Бай мен кедей

Ертеде бір бай мен кедей көрші болыпты. Бай өзінің кедей көршісін мүлдем жақтырмайды екен. Сөйтіп, күнде таңертең кедейдің үйінің алдына, қоқысқа толы қорапты тастап кетеді екен. Ал кедей болса, еш ашуланбастан, қоқысқа толы қорапты босатып, орнына гүл толтырып, байдың есігінің алдына қояды екен. Бұл жағдай үнемі осылай жалғасып тұрыпты. Кедейдің бұл ісіне таң қалған бай «Мен оған қоқыс берем, ал ол маған не үшін гүл береді екен?» деп ойланып, кедейге дәл осы сұрақты қояды. Сонда кедей:
— Әркім өзінің жүрегінен шыққан нәрсені береді, — депті. Осыдан соң, бай көрші, жасаған ісінің бұрыстығын біліп, кедей көршісінен кешірім сұраған екен!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Аяжан

    осы мультикты балаларым жақсы көреді мағынасы зор

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ