Мақтаншақ Қоян


Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.

Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол мақтана бастайды:

— Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым — мұрт-ақ! Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді… Мен ешкімнен қорықпаймын!Мақтаншақ Қоян, қарға, ерлік, көмек, балаларға, ертегі


Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді:

— Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын!

— Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! — дейді Қарға.

Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен… Жаны ашып кеткен қоян құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады.

Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып:

—  Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің! — деп ризашылығын білдіреді.

 

Erketai / Сен.30.2013. / комментариев 12

  • Sandugash

    magan ote unadi )))ote kizikti

  • http://wordpress@erketai.kz ainurkuzemvaeva19757

    Сәлеметсіз бе? Қажетті материалдарды қалай көшіріп алуға болады?

  • erjanbei

    Салем! Сізде бір мақала жіберіңіз. Мақала осы сайттың тақырыбына сай және интернетте басқа сайтта жарияланбаған болуы тиіс. Содан соң сіз қалаған бір мақаланы жібереміз.

  • жанерке

    маған өте қатты ұнады көп рақмет

  • Нұрай

    ертегі қызық екен :)

  • Нұрай

    жаңа жылдық мултьфилмдерді жүктей аласыздарма? Қазақ тілінде болса керемет болар еді

  • fdfd

    kalai juktep alsam boladi?

  • Гульнара

    Ас адамнын арқауы

  • Айгерым

    Ертегы оте кызык кыскаша кышкене балаларга айтуга болады екен !!!

  • Атарабаева

    оте кызыкты

  • Асқар

    Қоян туралы әңгіме ұнап қалды. Шыршада айтуға жақсы екен.

  • http://vk.com/id293242332 Жансен Қауысов

    АЙТПА СУПЕР»ТАМАША.ҰНАДЫ.»
    ОСЫНДАЙ БІРНЕШЕ ЕРТЕГІ БОЛСАШ…
    ҚАТЫП КЕТЕР ЕДІ.