Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Улану және У


У

Дәріханаларда немесе дүкендердегі тұрмыстық химия бөлімдерінде шыны ыдыстарға салынған және арнайы оралған байлауларда: “Абайлаңыз У” деген жазуды немесе адам қаңқасының суретін көруге болады. Улы заттарды осылайша белгілейді.

Олардың ағзаға түскен өте кішкентай мөлшерінің өзі адам өмірі үшін қауіпті болады. Улы заттар ағзаға түскенде адам қатты уланады, кейде тіпті өліп кетуі де мүмкін. Улы заттарға әр түрлі еріткіш және жуғыш ерітінділер, қатты әсер ететін дәрілер жатады. Олардың көпшілігі жасанды жолмен алынады, яғни химиялық заттар болып саналады.

Сонымен қатар табиғи улар да кездеседі. Оған кейбір жануарлардың (жылан уы) немесе жәндіктердің (ара мен қарақұрттың уы), сондай-ақ өсімдіктердің жемісінен, тамырынан, тұқымынан немесе шырынынан алынатын улар жатады.

Кейбір улар тамақ өнімдерінің бұзылуынан да пайда болады. Адамның улануы көп жағдайда өзінің білмегені мен ұқыпсыздығынан болады. Көп жағдайда адамдар улы саңырауқұлақтарды тамаққа қосып жегеннен уланады.

Саңырауқұлақтардың ең улысы – солғын поганка. Егер адам удың қай түрімен уланса да, дереу дәрігер шақыртып ауруханаға жеткізілу керек. Неғұрлым емді тезірек жасаса, солғұрлым уланған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік мол болады.

Улану

Улану — ағзаға асқорыту, тыныс алу немесе тері арқылы улы заттардың енуі нәтижесінде болатын сырқатты жағдай. Удың бірнеше түрі (газ тәрізді, сұйық және қатты) болады. Адам ағзасына газ тәрізді удан ең қауіптісі — көміртегі тотығы. Ол автокөлік моторының шала жанған жанар майында немесе дұрыс жанбаған көмірден (қыста пеш жаққанда, пештің түтін шығарқұбыры жақсы тартпай иіс шықса) шығады.

Химиялық заттардың ішінен ең қауіптілері — әр түрлі еріткіш және жуғыш ерітіңділер, қышқылдар мен сілтілер. Улану бұзылып кеткен тағам жегеннен де болады. Әсіресе, тағамның құрамында улы саңырауқұлақтар болса, бұл адам өміріне өте қауіпті деп есептелінеді. Кей жағдайда адам ішімдікті мөлшерден көп ішіп өзін өзі саналы түрде улайтын жағдайлары да жиі кездеседі.

Кішкентай балалар көбінесе дәрілерді конфет деп жеп уланады. Сондықтан дәрі- дәрмектерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Улы заттардың қай-қайсысы болмасын, ағзаға енгеннен кейін ішкі мүшелерді, әсіресе бауыр, бүйрек және миды зақымдайды.

Адамның улануы білінісімен-ақ, дереу дәрігер шақыру керек. Дәрігер келгенше уланған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілуі тиіс.Ол үшін егер адам: 1) газдан уланса: уланған адамды тез арада таза ауаға шығарып, жасанды дем алдыру керек; 2) бұзылған тағамнан немесе дәріден уланса: уланған адамды құстырып, мүмкіндігінше көбірек су ішкізіп, қайтадан құстырту керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Бауыр жайлы толық ақпарат

Семіздік дегеніміз не және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Микроорганизмдер немесе Микробтар дегеніміз не?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ісіну
  • Өкпенің қабынуы
  • Миокард инфарктісі
  • Қыли
  • Қалтырау

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.