Сергіту сәтінің жинақтары

Саусақ жаттығулары «Бес саусақ»
Бас бармағым-атам,үйдің данасы,балаң үйрек-әжем,ошақ анасы. Ортан терек-әкем,отау панасы,шылдыр шүмек-шешем,шаңырақ ажары. Титтей бөбек-мен,бәрінің базары. Педагог балалардан ата-аналарының аты-жөнін сұрап,өз туыстары мен жақындарын қалай жақсы көретінін айтып беруді сұрайды .Педагог әрбаланың ата-анасының аты-жөнін сұрап,баспаәріптермен жазып,шквафтарға іліп қояды.Бұл педагог пен ата-аналардың бірбіріменеркін қатынасқа түсіп,жақынырақ болуға ыңғайлы.

«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»
Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандайқысып,
ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп,ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді.

• Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке).
• Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана)
• Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға)
• Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға)
• Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші.
• Осындай жұмыстан соң «мүсіншілер» жұдырықтарын жұмып,жасағандарын бағалайды. «Тек осындай мықты,берік жанұяғана алдында ьұрған мәселелер мен қиындықтарды сенімді
түрде жеңе алады.

Ойын жаттығуларымен жылулық шеңбер үлгілері

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»

сергіту сәті«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.

«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан»

Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады.

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері
Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.

«Мен табиғатта қонақтамын» жылулық шеңбері
Балалар көздерін жұмып,табиғат туралы әуенді тыңдайды.Педагог үстіне әдемі жамылғы жамылып,орман Флорасының періштесі болып,балаларды өзінің хандығына қонақққа шақырады. «Казір,мен-Флора періштесі,сендерге сиқырлы таяқшамды тигізсем,менің патшалығыма тап боласыңдар!»
-«Флора» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Флора-өсімдіктер әлемі)».
Флора періштесі өзіңің қол астындағылардың бәріде үш табиғат сыйларның; күн,су,ауаның арқасында тіршілік ететінін жөнінде түсіндіреді. Балалар су- реттегі өсімдіктер,ағаштар,ағаштың дінінде,астында,жерде, топырақ астында, қай жәндіктер тіршілік ететіні жөнінде әңгімелеседі.
Педагог ағаштың суреті салынған плакатты көрсетіп,ағаш суды тамырымен сіңіріп,діні мен бұтақта- рын суаратынын туралы әңгімелейді,ағаштармен гүлдердің атын естеріне түсіреді. Балалар флора періштесінің хандығында өздерінің алған әсерлерімен бөліседі.

«Достық шеңбері» жылулық шеңбері
Балалар шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген балаға отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы шақырғаны жөн).Педагог «Күлгін көзілдірікті» киіп «күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады.Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,ортадағы баланы мадақтайды.
сергіту жаттығулары
«Өз күлкіңмен бөліс!» жылулық шеңбер
Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-біріне жылы сөздер айтып,әдемі күлкілерін сыйлайды.педагог үй жануарларын атап шығуды және неліктен үй жануарлары деп аталатынын естеріне түсіруін сұрайды.

Шаңырақ сергіту сәті

Балалар шеңберді айнала ұстап,төбелеріне көтереді.Олар «уық»сияқты қолдарымен, «шаңырақты» мықтап ұстайды да,түндіктен «көк  аспан мен жұлдызды» көреді.

Көтеріліп шаңырақ,керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,бәріміз жүрсек айналып, киіз үй боп көрініп.

«Жылы сөз» жылулық шеңбер

Педагог баланың назарын терезеден түскен Күн сәулесіне аударып.төмендегі «Тіршілік атаулыға қайырым жас» өлеңін оқиды.
Шашы алтын,көзі –от,шыға ғой Күн тезірек!
Шуақ берші,жылу бер-маған,қозы,лағыма,тағы,тағы,тағы-да!
Балалар тәрбиешіге еліктеп,әр сөзді онымен бірге қайталып және қолдарын бірде жоғары Күнге көтеріп,біресе қиялдарында тұрған қошақан мен лақты көрсетіп ойын қимылдарын жасап отырады.

«Еркелету» жылулық шеңбері

Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп,бір-біріне жы-лы сөздер сыйла

Табиғат аясында саяхат атты сергіту сәті

• «Біз казір нұрын төққен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)
• Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады.
• Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды).
• Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан шапалақтайды).
• Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді).
• Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды)
• Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді)
• Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады)
• Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді).
• Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер82
  1. Баян

    Сергіту сәті баланың сергуіне сабақтың одан әрі қызықты өтуіне көңіл күйді көтеруге көмектеседі

  2. Баян

    Тарбиешиге күнделікті керек материал,рахмет сиздерге

  3. Ләззат

    ооо керемет маған керек болып жүр еді қуана балаларға жасатып көремін

  4. Назира

    Керемет,өзіме қажетті ақпарат алдым.білмегенімізді үйреніп жатырмыз.

  5. Анар Жауышева

    Қалай алса болады.жүктеу батырмасы болса жақсы болар еді.сабақ өткен сайын осы сайтқа кіремін.рахмет

  6. Маржан

    жылулық шенбері, сергіту сәті балабақшада тәрбиешіге өте қажет дүние. рахмет өзімнің матералдарымды толықтырып алдым.

  7. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Тарбиешиге күнделікті керек материал,рахмет сиздерге!

  8. ЖАДЫРА

    Сергіту сәті әрбір тәрбиешіге қажетті

  9. Дана

    Жас маманмын. Сайттарыңыздан көп дүниелермен танысып жатырмын. Сергіту сәті сабаққа пайдалануға ыңғайлы

  10. пернекул

    сергіту сәті балаларға қызықты ете білуде өнер.

  11. Молдир

    Жас маманға қандай құнды ақпараттар! Еркетай сайтына үлкен рахмет!

  12. Бекмолда Айгерім

    Сергіту сәті баланың сергуіне сабақтың одан әрі қызықты өтуіне көңіл күйді көтеруге көмектеседі Балалар сергіту сәттерін жасағанды қатты ұнатады.

  13. Толкын

    Сергіту сәті сабақтың басты құралы

  14. Құралай

    Сергіту сәттерін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларын өте қызықты. Барлығы қызыға орындайды.

  15. Камшат

    Сіздердің сайттарыңызда құнды ақпарат өте көп, бұл осының дәлелі!

  16. Сейсен

    Сергіту жаттығулары жақсы топтастырылған екен, ұнады.

  17. Айгерім

    Сергіту сәті балабақша балаларына өте қатты ұнайды. Көңіл-күйлері көтеріледі.

  18. Бибигуль

    Балалардың ойын тілін дамыту мақсатында таптырмас құнды дүние деп білемін. Бұл сергіту жаттығулары тілге жеңіл айтуға оңай бала тілімен жасақталған. Жаттығулардың да өте көп түрлері бар. өз тәжірибемде пайдаланатын боламын. рахмет

  19. Акерке

    күнделікті сабағымызға қажетті таптырмас дүние екен; мақала авторына да, сайтқа да үлкен рахмет

  20. Гаухар

    Достық шеңбері ұнады. Балалар достық ұғымын түсініп, сенімділіктері артады.

  21. Еңлік

    Сергіту жаттығуларының жиынтығы өте жақсы жазылған екен,нағыз керек дүние.Рахмет сіздерге?

  22. Алтынай

    Өте жақсы,Сабақ арасында оқушылардың шапшаңдылығы мен пәнге қызығушылығын арттыруына өте қолайлы сергіту жинақтарын құрастырғаныңыз үшін көп рахмет!

  23. Алтынай

    Өте жақсы,Керемет топтастырылған сергіту сәті. Жас бүлдіршіндер үшін таптырмас жаттығулар. Тек бала бақшаға балаларына ғана емес, бастауыш сынып оқушыларынада келеді екен.

  24. Ардак

    Сергіту сәттері өте жақсы. өзіме сақтап қойдым. болашақта керегі болар.Рахмет

  25. Гульзира

    Оқу қызметінде балалардың шаршағанын басып белсенділігін арттыру үшін мына сергіту сəті жинағын қолдану өте ыңғайлы

  26. Жаннұр

    Осы шаттық шеңберлерді өзімнің циклограммама қосып жаздым. Балдардың көңіл күйлерін көтеріп, балалардың тілін тез дамытады. Жатқа біледі осы жылулық шеңберін. Рақмет.

  27. Оразамбаева Айжан

    Сергіту сәттері естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі, т. б.) өткізіледі. Сергіту сәттерінің маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады. Бұл мақаланы сабаққа пайдалануға болады.

  28. Ақұлпа

    . Қазіргі таңда тілімізді дамытып тірек болу үшін жас бүлдіршіндерімізді қазақшаға қызықтырып, қазақша оқытып ой өрістерін дамыту үшін осы көрнекіліктердің көп көмегі тиетініне кәміл сенемін. 2. Көрнекіліктермен балдар санауды оңай және қызығып үйреніп жатыр алғысым шексіз. 3. Мың алғыс тәрбиешілерге таптырмас құралдар. 4. Рахмет көрнекіліктер мектепке баратын балдардың сауатын ашты. 5.Балдар көрнекіліктер арқылы түстерді ажыратып тани білді Еркетай улкен алғыс сіздерге. 6.Сіздердің көрнекіліктеріңіз өте керемет ашық сабағымды керемет өткіздім рахмет Еркетай. 7. Еркетайға арнайы алғыс бес сала бойынша таптырмас көрнекіліктер. 8.Көрнекілікпен өте оңай жұмыс жасап жатыр балдар Еркетай үлкен рахмет. 9. Көрнекіліктеріңіз өте керемет әсер берді Еркетайға алғысым шексіз. 10.Көрнекіліктеріңіз нағыз керекті ақпаратты берді ҮЛКЕН РАХМЕТ. 11.Жұмыстарыңыз көрнекіліктеріңіз айтарлықтай керемет супер жасалған рахмет сіздерге. 12. Не деген керемет көрнекіліктер балдарды өте тез зейінін ашып оқуға үйретті рахмет сіздерге. 13. Тамаша өте керемет құнды көрнекіліктер екен сапасы күшті рахмет. 14.Маған қатты ұнады. Алла разы болсын сіздерге . 15. ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗҒА БЕРЕКЕ ІСТЕРІҢІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ РАХМЕТ

  29. Балкерим

    Керемет!

  30. Рабигуль

    Өте пайдалы ақпарат көп рақмет.

  31. Унайбекова Нурила Сапаргалиевна

    Шаттық шеңбері балаларды бір көңіл күйлерін көтеріп тастайды. Ал сергіту сәті баланың бір бойын марқайтып, ұйқысын ашады. Өте орынды айтылған жаттығулар.

  32. Айгуль

    Тамаша, өте құнды акпарат. Балаларга жәй сөзбен айтканнан көрі, ойын жаттығу арқылы жаксы кабылдайтынын әрбір тәрбиеші билулері керек

  33. Маруза

    Сабақта қолданып жүрмін. Бірақ әлі де көбірек керек. Қалай жүктеп алуға болады. Рахмет!

  34. Айгерим

    балаларға бос уақытта осындай жылулық шеңберлерін үйретемін,рахмет.

  35. Алия

    Сергіту сәті өте жаксы жазыжлған. әр топта жасы ерекшелігіне байланысты осындай жиынтық болу керек

  36. Уміт

    Бала-бақша үшін таптырмас құрал.

  37. Кулаш Ергазиева

    сергітту сәтті балалардың ең сүйікті істерінің бірі

  38. Акнур

    Сергиту сати жинактары ар тарбиешинин басты куралы деуге болады, жинак оте тамаша курастырылган екен.озиме сактап алдым, кунды дуние ешкашан кундылыгын жоймайды

  39. Айгүл

    «Еркелету», «Жылулық шеңбері» сергіту жаттығулары өте ұнады. Сергіту арқылы бала демеледы, көңі-күйлері көтеріледі. Баланың қызығушылығы артады. Сондықтан бұл өте керекті жұмыс. Әсіресе, жас мамандар үшін пайдасы көп деп ойлаймын. Сізег рақмет. Алланың нұры жаусын!

  40. Акнур

    Сергіту сәтінің жаттығулар кешенін біраз болды іздеп жүргеніме. осы сайттан барлығы бірден табыла кеткеніне қуанып отырмын. рахмет. әсіресе жылулық шеібері де қамтылып жазылған екен. оқу қызметіне пайдалануға өте қолайлы. балалар тез меігеріп, жаттауына икемді.

  41. Айман

    Сәлеметсіздер ме! Мақалаңыз өте пайдалы екен. Маған «Бес саусақ» сергіту жаттығуы ұнады. Бұл жаттығуды мен балабақшада тәрбиеленушілер компьютерден тұрғасын саусақ жаттығуы ретінде ойнатамын. Ата-анамен байланыс ретінде де бұл ойыңыз жақсы екен. Рахмет.

  42. Ляззат

    Сергіту сәті туралы жинақтарыңызға рахмет, өие ұнады.Әсіресе «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері туралы, үнемі балаларға сабақ барысында пайдалануға болады. Жұмысыңызға сәттілік!

  43. Санбаева Нурзия Жалғасқызы

    Өте тамаша дүние екен Сабақ барысында барлығын пайдалануға болады әсіресе шаттық шеңберін

  44. Асемгул

    Сергіту сәттері өте қажет еді.Тамаша!

  45. Айгерим

    Бұл мақалада маған «Достық шеңбері» ұнады. Балалардың өзіне деген сенімділігін арттырады.

  46. Сауле

    Сергіту сәті жақсы балалрдың денелері шынығып сабаққа әрі қарай күш береді.

  47. Дәмелі

    Сіздің сергіту сәттеріңіз өте қызықты екен! Мақалаңыз пайдалы деп санаймын, өйткені сергіту сәттері баланың зейінін ашып, қызығушылығын арттырады.

  48. Сандугаш

    Жалпы бізге бастауыш сыныптар мен балабақшаларға сергіту сәттерін жасау өте пайдалы, балаларымызды зеріктіріп алмау үшін көптеген сергіту сәттерін орындатамыз. Ал мына жинақта сергіту сәттерінің мөлшері құрлымы жақсы екен, өте қызықты және тиімді екен. Сабақтарыма пайдаланамын, үлкен рахмет.

  49. гаухар

    Сергіту сәттерін жас ерекшелігіне сай етіп таңдап өткізсе, өте пайдалы. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Сергіту түрлері ұнады. Өз сабақтарымда барлығын пайдаланамын деп ойлаймын. Рақмет сізге.

    1. Тоқтасынқызы Альбина

      Сергіту сәті бойынша бала демалып алады. Бала ойнап, сергіп отырып сабақты жақсы оқиды. Өте тамаша балаға сергіту сәтін жасату. Өте көңілді музыкалар қосып ойнатып үйрету сабақты

  50. Алимбаева Бибигуль Тулигеновна

    Өтте тамаша мақала.Сергіту сәті балаларға өте ұнайды және көңіл күйлері де көтеріледі.Одан қоса саусақтары,дене мүшелері де дамиды.Балаларымызға ақылдарына ақыл,ойларына ой,саналарына сана пайда бола байтайды.
    Үлкен Рахмет!

  51. Айкенже

    Өте керемет қажетті сергіту жаттығулары екен!Басқаларына қарағанда ерекше және балаларға да өте қызықты болатыны сөзсіз.Мен өзіме түртіп алдым.

  52. Елизавета

    Сергіту сәттері жақсы жазылған, рахмет!Сергіту сәттері баланың зейінін ашып, қызығушылығын арттырады, және тіл байлығын дамытып дауыс ырғағын қалыптастырады.

  53. Аружан

    сергіту сәттерін әсіресе бастауыш сынып оқушыларына ұнайды.
    Мына жазған сергіту сәттерің өте жақсы екен.

  54. Айгуль

    Сергіту сәті әр сабьаққа керек.Сергіту сәтінде балалар бір сергіп қуанып қалады емес пе? Мына жазған сергіту сәттерің қте жақсы екен.Біраз сергіту оқып жақып алатын екен.Сіздерге рахмет!

  55. Каюпов Сламбек

    Сергіту сәттерінің түрлері ұнады .Оқушылар сергіту арқылы сабаққа деген серпін алады

  56. Ақниет

    Сергіту сәті қызықты, керемет!

  57. Айгерим

    сергіту сәттері балалардың көңіл күйлерін котеріп шаршағандарын басады. жұмысыныз жинақы тамаша екен!

  58. Гүлнұр

    Сергіту сəті адамның көңіл-күйін бірден көтеретін,шаршаңқы адамды лезде күлдіртетін ойын түрі деуге де болады.Сергіту сəтін əсіресе кішкентай балалар жақсы көреді.Сабақтан шаршаған кезде осылай көңіл көтеріп алуға болады

  59. Жанна

    Автордың қолданған әдістері сондай сапалы, білім алушылардың қызуғушылығын арттыратын әдістер, сабақта қолдану өте керемет деп ойлаймын. осындай әдістерді мектептер мен колледждерде көп қолданса тамаша болар еді.

  60. Жаныспаева Кымбат

    Сергіту жаттығулары өте пайдалы.

  61. Ырыс

    Сергіту сәттері қолдануға қолайлы түсініктң рахмет

  62. Галия

    Сабақ арасында оқушылардың шапшаңдылығы мен пәнге қызығушылығын арттыруына өте қолайлы сергіту жинақтарын құрастырғаныңыз үшін көп рахмет!Сабаққа қажеттісін алып, тәжірибе бөлістім.

  63. Ұлбосын

    Әрине ұнады. Өз сабақтарыма пайдаланамын .Рахмет сізге

  64. Асел

    Жақсы жазылған 1- 2-3 сынып оқушыларына тиімді пайдалануға болады.

  65. Набира

    сабақта қолданған өте тиімді екен

  66. Гульмира

    Керемет екен

  67. Айгуль

    Бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтінің алатын орны ерекше.Сергіту топтамаңыз керемет жазылған.Енді бұл сайттан өзіме керегін алып отырамын.Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

  68. Алия

    Өте жақсы сергіту сәттері, сергіту сәттеріңіз мәнді, тамаша.

  69. Гулнур

    Сергіту сәттерін керемет топтастырып жазыпсыз, маған ұнады. әсіресе бөліктерге бөліп жазғаныңыз өте керемет! Сәтті шыққан жұмыс! Бұл сайттан өзіме қажетті материалдарды алып отырамын.

  70. салтанат Қоқымбаева 09.04.17

    Сергіту жаттығулары балаларға өте пайдалы. Мақала өте керемет.Сайт маған ұнады. Қажеттінің барлығын алуға болады.Сіздерге көп рахмет.

  71. Карина

    Мақала керемет.Қызықты.Негізінен дұрыс айтылған сергіту сәті оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыраы.Өте керемет сайт!Жұмысқа өте қажет жұмыстарды табуға болады.

  72. амангүл

    сергіту жаттығуларынң балаға берер маңызы өте зор. сіздің сергіту джаттығуларыңыз өте қызықты екен. көп рахмет!сабаққа міндетті түрде қолданамын!!!

  73. Рая

    Сәлеметсіздерме жақсы жазылған, алайда мектеп оқушыларын қолдануға болады, осындай жинақтар балабақшадағы кіші топтарға болса екен. Размет…

  74. Акбота

    Сергіту сәті балалардың танымдық және тәжірибелік белсенділігін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады. Жаттығулардың дене қимылына, саусаққа, тілге, тіл бұлшық етіне арналған түрлері көп. Мектепке дейінгі жаста жаттығуларды өлең, тақпақ түрінде өткізуге болады.

  75. Алмас

    осындай қазақша жинақтарды әдіс алмасу мақсатында сайтқа шығарғаныңызға көптен көп рахмет. күнделікті сабақ барысында қолданатыныма рахмет айтамын.

  76. Куралай

    Сергіту сәті бір жағынан балаға беріліп жатқан тәрбие,балаларды өте қызықтыратын бойына күш беретін сәт.

  77. Мадина

    Керемет топтастырылған сергіту сәті. Жас бүлдіршіндер үшін таптырмас жаттығулар. Тек бала бақшаға балаларына ғана емес, бастауыш сынып оқушыларынада келеді екен.

  78. Әлімбаева Сарқыт Бахитқызы

    Әрине ұнады, бұл ойындарды тек кішкене балаларға емес сәл өзгертіп оқушыларға да пайдалануға болады

  79. Акнур

    Оқушыларға білім мен тәрбие беру әр сабақта,тәрбиелік шараларда жүзеге асырылады.Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері,тапсырмалар өте көп, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына осындай сергіту сәттері өте керек-ақ. Өз тәжірибеме пайдаланатын боламын. Көп рахмет.

  80. Арайгуль

    сергіту сәттерін әсіресе бастауыш сынып оқушыларына ұнайды. Осы жерде жақсы сергіту сәттеріне арналған жаттығулар топталған екен. Рахмет, Еңбегінің жемісті болсын

  81. Маржан

    Сергіту сәті мен жылулық шеңбері жинақталып жазылған. Сабаққа пайдалануға қолайлы.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ