Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балабақша

 

Ата-ананың баламен қарым-қатынасын нығайту


Сабақ мақсаты:

Білімділік: балаларға қарым-қатынастарды жақсарту нәтижесінде түрлі сезімдерді игеру;

Дамытушылық: ата-аналарды балаларына түсіністікпен қарауға үйрету, өз ойларын еркін жеткізуге, сенімді сөндірмей, үмітті жаға білуге жетелеу;

Тәрбиелік: мейірімділікпен, қайырымдылыққа баулу. Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, әділдік пен адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: семинар-тренинг.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс, ойындар, сыйлық сыйлау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөзі:

Өз отбасымызда біз балаларымызбен күнделікті қарапайым мейірімге толы қарым-қатынас арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Сол қарапайым сөздер балаңызды адал, нағыз азамат етіп тәрбиелеуге жетелейді. Ал жанға жағымсыз ауыр сөздер баланың жанын күйзелтіп қана қоймай денсаулығна да зиян екенін ғалымдар дәлелдеген.

ata-ananin-balamen-karim-katnasin-nigaituМысал: Сіз балаңызды ренжітіп, өкпелетіп жібердіңіз дейік.

Ата-анаға деген реніш пайда болады. Бала психикасына, психологиясына кері әсер етеді.

Осындай ата-анамен бала арасындағы түсініспеушіліктен балада қорқыныш, үрей сезімдері пайда болады. Көп қорыққан балада қорқыныш туады.

Стрестік жағдайлар. Жүйке-жүйесіне салмақ түседі.Осы жағдайдың алдын алу үшін баланың жан дүниесін жылытатын сөздерді қолданайық.

Уақыт-балаңызбен бірге болу (өзара пікір алмасу, сезім сырларын аша бөлісу)

Жанасу-қолын жұмсақ алақанмен қысу, аялау, арқадан қағу, құшақтау.

Көмек- ата-ананың балаға деген шексіз көрсетер көмегі.

Сыйлық- бұл жоспарланбаған, тосыннан қуаныш сыйлау.

Марапат- балаға жан жүрегіңізден шыққан ең жылы сөздер айту, еркелету.

Енді біздің тренинг сабағымыздың қағидаларына тоқталайық:

Кешікпеу; Белсенділік; Өз ойын еркін жеткізу; Ой қозғау, ой жалғау; Қарым-қатынастың басым болуы; Кедергі келтірмеу; Басынан бастап соңына дейін осы топтағы қағидаларды қабылдадық деген белгі ретінде қол шапалақтайық.

Тренинг жаттығулары:

1. «Танысу» мұндағы мақсат өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғаның даму тәсілдерін таба білу. Ата-аналар шеңбер бойына отырады.Әр ата-ана кезекпен өз есімін атайды.Бала тәрбиесіндегі ең басты деп саналатын үш қасиетті атайды.

2. «Ғажайып арман алма талы» мұндағы мақсат: ата-ананың, отбасы татулығын, бірлігін қалыптастыруда жауапкершілігін арттыру. Орындарыңыздан тұрып, көздеріңізді жұмып төбелеріңізде кемпірқосақ бар деп елестетіп, терең тыныс алып, кемпірқосаққа жетуге тырысыңыздар.

Бірнеше рет қайталаймыз мына сөзді:

3. «Мен-бақытты ата-анамын». «Мен-ақылды ата-анамын». «Мен отбасымның қамын көп ойлаймын». «Мен-үлгілі отбасымын». «Мен өзіме сенемін». «Менің қолымнан бәрі де келеді». «Мен қуаныштымын» Демді сыртқа шығарыңдар осы кезде таудан төмен түсіп келе жатқандарыңызды елестетіңіздер.

Ойынға қатысушы ата-аналар бала тәрбиелеуде баламен қарым- қатынас барысында «Мен-жақсы ата-анамын» тақырыбында хат жазады. Хат иесінің есімін атамай хаттарды оқимыз. Шеңбер бойынша хаттарға талдау жасалынады.

4. «Жүректен жүрекке». «Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер», т.с.с.

Әр ата-ана баласын өте жақсы көргенде айтып еркелететін сөздерін таратып берілген жүрекшелерге толтырулары керек.

5. Жаттығу «Тілек шоғы», Бір-біріне жылы қарым-қатынаста болу мақсатында бүгінгі сабақ қорытындысы ретінде бала тәрбиесіне қатысты, бір-біріне жылы тілектер тілеу, жүрекшеге ілу, жылы лебізімізбен, жақсы тілегімізді тарту етейік,- деп бір-бірімізбен бала тәрбиесі туралы жылы қарым-қатынаста болдық

Қорытынды.

Мақала авторы: Кажикова Айсулу Тулеутемировна

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жабайы аңдар
  • Балабақша мен отбасы арасында жұмысты ұйымдастырудың жаңаша бағыттары
  • Өз ойым
  • Ардақты анашым
  • Ата-анамен жұмыс

комментария 17 Пікір қосу

  • Нұрсипәт Аяулым Олжақызы 02.01.2022 в 11:37

    Осы такырыпты издеп едим таптым рахмет!

    Ответить
  • Тоқтасынқызы Альбина 08.12.2021 в 23:28

    Ата анамен баланың қарым қатынасы тым жақын болу керек. Бала әке шешесінің мойнына барып асылып, бәрін айту керек. Баламен психолог жұмыс жасау керек. Ата ана баланың арманын тыңдап, қолдау көрсету керек. Ата ана балаға қамқорлығын барынша беру керек. Мейірімді болған сайын бала адал болады.

    Ответить
  • Айгерім 14.09.2021 в 09:15

    Ата-аналарға арналған жақсф кеңестер. Көптеген ата-аналар баламен қандай қарым қатынаста болу керектігін білмейді.

    Ответить
  • Назира 18.08.2021 в 14:02

    Қазіргі кездегі ең маңызды мәселе,баламен қарым қатынас.Өкінішке орай ол өз деңгейінде емес болып тұр.Өте жақсы тақырып.

    Ответить
  • Меруерт 11.08.2021 в 23:04

    Әр бала ата-анасының жылулығын күтеді. ал үлкендер күйбін тіршілікпен көп көңіл бөле алмай жатамыз.

    Ответить
  • Мақпал 25.07.2021 в 16:09

    өте жақсы айтылыпты. Ата ананың бала алдындағы жауапкершілігі өте жоғары

    Ответить
  • Алтынай 23.04.2021 в 18:26

    Маған ұнады Қазіргі кездегі ең маңызды мәселе,баламен қарым қатынас.Өкінішке орай ол өз деңгейінде емес болып тұр.Өте жақсы тақырып.

    Ответить
  • Ардак 14.04.2021 в 13:31

    Әр бала ата-анасының жылулығын күтеді. ал үлкендер күйбін тіршілікпен көп көңіл бөле алмай жатамыз.

    Ответить
  • Гульзира 26.03.2021 в 20:03

    Балабақша баланың екінші үйі,ал тəрбиеші баланың екінші анасы.Осы тренинг арқылы ата ана мен бала арасындағы байланысқа септігі тиеді деп ойлаймын

    Ответить
  • Бекпенбетов Жаркынбек 06.02.2021 в 11:23

    Автор баламен қарым-қатынаста ата- ананың негізгі ролі мен нақты жүргізілетін шаралардың жүйесін ұсынған.

    Ответить
  • Ақбота 01.02.2021 в 09:59

    өте қызықты тақырып. ата анамен байланыс артып, бір-біріне жақындаса түсетін

    Ответить
  • Айгуль 30.01.2021 в 18:52

    Маған тренинг тапсырмалары ұнады. Психологиялық жаттығуларды жи пайдалану үшін тренинг тамаша адис

    Ответить
  • Уміт 04.08.2020 в 18:13

    Қазіргі кездегі ең маңызды мәселе,баламен қарым қатынас.Өкінішке орай ол өз деңгейінде емес болып тұр.Өте жақсы тақырып.

    Ответить
    • Анар Жауышева 13.03.2022 в 20:52

      Ата анаға да бізге де жақсы кенес айтылған.жарайсыз тамаша.

      Ответить
  • Кулаш Ергазиева 29.07.2020 в 22:37

    біз өзіміздің дұрыс тұрмаған жерімізді айнаға қарап дұрстаймыз сол секілді атта-ана баланың айнанасы бала атта анаға қарап өседі

    Ответить
  • Асемгул 18.11.2019 в 23:02

    Мейірімге толы қарым-қатынас өте жақсы

    Ответить
  • Куралай 03.04.2017 в 15:42

    я өте керемет, ата-аналардың жылулығын,ыстық сезімін білдіруге уйде уақыт әрине жетпейді,осы жерде балалардың тек бақытқа бөленері анық жазылған

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.