Жабайы аңдар

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім сапасы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар. Қоянмен таныстыру
Мақсаты: Балаларды аңдардың атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Білімділік: Қоянмен таныстыру. Қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Дамытушылық: сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын және мадақтау.
Көрнекілік: ойыншықтар, көрнекіліктер

Мотивациялық қозғаушы: — Сәлеметсіңдер ме балалар, қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл- күймен өткізу үшін сендерді шаттыық шеңберіне шақырамын. Осы шеңберде бір-бірімізге гүл шоғын сыйлай отырып, жақсы тілек білдірейік.
Іздену-ұйымдастырушы: сабақ сұрақ-жауаптан басталады.

Сергіту сәті: Шымыршық
Әй, шымыршық, шымыршық
Аю қалай жүреді
Міне былай-міне былай жүреді
Әй, шымыршық, шымыршық
Түлкі қалай жүреді
Міне былай жүреді
Міне, былай, міне былай жүреді (қасқыр, қоян қалай жүреді көрсету)

inavtorЕнді есікті тықылдатып қоян кіреді.
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар бізге қонаққа жабайы аң келді
— Бізге қонаққа қоян келіпті
— Сәлеметсіңдер ме балалар? Қоян маған құлағыма сыбдырлады. Балалар мен туралы не біледі екен? Соны тыңдауға келдім дейді.
Тәрбиеші: Ойыншық қоянды көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян—жабайы аң. Оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге, икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді. Көзі маңдайына қарай жоғары орналасқан, сондықтан да мойнын бұрмай-ақ маңайын жақсы көреді. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ жүн өседі. Ол секіріп ойнайды, шөпті, сәбіз жегенді ұнатады. Тәрбиеші балаларға жұмсақ ойыншық қоянды алып, оны сипап сезу арқылы жылы сөздер айтқызып, сипатқызады. Балалар қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту барысында оның сүйкімділігіне, жүннің жұмсақ, мамықтығына, дене құрылысына назарларын аударады.

Мынау қоян, қоянның түсі ақ, жүні жұмсақ, құлағы ұзын.
«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі.
Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырды. Үйін түрлі әдемі гүлдермен безендірді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырды.
— Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян!-деп, кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
— Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі-деп Түлкі келеді. Ол сәбіз әкелді. Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсын!-деп, Қасқыр бір шоқ раушан гүлін ұсынды.
— Аю неге кешікті-деп, төртеуі бір-біріне қарады.
— Біраздан соң соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
— Туған күнің құтты болсын!-деп, Қоянның құлағын созып тартады. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.
— Қоянның туған күніне «Қояндар» биі
— Ал, балалар кім қоян туралы тақпақтар біледі?

Сергіту сәті: «Сұр қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

Тосын сый «Алаяқ түлкі»
(торт ұрлау)
Жұмбақтар:
Далада жүр шапқылап
Керемет тым саққұлақ
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)

Қыс бойын жатады
Тәтті ұйқыға батады (аю)

Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері, айқай шу (түлкі)

Тілді жаттықтыру:
ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян
ю-ю-ю-қорбаңдаған аю
кі-кі-кі-бұл айлакер түлкі
қыр-қыр-қыр-бұл көкжал қасқыр.

«Ақ қоян» қимылды ойыны. Балалар шеңберде тұрып, бір бала қоян болып отырады. Балалар шеңберді айнала жүріп, тақпақ айтады.
Аққоян-ау, аққоян
Орныңнан тұрсаңшы
Бетіңді жусаңшы
Айнаға қарасаңшы шашыңды тарасаңшы
Әй-әй көйлек кисеңші
Біреудің қолын үзсеңші-дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен жүгіріп барып,шеңбердібұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген қолдың оң жағынандағы бала қоян болады.
Рефлексивті коррециялушы:
Жақсы балалар, қоян сендерге көп рахмет айтады. Өзі туралы көп білетіндеріңе қуанып отырмын.
Қоян: сендерге көп рахмет. Мен туралы көп біледі екенсіңдер, қуанып тұрмын.

Қоян жүн, құлағы. Немен қоректенеді. Бүгінгі сабаққа би үйрендік. Жұмбақ шештік. Ойын ойнаудық. Белсене қатысқандар марапатталады.
Белсене қатысып отырған балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиеже:
Аю, қоян, түлкі, қасқыр-жабайы аңдар
Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді.
Қоян жылдам, сақ, қорқақ.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер13
  1. Аягоз

    Балаларға қызықты, өте пайдалы құнды ақпарат

  2. Бекмолда Айгерім

    Жабайы жануарлар туралы толық мәлімет ала алдым.Балаларға бұл сабақты өткізу өте қызықты болары сөзсіз.

  3. Тоқтасынқызы Альбина

    Сабақ өте жақсы ?тілді жаттықтыру жатығулар тамаша. Тосын сый сабақтың ішінде тамаша балалар қызыға қарай сабақты түсініп алады. Сұрақ жауап арқылы жақсы өтті. Жабайы аңдарды толық әрі нақты түсіндіру керек.

  4. Эльвира

    Оқу қызметі жақсы құрылған.Балалар қоян жайында жан жақты мағлұматтар ала білді.Тапсырмалары да жас ерекшеліктеріне сай

  5. Айгерім

    Сабақтың құрылымы өте жақсы. Маған Ақ қоян ойынын ойнатқаны ұнады.

  6. Гульнур

    Өте пайдалы, құнды ақпарат. Тәрбиешілерге керемет көмекші құрал болары сөзсіз.

  7. Гаухар

    жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізсе өте тамаша болар еді.

  8. Алтынай

    Өте жақсы Сабақ құрылымы жақсы екен, бәрін қамтыған тіл ұстартуларына дейін . Маған ұнады, ашық сабағыма керегімді алып пайдалансам деген ойда қалдым. ? көп көп рақмет.

  9. ғазиза

    мазмуны кен аукымды екен такырыптардын

  10. Жаннұр

    Сабақ құрылымы жақсы екен, бәрін қамтыған тіл ұстартуларына дейін . Маған ұнады, ашық сабағыма керегімді алып пайдалансам деген ойда қалдым. ? көп көп рақмет.

  11. Гулмира

    Оте пайдалы акпарат. Балаларга жабайы андар туралы кенинен тусиндирилген жоспар екен. Оте керекти, пайдалы оку кызмети ушин рахмет

  12. Кулаш Ергазиева

    балалардың ой өсірінің дамуы олардың тілін жаттықтыу үшін ең қызықты тақырыптың бірі осы

  13. Айгүл

    Балалардың тілін жаттықтыруға арналған тапсырмалары ұнады. «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі де жақсы . Сергіту сәті де өз орнымен. Сізге сәттілік!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ