Мақтаншақ Қоян

Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.

Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол мақтана бастайды:

— Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым — мұрт-ақ! Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді… Мен ешкімнен қорықпаймын!Мақтаншақ Қоян, қарға, ерлік, көмек, балаларға, ертегі

Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді:

— Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын!

— Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! — дейді Қарға.

Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен… Жаны ашып кеткен қоян құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады.

Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып:

—  Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің! — деп ризашылығын білдіреді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер38
  1. Аягоз

    Ертегі өте жақсы. Балаларға қызықты және түсінікті

  2. Үміткүл

    Сәлеметсіз бе, ертегі өте тартымды жазылған,баланың қабылдауынаөте жеңіл,менәң баламның ең сүйсініп тыңдайтын ертегілерінің бірі, рақмет сіздерге осындай қазақ тілге қанық ұрпақты өсіруге үлес қосқандарыңа.

  3. Айнур

    қызықты, көңілді еретегі

  4. Рахымғалиева Толқын

    Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі

  5. Баян

    адам бойындагы касиеттер туралы баяндайды

  6. Оралова Айшагүл Болатбекқызы

    Осы сайтқа кіргеніме қуанып отырмын. Бұрын білмеген екенмін. Балабақшаға қажетті ертегінің бәрі бар..Енді көрнекіліктерді тезірек алсам деп отырмын

  7. Гулмира

    Ертеги оте жаксы курастырылыпты маган унады,

  8. Айнагүл

    мақтаншақ қоян туралы ертегісі жақсы құрастырыпты, маған ұнады

  9. Алия

    Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас — ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.

  10. наргиз

    жақсы жазылған ертегі екен

  11. САМАЛ

    қорқақ қоян қорықпаймын дейді ма)

  12. Динара

    Өте керемет ертедегі. Балаларға тұсыныкты және жалықтырмайды.

  13. Алия

    Erketai.kz -тегі ертегілер өте түсінікті. Әсіресе балабақшадағы балалар тез түсінеді. Керемет. Рахмет сіздерге??

  14. Гүлнұр

    Небір түрлі мультик тауып балаларымды мәз қылдым-ау. Жақсы болды

  15. Рахметова Айтолқын

    Балабақша балаларына жалықтырмайтын өте керемет құрылған ертегі.

  16. Айгүл

    ертегілердің махмұны терек, балаларға түсінікті жеңіл тілде жазылған, өте қызықты, керекті материалдарды алдым, рақмет

  17. Жансулу

    Оқушыларыммен қосылып ертегі тыңдап алдым
    Керемет

  18. Диана

    Ертегі қызықты болды???

  19. Асель

    Мақтану жаксы касиет емес, досына керек жагдайда комегін бкру ол оте жаксы касиет

  20. Индира

    Ертегі арқылы баланың қиялы дамыйды

  21. Индира

    Ертегі арқылы баланың ойлау қабілеті жақсарады.

  22. Эльмира

    досты тек басыңа іс түскенде ғана білесің дейді ғой.

    1. МАРЖАН

      Ар ертегинин берер магынасы коп

  23. Erketai (автор)

    Тапқыр қоян ертегісі https://erketai.kz/ertegiler-alemi/tapkhyr-khoyan-ertegisi/

  24. Асем

    Сайт-қа айтарым Рахмет.
    Дерек көзі: https://erketai.kz/ertegiler-alemi/makhta-khyz-ben-mysykh-ertegisi/

  25. Назым

    Өте жақсы, мағанда ұнады сіздерде Тапқыр қоян ертегісі сайттарыңызды жарияланған ба? Бар болса сілтемесін беріңізші өзім таппадым.

  26. Жансен Қауысов

    АЙТПА СУПЕР»ТАМАША.ҰНАДЫ.»
    ОСЫНДАЙ БІРНЕШЕ ЕРТЕГІ БОЛСАШ…
    ҚАТЫП КЕТЕР ЕДІ.

  27. Асқар

    Қоян туралы әңгіме ұнап қалды. Шыршада айтуға жақсы екен.

  28. Атарабаева

    оте кызыкты

  29. Айгерым

    Ертегы оте кызык кыскаша кышкене балаларга айтуга болады екен !!!

  30. Гульнара

    Ас адамнын арқауы

  31. fdfd

    kalai juktep alsam boladi?

  32. Нұрай

    жаңа жылдық мултьфилмдерді жүктей аласыздарма? Қазақ тілінде болса керемет болар еді

  33. Нұрай

    ертегі қызық екен :)

  34. жанерке

    маған өте қатты ұнады көп рақмет

  35. Сәлеметсіз бе? Қажетті материалдарды қалай көшіріп алуға болады?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сізде бір мақала жіберіңіз. Мақала осы сайттың тақырыбына сай және интернетте басқа сайтта жарияланбаған болуы тиіс. Содан соң сіз қалаған бір мақаланы жібереміз.

  36. Sandugash

    magan ote unadi )))ote kizikti

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ