Бала тілі –бал!!!

Мақсаты:  Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты

ел екендігін мақтан етуге , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін бала тілімен жеткізу, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, Отан  туралы суреттер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: балалар шеңбер болып отырады. Содан соң бір-біріне жақсылық тілейді.

-Қайырлы таң балалар!

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң ұстазым

Қайырлы таң достарым!!!

— балалар біз осы қайда отырмыз?

— мектепте

— мектептен не үйренеміз?

-оқу, жазу, сурет салу

—  Олай болса МЕКТЕП туралы тақпақ айтайық

Мектебім айтар әнім

Сан рет қайталадым

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе  қайтармын.

Махат:       Сәлем   саған мектебім

Алғыстарым көп менің

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің

Мансұр:    Біз балдырған тең басқан

Дос  құшағын елге ашқан

Бір қалада тұрамыз

Бір мектепке барамыз

Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?

— қазір қай мезгіл?

— КҮЗ

ХОРМЕН:  Алын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Ән: ҚОШАҚАН

Тәрбиеші:           СЛАЙД ОТАН

— Балалар, Отан дегеніміз не?

— Біз қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

Өзіміз тұратын мекенді  тағы қалай атауға болады?

— Отан, Атамекен, Туған жер…

— бәйтереке қай қалада  орналасқан?

— Астана

Тақпақ айту:

Ділназ :     Отан жерім, отан-суым

Отан-қуат, Отан нәр

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденер

Аделя:       Алтын ұяң-Отан қымбат

Құт-берекең-атаң қымбат

Аймалайтын –анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат

Ұят пенен ар қымбат 

ӘН: Менің Отаным

Отан- менің ата-анам

Отан -досым бауырым

Отан- өлкем астанам

Отан- туған ауылым!

Отан-тарих, Отан-тіл

Жасаған елім, өз халқым

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

—   Білетін ертегіден көрініс көрсету. «ШАЛҚАН» ертегісі қойылады.

Туымыздың түсі қандай? –көгілдір. Көгілдір түс нені білдіреді-бейбітшілікті, аспанымыз ашық болып, ешқашан соғыс болмасын дегенді білдіреді екен.

-Туымыз әрқашанда қайда ілініп тұрады?

Хормен   : Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Елтаңбаның түсі қандай: сары-алтын түстес.байлықты білдіреді екен.ортасында не деген жазу бар? Қазақстан

Қазақстан Республикасының Президенті   кім?   Н.Ә.Назарбаев

СЛАЙД:    Сендер ҚР Рәміздерін білесіңдерме? Қане, кім айтып береді?

Ту,Елтаңба, Әнұран

Равиль : Рәміздерім-елдігімнің белгісі

Білу керек-бала-дағы ең кіші

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Әнұран айту: 

Анель:                            Мақал-мәтел

Туған жердей-жер болмас

Туған елдей-ел болмас

Отан оттанда ыстық

Бірлік болмай, тірлік болмас

ӘН: Домбыра  орындайтын Сәдібекова Айзат 

Слайд: « Бауырсақ» ертегісін айту:  Ділназ

Балалар, бүгін біз не туралы тақпақ, ән айттық. Отан, Астана, Елбасы, мектеп

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Рахмет

БИ: ҚАРА ЖОРҒА 

Пікірлер16
  1. Ainur

    Бала-бақша балаларымен жұмыс істеу оңай емес

  2. Айна

    Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдері енді дамып жетіліп, келе жатқанда мақал мәтелдер, жұмбақтар,ертегілер, балалардың қол маторикасымен және сөйлеу арқылы дамиды

  3. Бекмолда Айгерім

    Меніңше мақсатын тағы толықтыру керек деп ойлаймын.Жұмыс өте сауатты жазылған.Маған ұнады

  4. Тоқтасынқызы Альбина

    Бала құдайдың сиы. Бала ата ананың болашағы. Баланың әр қылығы сөйлеуі тәтті. Баланы еркін сөйлетуге тырысу керек. Баланың тілі ойын үстінде және тақпақ, жаңылтпаш, мақал — мәтел жаттау арқылы дамиды. Балаға көп ертегі айту керек.

  5. Эльвира

    Іс-шара құрылымы өте жақсы екен.Балалардың ертегіні өздері сомдағаны қай жаста болсада жақсы ғой.Керемет алуға болатын дүние

  6. Құндызай

    Кішкентай сәбилеріміздің алғашқы шыққан сөздері,қылықтары өте ерекше көзге ыстық болып көрінеді

  7. Гульнур

    Келешек ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу — әр ұстаздың міндеті. Осы мақсатта өткізуге тұрарлық сабақ екен.

  8. Гаухар

    баланың тілін дамыту үшін көп тақпақтар берілген жақсы, баланың тілі ойын үстінде және тақпақ, жаңылтпаш, мақал — мәтел жаттау арқылы дамиды. керемет

  9. Гульзира

    Отан оттанда ыстық!Балаға осы мақалдың түбіндегі қандай мағына жатқанын ашып түсіндіруміз,ұғындырумыз қажет

  10. Айгерим Тогисова

    Отан — тал бесіктен басталады. Отан ұғымын балаларға сіңіру — өз елін сүюге тәрбиелеу

  11. Гулмира

    Патриоттык такпактар оте керемет, тили женил екен. Балаларга тили женил патриоттык такпактарды жариялаганынызга рахмет. Маган оте катты унады. Такпактарды жазып алдым, балаларга жаттаткызатын боламын

  12. Айгуль

    Тақпақтар жаттатып, елдің патриот азаматтарын осирип жатырсыз

  13. САМАЛ

    Ересектермен салыстырғанда балалардың көзімен өмір қызықты, әрі өте қарапайым. Баланың тілі бал болатыны рас екен-ау.

  14. Айгүл

    Балаларымыз елін,жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар болсын! жарайсыз!

  15. Бағила

    Кешіріңіз мақсатын оқи отырып мақсаты неге толық аяқталмағанын сұрайын деп едім?
    Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін дамытып, болашақта осы сәбилерден елін басқарар азаматтар мен азаматшалар көбиуіне тілектеспіз.

  16. Куралай

    кішкентай бүлдіршіндеріміздің кішкентай кезінен бастап Отанын сүюге,елін сүюге, жерін сүюге тәрбиелеу.Өзінің рәмізін,туын білген бүлдіршіннен болашақта ұлы істер күтуге болады, сабақтарыңызға мың рахмет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ