Теріскен

Қабақтың май безінің іріңдеп қабынуын теріскен деп атайды. Оны іріңдеткіш микробтар тудырады. Алғашқыда қабақтың шетінде, кірпіктің жанында іріңді қабыну пайда болады да, 2—3 күннен кейін сол жерден пішіні арпаның дәніндей бөрткен шығады. Теріскен шыққанда қабақтың терісі мен шырышты қабығы ісінеді.

Көзге теріскен арнайы гигиенаны дұрыс ұстамағаннан шығады. Инфекция көзге кір сүлгі, бет орамал, қол арқылы түсуі мүмкін. Кейде ауыр сырқаттардан кейінгі ағзаның қорғаныс күшінің әлсіреуіне байланысты да пайда болады. Теріскен шығысымен тез дәрігерге көріну керек. Бұл тез жазылатын ауру, емді дәрігер белгілейді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Экзема неден пайда болады және ол қандай ауру?

Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.

Дифтерия ауруының сипаттамасы және себеп салдарлары.

Пікірлер2
  1. Салтанат

    Теріскен шыққан кезде ағаш қасық басып, орамал тағып оған ине іліп жататын бала кезімізде.

  2. Жанар

    Салқыннан да шығады. Сыздап ауыртатыны тағы бар. Жаңадан шыға бастағанда ыстық (мұздай)шай қасықпен «кет,кет» деп қорқытатын қазақша ем жақсы көмектеседі.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ