«Аяулы Анам» тақырыбына шығармалар байқауы А-тобы

Аяулы ана!

Аяулы ана деген сенің, қадірлі, мейірімді-анаң. Аяулы ана саған жылы жүрегімен қарайды. Ол сені бесікке жатқызып бесік жырын айтып берген. Егер сен бір жаман қылық жасасаң, анаңның жүрегі ауырып, шашы ағарады. Сенің анаң, сен үшін бәріне шыдаған.Егер сен анаңның шашы ағарғанын қаламасаң, тек жақсы істерді жасауың керек. Анаңның жүрегі жылы болады. Және де ақ сүті дәмді болады. Ата-анана не істесең, ертең сол өзіңе қайтып келеді, дейді халық.Мен де, сен де басқа балалар да өз ата-анасын қадірлеуі керек. Ертең анаң қартайғанда, сен оны асырайсың. Ал қазір ол сені он сегіз жасқа келгенше, әлпештеп, аялап, еркелетіп асырайды. Сен үлкен жігіт болған соң, әскерге барып борышыңды өтейсің. Сонда анаң сені сағынып, уайымдайды. Көз жасын төгіп жылайды. Сондықтан анаңның сүтін ақтауың керек.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
№132 орта мектебінің 4 «Б»сынып оқушысы
Секебаева Аружан
[WPSP 9]
*****************************************************************************

Ана

Ана!
Асыл ана, асыл ана!
Тіршіліктің иесі — ғасыр ана.
Сенсіз сәуле әлемге шашыла ма?
Сенсіз аспан тұманнан ашыла ма?
Сенсіз мүлде табиғат гүлдемейді,
Сенсіз және ақ жауын басыла ма?
О, құдірет иесі, Асыл ана.

Ана!
Асыл ана, асыл ана!
Адамзаттың бастауы – ғасыр ана.
Ақ жаулығын мәңгілік басындағы
Арманымның көктеген жасыл бағы.
Жүрегіме батады қарап тұрып,
Ақ жүзіңді әжімнің басынғаны.
О, мейірім иесі, ғасыр ана.

Ана!
Асыл ана, асыл ана!
Сен лайықсың, сұлулық, асылға да,
Ақ сүтіңнен құдірет тасығанда,
Саған келіп күштілер бас ұрған ба?
Әлі сәби сезінем мен өзімді
Мойынына кей-кейде асылғанда.
О, жылылық иесі – Асыл ана.

Ана!
Асыл ана, асыл ана!
Құшағыңнан ақ сәуле шашыраған.
Сенен қалай бір нәрсе жасыра алам,
Қасірет қой бір тамшы жасым саған.
Әжіміне және әжім қоспайын деп,
Әрқашанда алдында асыр салам,
О, сұлулық иес, Асыл ана.

Ана!
Асыл ана, асыл ана!
Болса екен мәңгілік басын аман.
Сен бар болсаң, қол жетпес асылды алам,
Сен бар болсаң сайтанның басын да алам,
Сенің қайсарлығың бар жүрегімде,
Ақ алмастың жүзінде жасымаған,
О, болашақ иесі, Асыл ана.

Сатылова Заида Елубаевна
Алматы облысы, Жоламан ауылы

[WPSP 10]

*****************************************************************************
a-tobi

Аяулы анам

Мен бұл шығармамды түн ұйқысын төрт бөліп, еркелеткен де,ойнатып сергіткен де,алғаш мектепке жетектеп апарған аяулы анашым туралы сөз етпекпін. Менің анам-Смагулова Гульмира Қайырқызы- алтын адам. Ол Донской орта мектебінде жас бүлдіршіндерді оқытып тәрбиелейді.Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, аяулы ана, адал жар.Ол өнерденде кем емес. Қазақтың ұлттық аспабы домбыра тартып,ән салады.Аудандық, облыстық сайыстардан да жүлделі орындар алды.Осы өнерге мені де баулып жүр.Оның қолынан жасалған оюлы көрпе- төсеніштері мен маған арнап тіккен қазақтың ұлттық киімім көздің жауын алады. Қазақтың ұлттық тағамдары, яғни сүттен жасайтын тағамдарының дәмі тіл үйіреді. Айтар болсам, құрт, қоспасы,бауырсақ т.б. Менің анамды осылай тәрбиелеп, өнермен сусындатқан нағашы әжеме мың алғыс айтамын. Нағашы апам да 40-жыл ұстаздық қызмет еткен, Қазақстанның үздік мұғалімі және Алтын алқа иегері.Өкінішке орай былтыр 80 жасында нағашы апамкелмес сапарға кетті. Менің өмірімде апамның орны бос тұр. Қатты сағындым.Мен анашым мен нағашы апамды мақтан тұтамын.Мен нағашы апаммен анама ұқсағым келеді.Әрине анам мен нағашы апамның үмітін ақтайтын болам.
Қартаймашы, жан Апа, ақылшы Ана,
Мен дағы болсам деймінСізге ұқсаған.
Менен асқан бақытты бала бар ма?
Нағашы Апа тәрбиесінен нәр алған

Ақмола облысы,Еңбешілдер ауданы,Аңдықожа батыр ауылы
Донской орта мектебінің
3-сынып оқушысы
Айтхожина Альмира
[WPSP 11]

*****************************************************************************

Адамзат жауы

Көктемнің самал желі еседі. Қар еріп, құстар да ұшып келуде. Адамдар қыстық киімін шешкен көрінеді. Бірақ қалай дегенмен қаланың өмірі әлі де болса өзгеше көрінеді. Себебі осы қалаға көшіп келгенімізге екі ай енді толады. Бұрынғыдай лақпен ойнауды, құлын қууды, көл жағасында шомылуды да ұмыттым. Тек арасында онда да демалыста апам мен атама барып, жылқының бал қымызын ішіп, онымен бірге жайлауда желмен жарысқаным көз алдымнан кетер емес. Сол бір сәттегі тыныш табиғатты, таза ауаны қалай ұмытпақпын?!
Ал қалада оның бірін де көрмедім. Айналаңа қарасаң көретінің тек әсем, әрі биік-биік ғимараттар ғана. Әйтеуір анам ауладағы балалармен бірге ойнап жүргенімді көріп бір қуанып қалады. Шынымен – ақ
6- сынып оқысам да балалармен бірге ойнағанда жаным сүйеді.
Бүгін сол балалардың қасында отырып, қиялға беріліп кетіппін. Мұғалім үй тапсырмасына өскенде кім болуларың мүмкін, сол туралы әңгіме жазып келіңдер деген. Өзімнің кім боларымды білмей, таң болып отырғанмын.
Кенет есіктің тарс жабылғаны естіліп, көрші Күләш апайдың қызы дорбасымен бірге көшеге қарай жүгіре жөнелді. Артынан анасының:
— Құлыным, тоқташы! Қайда барасың -, деген жан даусы шықты. Ана бар даусымен жылап отырып қалды. Бәраздан соң қалпына келіп, үйіне кетті.
Арада бірнеше ай өткен болатын. Біз балалар сол кездегі ананың зорлы үнін ұмытып та кеткенбіз. Көктем өтті. Жаз ортасы келді.
Таңертең апам өзінің жайсыз түс көргенін айтып, қазақша жеті күлше таратпақ ниетте еді. Маған сол күлшелерді пісіріп болған соң, көршілерге тарата ғой деп, жұмысын атқара берді.Жеті күлшенің соңғысы сол баяғы Күләш апайдың үйіне бұйырды.
Мен есікті қағып едім, Күләш апай есікті ашып:
— Сәлеметсің бе, балам, — деген сөзін бұзып, телефон шыр ете қалды. Үйде ешкім болмады-ау деймін, апай өзі «күте тұр» деді де жүгіріп кетті, біршене минуттан соң апайдың бар даусымен құлыным деп зарлаған даусы естілді,
Алғашқыда не істерімді білмей сасып қалдым. Содан соң үйге апама қарай жүгіре жөнеліп шақырдым.
Бір сағаттың ішінде апайдың үйіне көрші- көлемнің бәрі жиналды. Бірақ бір түсінбегенім барлығының көздері ісіп, жылап жатқан болатын. Кешке ғана апам үйге оралды. Сонда анам: көктем кезінде қызы үйден кетіп қалыпты. Анасы мен әкесі неге кеткенін түсінбей, еш хабар ала алмай, үйлерінде қан жұтып отыра беріпті. Бүгін сол қыздың бір құрбысы қоңырау шалып, қызының осыдан бір апта бұрын өмірден өткенін айтыпты. Ана байғұс шыдай алмай есінен танып қалды ғой — деп анам көзін сүртіп, орнынан асханаға қарай бет бұрды.
— Бұл есірикі адам баласының жауы болды ғой. Адамзат баласын біртіндеп жалмап жатыр,- деп әкем ауыр күрсініп қою берді.
Иә, шыныменен! Әй, жас ұлан, жан- жақтарыңды дұрыстап тану қиын болып барады. Сондықтан, әр қадамымызды аңдып басып, ананың көз жасын төгуден аулақ қылғанымыз абзал. Өз тамырымызға өзіміз балта шаппайық, аяулы жас ұрпақ!

Жаңабай Мәнсия
№ 10 қазақ-түрік лицейі,
Қызылорда қаласы.
[WPSP 12]
*****************************************************************************

Аялай біл, сен деп соққан жүректі!

Ана! Осы бір үш әріптен тұратын, қысқа сөздің адам баласы үшін маңызы қаншама. Әр адамзатты, ғалымды, данышпанды да өмірге әкеліп, тәрбиелеген бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен ана алдындағы қарызымызды ауызбен айтып, қолмен істеп тауыса алмазпыз!
Ал, қазіргі кезде біз сол парызымызды қалай өтеп жүрміз. Ей, оқырман, осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Егер бір қалауың болмай, анаң бір нәрсеге рұхсат етпесе «уф, сізде соны қайталай бердіңіз ғой» деп әрнәрсені айтып тастайсың. Ал сен оның ананың жүрегін қалай жаралайтынын білесің бе?! Бірақ анаң сенің соныңа қарамай кешіреді.
Егер өтірік айтып құтылып кетемін ғой деп, анаңды алдасаң онда тағы да қателестің. Ол кісінің жүрегі бәрін сезеді. Сонда сен тағы бір күнәға ұшырағаныңды сезбей де қаласың. Анаң үшін кейде уақытым жоқ деп қашсаң одан сайын аяғыңды шалыс басасың. Анаң алдындағы парызыңды ұмытып, жаман әдеттердің соңында кетсең, ол асыл жанның жүрегі қақ айырылып, сені уайымдап, қайғыратын болады.
Сондықтан да, сен үшін жанын беруге даяр адам алдында күнәға батып қалмай, адам болып қалғың келсе түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп, әлдилеген, барын аямаған биік адам алдындағы борышыңды ұмытпағын! Ең бастысы аялай біл, сен деп соққан жүректі!

Жаңабай Мәнсия
№ 10 қазақ-түрік лицейі,
Қызылорда қаласы.
[WPSP 13]
*****************************************************************************

Аяулы ана алақаны.

Аяулы ана алақаны Аяулы анам алақаны аялы, Мен жемісің,сен бағымсың саялы. Мен мұңайсам,мұңаясың сен дағы Мен қуансам,шаттанасың қуанып, Нұрлы жүзің күлімдеп бір қояды. Әрбір ана балапанын көргенде, Құлыным деп құшақтарын жаяды. Сандуғаш көз жасын көл етіп,өзін-өзі баса алмай,жар дегенде жалғызы,бауыр еті баласын ойлап уайымдай бастады.Дәрігер оларға көмектесуге қауқарсыз екенін,сонда да болса үмітін үзбеуін,үмітсіз шайтан бір аллаға ғана сенім артқандары дұрыс болатындарын айтқан болатын.Сандуғаш баласына аяғы ауыр кезіндегі күндерді есіне алды.Ол баласының болашағы жайындағы армандарын көз алдына елестетті.Қандай асқақ армандары болатын,енді міне жатысы,егер,егер… Жоқ,жоқ.Сандуғаш өз ойынан өзі қорқып кетті.Мен оның жақсы болып,аттай болып шауып кететініне сенемін,-деді өз-өзіне.Бүгін тағы да дәрігерге жолықты.Дәрігер баласының жазылып кетуіне бір ғана мүмкіндік бар екендігін,ол үшін анасының өзі оған бір бүйрегін бере алатынын және ол ота оған зиян яғни,Сандуғаштың бұл отадан кейін оянбай қалуы да мүмкін екенін айтты.Сандуғаш болса бауыр еті баласы үшін жүрегінде суырып беруге дайынмын деп,отаға келісімін берді. Ота сәтті өтті.Сандуғаш бірнеше күн әлсіздіктен кейін баласының жанына келді.Әліде көзін ашпаған екен.Анасы жанына отырып,аялы алақанымен ақырын аймалап еді,ұлы көзін ашты.Ия,анаялы алақанымен, сенімінің арқасында баласы екінші рет қайта өмірге келгендей болды.Бір-біріне қарап үнсіз қарап,жымиды.Бұл қиын және қасіретті күндерден кейінгі алғашқы бақытты күндері еді.Аяулы да,ардақты ана баласы үшін отқа да суға да түсетінін осыдан білсек те болады. Ия,Сандуғаш баласымен қазір шынында да бақытты.Алға қойған мақсаттары мен армандарына қол жеткізгендей.Бақыт ананың аяғының астында,балалы үй базар,баласыз үй мазар дегендері осы шығар мүмкін.Өмірде барлық ана бүгінгі кейіпкеріміз Сандуғаш секілді бауыр еті балапаны үшін қолынан келетінін аянып қалмайтын білеміз.Аналарымыз әрқашанда аман болсын.Ешқандай бала анасыз жетім болмасын.Ешқандай ана бауыр еті баласынан айырылып,қайғылы күн кешпесін.Олар әрқашан бақытты өмір сүрсін.Жүзінен күлкі кетпесін Жан анашым,аяулы анам ардағым, Балаң үшін өміріңді арнадың. Сенің арқаң күліп-ойнап жүргенім, Сенің арқаң бақытты өмір сүргенім. Асыл анам,аяулы анам, ардағым Сен бар жерде барма менің арманым?

Астана қаласы
№51 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Абдырова Қазына Байзаққызы
[WPSP 14]
*****************************************************************************

Аналар мәңгі жасасын!

Ана деген Ұлы есім! Әлемдегі махаббаттардың ең нәзігі, ұлысы және адалы ол – ана махаббаты. Ана сүтіне біз әрқашан қарыздармыз. Ана мен бала махаббаты айтып жеткізілмейтін тылсым бір дүние. Түн ұйқысын төрт бөліп, қарнын тоқ қылып, ауырса жаны қиналар аналар мәңгі жасасын! Ана сезімін еш бір сезіммен теңеуге тең келмейді. Даналар айтқандай «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» дегендей, ана сезімін ана болғанда ғана сезінеміз, әке болғанда ғана ұғынамыз. «Анаңды арқалап үш рет меккеге алып барсаңда қарызыңнан құтылмайсын» деген сөзің өзі дәлел. Ана махаббаты өлшенбейтін шексіз, ұшы құйыры жоқ жазық. Ана махаббаты -асылдардың асылы, ұлылардың ұлысы, нәзік сезім. Ана сөзін естігенде еріксіз жүректен шыққан өлең шумақтары ойға келеді…

Аяулы анам ақ анам,
Ақ сүтін беріп баптаған.
Сырласым әрі қорғаушым,
Бар сырымды сақтаған.

Шығардым өлең өзіңе,
Күлімдеп қарар көзіңе.
Тоймаймын мен ешқашан,
Қызым деген сөзіңе.

Парызым көп алдыңда,
Өтеп өтем мәңгілік.
Болсам деймін қасыңда
Өзіңменен сән құрып.

Ақ сүт берген аналар,
Аман болсын балалар.
Береке болсын елімде,
Ел күзеткен бауырлар.

Анамды өзім силаймын,
Өзгеге оны қыймаймын.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Анашым сізді ойлаймын.

Кулетова Ақкенже Ахметовна
[WPSP 15]
*****************************************************************************

Аяулы Анам!

«Бала, бала, бала!» — деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған, — деп Ы. Алтынсарин
атамыз айтқандай, әр адамның ең жақыны анасы. Ананың аялы алақаны баланы мейірімділікке тәрбиелейді. Анамызға ауыр сөз айтуға болмайды. Анамыз біздің жетістіктерімізбен мақтанады ғой. Біз сол сенімді ақтауға тырысуымыз керек. Ана бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді деген бар. Анасыз бір күнімді елестетудің өзі қиын. Балалардың бірінші тілегі ата-анасы мен бауырларының аман болуы. Барлық балалардыкі сияқты менің де анам бар. Анамның аты – Гүлмира. Ол менің және сіңілімнің аман, ақылды болуымызды тілейді. Мен анамды өте қатты жақсы көремін. Мен болашақта аяулы анамның сенімін ақтауға тырысамын. Ал қазіргі кездегі міндетім: сабағымды жақсы оқу. Бауырыммен тату болсам. Ұстазымнан ескертулер алмасам. Үлгірімім жақсы болғаны. Осылардың бәрін ойдағыдый орындасам, әзірше анама осылай көмектесемін деп ойлаймын. Анамды ренжітпеуге талпынамын. Мен анамды құрметтеймін, ардақтаймын. Әрқашанда ақ мамамды шаттандырғым келеді. Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз «Аналар күнімен» анамды құттықтаймын! Сонымен қатар барлық аналарға, әжелерге ауырмаңыздар, мерекелеріңізбен дегім келеді. Бәріміздің анамыз аман болсын, 8- наурыз құтты болсын!

Шәмшиден Еркеназ
1 «Ә» сынып
№15 мектеп-лицей
[WPSP 16]
*****************************************************************************

Аяулы анам.

Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, жанынан табылатын -АНА , түн ұйқысын төрт бөліп, жылағанда жұбататын да — АНА , аялы алақанына бөбегін алып, бесік жырын айтып ұйықтататын да — АНА, құлағанда демеу боп тұрғызатын да — АНА, еркелегенде «құлыным» деп маңдайыңнан иіскейтін де -АНА! Ақ сүтін беріп, әлдилеп өсірген ананың еңбегі қаншама десеңші, оны қағазға жазып бітіру мүмкін емес?!
Қазақтың мынандай даналы сөзі бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызың өтелмейді».Өмірдің алғашқы күндерінен бастап ана тілімізді үйретіп, тәлім – тәрбиесін аямаған, өмірдің алуан түрлі соқпақтарынан мойынсұнбай өтуге үйреткен ана алдында біз мәңгілік қарыздар болып қала береміз. Ананың балаға деген әр қамқорлығы — баға жетпес құндылық. Ақынды да, ұстазды да, ұшқышты та, дәрігерді де, әр маман иесін ана дүниеге әкеледі. Ал ондай ұлы адамдар халық арасында беделді, халық үшін жауапты адамдар.Олар халыққа қамқорлық жасайды, емдейді, білім береді, қорғайды. Міне,осындай небір даналарды дүниеге әкелген ананың ақ сүті біз үшін өтелмейтін парыз!
Мен аналарды күнге теңеймін. Күннің шуағын шашқан нұрына теңеймін.
Өйткені ана бізге күн сияқты әлемнің жарығын сыйлайды,жылу шапағатын береді.Анамыз үйде ұзақ жоқ болса,үйдің жылуы қашқандай болады.Үйге келгенде үй жарқырап сала береді. Ыстық аялы алақаны маңдайыңды сипағанда, он тоғызда екеніңді ұмытып, бес жастағы бала сияқты еркелей жөнелесің. Жан баласы қанша жаста болмасын, анасы барда әрқашанда ансының еркесі, сәбиі болып қала береді деп ойлаймын.Ғафу Қайырбековтің сөзіне жазылған, Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әніндегі:
«Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін» деген сөздері бұған дәлел бола алады.
Ана өз баласының елінің ардақ тұтар азаматы болып өсуін қалайды.Аман-есен жүріп, ер жеткенін қалайды. Сол үшін қолындағы барын аямайды.Баласының қуанышына бірге қуанып, мұңына бірге мұңаяды. Баласы бүтін киім кисін деп, қарыны тоқ болсын деп, замандастарынан қалмасын деп күні-түні тыным таппай еңбектенеді.Қазіргі кезде мұныда түсінбейтін бала көп. Ата анасы қанша жақсылық жасап жатса да, оның қадірін білмейді.«Ата ананың қадірін балалы болғанда білерсің » деген мақал осыған орай айтылса керек.
Мен үшін Анамның орыны бұл өмірде ерекше. Мен анамды ардақ тұтамын, сыйлаймын және өмір бойы сыйлап өтемін. Егерде маған « өмірде үлгі тұтар адамың кім?» деген сұрақ қойылса, мен ойланбастан әкем мен анам деп жауап берер едім. «Ағайынның алтын сарайынан, анамның жыртық лашығы артық » деген мақалда айтылғандай қаншама байлықтың, алтынның ортасында болғаннан гөрі, мен үшін ананың жанында болғаннан асқан бақыт жоқ. Ананың айтқан жылы сөздері, алақанының жылуы, жылы құшағы алтын сарайдан мың есе артық.
Қазақ халқы аналарды қатты қастерлеген.Мысалы «Жер ана» деп айтып жатады. Жер бізге нанын жемісін береді, адамзатты асырайды.Сол себепті жерге қадірлі «ана» сөзін жалғап айтқан. Ана тілімізді алайық. Ананың ақ сүті арқылы дарыған тілімізді айтамыз. Ана жайлы атақты ақындарда жазушыларда қалам тербеген. Өздерінің ана жайлы ойларын қағаз арқылы жеткізіп отырған. Мысалы Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі, Мұқағали Мақатаевтің «Ана сен бақыттысың, жыламағың!» деп басталатын өлеңі, Ыбырай Алтынсариннің «Кім сендерді балалар, сүйетұғын »
деген және тағы басқа да ақын — жазушыларымыздың көркем тілде жазылған ана жайлы жыр шумақтары, әңгіме, романдары бар.
Ананың балаға деген махаббаты шексіз. Қайда жүрсе де баласының хал- жағдайын ойлап уайымдап жүреді. Ал баласы болса алыста жүрсе, анасын сағынып, жүрегі елжіреп сағынады.Ол жайында ұлы француз жазушысы Оноре де Бальзак былай айтқан: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады». Бауыр еті баласын тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп, білім алғызып, өсіреді. Кішкентай сәби алғашқы күндерінен бастап анасын иісін сезу арқылы таниды. Міне, осы күннен бастап бала мен ана арасында тылсым күшті байланыс басталады.
Ана – біздің ардақты асылымыз . Аналарды ешқашан ренжітпей, қабағына бұлт шалдырмай қастерлеу керек. Ана — бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін жан. Анасын сыйлаған адамды барлығыда сыйлайды.
Ақ шашты ана: «жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала: «ай-күнім — анам» дейді.
Осындай «ай- күнім — анам» дейтін балалар көбейсін, аналарын әлпештеп алақандарында ұстайтын азамат жандар көбейсін деп тілеймін. Ардақты аналарымыз аман болсын!
Авторы: Тоқтарова Нұрсая
[WPSP 17]
*****************************************************************************

Аяулы анам

Менің өмірдегіең қымбатты адамым аяулы анашым. Мен өз анамды жақсы көремін. Себебі ол кісі мені кішкентайымнан бастап, ақ сүтін беріп қамқор болды. Әрқашанда қателігімді кешірген. Егер менен біреу әлемде ең жұмсағы не?-деп сұраған кезде,
Мен: Әлемде ең жұмсағы ананың алақаны-деп жауап берер едім.Себебі анамыз өзінің жұмсақ алақанымен балдай тәтті сөзімен бізге ұрысса да, ол бізді жақсы көреді.Анамызды әрдайым қуантып жүруіміз керек.Ол үшін күнде сабақтан бес алып,анаңның айтқанын тыңдауың тиіс.Анасының тілін алмаған тіләзар бала келешекте білімсіз,ақылсыз,әдепсіз болып өседі.
Аяулы менің анам,
Күндей жарық панам.
Қуантамын өзіңді,
Үздік оқушы болам.
Анамыз бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Ана бәріміздің де қамқоршымыз. Мен анамды көктегі жұлдызға, ай мен күнге теңеймін.Себебі анам солар сияқты жарқырап жүреді.Менің анам музыка мамандығын жақсы көреді және мамандығы сол.Мен де анам секілді болуға тырысамын. Мен анамнан көп нрсені сұраймын. Ал ол кісі маған соларды үйретеді.Әлемдегі барлық жазушылар,ақындар осы аналарының мейірімімен өскен.Отбасында ең көп еңбек ететіні аяулы ана.Ауылға барған кезде әжеме көмектеседі.Маған анамның мөлдір көзі,ұзын шашы, жұмсақ алақаны,асыл сөзі қымбат.Менің анам әлемдегі ең сұлуы.Сондықтан балалар өз анамызды құрметтеп,сыйлап жүрейік. Сонда анамыз қатты қуанады.
Берденбекқызы Әмина
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
3-сынып оқушысы
[WPSP 19]

Пікірлер7
  1. Ляззат

    Ата-анамен, балалармен өткізуге болатын жақсы байқаулар екен, идеяларыңызға рахмет

  2. Асел

    Бұл байқауға 1-наурызға дейін қатысуға болатын еді ғой. Неге ерте шығарған?

  3. Арай

    конкурстын корытындысы кашан жарияланады???

  4. Мөлдір

    Кенженің жазған пікіріне толықтай қосыламын.

  5. Кенже

    Ана туралы айтылған кез келген жақсы сөздер ұнамауы мүмкін емес

  6. Гүл

    ешқайсысы ұнамады……….

  7. Мухтар

    Грамытный гой

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ