    керемет қыста да таза ауаға шығып, денені миды тынықтыру қажет, керемет енді іш пыспас

  11. Алтынай

    Негізі кыскы ойын түрлері аз, мына жерде қызықты ойын түрлері бар екен. Рахмет Енбектеринизге

  12. Жаннұр

    Жақсы ойындар бар екен, толықтырып картотека сияқты жасап, қолдануға болады. Рақмет

  13. Айгуль

    Негізі кыскы ойын түрлері аз, мына жерде қызықты ойын түрлері бар екен. Рахмет Енбектеринизге
    Тағы да басқа ақпараттар кутемиз

  14. Айгуль

    Негізі кыскы ойын түрлері аз, мына жерде қызықты ойын түрлері бар екен. Рахмет Енбектеринизге

  15. Айгуль

    Негізі кыскы ойын түрлері аз, мына жерде қызықты ойын түрлері бар екен.

  16. Ақбота

    балаларды қыс ауасымен таныстырып,ойын ойнау балаларға қызықты болады, қыстың таза ауасыда балаларға өте пайдалы

  17. Жанна

    өзім балабақшада балаларды тек жаңбыр немесе қар жауғанда шығармаймын,ал қалған уақытта таза ауада серуендеп ,ойнатқан өте пайдалы іс,ойындар жақсы жазылған,тағы толықтыруға болады,рахмет

  18. Бағдагүл

    Таза ауада өткізуге жақсы құрылған сабақ екен. Әсіресе, қармен ойнау-балаға ең ұнайтын ойын.

  19. Айгүл

    Денсаулықты сақтап, күту үшін таза ауаның пайдасы мол. Таза ауада өткізуге жақсы құрылған сабақ екен. Әсіресе, қармен ойнау-балаға ең ұнайтын ойын.

  20. Асемгул

    Дамыту жаттығулары жақсы

    1. Анар Жауышева

      Ойындар керемет екен.тамаша?

  21. Бағила

    Балалардың дұрыс ойлау қабілеті дамуына таза ауаның пайдасы өте мол. Уақытылы таза ауада қармен ойнау арқылы шапшаңдық пен ептілікке дамытқан !

  22. Ырыс

    Баланың шымыр болып өсуіне оның ойындарының әсері мол ал ол таза ауада болса тіптен жақсы берген мәліметке рахмет!

  23. салтанат

    балалардың таза ауадағы серуендері өте тамаша ұйымдастырылған.Таза ауа денсаулыққа өте пайдалы.Көп рахмет

  24. Гүлмира Әлібекқызы

    Таза ауадағы ойындар балаларға өте қызықты ұйымдастырылған. Балаларға қимылды ойындар денсаулықтарына падасы көп. Осындай ойындарды оқу қызметтерінде пайдалану өте тиімді.

    1. Тоқтасынқызы Альбина

      Бала таза ауа арқылы өседі. Баланы тәрбиеші төрт жыл мезгілі бойынша далаға шығарып тұрады. Таза ауадағы ойындарды өте қызықты ұйымдастырып шығару керек. Мысалы қыс мезгілінде бала ақала жасап, қар күретіп, т.б. көрсету керек. Бала әр жыл мезілін көріп тамсанып таңырқап, қарап тұрып қалады. Әр жыл мезгілінің ерекшілігін, ерекше түсіндіріп айтып отыру керек. Табиғиты аяулға үйрету керек.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ