Ертегілер еліне саяхат

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, МКҚК «Алтын дән» балабақшасы, Инсебаева Роза Кемелбаевна, аға тәрбиеші.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»
Бөлім: Тіл дамыту, Көркем әдебиет, Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: «Үйшік» және «Шалқан» ертегілерін рөлдерге бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын байыту, тілдік, дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың өз бетінше ойлап, әр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін ажырата білуге үйрету, ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Достыққа адал болуға, мейірімділікке баулу.

Әдіс –тәсілдер: Сұрақ-жауап, ертегіні сахналау, ертегі кейіпкерлерін сипаттау, мадақтау
Сөздік жұмыс: тықырлауық, бақылдауық т.б
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Армысың алтын күн!
Армысың Жер – ана!
Армысың көк аспан,
Күліп шықты күн бүгін!
Тәрбиеші: — Балалар,

Ертегі — ерекше жанр.Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам сияқты нәрселер істей алуы мүмкін.
– сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар. Қазір ертегіні қалай көп білетіндеріңді тексерейін.
*Кемпір қаптың түбін қағып, шалға не пісіріп береді?
*Бала көшеге шыға беріп кімді шақыратынын ұмытып қалады…..
*Жоқ, жоқ қанша батыл болсам да ыстық суды ішу қолымнан келмес – дейді жолбарыс……….
*Бұрыштан жүгіріп шыққан тышқан жұмыртқаны сындырып тастайды…..
*Мө –мө дейді сиыр тұмсығын көтеріп, қарным аш жасыл жапырақ болса, сүт берер едім………..
Тәрбиеші: Тамаша, білімдеріңді көрсеттіңдер.Ал сендер осы ертегілердің кейіпкерлері болғыларың келеме? Бүгін барлықтарың «Күншуақ» театрының әртістері боласыңдар. — Іске сәт!
(Орындыққа жайғасады). Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталап, көңіл – күй сыйлайды.

«Үйшік» және «Шалқан» ертегілерін рөлдерге бөліп ойнату.Балалар ертегінің атын және кейіпкерлерін атап береді.
— Бауырсақ
— Қайырымды қоян
— Тапқыр қоян
— Шұбар тауық
— Мақта қыз бен мысық
Балалар қуана келіседі.
Ұйымдастыру-іздестіру Негізгі бөлім.
Балалардың ертегі мазмұнын бұзбай, рөлдерді дұрыс ойнауларын қадағалау.

Тәрбиеші балаларға «Шалқан» ертегісін үстел – үсті театры арқылы көрсетуді ұсынады. Б.Мариям:
Сәлем балғын балалар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аңдар жайлы ертегі,
Сендерге сыр шертеді.
Ертегіні ең қызық

Сахнаға енгіздік
Баяндайды көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.
С. Сұлтан:
«Үйшік» ертегісін қабыл алыңыздар.

Балалар «Үйшік» ертегісін сахналайды.
Ж.Мариям:
«Үйшік» ертегісінде рөлдерде ойнаған балаларды таныстырып өтеді. Балалар рөлдерді өзара бөлісіп ертегіні көрсетеді.
Тәрбиешінің көмегімен көлеңке театры арқылы әртүрлі жануарлар мен құс, жәндіктердің бейнелерін қолдарымен көрсетеді.

Рефлексивті – түзетушілік Сабақты қорытындылау:
Бүгін сабақта не істедік?
Кімнің тапсырмасын орындадық?
Ханшайым нені жоғалтып алыпты?
Қандай дыбыстар бар екен?
Буынға бөлдік, жарайсыңдар, сауат ашу сабағы аяқталды, білімдеріңді көрсете білдіңдер!!!
Балаларға сыйлықтар тапсырылып, жақсы қатысқандары үшін алғыс білдіреді.
— Сөздерге дыбыстық талдау жасадық.
— Білім
Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Күтілетін нәтиже: Жалпы сабақтың мазмұнын түсіне білулері:
Біледі: сөздерге дыбыстық талдау жасауды, әріптердің баспа және жазба түрлері таңбалары туралы:
Игереді: «Сөз», «дыбыс», «буын» және «дауысты және дауыссыз дыбыстар» туралы білімдерін бекіту
Қолданады:
— дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс атауды;

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер56
  1. Зульфия

    балаға жатар алдында дұрыс мән-мағынасы бар ертегі оқу, қазақи салт-дәстүрмен ұштасқан ертегі оқып беру балаға тікелей тәрбиесне дамуына әсер етеді.

  2. Аягоз

    Жақсы, балаларға өте қызықты материал

  3. Назира

    Ертегі баланың ойлау қабілетін ,қиялын дамытады.

  4. Анар Жауышева

    Ертегі балаға ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға өте қолайлы.өте жақсы жазылған.Балаларға рөлдік көрініс ретінде қою өте пайдалы деп ойлаймын.тех картаға көп рахмет.

  5. Асем

    Ертегіні кейіпкерлерге бөліп ойнату өте қызықты болады балаларға. Балалар бар ынталарын салып, қызығушылықтары артып өте жақсы қабылдайды.

  6. Надира

    Керек заттың бәрі табылуда,іздегенім табылғанына қуаныштымын.Еркетай алға әрқашанда

  7. Инкарим

    Балалық шақ — қиял ғажайып әлемі… Әрбір бала сәби шағында неше түрлі ғажайыптарға сенеді, ал ертегі олардың сенімдерін арттырады.

  8. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Унады керемет жазылған дүние

  9. ЖАДЫРА

    Балабақшада ертегілер жанр білген дұрыс сабақты ашып тұр балаларға түсінікті етілген

  10. Бекмолда Айгерім

    Ұйымдастырылған оқу қызметі өте жақсы жазылған.Балаларға түсінікті.Ең бастысы тәрбиеші өзіне не керек екенін біледі.

  11. Әубәкір Диана Жеңісқызы

    Ертегілер балалардың сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабылетін дамыта түседі. Ертегі қойар уақытында балаларды дұрыс рөлге бөлу керек және дұрыс ертегілер та

  12. Тоқтасынқызы Альбина

    Ауыз әдебиетінен алынған, қиял ғажайып ертегілер. Ертегілер арқылы әжелеріміз, аталарымыз тәлім тәрбиеге үйреткен. Ертегі тыңдап өскен балалар ойлау сөйлеу мәнерлері ерекше болады. Ертегідегі кейіпкерлер арқылы балалар сондай болғысы келеді. Ертегілер балалардың сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабылетін дамыта түседі. Ертегі қойар уақытында балаларды дұрыс рөлге бөлу керек және дұрыс ертегілер таңдай білу керек.

  13. Алина

    Жақсы материал екен. Маған ұнады

  14. Арай

    жалпы өзіміз ертегілермен өстік қой.Балабақша балаларына рөлге бөліп орындату олда еңбек.

  15. Айдана

    Ертегілер тақырыбы балалар үшін өте қызықты. ҰОҚнен аларым көп болды!

  16. Нағима

    Мен өзіме кіріктірілген оқу қызметтерін ұнайды. Бірақ қолданады дегенді менімше бас жағына жазу керек еді. Ал былай жақсы.

  17. Айгерим

    Қызықты ертегі. Барлығын байыппен, кезекпен дұрыс құрастырыпты. Жарайсыз, сіздің ертегіңізді балаларға оқып беремін міндетті түрде❤️

  18. Құралай

    Балалар ертегі десе өте қызыға тыңдайды. Сабақ жоспарының құрылымы өте жақсы құрылыпты

  19. Куралай

    Керемет сабақтар, балаларды қоршаған ортаға бейімдеуге ықпал етеді, ертегі бала қиялын дамытуға көмектеседі. Сөздік қорын байытады.

  20. Айгерім

    Ертегі-ауыз әдебиетінің мұрасы. Қазақ халқымыз ертеден өз балаларына тәрбиені әңгіме, жыр, ертегілер арқылы берген.

  21. Салима

    Балалардың сөздік қорын байыту, тілдерін, ой өрісін дамыту, қызығушылықтарын арттыру өте керемет.

  22. Бибигуль

    Сабақ ертегі желісі бойынша жақсы құрастырылған. Әдіс-тәсілдері, ертегіні сахналау, ертегі кейіпкерлерін сипаттау жақсы көрсетілген. Өте керемет түсіндірілген.

  23. Райгул

    Сабақ құрылымы өте жақсы.Балалардың өз бетінше ойлап, әр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін ажырата білуге, ертегіге деген қызығушылығын арттырады.

  24. Алма

    Ертегінің мазмұны өте жақсы, ұнады. Жалпы ертегі баланың ойлау және сөйлеу қабілет дамытады.

  25. Акерке

    Ертегі арқылы балаларға бірнеше асыл қасиеттерді үйретуге болады. Мақалада рөлдерге бөлу жақсы қамтылған екен; керегімді алдым.

  26. Гаухар

    Ертегі тыңдап өскен баланың ойы жүйрік болады. Баланың ойлау қабілеті дамып, қиялы ұшқыр болады.

  27. Еңлік

    Балалардың тілін,сөздік қорларын,іс-қимылын дамыту ,дәл осы ойындар кезінде ғой. Баланы ертегімен сусындатып,жақсы жаманын ажыратып,рөлге еніп сахналату ең үлкен шаруа. Сіздердің сценарий бойынша бәрі нақты,әрі түсінікті.Рахмет

  28. Жанерке

    Біршама ертегілер қамтылған, өте қызықты етіп құрастылырған

  29. Асем

    ертегі бала өмірінде үлкен орын алады, сол арқылы эмоциалых интеллект, ақыл ой өрісі дамиды

  30. Перизат

    Ертегінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Ертегі бала қиялын дамытуға көмектеседі. Сөздік қорын байытады,бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайтады, адамгершілік сезімдерін түсінуге көмектеседі.

  31. Алтынай

    Балалардың қызығушылығын арттыра отырып ,рольмен әр түрлі тәсілмен ертегі айтылады екен

  32. ғазиза

    катты унады такырып та кенінен айтылган

  33. Roza

    бала ертегі арқылы көп нәрсе үйренеді

  34. Сауле

    Балалардың қызығушылығын арттыра отырып ,рольмен әр түрлі тәсілмен ертегі айтылады екен .

  35. Гульзира

    Ертегі тыңдау жəне сол ертегідегі кейіпкерлерді сомдау балалардың ойлау қабілетіне,іскерлік дамуы жағынан көмегі зор

  36. Оразамбаева Айжан

    Сабақтың құрылымы маған ұнады. Ертегі айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйретеді. Көркем тілдік және орындау қабілеттерін дамыту, әуен ырғағына сай қимыл-қозғалыстар келтіре білу.

  37. Оразамбаева Айжан

    Осындай құрылымдық сабақтар балаларды қоршаған ортаға бейімдеуге ықпал етеді, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттырады.

  38. Алтынгуль

    Ертегі желісімен жақсы құрылған. Маған ұнады

  39. Беспаева Айнаш

    Әдіс-тәсілдері, ертегіні сахналау, ертегі кейіпкерлерін сипаттау жақсы көрсетілген. Өте керемет түсіндірілген.

  40. Балкерим

    Маған ұнады тақырыбы да, беретін тәрбиесі де жақсы материал екен.

  41. Айгуль

    Ертегілер саххналау балалар тилин дамытудагы жақсы құрал екенін корсеттиниз

  42. Алия

    Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге уйрететин ертеги деп ойлаймын коп рахмет сизге

  43. Майра

    Керемет сабак жоспары

  44. Жанна

    балабақшада балаларды ертегімен көп үйретеді, тәрбиешімен баланың арасында қарым_қатынас нығайтылады

  45. Айгүл

    ертегі арқыры баланың ой-өрісін кеңейтеміз. Осындай материалдар арқылы

  46. Алия

    ертеги мазмұны тамаша. Ертегі өте қатты ұнады.

  47. Диана

    Маған ұнады тақырыбы да, беретін тәрбиесі де жақсы материал екен

  48. Гулзат

    балаға ертегімен өсірген өте дұрыс. Менің есімде кішкентай кезімде Әкем Синилим екеумізге 1 ертегі айтып беретін Сол ертегі әлі есімде. Сонда ойлаймын ертегі айту ертегі тыңдау баланың есте сақтау қабілетін дамыттынын.

  49. Гулмира

    технологиялық карта жақсы жазылыпты маған ұнады сабаққа пайдалануға болады екен

  50. Айсулу

    Балаларға рөлге бөлген дұрыс балалармен қарым-қатынас жасап үйренеді мінезі тұйық бала ашылады жаңа қырынан таңылады

  51. Акнур

    Менин издеп жургеним де осындай сабак жоспарлары ели. Коп Рахмет. Озимнин отетин ашык сабагыма колданатын бираз дуниелерди таптым

  52. Айгүл

    Ертегілер-баланың сана-сезімін, ақыл-ойын, сөздік қорларын дамытуға өте қажетті дүниелер. Сондықтан мен өз сабақтарымда ертегілерді жиі қолданамын.

  53. АРАЙЛЫМ

    Ертегі баланың ойлауын ақылын, ең бастысы тілін дамытады. Кейіпкерлерді ойнау, оның дауыс ырғағын келтіру баламен жұмыс жасаудың ең қажетті жолы

  54. Айгерим

    ертеги мазмұны тамаша.Достыққа адал болуға, мейірімділікке баулу.

  55. Айгерим

    ертегі балалардың сөздік қорын молайтып шығармашылық қабілетін дамытады. сабақ жоспары оте керемет құрылыпты.

  56. Гулжайна

    Осындай құрылымды сабақтарда рөлдерге бөліп ойнату арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді. Балалардың өз бетінше ойлап, әр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін ажырата білуге үйретеді, ертегіге деген қызығушылығын арттырады. Осындайшаралар шын мәнінде кұнделікті жүргізіліп отырса, өте жақсы болар еді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ