Бала тәрбиесі

Балабақшада қойылған талаптар үйде де орындалып, сақталуы үшін тәрбиешілер ата-аналарды арнайы ережелермен таныстырады. Мысалы, оларға баланың ас үстінде өзін дұрыс ұстауы, қасындағы адамдарды сыйлауымен, гигиеналық және эстетикалық тұрғыдан тазалықпен байланысты екенін түсіндіреді.

Сонымен қатар ата-анаға ең бастысы бала үшін бойын, жүрісін қалай түзесе дәл солай қимыл мәдениетін үйрету керектігін айту. Бұнымен неғұрлым ертерек айналысса, соғұрлым тиімді болмақ. Егер ым тілі және қимылы баланың ойына сіңіп, әдетіне айналса, оны тәрбиелеу қиынға соғады.

Тәрбиеші ата-анаға бала қимылының жағымды болуының маңызды екенін ескертеді: қыздар – нәзік, шынайы, тартымды болса, ал ұлдар шапшаң, жинақы, шыныққан болуы тиіс. Балалардың жүрісі жеңіл болуы керек, денесі тік, иығы көтеріңкі, ырғақты, қимыл-әрекеті жинақы. Мектеп жасына дейінгі балаға талтайып жүрудің, адамды сұқ саусағымен көрсетудің, біреудің көзінше қасынудың, танауын тарта берудің өте жағымсыз әрекеттер екенін түсіндіру керек.

бала тәрбиесі баяндама.Кей кезде ата-аналар: «Осы балам жаман әдетті кімнен үйренген? Мен оған бұлай үйретпеген едім ғой?» деп қиналады. Бірақ олар сонымен қатар, дәл уақытында дұрыс тәрбие бере алмай қалғандарын ұмытып кетеді. Егер баланың іс-әрекеті шектен шығып бара жатса, және оған үлкендер кешіріммен қарайтын болса, байқаусызда жасалған қимылдар әдетке айналуы мүмкін. Мұндай балалар көп жағдайда біреудің айтқанымен емес, өз білгендерін істеп жүреді.

Жаман әдеттерге қарсы ең тиімді әдіс – оларды қадағалау және ескерту. Егер бала жағымсыз әрекетті үйренсе одан арылту мүмкін бе? Әрине мүмкін, тіпті баланы қойып үлкен адамның өзін тәрбиелеуге болады, ал жастайынан ескерілсе ол тіпті тез түзеледі. Ең бастысы жаман әдетті түзеуде баланың әдетті неге істейтінінде емес, осылай жасауына не әсер ететінінде, яғни не себеп болғанын ескеру керек.

Егер жаман әдеттер балабақшаға баратын балада туындаған болса, ата-ана мен тәрбиеші бірігіп баланы қадағалаулары керек, яғни мұндай әдет неден туындауы мүмкін: бос жүргеннен бе, жоқ болмаса басқа баладан үйреніп алды ма т.б. Ал себебі байқалған кезде, тәрбиеші балаға қалай қарауды біледі. Көп тыйым салмауға тырысады, оны басқа бірдеңелермен айналдырып, қызықтырып, ол әдетті ұмыттыруға тырысады.
Тәрбиешінің шыдамдылығы, ата-аналар тарапынан үйде қолдау көрсетілуі баланың жаман әдеттен арылуына негіз болады.

Әбден үйреншікті болып кеткен әдеттерді түзету өте қиын екені белгілі. Баланы олардан арылту үшін ата-анамен толық келісім керек. Ең бастысы жоғарыда айтқандай әдеттің туу себебін анықтау керек. Мысалы, бала тамақтану үстінде аяғын қозғалта берсе, орындықтың ұзындығы оның бойына сай ма, соны қадағалау тиіс. Баланың іс-әрекет, қимылын үнеміқадағалап отыру керек, аздаған жағымсыз қылық көрінсе ескерту жасау

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер53
  1. Баян

    Тәрбиешінің шыдамдылығы, ата-аналар тарапынан үйде қолдау көрсетілуі баланың жаман әдеттен арылуына негіз болады.

  2. Назира

    Тәрбие басы-тал бесік.Болашақ ұрпағымыз.

  3. Назира

    Балалар тәрбиеші апайларға ұқсап кетеді.

  4. Анар Жауышева

    Бала тәрбиесіне тәрбиешінің де орны өте манызды.бала ата анасына күнде көретін тәрбиешісіне қарап өседі.

  5. Надира

    Бала тілі бал.Бала тәрбиесі тал бесіктен демекші.Өте орынды және мағналы тәрбиелі сабақ екен.Біздің педагогтарда өздерін жоғары бағалай алады.Ризамын.

  6. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Бул жерден өте көп акпараттар алдым! Рахмет сиздерге!

  7. ЖАДЫРА

    Бала тәрбиесі ата ана үшін үлкен жауапкершілік алатын дүние

  8. пернекул

    бала тәрбиесінде ата-ананың,ұстаздың маңызы бар

  9. Бекмолда Айгерім

    Бала тәрбиесіне ат үсті қарамау керек.Оны махабатқа бақытқа бөлеу керек.Тәрбие тал бесіктен деп бекер айтпаған

  10. Тоқтасынқызы Альбина

    Балаға тәрбиені дұрыс беру керек. Бала ата ананың айнасы, келбеті. Ата ана қандай болсп балада сондай болпды, көп несе бала үйдегілерге қарап өседі. Қыз бала анасына қарап боянуды, үй жинауды, кір жууды т.б. үйренеді. Ал ұл бала әкесінің мінезіне қарап, машина айдап, сөйлеу мәнеріне қарап өседі. Бала өсіп келе жатқан ағаш сияқты, ағашты қалай отырғысаң солай өседі. Қазіргі қоғамда баланы ұрып соқпай әрі қорқытпай, ақылмен өсуіру керек.

  11. ТАЗАГУЛЬ

    Бала ата-анасының айнасы. Тәрбие тал бесіктен …

  12. Камшат

    Бала тәрбиесі жайлы өте жақсы жазылған екен, жас ата-аналарға оқуға кеңес беремін!

  13. Сейсен

    Ұрпақ тәрбиесі — ұлт тәрбиесі, сондықтан бала тәрбиесіне әрдайым ұқыпты болған жөн.

  14. Куралай

    Бала тәрбиесіне байланысты жазылған бұл мақала өте тартымды, еңбектеріңіз жарқырай берсін

  15. Айгерім

    Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші әрине ата-ана.

  16. Фарида

    Бала тәрбиесі туралы жақсы айтылған. Дер кезінде орындалған тәрбие мен тәртіптен жақсы нәтиже шығады деп ойлаймын.

  17. Акерке

    бала тәрбиесі қазіргі қоғамда өзіндік орны бар азаматты қалыптастыратын басты қағида. Ерте кезден ата-анамен балабақша арасында байланыс болу керектігі мақалада жақсы көрсетілген.

  18. Гаухар

    Бала тәрбиесі — ол жауапкершілікті талап етеді. Сол жолда ағаттық кетіруге ьолмайды.

  19. Еңлік

    Бала тәрбиесі өте жауапты іс.Дұрыс айтылған,тәрбие-отбасынан басталады деп.Жұмыс тәжірибемде ата-анамен қарым-қатынас орнату,жұмыс жасауға жеңілдік береді,себебі ата-ана сені түсінеді.Маған осы сайттағы әрбір материал құнды,керек дүние.Жұмыстарыңызға сәттілік бізге осындай керек дүниелер шығара беріңіздер

  20. Мақпал

    бала тәрбиесінде үштік одақтың бірігуімен атқарылған жұмыс оң нәтиже берері сһзсіз

  21. Алтынай

    Тәрбиеші мен ата-ана бірігіп жұмыс атқарса бала жақсы азамат болып шығады.

  22. Айгерім

    Баяндама өте сапалы түрде жазылған еш көшірмесіз

  23. Ардак

    Жақсы мақала. Әрбір ата-ана өз тәрбиесі жөнінде де ойлау керек.

  24. Майра

    Дұрыс айтасыз.Тәрбиешімен ата ана арасында бала тәрбиесінде қатысты тығыз байланыста болу керек

  25. Еркегул Даулетбай

    Баланы тәрбиелеу барысында ата-ана өздерінің тәрбиесіне назар аудару керек

  26. Сауле

    Бала жас ағаш сияқты қалай баптайды солай кетеді .

  27. Гульзира

    Бала тəрбиесіне байланысты жақсы дүниелер қамтылған екен. Бала тәрбиелеу мақсатында өз ойымды толықтырдым

  28. Алтынгуль

    Бала денсаулығы- ұлт денсаулығы. Сондықтан әрбір әдеттің шығу себебін анықтап, жұмыстану керек. Дұрыс айтылған

  29. Балкерим

    Үлкен рақмет! Біз сияқты жа мамандарға өте пайдалы кеңес.

  30. Гулмира

    Өте жақсы айтылған , баланың тәрбиесіне биринши орында үлкендердің орны ерекше, тарбиешилерге оте керек макала екен. Рахмет сиздерге

  31. Асем

    еш ата ана баласына жаман болсын демейді

  32. Рабигуль

    Тәрбиеші мен ата-ана бірігіп жұмыс атқарса бала жақсы азамат болып шығады.

  33. Рабигуль

    Керемет ақпарат жариялап отырғандарыңыз үшін рақмет.

  34. Айгуль

    Дұрыс айтасыз, баланы тәрбиелеуде үлкендердін оздерин бала алдында ұстау тәртібі мықты болу керек. Балалар көп уақыт тәрбиеші алдында болғандықтан, тәрбиеші мейлінше жақсы үлгі көрсету керек

  35. Алия

    Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор.

  36. Ақбота

    Ана болғансон осындай ақпараттарды көп оқып өзімізді дамытуымыз қажет, керекті мазмұндама

  37. Майра

    Баяндама мағыналы екен

  38. САМАЛ

    Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады.

  39. Жанна

    бала тәрбиесіне тәрбиеші ғана емес ата-аналарда қатысу керек,осы материалдан көп мағлұмат алдым,жақсы жазылған

  40. Адеми

    Сәлеметсіз бе ! Керемет және пайдалы мағлұматтар жариялап отырған үшін алғысымды білдіргім келеді

  41. Гүлфариза

    Саламатсызба. Керемет мағлұмат. Пайдалы сіздерге куаныштымын.

  42. Алия

    Ерте жастан балаға ұлттық тәрбие берген дұрыс .

  43. Бағдагүл

    еңбектеріңіз жана бнрсін!

  44. Уміт

    Ерте жастан балаға ұлттық тәрбие берген дұрыс .

  45. Кулаш Ергазиева

    бала тәрбисі ұлтт тәрбиесі

  46. Айгүл

    Баяндамада-тәрбие туралы өте жақсы айтылған. Тәрбие мен білім егіз екені сөзсіз. Ата-аналар үшін де маңызы зор деп ойлаймын. Тамаша!

  47. Гулжайна

    Бала тәрбиесін негізге алған бұл мақаланың құрылымы өте жақсы. Қашанда тәрбие мен білімнің егіз ұғым екенін ұмытпауымыз қажет.

  48. Асел

    Рахмет сізге баяндама толық мағынада ашылған

  49. Абилдина Акбаян Кадирбековна

    Бала тәрбиесіне байланысты жазылған бұл мақала өте тартымды.Ең маңызды мәселелер көтерілген . Менің ойымша әр ата-анаға пайдалы.

  50. Алия

    баяндамада нақты бала тәрбиесі жайлы көрсетілген, жақсы баяндама.

  51. чуйтанова Рахила Ерсолтановна

    сәлеметсіз бе! бұл баяндама өте жақсы жазылған маған ұнады

  52. Манзура

    баяндама мағыналы түрде жазылған. тооық барлығы ашылған.

  53. Рая

    Бала тәрбиесіне барлық адам дәл осылай назар аударса екен, кейбір атта-аналарды бала тәрбиесі аландатпайды мені осы мәселе қатты қынжылтады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ