Тәрбиешілерге арналған байқау

Қазақстанның бүкіл балабақша тәрбиешілерін «Үздік тәрбиеші» атты байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқау шарттары өзіңіздің өткізген немесе енді өткізетін ашық сабақ, сабақ жоспары, сценарий, циклограмма басқада тәрбиешілердің өзіне қажетті сапалы жұмысыңызды сайт бетіне жариялаңыз.

Байқауға қатысатын жұмысыңыз бұрын соңды интернет бетінде жарияланған материалдардан құралып, тек таблицалармен слайдтар болмауы тиіс(мұндай жұмыстар қабылданбайды). Тәрбие сағаты немесе ашық сабақ болса сол өткізілген іс-шараның бүкіл суреттерімен болғаны жақсы.

Жіберілген материал ең алдымен интернетте жарияланбағандығына және сапасына қарай тексеріліп қабылданады. Мүмкін өтіп кетер деген ниетпен интернеттен немесе компьютеріңізде сақталған 5-6 жылдық тарихы бар актуалдығын жоғалтқан яғни қазіргі тәрбиешілердің жұмысына қажетсіз материалды жіберіп редакторлардың уақытын алсаңыз сізден екінші қайтара ешқандай жұмыс қабылданбайды.

тәрбиешілерге арналған байқау

Байқауға жіберетін жұмысыңыздың тақырыбын және авторын яғни өзіңіздің толық аты жөніңізді, мамандығыңызды, жұмыс орыныңыз бен мекен-жайыңызды мақала ішіне жазып жіберіңіз. Материалдар сапасына қарай іріктеліп сайт бетіне жарияланады. Тағы бір байқаудың кішкене шарты осы бетті әлеуметтік желідегі парақшаңызда бөлісіп (бөлісу батырмасы төменде көрсетілген вк, фб т.б), сайтымыздың вк-дағы тобына тіркелген болуыңыз тиіс(міндетті түрде тексеріледі).Тобымыз жайлы мына беттен көруге болады.

Байқауға қатысатын материалдарды қабылдау 10.10.2017- 11.11.2017 аралығында жүргізіледі.

Қатысушылардың жұмысына дауыс беру 11.11.2017-12.12.2017 аралығында өтеді. Сайттың кез-келген оқырманы байқау қатысушыларына сайттың төменгі бөлігінде орналасқан әлеуметтік желілердің батырмасын басу арқылы дауыс беруіне болады. Біз жеңімпазды анықтауда осы дауыстарды және сайт қолданушыларының пікірлерінде ескереміз(Пікірді ауқымды және не үшін сізге ұнағандығын анықтап жазыңыз. «Жақсы», «Маған ұнады», «Тамаша» т.б с.с ешқандай дәлелсіз қысқа ғана жазылған пікірлер саналмайды). Бірақ ең соңғы сөзді яғни байқау жеңімпаздарын сайт әкімшілігі анықтайды.

Байқау жеңімпазына қандай сыйлықтар беріледі?

1- орынға 10 000 тг(кез-келген банк карточкасына аударамыз) + грамота (электронды түрде).

2- орынға 7 000 тг(кез-келген банк карточкасына аударамыз) + грамота (электронды түрде).

3- орынға 3 000 тг(кез-келген банк карточкасына аударамыз) + грамота (электронды түрде).

басқа қатысушылардың барлығы байқауға қатысқандығы жөніндегі грамотасын алады.

Жеңімпаздардың сыйлықтары байқау өткен соң үш күн аралығында көрсеткен карточкаларына аударылады.

Жұмыстарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жіберіңіздер. Сайт әкімшілігі ешқандай құндылығы жоқ деп тапқан кез-келген жұмысты түсіндірместен қабылдамауға құқылы.Сол үшін ең сапалы деп санайтын жұмысыңызды жіберіңіз.

Пікірлер37
  1. Аяжан

    өте керемет ақпарат алдым, тәрбиешілерге керемет ақпарат

  2. Айдана

    Білім саласындағы тәрбиешілерге таптырмас мүмкіндік екен

  3. Ирода

    Тәрбиешілішілерге арналған таптырмас мүмкіндік екен

  4. Замзагуль

    Өте жақсы ұсыныс, тәрбиешілерге үлкен көмек

  5. Перизат

    Қазргі кездері барлық мамандық салалары бойынша байқаулар өтіп тұрады. Бұл өте пайдалы. және жеңімпаздарға марапаттау кезінде ақшалай сыйақылар беріліп тұрады.

  6. Roza

    сайыстар мұғалім өз білімін жетік меңгереді

  7. Ақмарал

    Тәрбиешілер сайысы арқылы өз білім деңгейін тексеруге болады.

  8. Алия

    Қазир де осындай байқаудың ұйымдастырылғаны қандай жақсы болатын еди, жақсы мүмкіндік екен бирақ қазирги жылдың бюайқаулары жоқ екен.

  9. Гулим

    «Үздік тәрбиеші» байқауына қатысып көргим келеді. Ашық сабақтар суреттері бар. Бирак түсінбедім слайд болмайды ма? Материалды жиберсем ақшасын қайда төлеуге болады. Қанша материал жиберуге болады? Назарларынызға рахмет. Осындай байқаудың ұйымдастырылғаны қандай жақсы, жақсы мүмкіндік екен.

  10. Таншолпан

    Салеметсізбе. Мен сіздердің почталарынызға жібере алмай тұрмын

  11. Карлыгаш

    Салематсызба мен байкау шарттарына сайкес барин жибердим енди тусинбей отканым дауыс жинау керек делинген дауысты кайда жинау керек

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, мақалаңыз сайтқа жарияланған соң сайт қолданушылары дауыс беруіне болады.Бірақ жеңімпазды анықтауда соңғы шешімді сайт администрациясы шығарады.

  12. Балнур

    Іздеп таба алмай отырм. Қайда жарияладыңыздар

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, тексеру жұмыстары аяқталмады. Көп уақыт ескертуге назар аудармастан жарамсыз интернетте жарияланып қойылған материалдарды жібергендердің жұмыстарын тексеруге босқа кетіп жатыр.

  13. Балнур

    Сəлеметсіздер мееееее. Менің сценарийларым шықты ма? Қайда? Дауыс жинайық?

  14. Балнур

    Сəлеметсіздер ме. Біздің жіберген материалдар қайда жарияланады.

  15. Балнур

    Жіберген жұмыстар қай жерге жарияланды

  16. Светлана

    кайырлы кун бугин жарияланама конкурс натижеси кай сайттан биле аламыз

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, ережені оқып көріңіз нәтижесі бүгін шығарылмайды.Әлі дауыс беру басталмады.

  17. Айгүл

    Рахмет. Тәрбиешілерге үлкен мүмкіндік.

  18. Бекбосова Айгуль

    Сəлеметсіздерме.материалдар өткенің қайдан білуге болады мен екі тәрбие сағат жіберіп едім

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, 11.11.2017 бастап сайтта жариялана бастайды.

  19. Светлана

    кеш жарык !Сценарий жиберсем болама?алде ашык сабак болу керек па

    1. Erketai (автор)

      Әрине болады жазылып тұр емес пе.

  20. Қараман

    Саламатсыз ба тек қана балабақша тәрбиешілеріне арналған ба әлде мектептің тәрбиешілеріде қатысуға боладыма?

    1. Erketai (автор)

      Мектеп тәрбиешілеріде , бастауыш сынып ұстаздары да қатысуына болады.

  21. Albina

    салематсызба бұл сайыска тек кана тəрбиешилер катысама мұғалимдер катысуга болмаима

  22. Тажигулова Нургул

    Мен 14казанда ашык сабак слайдмен жибердим али шыккан жок сонда ол жарамсыз ба

  23. Сандуғаш

    Өте жақсы ұсыныс екен. Жіберем

  24. Балнур

    Сəлеметсіздер ме! Менде жинақтап отырмын жұмыстарымды. циклограмма биылғы 2айдікі бар жібере берейінбе?

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, жіберіңіз тексереміз.

  25. Айсина Санимкуль Костаевна

    Мен қатысқым келеді.Бірақ кеш емеспе?

    1. Erketai (автор)

      Жоқ кеш емес, оқысаңызшы «Байқауға қатысатын материалдарды қабылдау 10.10.2017- 11.11.2017 аралығында жүргізіледі.»

  26. Тажигулова Нургул

    Мен сиздерге ашык сабак фотосымен және слайд туринде жибердим алде дұрыс жибермедим ба али шыккан жок көликтер деген.сайыска тарбиеши дегенге

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, барлық материал кезегімен тексеріледі.

  27. Токсанбаева Жамиля Кайратовна

    «Үздік тәрбиеші» байқауына қатысып көргим келеді. Ашық сабақтар суреттері бар. Бирак түсінбедім слайд болмайды ма? Материалды жиберсем ақшасын қайда төлеуге болады.
    Қанша материал жиберуге болады?
    Назарларынызға рахмет. Осындай байқаудың ұйымдастырылғаны қандай жақсы, жақсы мүмкіндік екен.

    1. Erketai (автор)

      Саламтсыз, қатысыңыз. Тек слайд ғана жіберген жарамайды. Қанша қаласаңыз сонша. Қандай ақша? Біз қайта сізге береміз егер жеңімпаз деп танылсаңыз. Рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ