Ойыншықтар дүкені

Ересек «Ертегі » тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы
16.02.17ж Садвакасова Ш. Р.
Білім бөлімі: «Қатынас» — Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені. (Ағаштан, резинадан, пластмассадан жасалатын ойыншықтар жайлы әңгіме құрастыру).

Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, резинадан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Зат есімнің көпше түрінде ілік септігінің жалғауларын жалғай (Ойыншықтардың, машиналардың, доптардың,қуыршақтардың) білуге үйрету.Балалардың сөздік қорларын байыту. Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ, синквейн схемасы, лэпбук.
Пән аралық байланыс : қоршаған орта , көркем әдебиет .

Сөздік жұмыс: ағаштан- деревянный- wood (вуут), резинадан-резиновый — rubber (робэ)
пластмастан- пласмассовый-plastic (пластик)

Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері ,тест ,Лэпбук,қошқар, Синквейн схемасы.
Оқу іс-әрекетінің кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың қызметі
Мотивациялық- қозғаушы -Балалар , бүгін ерекше күн ,бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Ойыншық дүкеніне «қошқар» келіп өз достарын іздеді. Дүкенің сөрелері бос, ойыншықтары жоқ. Балалар қошқарға көмектесеміз бе, достарын тауып алуға.

Сәлеметсіздер ме!

Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп ,
Бас иеміз біз!
Әрине көмектесеміз.
Іздену-
ұйымдастырушы
Онда тыңдандар жұмбақтардан бастайық:
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды ?
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
(Дария қуыршақ туралы тақпақ біледі екен, сол тақпағын тыңдайық).

Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды.
(Аружан да доп туралы тақпақ біледі екен, сол тақпағын тыңдайық).
Жарайсыңдар балалар! Енді мынандай сұрақтарыма жауап беріп көріңдер.

Сұрақ — жауап
Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
Қандай ойыншықтарың бар?

Неден жасалған олар? Ендеше осы ағаштан, резинадан, пластмастан деген сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтып көрейік.

ағаштан- деревянный- wood (вуут),
резинадан-резиновый — rubber (робэ)
пластмастан- пласмассовый-plastic (пластик).

Ойыншықтар туралы сабақ.Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Жарайсыңдар , келген қонағымызға қошқарға ойыншықтар туралы әңгімелеп берсек дүкенде ойыншықтар көбиеді. Ол үшін сендерге мына схема көмектеседі- схема бойынша әңгіме құрастырамыз.

1.Синквейн схемасымен жұмыс.
Балалар , мына үстел үстінде жатқан суреттердін ішінен өздерін жақсы көретін ойыншықтарынды тауып алып схема бойынша әңгіме құрастыру керек? Не болмаса тақпақ білсендер тақпақ айтып, суретін тауып алып сөреге қоюға болады.
Не?
Қандай?
Не істейді?
Мен ……. (сөйлем).
Қай топқа жатады? (жануар, жабайы ан, .)

2. Сергіту сәті.
«Көңілді күн» әуен қосылады.
Жарайсыңдар! Енді қошқарға деген көмегімізді жалғастырайық.
4. Қазір біз қошқарға оның достары туралы әңгіме айтып береміз. «Лэпбук» бойынша жұмысымызды жалғастырамыз.

1 тапсырма – түстерін айта отырып , сөйлем құрастыру.( қызыл доп, көк доп…)

2 тапсырма – жекеше және көпше түрінде айту. (Қуыршақ -қуыршақтар …)

3 тапсырма –таңдап алған ойыншыққа сипаттама беру. Ат – ағаштан жасалған – түсі коңыр — жүреді, секіреді, шабады, шөп жейді, жем жейді, су ішеді — ұлдар ойнайды- үй жануары.

4 тапсырма- тест орындайды бәрі.(Ұл мен қыздың ойыншықтарын ажыратады).
Бұл телефон.Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.
Ол тікұшақ Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.
Ол қуыршақ. (Дария тақпағын айтады) Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.
Доп жатпайды.
(С Аружан тақпағын айтады). Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.

Балалардың жауабы.

ағаштан- деревянный- wood (вуут), резинадан-резиновый — rubber (робэ)
пластмастан- пласмассовый-plastic (пластик)
Балалар қайталайды.
Ойыншықтарды ұқыпты үстау керек лақтырмай, сындырмай, жинап жүру керек.
4-5 баланың әңгімесін тыңдаймыз. (Әңгіме құрастырған ойыншықтын суретін сөреге қойяды).Көркем сөз білетін балалар өз сөздерін айтады. (тақпақта айтылған ойыншықты сөреге қойяды).

Теледидарға қарап орындайды.

-түстерін айта отырып , сөйлем құрастыру.( қызыл доп, көк доп…)
-жекеше және көпше түрінде айту. (Қуыршақ -қуыршақтар …)
-таңдап алған ойыншыққа сипаттама беру. Ат – ағаштан жасалған – түсі коңыр — жүреді, секіреді, шабады, шөп жейді, жем жейді, су ішеді — ұлдар ойнайды- үй жануары.
Үстел үстінде жатқан суреттердің ішінен өзіңе ұнайтын ойыншықты тауып алып оның түсін, неден істелгенін, қалай ойнауға болатынын, кім онымен ойнайтынын айтып береді және тиісті қалтаға салады.
Соңында тест орындайды. (Ұл мен қыздың ойыншықтарын ажыратады).

Рефлексивтік-коррекциялаушы

6. Тамаша, қонағымыз қошқар өте риза сендерге. Сендермен бірге бір ойын ойнағысы келеді..Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта»
Ойын шарты; Басталған сөйлемді, балалар аяқтайды .
-Менің ойыншығым …………. / әдемі /.
-Мен қуыршақпен …………./ ойнаймын/ .
-Допты жоғары ………….. / лақтырдым /Қошқар қуанып, риза болғанынан сендерге рақметін айтып сыйлығын береді (шарларын).

Ал енді балалар өздерінді өздерін бағалап смешарик таңдап алыңдар. (өте жақсы, жақсы, тырыс).
Қорытынды. Қонақтармен қоштасу .
Айтылған сөйлемді, әр бала өзінше аяқтайды. ( біреуі әдемі десе, екіншісі сұлу, үлкен, қызық…).
Әрқайсы өз өзін бағалайды.
Күтілетін нәтижесі:
Ұғынады: әр түрлі материалдардан ойыншықтар болады екен.
Түсінеді: сұрақ – жауапқа толық сөйлеммен жауап беріп әңгіме құрастыратынын; ұқыпты, тәртіпті болуды.
Қолданады: ойыншықтарға жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау .

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер54
  1. Айжан

    синквей схемасын естигем оте жаксы жаттыгу , оз практикамда колдангым келип жур. рахмет пайдалы малиметтер озиме сактап алдым

  2. Зульфия

    Ойыншықты сапасына қарау қажет. Шама келгенше ағаштан жасалған ойыншық алу қажет. Қазіргі сапасыз ойыншықтың құрамында баланың денсаулығына зиян химикаттар болуы мүмкін

  3. Анар Жауышева

    1.Синквейн схемасымен жұмысты бірінші рет естіп тұрмын.көп рахмет.берген тапсырмаларда балаларға сай.

  4. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Озим сол сабактын ишинде отырғандай болдым.оте керемет!

  5. ЖАДЫРА

    Балалар ойыншық дүкенінен шыға алмаған шығар мына тақырыпта өте күшті жазылған

  6. Дана

    Сабақта балаларды сұрақ – жауапқа толық сөйлеммен жауап беруге және әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорларын дамыту жұмысы жақсы ұйымдастырылған. Сіздерге көп рахмет!

  7. Бекмолда Айгерім

    Ойыншықтар дүкеніне саяхат жасағандай болдым.Сабақ өте керемет жазылған

  8. Ақтоты

    Өте жақсы ұйымдастырылған оқу қызметі екен. Лэпбукпен жұмыс өте қызықты әрі балалар үшін жаңа нәрсе. Оқу қызметінде үштілділікте бар. Жаң жақты қамтылып ұйымдастырылған екен. Жарайсыз

  9. Лаззат

    өте жақсы сабақ екен,жоспары ұнады

  10. Айдана

    Синквейн схемасы дегенді біріншірет естіп отырмын. Әлі білмейтінім көп екен.

  11. Нағима

    Сабак жоспары оте накаты, Көрнекті,угыныкты тілмен баяндалган. Билингвалды компоненттер де қолданылған, үштілділік кезинде бул сабак жас педагогтарга таптырмас материал екен

  12. Камшат

    Балалардың өз тілін ғана емес, өзге тілді де үйренуіне осы ойындардың ықпалы зор!!

  13. Куралай

    Сабақ жоспары өте жақсы жасалған. Жас мамандарға нағыз керек сайт

  14. Салима

    Жақсы ұйымдастырылған сабақ жоспары, балаларға ойын тәртібін үйретеді!

  15. Назира

    Балаларға неше түрлі ойыншылар дүкенде бар

  16. Алма

    Сабақта пәнаралық байланыс бар екен. Сол тұсы ұнады. Ойыншықтардың неден жасалғанын бала үш тілде үйренеді. Ұқыптылыққа тәрбиелейді. Рахмет сіздерге!

  17. Акерке

    кейінгі технология бойнша жақсы жазылған оқу қзметі екен; рахмет, керегімді алдым

  18. Гаухар

    оқу қызметіне сквейн әдісін қолданған екен. есте болатын нәрсе екен. рақмет

  19. Арай

    Балалардың өз ойыншықтарын атауға және қатты немесе жұмсақ екенін ажыратуға өте жақсы екен

  20. Алтынай

    Сабақ жоспары өте жақсы жасалған. Ойыншықтармен танысып . 3 тілде атауды үйретіп . Жүйелеп қамтылған

  21. Айгерім Даулбаева

    Сабақ өте қызықты балаларға өткізуге болатын керемет сабак. Ерке айға рахмет

  22. Майра

    сабақ түсіндіруде бірнеше әдісті қолданыпты. Балалар үшін ойын түрінде өткізген сабақтар түсінікті әрі қызықты?

  23. Сауле

    Сабақ жоспары өте жақсы жасалған. Ойыншықтармен танысып . 3 тілде атауды үйретіп . Жүйелеп қамтылған

  24. Жаннұр

    Сабақ жақсы құрылған. Ойыншық атауын және оны ажыратуды балаға тез үйренуіне оңай. Үш тілдік компонент талапқа сай.

    1. Тоқтасынқызы Альбина

      Ойыншықтар қазір замандағы балаларға өте қажет. Ойыншықпен балалар, ойнап қана қоймай, сөйлеп үйренеді. Қыздар қуыршақпен ойнап әр қуыршағына ат қойып ойнайды, ыдыс аяқтармен жақсы ойнап, тура үйіндегі аналарын бинелеп рольге кіріп ойнап шығады. Ұлдар машина, комаз, түрлі, ертегі кейіп керлермен ойнайды. Ұлдар әкесі сияқты машина айдап ойнайды. Ойыншықтар бала өміріне ерекше мән береді және мамандық таңдауға өте тиімді.

  25. Оразамбаева Айжан

    Сабақ маған ұнады. Ойыншық-баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатында пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі.

  26. Балкерим

    Еркетайға алғысымды білдіремін. Жас мамандарға нағыз керек сайт.

  27. Гулмира

    Оку кызмети жаксы уйымдастырылган . Озиме керекти , пайдалы акпаратты алдым. Рахмет

  28. Гүлжанат

    Еркетайға алғысымды білдіремін. Жас мамандарға нағыз керек сайт.

  29. Гүлжанат

    Жоспары,мақсаты,әсерлі түсіндірілген екен

  30. Гүлжанат

    сабақ.заман талабына сай екені көрініп тұр.

  31. Гүлжанат

    Жақсы сабақ.заман талабына сай екені көрініп тұр.

  32. Айгерим

    Балаларға қызықты тақырып. Сабақ таотымды, түсінікті құрастырылған

  33. Алия

    Балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиешінің сұрақтары бойынша суреттен қысқа әңгіме құрастырып айтуға ынталандыру ушин жасалган дуния екен

  34. Майра

    Жаксы жоспар, маган унады

  35. Шынар

    сабақ өте жақсы ұйымдастырылған және тақырыптан ауытқымай жазылған

  36. Алия

    Осы материал арқылы ашық оқу қызыметін ұйымдастырамын! Рақмет

  37. Бағдагүл

    Осы материал арқылы ашық оқу қызыметін ұйымдастырамын! Рақмет

  38. Кулаш Ергазиева

    ойншық баланың ең сүйікті заттының біріғо.мынада өте керемет ақпарта бар екен.

  39. Айсулу

    Сабақ барысында балаларды ұқыптылыққа тәрбиелей отырып тілдерін дамытты

  40. Акнур

    Сабак жоспары оте накаты,Корнеем,угыныкты тилмен баяндалган. Билингвалды компонентти де колданган, казирги уштилдилик кезинде бул сабак жас педагогтарга таптыомас материал

  41. лаура

    Оқу қызметі ерекше. жаңа терминдер бар екен тамаша

  42. Айгүл

    Сабақтың құрылымы өте жақсы деп есептеймін. Жас мамандар үшін көмек болары сөзсіз. Жаңа технология бойынша құрылған. маған ұнады. Сізге сәттілік!

  43. Бахыт

    Жақсы жазылған, жаға технология қолданылған, құрылымы жақсы.

  44. Данагуль

    сабақ жоспары жақсы жазылған екен!!!

  45. Нұра

    Сабактын откизу барысы ерекше. Жас мамандарга уйренип коруге улкен комек. Сиздерге рахмет! Енбектеринизге саттилик!

  46. Асемгул

    Ертегі сабақ бірінші сынып мұғалімдеріне керек екен!

  47. Дәмелі

    Сабақта балаларды сұрақ – жауапқа толық сөйлеммен жауап беруге және әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорларын дамыту жұмысы жақсы ұйымдастырылған!

  48. Аружан

    сабақ жоспары ұнады. Жаңа, заманауи үлгіде өтілген екен

  49. Айгерим

    оку қызметі жаксы откен сияқты. создік корларын дамыта аламыз осылай жұмыс жасасак!

  50. Бағила

    Балаларды ұқыптыллыққа тәрбиелей отырып, үш тілділікті пайдалана отырып тілдерін дамытты. Өте жақсы!!!

  51. Абилдина Акбаян Кадирбековна

    Сабақ өте жақсы құрылған. Полилингвальді компоненттер пайдаланылған.Сабақ барысында әр кезеңнің өзінде түрлі әдістер пайдаланылған.Сабақ тартымды.

  52. Роза

    Жаңа технология бойынша өтілген сабақ жоспары ұнады.Сабақ әрі мазмұнды, түсінікті.

  53. Алия

    жақсы сабақ, әсіресе үштілдік компонет қолданылды, заман талабына сай сабақ, керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ