Өнерлі өрендер №15

Ұлы ұстазы

Ұстаздардың ұстазы – Аппаз ата,
Жол сілтеп талай жасқа берген бата.
Өнегелі ісінен ауызданып,
Арманға қанаттанды талай бала.

Әділдік пен тазалық болды ойыңыз,
Адам жанын тілменен тербедіңіз.
Жүріп өткен ізіңде гүл боп өскен,
Шәкірттерің ,ол сіздің еңбегіңіз.

Сабырлық, шыдамдылық ұстазға тән,
Тәрбие бойға сіңсе , жатталған ән.
Халықтың аузында жүр есімің,
Құрмет қой ел жадынан ұмтылмаған.
Жыр етіп айтады бар шәкіртіңіз,
Бәріне мейірім төгіп өсірдіңіз.
Жүректердің ие боп алғысына,
Ұрпаққа шынар болып көріндіңіз.

Өрісің алтын тұяқ –Дінмұхаммед,
Жалғасың , қадір тұтып сыйлаған көп.
Батырдың алмас жүзді қылышындай,
Дүбірлі топтан озды, айныған жоқ.

Жақсының ісін айтса нұры тасыр,
Танытты еңбегімен оны ғасыр.
Көркейтіп Арысымды гүл жайнатты,
Көтере білу ерлік мұндай бақты.

Бәрі де ата, сіздің өнегеңіз,
Асылдың халықпенен жүрегі егіз.
Әкеден озып туған ұлды көрдік,
Ұлыңнан көш бойы озсын немереңіз.

Жанболат Омар Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің домбыра бөлімінің шәкірті Арыс қаласы

оқушы шығармасы.Қыс қызығы
Қар жамылды бар алқап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ.
3ә сынып оқушысы Қасымова Кәусар Шалқарқызы

Қыс қызықты балаға,
Ойнаймыз көп далада.
Қарды үйіп аулаға,
Сырғанайды бар бала.
3ә сынып оқушысы Қаныбек Саида

Қыс келгенде
Қыс келгенде далама,
Қызығып тек тұрмаймын.
Ат жегіп-ап шанама,
Аппақ қармен зырлаймын.
3ә сынып оқушысы Берікбекова Іңкәр

Қыс
Қыста қармен ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы,шана тебеміз.
3ә сынып оқушысы Қаныбек Диас

Пікірлер5
  1. Бейсен Ұлдана

    Шығармаларың өрлей берсін.Сәттілік

  2. Алмагул

    Шығармашылдығың өрлей берсін! Талабыңа нұр жаусын

  3. Тогаева Гулжайна Қайратқызы

    Біздің егемен елімізді дамытатын осындай өнерлі бүлдіршіндер сау болсын. Аман болыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін. Біздің еліміздің болашағы сендерсің дер. Осы қалыптарыңнан таймаңдар

  4. Арайлым

    рахмет көп осындай өлеңдердң ұзақ іздеген едім

  5. Камшат

    Көп рахмет ! осындай тақырыпта өлеңдер іздеп едім! Таптым

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ