«Балалардан-Балаларға» видео байқауына дауыс беріңіз!

Дауыс беру жабық!

Құрметті Еркетай сайтының достары мен қонақтары!

Сайтымызда екі апта бұрын жарияланған «Балалардан-Балаларға» видео байқауына дауыс беру басталды. Екі апта көлемінде сайтымыздың тіркелушілері жіберген видеоларды реттеп сайтқа 23 видеоны жариялап отырмыз. Дауыс беру 26.09.2014 аралығына дейін жүргізіледі. Жеңімпаздар сайт тіркелушілерімен қонақтарының берген дауысының қортындысы арқылы  анықталады. Әр видеоның астыңғы жағында «Дауыс беру» батырмасы орналасқан осы батырманы басу арқылы ұнаған видеоңызға дауыс беруіңізге болады. 

Әр видеоға бір адам тәулігіне бір ғана дауыс бере алады, бірақ қалағаныңызша әлеуметтік желідегі достарыңызды ұнаған видеоға дауыс беруге шақыруыңызға болады . Ол үшін дауыс беру батырмасын басқанда әлеуметтік желідегі достарыңызбен бөлісуге арналған терезе ашылады . Ал ендеше балаларды қолдап дауыс беріңіздер!

Пікірлер24
  1. Мөлдір

    Оқущылар арасында сайыс ұйымдастырсаңыз жақсы болатын еді. Балалар онлайн үйде іші пысты

  2. Нұржайна

    Осындай байқауларды жиірек ұйымдастырып тұрсаңыздар жақсы болар еді, әсіресе осы видеомен балалардың орындау ерекше әсерін қалдырды, қашықтықтан айтып балалар өз мүмкіндіктерін көрсете алады!

  3. ardok

    Керемет! Кішкентай бүлдіршін балаларымыздың талаптарына нұр жаусын. Бүлдіршіндеріміз аман болсын!

  4. Мергуль

    Сайт ұйымдастырушыларына ризашылығымды білдіре отырып, өз дауысымды осы байқаудағы ең кішкентай өнерпаз Шораев Алдиярға беремін.Тәп-тәтті қылығыңмен баршаны қуантып,аман жүрші.

  5. дамир

    Курметти сайт и уймдастырушысы сиздин сайт маган катты унады.мен оз дауысымды Шораев Алдиярга берип отырмын.Кип кишкентай болып сондай кин анди аитуы тан калдырды

    1. Erketai (автор)

      Салем! Байқауға атсалсып жатқаныңызға көп рахмет. Сайтқа кіріп тұрыңыз.

  6. Макпал

    Әр возрастағыларға жеке орын беру керек. Мұнда мектеп оқушылары да бар, балабақшада бар, кішкентайлар да бар! соны ескерсеңіздер! Сонда әділдік орнайды!!!!! Рақмет!

    1. Erketai (автор)

      Алдын ала байқау ережесі жарияланған. Ережені өзгертуге болмайды. Кім қандай орын алғанымен барлық қатысушыларға portfolios.kz сайтындағы 500 актив бірлігіне сатылып жатқан портфолиолар топтамасы беріледі.

  7. Макпал

    Ең болмаса алдыңғы бестікке орын берсеңіздер, өйткені баланың сайтқа деген көңілі қалды. Өнерді әділ бағаласаңыздар деймін!!!!!

    1. Erketai (автор)

      Байқауға қатысқан кезде байқау ережесімен мұхият танысу керек. Біз ешкімге дауыс бере алмаймыз. Байқау әділ болуы үшін сайтқа қатысы бар адамдар байқауға қатыса алмайды. Дауысты сайт қонақтары мен тіркелушілері береді. Сіздің дауысты аз жинауыңызға біздің қатысымыз жоқ.

  8. Айгүл

    Сайт ұжымына ризашылығымды білдіремін. Балалар арасындағы мұндай сайыстар ой-өрістері нің өсуіне зор ықпал етеді. Мен даусымды Шораев Алдияр мен Ғапу Бекзатқа бердім. Алдиярға балдай қызықты тіліңмен ата-анаңды қуантып, аман жүре бер деген тілек айтамын.

  9. Дана

    Men bul saitka rizamin ardaim balalarga arnap kizikti konkurstar uimdastirip turadi. baska balalar saittarinan mundaidi kormedim. rakhmet!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  10. KALJAN

    ҚҰРМЕТТІ ЕРКЕТАЙ САЙТЫ РАХМЕТ СІЗДЕРГЕ ОСЫНДАЙ ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА АРНАП КОНКУРС ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАРЫҢЫЗҒА. КОНКУРС БОЛҒАН СОҢ КӨҢІЛ ТОЛМАЙТЫНДАР КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА ТАБЫЛАДЫ.

  11. Роза

    Жоғарыдағы пікірлерді оқып таң қалып отырмын. Егер видео аз дауыс жинаса оған сайт иелері кінәлі емес қой. Қайта осындай байқауды ұйымдастырған сайт әкімшілігіне рахметімді айтамын.

  12. Ирина

    Әділдік жок болып тұр

    1. Erketai (автор)

      Сіздің түсінігіңіз бойынша «Әділдік» деген сіз дауыс берген видеоның көп дауыс жинауы ма? Ал қалғандар олар сізге маңызды емес ия. Ойыңыз түсінікті болды.

  13. Ирина

    Калай десеніздер де дауыс беруде шикілік бар, дүрыс есеп жок, дауыс косылмайды. Жалпы халыкты бұлай әурелеп неге керек, баланың да көңілі калады

    1. Erketai (автор)

      100% кепілдік береміз ешқандай шикілік жоқ. Біз не үшін дауысты дұрыс есептемеуіміз керек? Дауыс аз болса да көп болсада 1,2,3 орындарға және қалған барлық қатысушыларға уәде берген жүлдемізді береміз. Не болсада ойланып барып жазыңыз.Еш нәрсені білмей қалай жала жабуға болады. Сіздің осы байқауда видеоңыз барма еді? Егер бар болса қалай дауыс есептелмей жатыр дәлелмен айтыңыз.

  14. Айнур

    Видеолар ашылмайды сонда калай дауыс берилип отыр, жалпы дауыс дауыс саны 5 минут аралыгында ауысатынына куманим бар!!!….

    1. Erketai (автор)

      Қалай ашылмайды. Барлық видео ашылып тұр өзіңіздің интернет нашар шығар. Неге күманыңыз бар 5 минут өткен соң сол бетті «обновить» етіңіз. Осы бетке және сайтқа көп күш түспеуі үшін арнайы плагин қойылған. Сондықтан дауыс бірден көрінбейді.

  15. Агзия

    Дауыс неге дұрыс қосылмай тұр, жалпы дауысты дұрыс есептемей отырсыздар

    1. Erketai (автор)

      Қалай дұрыс емес. Дауысты біз есептемейміз арнайы «дауыс беру» батырмасы тұр сол арқылы дауыс беріледі барлығы көрініп тұр.Дауысты біз не үшін өзгертеміз.Байқаудың әділ өтуі бәрінен бұрын бізге керек және оған кепілдік береміз.Жала жауғаныңызға жол болсын.Пікір жаза аламын деп осылай негізсіз жалау жауғаныңыз қалай?

  16. Алма

    Маған қошақаным таппағын айтқан екінші видеодағы кішкене аруымыздың орындауы қатты ұнады.

  17. Jama87

    Салем! Сайт ұйымдастырушылары тамаша ойластырылған конкурс. Мен даусымды 1 -ші видеодағы балаға бермін. Тамаша орындауы, өлеңді жеткізуі барлығы қатты ұнады жалпы барлық видеодағы өнерлі балалардың өнеріне риза болдым. Биік-биік шыңдардан көрінулеріңе тілектеспін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ