Бұғы мен қасқыр

Қыс мезгілі өтіп, ағаштар қайта тіріліп бүршік атып, айнала құлпырып күн нұры шуақ шашып тұр. Ну орман іші құстардың әніне тербеліп, ешбір қауіп-қатер байқалмайды. Алайда қасқыр секілді жыртқыш аңдар өз жемтіктерін іздестіру үстінде болатын.

— Әкетай, бүгінгі күн қандай керемет, менің достарыммен бірге орман ішінде серуендегім келеді,- деді кішкентай бұғы.

— Балам, орман іші қауіпсіз емес, бұл жерде көптеген жыртқыш аңдар бар.Көктем келісімен олардың барлығы тынымсыз қорек іздеу үстінде болады,оның үстіне сен әлі кішкентайсың,мен сені жалғыз жібере алмаймын, — деді бұғы. Баласының көңілінің түскенін байқаған бұғы:

Бұғы мен қасқыр

— Қаласаң, бүгін тау шатқалына барайық.Ол жерде түрлі дәмді жеміс-жидектер бар әрі сенің достарың мекен етеді.

— Әкетай, мүмкін басқа бір күні барармыз,бүгін ол жерге баруға аса зауқым жоқ ,- деп жауап қайтарды.

Баласының мұңайғанын көргісі келмеген әкесі:

— Жарайды,дегенің болсын достарыңмен бүгін серуендеп келіңдер,бірақ күн ұясына батпай оралыңдар мен уайымдаймын,- деді

Қуанып кеткен кішкентай бұғы:

— Алақай,әкетай! Уәде беремін достарыммен біраз серуендеп күн ұясына батпастан бұрын ораламын.

Кішкентай бұғы достары борсық пен қоянға барады.Сөйтіп үшеуі асыр сала ойнайды.Ойынға берілгені соншалықты кішкентай бұғы күн ұясына батқалы жатқанын ұмытып кетеді. Борсықты анасы алып кетеді.Осы сәтте баланың есіне әкесіне берген уәдесі түсіп

— Қоян, мен ұмытып кеттіппін.Әкеме ертерек қайтамын деп едім,ойынға берілгенім сонша күннің ұясына батқанына назар аудармаған екем.

— Мұның не? Неге ертерек айтып қоймадың? Біз ескертуші едік. Ендеше тездетіп үйлерімізге қайтайық ,- деді қоян

Орман іші қара түнекке айнала бастады.Таңертең ән салған құстардың барлығы ұйқыға кетті. Енді жапалақ даусы мен орман ішіндегі бұлақтың дыбысы ғана естіледі.

— Жарайды, ештеңе етпес,әкем маған ренжімейді ғой. Қазір үйімізге де жетіп қалармыз , — деді кішкентай бұғы.

— Иә, біз біраз уақыт бойы жүріп келеміз,үйге жетіп қалған шығармыз,- деді қоян.

Бірақ олар қара орман ішінде өздерінің адасып қалғандарын әлі білмеді.

— Меніңше біз бір жолмен қайта-қайта келе жатырмыз,- деп абыржулы күйге түскен қоян.

— Жоқ,бекерге уайымдайсың. Қазір мына ағаштардың артында біздің үй,- деді еш алаңсыз кішкентай бұғы. Ағаштардан өткен соң үй емес қасқырдың апаны шығады. Онда екі қасқыр бар екен,олар кішкентай бұғы мен қоянға бұрылды.Үлкенірек келген қасқыр:

— Бізге бүгін қонақтар келген екен,оларды әдеттегідей қарсы алайық,- деді.

— Әрине,оларды ренжіткеніміз жарамас,бірақ біздің апанда дәл қазір алдарына ұсынатын ешбір нәрсе жоқ,өйткені бүгін жемтік іздеуге шықпадық,-деп жағымсыз жымиды екінші қасқыр. Осы сәтте үлкені:

— Мұның не? Кішкентайларды осылай шошытуға болады ма? Бүгіндікке бізге берілген сый осы екеуі болсын ,-деп жақындай түсті.

Қоян мен кішкентай бұғы қаша жөнеледі.

— Асықпа,қайда қашады дейсің,өздері адасып жүр екен,бір мезетте қолға түсіреміз,- деді екінші қасқыр.

Сәлден соң қасқырлар олардың соңына түсті. Жүгіріп келе жатып,қоян :

— Менің аяқтарым аурып кетті, кішкене бәсең жүгірейік,- деді

— Болмайды, олар бізді қуып жетеді,сен оданша менің үстіме тездетіп отыр,- деді шошынған кішкентай бұғы.Қоян кішкентай бұғының үстіне міне бастады.Осы мезетте суық әрі қорқыныш ұялататын қасқырдың ұлыған даусы естілді.

— Айттым ғой,олар жақын маңда,тездетейік,- деді кішкентай бұғы. Артына қарайлап жүгіріп келе жатқан кішкентай бұғы тасқа сүрініп қалды, тұра бергенінде әкесі мен бұланды көреді. Әкесінің түсі суық болды.

— Балам бұл қалай, менің ескерткеніме қарамастан , сен өзіңе де, қоянға да қауіп төндірдің.Орман ішін түгел кезіп шықтым,сен үшін уайымдадым,-деді

— Кешіріңізші әкетай, мен… мен…-дей бергенінде артынан:

— Бүгін біз үшін оң әрі сәтті кеш болды,-деді үлкен қасқыр.

— Екеуін жемтік қыламыз десек,тағы екеуі қосылыпты,-деді екіншісі. Осы сәтте бұлан мен бұғы қасқырлардың алдына шығып мүйіздерін тосып,оларға қарсы тұратындарын қөрсетеді.Қасқырлар сескенудің орнына шабуылға ұмтылады.Бұлан екінші қасқырға есесін береді де,бұғыға көмекке ұмтылады. Екеуі жабылып үлкен қасқырдың да сазайын береді.

— Бұлар естерін жиып,көмекке шақырмай тұрғанда артқа қайтайық,- деді бұлан. Жолда олар қоянды үйіне жеткізіп салады.Бұлан да өз үйіне қайтты. Әкесі мен баласы жол бойы үнсіз келе жатыр. Бір кезде әкесінің мойын жағының жараланғаның байқаған баласы:

— Әкетай мені кешіріңізші,менен бір ағаттық кетті. Егер сізді тыңдасам,бұлай болмас еді. Бәріне мен кінәлімін,күннің батқаның байқамай ойынға беріліп кетіппін. Бүгін мен өзіммен қатар сізге, бұлан көкеге және досым қоянға қауіп төндірдім. Ендігі әрі қайталанбайды, — деді мұңайып.

— Балам, сен маған бәрінен де қымбатсың, менің саған ашуланғаным ойын ойнағаныңда емес,сенің қауіпке ұшырап қалуыңда еді. Егер мен уақытылы үлгермесем не болар еді? Бүгінгі оқиға қайталанбайды деп үміттенемін, – деді де баласымен үйіне оралды.

Алматы қаласы,Тәсілова Әйкен

   
Пікірлер32
  1. Исмаилова Алма Ораковна

    өте тамаша,тағылымы бар

  2. Исмаилова Алма Ораковна

    Ұнады

  3. Мира

    аудио қалай тыңдалады? таба алмадым

  4. Бақытжан

    Әйкен қыз «ң» мен «н» айырмасын білмейді екенсің. Сын айтып жазықты болсам да сіздерден өтініш қатесіз сауатты жазуды үйреніңіздерші. Кеңес кездегі өте сауатты әрі қатесіз жазылған шығармаларды сағынады екенсің.

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, ескертуіңіз орынды қателер толығымен дұрысталды.

  5. МАРЖАН

    Балапаныма унады лезде уйкыга кетти

  6. Ирода

    Жұмыстарыңызға сәттілік ертегі керемет екен

  7. Улжан

    Өте дұрыс айтылған.Еңкеремет ертегі

    1. Акерке

      Кітабы кайда сатылады екен ертегілердің осындай жаксы

  8. Калбиби

    бастауыш сынып оқушыларына арналған дайын мәліметтер ұсынылған, рақмет

  9. Roza

    тәрбиелік мәні бар ертегі екен

  10. Баян

    бастауыш сынып окушылары ушин оте керемет

  11. Балкерим

    Өтте керемет ертегі

  12. Айгерим

    Тәрбиелік мәні зор ертегі екен. Балаларға үлкендердің сөзін тыңдау керектігін осы ертегімен жеткізуге болады

  13. Стэлла

    Ертегі болғанымен тәрбиелік мәні зор екен. Үлкен адамның айтқанын тыңдаған қор болмайды деген.

  14. Гүлдана

    Өте қызықты маған ұнады

  15. Жумамуратова Жулдыз

    Мен бұл ертегіні өзіме сақтап алдым.Жұмыста бүлдіршіндеріме үнемі оқып мазмұнын сөйлеп беріп отырамын.Бұл ертегінің мағынасы да өте керемет.осындай болашақ балаларымызға арналған мазмұны жақсы ертегілер көп болса дейміз

  16. Рахметова Айтолқын

    Тәлім-тәрбиеге мол, үлкендердің сөзін тыңдау керектігі көрсетілген мағыналы ертегі. Суреттермен болғанда нұр үстіне нұр болар еді.

  17. Сауле

    Балаларға осындай тәрбиелі ертегі оқыту керек. Маған ұнады.

  18. Аяулым

    Мына ертегілер өте керемет. Ата-аналар мен тәрбиешілерге пайдалы дүние екен. Жарайсыздар. Осы жерден алып тұратын болдым

  19. Айдын Қанатқызы

    Өте жақсы. Балалар үшін таптырмас сайт екен. Ертегілер де өте көп. Рахмет

  20. Ирода

    Керемет сайт балаларға ұнады

  21. Кулаш Ергазиева

    керемет әсерлі ертегі

  22. Самал

    Мына ертегілер өте керемет. Ата-аналар мен тәрбиешілерге пайдалы дүние екен. Жарайсыздар. Осы жерден алып тұратын болдым

  23. ҒАЛИЯ

    көптен бері іздеп табалмай жүр едім осы ертегінің аудиосын. балалар үшін қызықты болатыны сөзсіз

  24. Толқын Жұмабаева

    Балабақша мұғалімдеріне өте таптырмас сайт екен.қызық әрі тамаша жұмыс ұйымдастырып отырғандарыңызға көп рахмет.

  25. Толқын Жұмабаева

    Балаларыма оқып беріп едім тағы оқышы қызық екен деп жатыр.маған да ұнады.рахмет көп көп.

  26. Гулмира

    Өте қызықты ертегі маған ұнады

  27. Жанна

    Сайт өте керемет! Балаларға да, ата-аналарға да көп көмектеседі. Тәрбиеге қосары көп.

  28. Бекзада

    Ұзақ болса да кіші топтағы балалар тыңдады қызыға өте кызық керемет

  29. толкын

    қазақ тілін дамытуға арналған осындай дұниелер көбейе берсін. Жұмыстарыңызға сәттілік

  30. Құттыбаева Шынар Қапасқызы

    бұндай ертегі бұрын сонды кездестірмептім балаларға берер тәрбиесі мол екен.Маған ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ