2014 жазбаша есеп

2013-2014 оқу жылы

 Жамбыл орта жалпы білім беретін

мектеп-балабақшасының  бастауыш

пән бірлестігінің жазбалай

 

Есебі

   2013-2014 оқу жылында бастауыш пән бірлестігі « Интерактивті әдістер-нәтижелі   білім кепілі» тақырыбында жұмыстанды.

     Мақсатымыз: Бейіналды дайындық және бейіндік оқыту мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, білім беру мен тәрбие мазмұнын жетілдіру, жаңарту, педагогтардың шығармашылық-әдістемелік, біліктілік деңгейлерін  көтеру және дарынды балаларды дер кезінде анықтай отырып, оларға қолдау жасау. Мектеп әкімшілік басқару жүйесі бойынша мектепішілік бақылау, сараптау, қорытындылау тесттерін дұрыс қолдану арқасында межеленген барлық іс-шараларды өз деңгейінде атқару.  Оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, өзіндік еркіндік беріп, өздік дамуын қалыптастыра отырып, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру.    Пән бірлестігі бойынша

4 мұғалім,2 тәрбиеші жұмыс жасайды.

Сыныбы

Оқушы саны

Сынып жетекшісі

Балабақша тәрбиешісі

25

А.Жолымбетова

Мектепалды

13

А.Қабашева

І

16

Н.Кабиева

ІІ

10

К.Кариева

ІІІ

15

К.Касимов

ІV

15

Г.Кайырлиева

Мұғалімдердің сапалық құрамы төмендегіше:

Мұғалімсаны Білімі Санаты Балабақша тәрбиешісі
Жоғары Арнаулы орта Аяқталмаған жоғары Жоғ. І ІІ Санаты жоқ
6 3 3 1 2 1 1 1

Осы оқу жылын бастауыш сыныптарды барлығы 69 оқушы бітірді. Оның 39 ұл бала,30 қыз бала.  ІІ тоқсан  ішінде  2 сыныптан,1 оқушы Бұлдырты орта жалпы білім беретін мектепке отбасы жағдайымен кетті.

Әр сынып жетекшілері   03. 2013 № 115 бұйрыққа сәйкес, Ы. Алтынсарин атындағы білім беру академиясының оқу бағдарламасын  басшылыққа  ала отырып 2013 -2014оқу жылына күнтізбелік  жоспар жасақтады. «Алматы баспасы, Атамұра» баспасынан шыққан  оқулықпен  жұмыстанды.     Оқушылар барлық сыныпта да, оқулықпен қамтамасыз етілді.  Дәрігерлік байқаудан өтті. «Мектепке жол» акциясы бойынша сынып жетекшілер жұмыстанды. Бастауыш сынып оқушылары толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мектепке келген жалпыға бірдей әлеуметтік      киім-кишекпен  аз қамтылған,көп балалы  т.б отбасыларға бірілді.

1 қыркүйек Білім күніне байланысты барлық сынып жетекшілер  «Қазақстан -2050 стратегиясы:  бір ел,бір халық, бір тағдыр»тақырыбында алғашқы сабақтарын өткізді.

1-8 қыркүйек арасында «Отбасынан не бар ардақты!» апталығы бойынша МАД сыныбында «Отбасы өнеге айнасы», 1 сыныпта «Отбасы –алтын бесік», «2 сыныпта  «Әке-тірек,ана-жүрек,бала-тілек», 3 сыныпта «Мен және менің отбасым», 4 сыныпта ата-аналар қатысуымен « Бақытты жанұя» тақырыптарында үлгілі тәрбие сабақтары өтті.     2-12 қыркүйек аралығында «Назар аудар,бағдаршам!» онкүндігіне байланысты МАД сыныбында «Жол тәртібін білейік!»,1 сыныпта «Жол ережесін есте сақтайық!», 2 сыныпта «Жол ережесін білесің бе?», 3 сыныпта « Бағдаршам-сенің досың», 4 сыныпта «Айналайын абайла!» тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды. «Жол тәртібін жадыңа сақта!» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында К.Кариеваның ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шара оздырылды.

22- қыркүйек Тілдер мерекесіне байланысты төмендегі жоспар бойынша бастауыш сыныптар арасында    үшкүндік іс-шара жасақталып, өз дәрежесінде өткізілді.   19-21 қыркүйек аралығында бастауыш сыныптар арасында «ҚАСИЕТТІ –АНА-ТІЛІМ!»  атты үшкүндік ТІЛ мерекесі өтеді.

Бағдарламада:

Өтілетін  іс-шаралар  тақырыбы

Мерзімі

Жауапты мұғалімдер

1

«Ана тілі –жүрек үні»  (сыныптан тыс сағат)

МАД сыныбы

19.09.2013 ж.  Сағ: 11-00

А.Қабашева

2

« Ана-тілі мәңгі өлмейтін бәйтерек»

(танымдық ойын)

20.09.2013 ж.  Сағ:10-00

К.Кариева

3

« Тілім-тірегім»  әдеби  қойылым

21.09.2013 ж. Сағ: 10-00

Н.Кабиева

4

Қорытынды ертеңгілік  «Қасиетті-ана тілім!»

21.09.2013 ж. Сағ:10-00

К.Касимов

Сынып жетекшілер өз сыныптарының оқу -білім ,дағдыларында  үнемі тексеріп отырады. 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздермен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуы тиіс. Ал тексеру барысында төмендегідей көрсеткіш көрсетті.91-78 сөзді  5 оқушы,61-75 сөзді 3оқушы, 53-28 сөзді 6 оқушы оқыды.(сынып жетекші К.Касимов)

4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуы тиіс. Тексеру барысында төмендегідей көрсеткішті көрсетті. 140-100 сөз аралығында      6 оқушы, 90-70 сөз аралығында  6 оқушы, 50-40 сөз аралығында  2 оқушы оқыды. (сынып жетекшісі Г.Кайырлиева) Күнделіктерін, жазба жұмыс дәптерлері, күнделікті жұмыс дәптерлері үнемі тексеріліп отырылады.

Сонымен қатар осы тоқсан барысында жоспар бойынша 3 ашық сабақ,1 ашық тәрбие сағаты өтті.

18 қазан  3сыныпта  дүниетану сабағынан «Заттың қасиеттері. Табиғат құбылыстары» (К.Касимов),     16 қазан  2 сыныпта қазақ тілінен «Дауыссыз л мен р»,( К.Кариева) 3 сыныпта орыс тілінен  «Огород» (Г.Сейткалиева), 21 қазан 1сыныпта әліппе сабағынан  « Д д дыбысы мен әрпі» (Н.Қабиева) үлгілі сабақтарын өткізді. Мектепішілік Заң апталығы аясында  2 сыныпта «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында ауыл полецийі Н.Қойшиевтің қатысуы мен үлгілі сабағын К.Кариева өткізді.

3-4 сынып оқушылары «Ақ бота» интеллектуальды ойынына қатысып берілген тест  тапсырмаларын

орындады. Нәтижесінде:    БҚО бойынша «Ақбота-2013» интеллектуалдық марафонына

3 сыныптан  9 оқушы,

4 сыныптан  8 оқушы қатысын нәтижесінде  3 сынып оқушысы Буртаев Қуанжан 1 орын,(сынып жетекшісі К.Касимов), 3 сынып оқушысы Марат Балмажан ІІ орынға ие болды. (сынып жетешісі К.Касимов)

Untitled-1

ІІ тоқсанда  бастауыш пән бірлестігі  жылдық  жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды. Жоспарға сай бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ашық сабақтар мен үлгілі тәрбие сағаттарын,сыныптан тыс ертеңгіліктерді жаңа технологиялық әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып өткізді. Атап айтатын болсақ, 3 сыныпта әдебиет оқу сабағы бойынша «Әбу Насыр әл-Фараби.Сағыныш сазы.», (К.Касимов), 1 сыныпта әліппе сабағынан «Д д дыбысы мен әрпі» (Н.Кабиева) ашық сабақтарын өткізді. Үлгілі тәрбие сағаттарымен  4 сыныпта «»  тамақтану ережелеріне байланысты (Г.Кайырлиева), 3 сыныпта «Тұғыры биік-Елбасы» Тұңғын президент күніне байланысты (К.Касимов), 2 сыныпта    « Тәуелсіз елдің ұланымыз» тәуелсіздік күніне арналған (К.Кариева),1 сыныпта « Дені саудың –жаны сау» денсаулыққа байланысты (Н.Кабиева) өтті.

Сонымен қатар мектепішілік жоспар бойынша «Интерактивті әдістер-нәтижелі білім сапасы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдер семинары болып өтті. Семинардың мақсаты: Оқытудың жаңа технологиялары туралы іс-тәжірибе алмасу.

Семинардың жоспары:

1.«Ақпараттық технологияны пайдалану»

Баяндамашы  бастауыш сынып мұғалімі   Клара Омарқызы

2. « Сто стратегиясын сабақтарда пайдалану жолдары»

Баяндамашы  бастауыш сынып мұғалімі   Гулназ Манасқызы

3. « Почта ашу,сайттарға сабақ жіберу әдіс -тәсілдері»

Баяндамашы бастауыш сынып мұғалімі   Казбек Рыскалиұлы

4. «Пән сабақтарына ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану тиімділігі»

Баяндамашы бастауыш сынып мұғалімі  Нұржамал Исатайқызы өз баяндамаларымен бөлісті.

Оқушылардың күнделіктерін оқушылар ұйымы тексеріп өтті. (Г.Мукатова) Мектепішілік оқу дағдысы тексерілді,жұмыс дәптерлері,сынып журналдары тексеріліп,жіберілген қателіктерге ескертулер берілді. 2сынып оқушыларының І жарты жылдығы қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы, қатысқаны 10 оқушы білім сапасы 70 пайыз, математикадан бақылау жұмысы қатысқаны 10 оқушы,70 пайыз сараптама жасалып қорытындысы аудандық  әдістемелік бөлімге жіберілді.

Сонымен қатар 4 сынып оқушыларына да  жылдағы дәстүр бойынша срез тапсырмалары қазақ тілі мен дүниетану пәні бойынша келіп төмендегідей нәтиже көрсетті.

Нәтижелері аудандық әдістемелік бөлімге тапсырылды.

Жалпы  І,ІІ тоқсанды салыстырмалы түрде қорытындылайтын болсам, төмендегідей үлгерім сапаларын көрсетіп отыр.   МАД сыныбында барлығы -13 оқушы, оның 9 ұл,4 қыз бала,1сыныпта  барлығы – 16 оқушы, оның 7 ұл, 9 қыз бала, бұл сыныптарда  баға шықпайды. Оқушылардың бейімділігі,білім деңгейі жақсы деп сынып жетекшілері бағалап отыр.

2 сыныпта барлығы-10 оқушы,оның 6 ұл, 4 қыз бала 4 оқу озаты,4 екпінді, білім сапасы -80 пайызды, (К.Кариева), 3 сыныпта барлығы -15 оқушы, оның 11 ұл,4 қыз бала, сыныпта  5 оқу озаты , 4 екпінді, білім сапасы -60 пайызды,( К.Касимов),  4 сыныпта барлы ғы-15 оқушы,,оның  6 ұл, 9 қыз, сыныпта 5 оқу озаты, 5 екпінді, білім сапасы -66,6 пайызды құрайды. Енді  І тоқсанмен салыстырмалы түрде айтатын болсам ,

Сыныбы І тоқсан ІІ тоқсан
2 64 80
3 53,3 60
4 73,3 66,6

көрсеткіштерді   көрсетіп   отыр.

Пән бойынша білім сапасына келсек, екі тоқсанды салыстыра отырып,

Сыныптар

І тоқсан

ІІ тоқсан

2

3

4

2

3

4

Әдеб.оқу

81,9

66,6

93,3

73,3

Қаз.тілі

81,9

53,3

80

60

Матем

64

66,6

86,6

73,3

д/тану

90

73,3

86,6

66,6

Орыс тілі

86,6

86,6

Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының 1-сынып мұғалімі Қабиева    Нұржамалдың 2013-2014 оқу жылындағы жасаған жұмысы бойынша

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту» өзекті тақырыбымен шұғылдана отырып,  оқушыларды өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету тұрғысында жұмыстануда. Ата-аналармен бірге 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап, «Айналайын ақ анам!»тақырыбында тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті. Бастауышым балбұлағым,лаулап жансын шамшырағың!» апталығында «Білім-білгенге байлық» тақырыбында зияткерлік ойын түрінде өтті. І жарты жылдықта оқушылардың білімін пысықтай отырып,»Қош бол, сүйікті Әліппем!» ертеңгілі өтті.

Оқушыларды оқу жылдамдығы бойынша тексеріп отырды.

Әлібек Ж- 95сөз. Баянғали Э- 75сөз, Гарифуллина З.-42сөз, Ғайса А.-40сөз,      Екпін М.-82сөз, Қайырмұханбет С.-20сөз, Манарбекқызы А.-35, Мұратұлы М.-17сөз, Рысқали А.-45сөз, Самат Т.-28 сөз,Саматұлы А.-33сөз, Себеп А-35сөз, Тайпақова О.-60 сөз, Төлеуғали Б.-50сөз, Шәбіл Қ.-40сөз, Шынтасұлы С.-45сөз.

2013-2014 оқу жылын 16 оқушымен аяқтадық.Сыныпта 7 оқу озаты (Әлібек Жайнагүл,БаянғалиЭльмира,ШынтасұлыСәдуақас,ТөлеуғалиБақыт,Екпін Мерует,Рысқали Азатбек,Тайпақова Оралгүл), 4 екпінді ( Гарифуллина Зарина,Себеп Айдын, Манарбекқызы Айсана, Шәбіл Құралай).

Дарындыоқушылар:

Әлібек Жайнагүл,БаянғалиЭльмира,ШынтасұлыСәдуақас,ТөлеуғалиБақыт,Екпін Мерует,Рысқали Азатбек,Тайпақова Оралгүл.Оқушылармен қосымша әдеби кітап оқумен жұмыстандым.Ал оқуға төмен оқушылармен күніне 2оқушыдан жеке-жеке оқыттым.

Пәндік пайыздың көрсеткіштері:  Ана тілі — 75%, ағылшын – 69%, математика – 81%, дүниетану – 69%,еңбекке баулу – 100% музыка-81% бейнелеу-100% дене шынықтыру-100%

Білім сапасы-69%

Ата-аналар жиналысы өткізілді.

2-сынып  жетекшісі К.Кариеваның   III – IVтоқсан және жылдық  бойынша пәндердің пайыздық көрсеткіштері: қазақ тілінен 80%, математикадан 80%, әдебиеттік оқудан 80%, дүниетанудан 80%, музыкадан 100%, еңбекке баулудан 100%,бейнелеу 80%, дене шынықтырудан 100%. «Бастауышым балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың!» атты апталық өтті. Апталықтың мақсаты: мұғалімдердің бір — бірімен тәжірибе алмасу. Апталықта математикадан «Қызықты математика» атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Жыл аяғында оқушылардың оқу техникасы бойынша 6 оқушы – 120 сөз (Шынтасқызы М Аманғали Ж, Көшербав А, Рахметулла Ж, Мақсат Т, Маратқызы М),3 оқушы – 90 сөз (Болатов.А, Сакен Е, Денжаев Т,),1 оқушы – 50 сөз (Ерсайынов Т). Күнделік, жұмыс дәптерлері үнемі тексеріліп отырды. Сынып мектептегі іс – шараларға қатысып отырды.Жыл аяғында 10 оқушы. Оның 4 – қыз бала, 6  — ер бала, тоқсан ішінде кеткен оқушы болған жоқ.

2 сынып оқушылары жыл аяғын 80% пайыздық нәтижемен аяқтады. Ата – аналар жиналысы оздырылды. Ата – аналар мектеппен тығыз байланыста болды.

3 сыныпта ІІІ-ІVтоқсан бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды. Барлығы 15 оқушы,оның 11 ұл бала, 4 қыз бала сыныпты 66,6 пайыз көрсеткішпен аяқтадық . Сынып та  5 оқу озаты, 5 оқу екпіндісі болды. Әдебиет оқу сабағынан конференция сабағы «М.Әуезов Көксерек» , Чернобыл -28 жылдығына «Ерлік кездейсоқ келмейді»  т.б.тақырыптарында үлгілі сабақтар өткізілді.

4-сынып   жетекшісі Г.Қайырлиеваның жылдық  қорытынды есебі бойынша «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу»  тақырыбында баяндама оқыдым. Осы өзекті тақырыбым бойынша оқушылардың өз ойларынан шығарған өлең туындылары бар. Атап айтсам, Ерболова А (тіл, табиғат, ана), Г.Матжанованың (табиғат, ана, жеңіс туралы), Мақсотова Н, Қобландиева Н.

Оқушылардың бойына имандылықты, бауырмалдықты, сезімталдықты, отансүйгіштікті, отбасындағы мейірімділікті, қамқорлықты сіңіру мақсатында «Бақытты жанұя», «Жақсы тағам – жан азығы» тақырыптарындағы тәрбие сағаттары, «Ана көрген тон пішер» ертеңгілігі, «Үздік жаяу жүргіншілер – 2014» байқауы, «Қош, бастауыш!» ертеңгілігі ашық түрде өткілді. Бұған мектеп мұғалімдерімен қоса ата-аналар да қатыстырылды. Сонымен қатар оқу жылы басындағы алғашқы сабақ, Жаңа жыл, Наурыз мерекесі, Бастауышпен қоштасу, Соңғы қоңырау сияқты мерекелік қойылымдарға ата-аналар түгелдей қатыстырылды.

Оқушылармен өткізілетін тәрбиелік шаралар жөнінде іс-тәжірибе алмасу бағытында «Тәрбие үдерісіндегі тиімді әдістер мен формалар» сынып жетекшілер семинарында «Жаңа технология — сыныптан тыс жұмыстарда» тақырыбында баяндама жасадым.

Осы істелген жұмыстар нәтижесінде оқушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: мектебімізде өткізілген қазақша күреске сыныптан екі оқушы қатысты. Орынбасаров Д — 2 орын, Рысқалиев А – 2 орынға ие болды. Пәндік апталықтан орыс тілі пәні бойынша қабырға газетін шығарудан сынып оқушылары І орын алды. Сонымен қатар оқу жылы соңында өткізілетін дәстүрлі аудандық «Intel-junior» олимпиадасында Ерболова А қатысып ІІ орын алып, облысқа барып қайтты. Және де аудан көлемінде бастауыш сынып оқушылары арасында тұңғыш рет өткізіліп отырған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты Абай оқуларына Сакенова Ж қатысып, ІІІ орын иеленді.

 

Қорыта келе осы оқу жылын бастауыш сыныптар төмендегідей көрсеткішпен аяқтады.

1-сынып         69 %        Н.Кабиева

2-сынып         80  %       К.Кариева

3-сынып          66,6%      К.Касимов

4-сынып           73,3%     Г. Кайырлиева

 

Бірлестік пән жетекшісі :                                    Касимов К.Р.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Айгүл

    Өте керемет жазылған. Үлгі аларлық тұстары өте көп. Өзіме пайдаланамын.Рақмет!

  2. Әденова Алтыншаш Кертайқызы

    Сауатты талдап жазылған ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ