Қоршаған ортамен танысу

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетi: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Бізге көктем келді (табиғатқа саяхат)

Мақсаты: Балалардың табиғатта көктeмде болатын өзгерістер туралы түсінігін кеңейту. Балаларға көктем мезгілінің,ауа райының, адамдардың киімдeрінде қарапaйым табиғи өзгерістерді байқaуға үйрету. Қоршаған әлемнің әдемілігі мен оған деген қамқорлық қарым-қатынасқа байлaнысты мейірімді сезімдерді,құмaрлықты,әуeстікті тәрбиелеу.Балаларға табиғат пен ауа райын бақылау нәтижелерін тілдік сөйлеу арқылы жеткізуін үйрету. Көрнекілігі: көктем көрінісі бейнеленген суреттер. Қолданылатын әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап Сөздік жұмыс: бәйшешек. Билингвальды компонент: көктем белгісі- примета весны, қарлығаш- ласточка

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

MMМотивациялық қозғаушылық Балалар амандасады, шеңберге тұрады Ұйымдастырушы-іздестіру. Рефлексивті- коррекциялаушы -Балалар мына бір тамаша әуенді тыңдап, бір-бірімізге күлімсірейік. Бүгін күн ашық, жылы екен. Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн! Қуаныштарын көрсетеді. Релаксация сәті («көктем үні» үнтаспадан ойналады). Балалар бәріміз таза ауада табиғатқа саяхат жасаймыз. Жаңа оқу іс-әрекеті: «Бізге көктем келді(табиғатқа саяхат)» тақырыбында танысамыз.Табиғатқа саяхатқа шығамыз. Жаңа оқу іс-әрекетін түсінеді Білімді өзектендіру. –Балалар қараңдаршы, мен табиғатта қандай фотосурет жасап келдім. Неге дала өзгеріп кеткен? Қалың қар қайда кеткен? –Шынымен де қар еріп кеткен. Қазір қай жыл мезгілі? Осы суреттерді айналадағы табиғаттан көре аламыз ба? (әңгімелесу) 2.Көктем және оның белгілері туралы әңгіме. Билингвальды компонент: көктем белгісі- примета весны, қарлығаш- ласточка «Көктем» түсіндіру, Бәйшeшек-қар астында қылқиып шығатын көктемнің алғашқы гүлі. «Ән: «Көктем келді» Жұмбақ шешу Қaр aстында қыстады, Ақпен бөркiн тыстaды. (Бәйшешек) Мына алдымызда тұрған бәйшешектер. Бәйшешек (үнтаспадан) : Мен көктeмнің алғашқы гүлі – бәйшeшeкпін. Мен дoстықты жақсы көрeмін. Осы жeрге сендердің ән айтып, көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер мeнімен дос бoласыңдар ма? — Иә! Онда бәріміз қосылып би билейік, «Бәйшешектер» биі. (балалар билейді). Балалар , бізге көктем жаршысы-жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі-қарлығаш. (аспанда ұшып жүрген қарлығашты көрсетемін.) Ол әлeмге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктeмнің алғашқы гүлдерін жинап, қoржынына сaлып бeрeйік.

«Құстaр –біздің досымыз» ой шақыру. Табиғaт аясында ойын: Ақсүйeк» Сұрaқ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. Сұрақтaрға жауап береді. Бір- бірінің жауaптарын тыңдайды. Күтілетін нәтиже: Орындайды: Көктeм ерекшеліктерін анықтауға арналған тапсырманы. Түсінеді: көктем мезгілінде болатын табиғат құбылыстары туралы мәліметті. Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпарaтты талдау білу дағдыларын.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. Анар Жауышева

    Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.

  2. Надира

    ҰОҚ мағналыда,алар нарсе көп екен

  3. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Осы сабакты балалардын бойларына синеди деген ойдамын

  4. ЖАДЫРА

    Шығармашылық табыс тілеймін

  5. Тоқтасынқызы Альбина

    Жаңа туған баланы қоршаған ортамен таныстырады. Баланы қоршаған ортамен таныстыру барсында тәрбиеші балаға, табиғаттың құбылысын, жыл мезгілінде не болатынын, нақты түсіндіру керек. Табиғат біздің анамыз, табиғатты аяулау сендердің қолдарыңда деу керек. Табиғаты бала сүйуге үйрету, тәрбиелеу керек.

  6. Құндызай

    Өте ауқымды,ұқыпты жұмыс екен.Табиғатты қорғау қадағалау біздің парызымз

  7. Алтынай

    Өте жақсы,коршаған орта аналамыздағы ұшып жүрген құстар мен тіршілік иелері біздің достармыз

  8. Гульзира

    Оқу іс əрекетінің құрылымы жақсы.Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы балаларға жақсы ақпарат берілген

  9. Жаннұр

    Ауа райын бақылау, құстар мен тіршілік иелері туралы мағлұмат жақсы берілген, балаға түсінікті және оңай екен. Жоспар жақсы құрылған.

  10. Гулмира

    Оте жаксы уйымдастырылган сабак жоспары ушин рахмет. Озиме пайдалы акпарат алдым

  11. Кулаш Ергазиева

    қоршаған орта аналамыздағы ұшып жүрген құстар мен тіршілік иелері біздің достармыз

  12. Акнур

    Сабак жоспары ушин рахмет, шышармашылык табыс тилеймин

  13. Бағила

    Көктем мезгіліндегі ауа — райының басқа мезгілдерден ерекшелігін және өзгерістерін байқауға үйрету.Сабағыныз өте жақсы. Сізге денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін

  14. Гулжазира

    Рахмет Әлия!

  15. Әлия

    Жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілеймін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ