...

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамыту

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады. Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.

Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты.

Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді. Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.

Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруіЖаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз — балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек. ҰОҚ қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Балабақшамызда ҚМҰҚ –дан деңгейлік тапсырмалар, ауызша логикалық есептер, Дьенештің «Логикалық блоктарын», Кюизенер «Түрлі түсті таяқшар», В.В. Воскобович «Геоконт» , «Чудо соты», «Чудо цветик» , клемшесін , сонымен қатар әр бала ноутбуктарда түрлі тапсырмаларды қызыға орындайды.

«Қостанай қаласы әкімдігінің №13 бөбекжай бақшасы»

Ересек «Гүлім» тобының тәрбиешіcі: Акауова Арайлым Куанышбаевна

   
Пікірлер29
  1. Амина Кенжеғалиқызы

    Жаңа технологиямен баланың ой-өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру, бала бойындағы қабілетті уақытында байқау.

  2. Баян

    Макаладан көп нәрсе алдым,озимде колданатын боламын! Рахмет ?

  3. Анар Жауышева

    Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой — өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше деп ойлаймын.

  4. Анар Жауышева

    Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой — өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше.

  5. Дайана

    балалардын ой орисин арттыруга арналған жұмыстар екен.

  6. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Макаладан көп нәрсе алдым,озимде колданатын боламын!

  7. ЖАДЫРА

    Ақпарат өте түсінікті Жақсы жазылған

  8. пернекул

    жаңашылдық керек кандай маман иесінеде

  9. Тоқтасынқызы Альбина

    Қарапайым математика балаға өте қажет. Бала санауға, пішіндерді айтуға, салыстыруға, қосу алуға үйрету керек. Жаңа технологияларды тәрбиеші меңгеру арқылы үйрету. Ой өрісін дамыту керек баланың.

  10. Құралай

    Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жақсы ақпараттар берілген екен. Рахмет

  11. Фарида

    Мектепке дейінгі балалардың дамуына арналған және жас ерекшелігіне қарай дамыту туралы туралы керемет мәліметтер көрсетілген. Жаңа технологиямен баланың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін жақсы дамытады

  12. Бибигуль

    Мектеп жасына дейінгі балаларға қажет ақпарат екен. Балаларға математикалық ұғымдарды қалыптастыруда жаңа технологиялардың пайдасы мол

  13. Замзагуль

    Жаңа технологиямен баланың ой-өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру, бала бойындағы қабілетті уақытында байқау. Әрине бұл бақша жасындағы балаларға пайдалануға өте тиімді.

  14. Акерке

    математикалық дағдыны арттыруға арналған тапсырмаларды атаулары мен авторларын жазып қалдырғаныңызға рахмет

  15. Еңлік

    Мақала өте түсінікті жазылған екен.Жұмыстарыңызға сәттілік

  16. Алтынай

    Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық ұғым мен білімді қарапайым түрде айтып, білімін жетілдірсе ұтымды. қабылдау деңгейі де осындай қарапайым тілге негіз болады. Ал мектеп жасында қарапайымнан гөрі күрделі сөздермен түсініруге енеді. Өте тиімді әрі керек мақала

  17. Еркегул Даулетбай

    Мақаланың жүктелмейтіні өкінішті екен. жұмыстарыңызға сәттілік

  18. Оразамбаева Айжан

    Өте жақсы жазылған мақала. Маған ұнады. Алдағы уақытты қажетіме жаратамын.

  19. Ақұлпа

    Тамаша өте керемет құнды көрнекіліктер екен сапасы күшті рахмет. ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗҒА БЕРЕКЕ ІСТЕРІҢІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ РАХМЕТ

  20. Гулмира

    Оте жаксы жазылган макала. Оте тиимди ари керек макала екен

  21. Гулайым

    Өте жақсы жазылған ?жұмысыма қажетті материал

  22. Алия

    Мектеп жасына дейінгі балаларға қажет ақпараттар екен. Қазіргі заманда осындай қажетті сайттын барына Сіздерге рахмет!

  23. Акнур

    Акпараттык манызы бар макала екен. Авторга рахмет.оз кажетиме колданамын

  24. Айгүл

    Жаңа технологиямен жасалып, баланың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін шыңдайды деп, өзіме керегін аламын. Рақмет!

  25. Асемгул

    Өте қажет әрі тиімді

  26. Сандугаш

    Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық ұғым мен білімді қарапайым түрде айтып, білімін жетілдірсе ұтымды. қабылдау деңгейі де осындай қарапайым тілге негіз болады. Ал мектеп жасында қарапайымнан гөрі күрделі сөздермен түсініруге енеді. Өте тиімді әрі керек мақала

  27. Айгерим

    балалардын ой орисин арттыруга арналған жұмыстар екен.

  28. Куралай

    Жаңа технологиямен баланың ой-өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру, бала бойындағы қабілетті уақытында байқау. Әрине бұл бақша жасындағы балаларға пайдалануға өте тиімді

  29. Анар

    Жаңа технология дейміз, соны зерттеу барысында 3-5 жас арасындағы балалардың есте сақтау қабілеттері ең жоғары болады екен. (Метатану). Яғни бақша жасындағы балалар.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ