Менің мектебім

Мен Даулетов Диас Облыстық туберкулез — санаториясы мектеп-интернатының 5-класс оқушысымын. Мектеп-интернат біздің “екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз”! Мектепте мен өзіме шынайы дос тауып, білім , өнегелі тәрбие алып жатырмын. Мектеп-интернат маған көп бақытты күндер сыйлады, тірек болды, жылулық пен бақыт сыйлады. Ал ұстаздарымыз болса, бізге білім үйретуден еш жалықпады.

мектебім шығарма.Мен өзім оқитын мектеп-интернаттың өз ерекшелігін таратып айтқым келеді.

Дүйсенбі – білім күнінде сынып оқушыларының апаталық оқу үлгерімі, күнделіктерінің тазалығын бақылап, қорытынды шығарып отырады. «Ең таза күнделік», «Ең үздік оқушы» номинациясы бойынша оқушылар мадақталады. Сонымен қатар мектеп ұстаздары «Интернат білгірі», «Білімді мыңды жығар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Дарабоз» т.б. өнер-білім сайыстарын өткізіп, сынып тәрбиешілері баспасөз беттерінен алынған саяси хабарлармен таныстырып отырады.

Сейсенбі – ойын күнінде тәрбиешілеріміздің ұйымдастыруымен «Алтын сақа», «Түсін мені», «Тапшы кімнің дауысы», «Ақ серек, көк серек» секілді ұлттық және логикалық ойындар ойнаймыз.

Сәрсенбі – музыка күнінде музыка пәнінің мұғалімі Г.М.Мединаның ұйымдастыруымен түрлі мерекелік шаралар, ән, би сайыстары, «Екі жұлдыз», «Ерекше сынып», «Мен және менің тәрбиешім» т.б. түрлі сайыстар өткізіліп тұрады.

Бейсенбі – спорт күні. Біздің мектеп-интернаттың оқушылары күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға дағдыланған. Мектептің артқы жағында спорт алаңы бар.Онда біз футбол ойынын ойнағанды жақсы көреміз. Сонымен қатар сынып аралық «Көңілді мәре», «Кім жылдам?», «Шынықсаң шымыр боларсың», «Толағай», «Салауатты өмір сүрейік», «Денсаулық- зор байлық» т.б. тақырыптарда спорттық сайыстар мен түрлі тәрбие сағаттары өткізіліп отарды.

Біз бұндай мектепішілік шараларға ұйымшылдықпен және қызыға қатысамыз.
Аптаның жұмасы әзіл-сықаққа, сенбісі көңілді кешке арналған. Жексенбі тазалық күні. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, тринажор залы, салтанат залы, кітапхана бар. Мен мектебімде ұнатамын. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін..

   
Пікірлер13
  1. Аяжан

    өте керемет жазылған маған ұнады

  2. Казна

    Жұмыс жақсы жазылыпты әрі қарай сіздердің сайттан іздеген ақпараттарымды табамын деп ойлаймын

  3. Балжан

    өте керемет !іздеген макаламды таптым коп рахмет

  4. Арай

    Қазіргі заман талабына сай білімді ұрпақтарды тәрбиелеу үшін оларды шығармашылыққа баулыған дұрыс. Өте керемет сайт

  5. ТАЗАГУЛЬ

    Мектеп білім ордасы. Мектеп екінші үйіміз

  6. Кундызай

    Мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушы кезім есіме түсіп кетті

  7. Диана

    Мектептегі әсерлер туралы керемет айтылган

  8. Сауле

    Мектептегі күніңіз қызықты өтеді екен.

  9. Алмагул

    Мектебіңдегі күн тәртібін, ішкі суретін тамашалап сөзбен жеткізген екенсің. Енді осы өз мектебің жайында жыр — өлең жаз

  10. Алмагул

    Мектебіңнің беделі шарықтай берсін!

  11. Камалова К.Ж.

    Керемет

  12. Данагуль

    жарайсын!!!

  13. Женис

    Жақсы жазылған екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ